Қырғыз әдебиетінің классигі Тоғалақ молданын өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қырғыз әдебиетінің классигі Тоғалақ молданын өмірі мен шығармашылығы.

Жоспар.

  1. Тоғалақ молда өмірі жайлы мәлімет.
  2. Тоғалақ молданың қырғыз әдебиетіне қосқан үлгісі.
  3. Тоғалақ шығармаларындағы әйел тендігі мәселесі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н. Кейімбетов, Ә. Қанафин «Түркі халықтар әдебиеті».
  2. СССР халықтар әдебиеті.
  3. С. Сейітов «Туысхандық туғызған»

ТОҒАЛАҚ МОЛДА

(1860-1942)

Байымбет Абдрахманов- Тоғалак молда («тәпелтек оқымысты» деген мағынаны береді) 1860 жылы 10 июньде Тянь-Шань өлкесіндегі Құртқа (қазіргі Байымбет атындағы совхоз) деген жерде туған. Жастайынан әкесі өлген, Байымбет атасы Мүзекенін, тәрбиесінде брлады. Атасы ұлт аспаптарында жақсы ойнайтын, халық жырларын көп білетін, халқының тарихына жетік, ел арасында белгілі, қадірмен адамдардың бірі болған. Немересінің тәрбиесіне ыждағатты көніл бөлген. Оны өзімен бірге ала жүріп, әнші-күйшілермен, қырғыз елінің мәдениетімен, тарихымен, қырғыздын бай ауыз әдебиетімен таныстырады. «Ер Төстік», «Құрманбек», «Жаңыл мырза», «Ер Табылды» жырларын үйретеді. «Манас» жырынан үзінді жаттатады. Атасы жәдитше оқытатын мектепке береді. Онда бай балаларымен бірге оқиды, тенсіздіктін, әділетсіздіктің неше түрін өз көзімен көреді. Байымбет осы кезден бастап, өлең шығарып, жыр-дастандарды жатқа айтуға машықтанады. Он тоғыз жасында оның ақын деген аты халық арасына кең тарайды.

Атасы өлгеннен кейін, жоқшылық, ауыр тұрмыс оны Тоқмақ қаласының маңайындағы орыс, дұнған, қырғыз байларына жалданып күн көруге мәжбүр етеді. Кейін ол Тоқмақ қаласындағы жұмысшылар арасына келіп орналасады. Сауатты ақын татар, өзбек, қазақ тілінде басылып шыққан кітаптарды оқып, сол арқылы ағартушы-демократтардың енбектерімен. танысады. Бұл Тоғалақ творчествосына үлкен әсер етеді. Оның «Диқанның әйелінің мұңы» деген өлеңі Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа үндейтін «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесімен тақырыптас. Мұнда да отырықшы болып егін салудың пайдасы айтылады. Ал «Алатау», «Шілде», «Жер және оның балалары» аталатын өлеңдерінде Ы. Алтынсариннің, «Жаз», «Өзен» атты өлеңдері тәрізді туған өлкесінін тамаша табиғаты суреттеледі.

Сонымен қатар Абай аудармалары арқылы И. Крыловтың «Есек пен бұлбұл» атты мысалымен танысып, осы аттас едең жазады. Ақындықта Абайға еліктегені байқалады. Абайдын «Сегіз аяқ», «Бойы былған» өлеңдерінің өлшемінде «Манаптың зұлымдығы» деген өлең шығарады. Сонымен катар Тоғалақ творчествосына өз замандасы болған ақындар мен күйшілердің де үлкен әсері тиеді. Әсіресе Тоқтағұл Сатылғановтың ықпалы күшті болады.

Тоғалақ ел ішіндегі тенсіздік пен ауыр тұрмысты өз шығармаларына арқау етеді. Ауыз әдебиетін жетік білетін ақын кейде фольклорлық материалды, жыр, ертегілерді де өндеп жазады. Ондай шығармаларынын қатарына «Бабырхан», «Телібай тентек» поэмалары жатады. Бұларда көбінесе тәрбие мәселесі сөз болады.

Халықты отырықшылыққа үндейді. Сонымең катар, халық басындағы екі жақты қысымды да көре біледі. Халықты күш біріктіріп, қанаушыларға қарсы тұруға шақырады. Кедейлердің қолы бостандыққа жету жолын анық түсіне алмаса " да, өздеріне-өздері арашашы болу керектігін айтады. Мұндай пікірлер көбінесе аллегориялық тәсілмен беріледі. «Су құстары мен жер құстары» деген поэмасында дала. тоғай, тау құстарының жыртқыштардан көрген қорлығы суреттеледі. Тіпті қырғи екеш кырғи да өзін бағып-қаққан қарт үкіні жеп қояды. Бүркіт те, қаршыға да, қырғи да әлі келген құстарды өлтіре береді. Сондықтан да жер кұстары су құстарымен бірігіп өмір сүру керек деген қорытынды жасап, поэманын соңында «Жер құсы менен су құсы ынтымақ қылып жұрт болсын» деген байламға келеді.

Ал кейбір өлеңдері қанаушылардын. зұлымдық әрекетін ашықтан-ашық бетіне басуға арналады. «Тезек Тагай руы» (1905), «Менің қабырғама тас батты» (1909), «Қызыл тас» (1908), «Түйенің шағымы» (1915) деген шығармаларында халықты езушілердің сатиралық бейнелері жасалады. Тоғалақ молда. таптар арасындағы қайшылықты, келіспес жаулықты көре білгенімен, онан құтылудың жолын ұсына алмайды. Қейде осы заңнан қашып кұтылуға болмайды деген де ойға келаді. Солай бола тұрса да, XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдын басындағы қырғыз әдебиеті тарихынан Тоғалақтың алатын орныерекше. Ол творчествосында өз дәуірінің прогресшіл, ағартушылық идеясы анық байқалған халық ақыны.

Октябрь революциясы кезінде ақын бірден революция жаршысы ретінде танылады. Халықты бостандық жолындағы күреске шақырады. «Революция» (1922) деген өлең жазады. Бұл - қырғыз әдебиетіндегі Октябрь революциясының жеңісіне арналған алғашқы көлемді шығармалардың бірі, ол өлең қысқартылып, 1925 жылы«Өсиет» деген атпен Москвада жарық көреді. «Қызыл ту», «Бостандық» өлеңдерінде де осы тақырып сөз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзден жеңілген төре
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
Ортақ заман Зар заман
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz