Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы


Мазмұны :
Кіріспе . . . 5-7
1 Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны
тәрбиелеудегі маңызы
1. 1 Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне
сипаттама . . . 8-11
1. 2 Ақыл ой тәрбиесінің құралдары . . . 11-16
1. 3 Ақыл-ой тәрбиесі және оның мақсаты мен міндеттері . . . 16-21
2 Мектеп жасына дейінгі балаларда ақыл-ой тәрбиесінің негіздерін
оқу -тәрбие процесінде қолдану әдістемесі
2. 1 Ақыл ой еңбегі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың
мәдениетін арттыру жолдары . . . 22-23
2. 2 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ақыл ойды және оның жеке
түрлерін дамыту . . . 24-29
2. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда білім
жүйесінің орны . . . 29-33
Қорытынды . . . 34-35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36-37
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие.
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы - барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деді.
М. Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынасынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Халықтық тәлім-тәрбие оның тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.
Қазақ халқында өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А. Э. Измаилов халықтық тәлім-тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады», - дейді.
Тұрмыстық мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.
Сонымен қатар қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күн көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа райын алдын-ала болжау қасиеттерінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне қатысты алатын орны ерекше болған.
Курстық жұмыстың мақсаты: : Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: ақыл-ой тәрбиесінің негіздерін ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде ақыл-ой тәрбиесінің түрлері мен құралдарын пайдаланудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама;
- тәрбие мәні мен түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері;
- ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері;
- сабақ барысында ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамыту;
- ақыл-ой тәрбиесінің құралдары;
- ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру жолдары.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог -ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс процесінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде тілді, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.
1 Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны
тәрбиелеудегі маңызы
1. 1. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне
сипаттама
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты - бұл жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады,
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата - аналар мен жұртшылық әрекет қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игеру білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қаситтерін барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатта сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбилеу, т. с. с.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асрылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісіе бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсаты сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, мінез-құлық тәрбиесі, экономикалық тәрбие, патриоттық тәрбие, экологиялық тәрбие, жыныстық тәрбие т. б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады (1-сурет) .
1-сурет. Тәрбие теориясы.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
2. Оқу-тәрбие беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын үнемі жақсартып отыру;
3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
4. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет сарайылары, кітапханалар т. б. ұтымды ұйымдастыру;
5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналасуын насихаттау, мүмкіншілік жасау.
6. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалануы және аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту;
7. Тәрбиешілердің білім дәрежесі мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
1. 2. Ақыл - ой тәрбиесінің құралдары
Ақыл - ойды дамытудың ең басты құралы - оқыту. Ақыл - ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыра-тын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда: баланың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.
Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтьң жоғары денгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қорын жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалар-дан тұруы қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл - ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнын іріктеу мен әдістерін тандап алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындық-тарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауға тіреледі.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл - ойының дамуын қамтама-сыз ететін сабақта белсенді ақыл - ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалар-дың түрлері де ақыл - ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал есебінде кейбіреулерін еске түсірмекшіміз.
1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстар т. б.
2. Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т. б.
3. Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
4. Ойлау әрекеттерін реттеуге бағыттталған тапсырмалар; алгоритмдерді, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру т. б.
5. Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыс-тарды топқа бөлу.
Жалпы айтқанда, ақыл - ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл - ой тәрбиесінің міндет-терін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс - әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларда пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттіктерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Балалалардың іс - әрекетін ұйымдастыруда ақыл - ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушлардың ақыл - ой іс - әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу гигиенасы ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл - ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыспен еңбек түрлерінің орынды ауысып келіп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін бірізділік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Оқу еңбегінің мәдениеті ақыл - ой іс - әрекетінің жалпы ережелерін білуді және оны өз еңбегінде басшылыққа ала білуін талап етеді. Жалпы ережелерді білу оқушының болашақта оқу еңбегіндегі өзіндік еңбек мәдениетінің тәсілдері мен стилін қалыптастыруға көмектеседі.
Ақыл - ой еңбегінде балалар мәдениеті оқулықтармен, ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, текске сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін (тезис) дайындау т. б.
Баланың өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты бөлу; қиыншылықты жеңу; ақыл - ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану - логикалық моторлы және көз қапері; бақылау, жазып алу т. б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін - өзі үстай білуіне және жан - жақты сауаттылығына байланысты.
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары: Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, логикалық ойлауын дамьпу болып табылады.
Осыған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар - тәрбиеленушінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдениеттілігі мен дамуын қамтамасыз ететін ізгілендірілген, демократияландырған білім сатысы болуы шарт деп есептейміз. Мұнда тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте қарастырылып, олардың мазмұны және сапалары бойынша біртұтас кіріктірілген кешенді жүйеде жүргізіледі.
Кешенді оқыту туралы Ж. Аймауытов: «кешенді оқыту дегеніміз - бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту» - деп атап көрсеткен. Балабақшада біз, қашан да тәрбие мен білім беруді кешенді тұрғыдан егіз ұғым түрінде қарастырамыз. Шынды-ғында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы астасқанда ғана үлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.
Мұндай асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда баланың алған білімінің жүйелілігі, оны тәжірибеде пайдалана білуі, әрі есте сақтауы қамтамасыз етілгенде ғана баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Осы мақсатты жүзеге асыруда, әсіресе, баланың ойлау қабілетін дамыту маңызды мәселе болып отыр. Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман тала-бына сай ойы жүйрік етіп тәрбилеу.
Сондықтанда баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана бала-ларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.
Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танын сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туын-дайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, сезіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz