Дүниетаным, дуниеге көзқарас



Кіріспе
1. Дүниетаным, дуниеге көзқарас
2. Мифологиялың дүниетанымның кіндігі
3. Діни дүниетаным
4. Дүниетанымның тарихи түрлері
5. Философияның дін және мифологиямен байланысы
6. Қорытынды
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.
Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы да¬му зандылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде фило¬софия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Үндістанда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Грекия топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қа¬рай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман,
зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін
мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте
қажет.
Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады,
оның ішкі байланысын, жалпы даму зандылықтарын зерттейді. Яғни, ол -
дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін ең
әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс
елдерінде - Қытайда, Үндістанда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде
ежелгі Грекия топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын
түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында
жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға
қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі
бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп,
оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін
табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны
игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара
қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де,
оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі
дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана
емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай
алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның
мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл,
әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Айтылмыш жағдай адамның әлемдегі алатын орнын, оның өмірінің түпкі
мәнін, оның кім болатындығын, болуы керектігін алдын ала шешілген, онсыз-
ақ, онан бұрын-ақ анықталған мәселе ретінде қарамайды. Керісінше, оның
барлығын адамның өзі шешуін, өзі анықтауын керек етеді. Яғни, адам әлемі
үнемі белгілі бір дәрежеде шешіліп, не шешілмей жататын, бірақ толассыз
оның алдында шешілуін, анықталуын күтіп тұрған жұмбақтай болып тұрады.

Дүниетаным, дуниеге көзқарас

Дүниетаным, дуниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл
әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы
туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи
құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі -өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - "дүние" және "адам". Олар
ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ
сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі,
әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы
адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі
туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние
арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы
материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам
туралы, олардың, бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны
туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды
түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның
көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен
өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп
қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген
ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның
көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени
ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп
бөлуге болады.
Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми
көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни,
натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф.
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы.
Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің
элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің
маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған
ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б. Тайлор
мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:

Философиялық немесе түсіндірмелік;
Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
Фантастикалық және метафоралық мифтер;
Саяси-әлеуметтік және тұрмыстың мифтер.

Мифологиялың дүниетанымның

Мифологиялың дүниетанымның кіндігі - кеңістік пен уақытты адаммен
жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың
арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас
бір бөлігі болып табылады. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы
қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін
ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен
дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен
табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен
бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен
сырлас болуды талап етті. Скиф-сақ өркениетіндегі "аң стилі", қытайдың
инь, ян бастамалары, Мысыр мен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы
аңыздар табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді:
жеті қабат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп түр, ол
Көккүмбезді тіреп тұр. Бүл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың
әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі - алып бәйтерек. Дүниежүзілік
ағаш таңбасы өрлемдік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын
білдіреді. Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп
жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары
және орта дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен,
аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында
орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден
алады.
Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды Тәңірі - құдай ретінде
қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай
деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің
дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі.
Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы - Көк Тәңірі. Оның
рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен
безендірілген" деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық
жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын
қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының
маңызды белгісі. Мысалы, "Оғызнаме" эпосында Оғыз қаған өз балаларының
атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.
Ертегідегі қиял-ғажайып (сиқырлы) ерекшелік ондағы фантастика арқылы
өріледі. Анығырақ айтқанда, фантастика - қиял-ғажайып ертегілердің жаны.
Халық ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер
қолданылған. 1) Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру. Алғашқы қоғам адамдарының
ұғымынша табиғат дүниесіндегі барлық заттардың рухы бар, сол рухтар бейне
адам баласы секілді ой-сезімге, түйсікке ие. Міне, бұл біз ұдайы айтып
жүретін анимизмдік көзқарас болып саналады. Қиял-ғажайып ертегілерде бұл
көзқарас айқын бейнеленген. Осы көзқарас бойынша табиғат дүниесіндегі
түрлі-түсті бар заттар адамзаттық сезіммен құдіреттің күшті қуаты арқылы
жарық дүниеге шыққан. Мысалы, ертегілердегі жердің жарылып немесе бас
кейіпкердің жер астына түсіп, қатерден құтылуы, сиқырлы сулардың адам
баласын әр қилы хайуанға айналдыруы, жануарлардың адам баласына қамқорлық
жасауы, сол сияқты адамға серік болуы, әруақтардың тірі адамдармен қарым-
қатынас жасауы, балгерлердің болжам айтуының нақты өмірде іске асуы,
адамды хайуанға айналдыру секілді әрекеттердің бәрі таңғажайып фантастика.
Мұның бәрі ертедегі адамдардың жерге, суға, тауға, ағашқы, жануарларға
және ата-бабалар рухына сыйынатын көзқарастары. 2) Әсірелеу. Ертегілердегі
фантастиканы жасаудың тағы бір тәсілі, талдау жолы. Ертегілердің бір
бөлігінде табиғат дүниесіндегі белгілі бір зат, тұрмыс бұйымдарын
әсірелеп, олардың маңызы мен жұмыстағы қызметі шектен асырыла
көтермеленді. Мысалы, қылыш — адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен
арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі
болған. Сондықтан қылыштың жасалуы өзінің дәуірі тұрғысынан айтқанда зор
тапқырлық саналған. Сол үшін адамдар қылышты ертегілер әлеміне енгізіп,
оның қызметін әсірелеу арқылы өздерінің бақытты тұрмысқа жетуі жолындағы
армандарын қылыштың қасиеті арқылы жетуге болады деп түсінген. Сандық -
халықтың алтын қазынасын, киім-кешегін, т.б. да бағалы заттарын сақтауға
пайдаланатын мүлкі. Сондықтан сандық ертегілерде кедейлерге тауар шығарып
беретін игі қасиетке ие етілген.
Ертегілердегі әр қилы құдірет образдарының жасалуы да іс жүзіндегі
болмыстан алыстап кете қоймайды. Мысалы, диюлар өте зор денелі құдіретті
мақүлық, бірақ оның адамдарға ұқсаған аяғы, қолы, басы, көзі бар. Ол
перизат сұлу қыздың образында болады; Жалмауыз кемпір сияқты болып
көрінеді, тек аузы, мұрны, көзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия дүниетаным ретінде
Философия және дүниетаным жайлы
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы ролі
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Пәндер