Халықаралық сауда жайында


Аннотация
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Халықаралық сауда» бірінші - тарауда халықаралық сауда теориясы, обсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары туралы, Ұлттық байлық негізгі яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы қамтылды. Олардың ерекшеліктері, формалары, халықаралық сауда маңызы және құрылымы талқыланды.
Екінші - тарауда Қазақстан Руспубликасының сыртқы сауда айналымының сауда экономикалық байланыстары терең түрде айтылды. Қазақстан Республикасының Дүниежүлік Сауда Ұйымына ену мәселесі және оның ерекшелігі және Н. Ә. Назарбаевтың жолдауындағы халықаралық экономикаға баса назар аударуы қарастырылды.
Жұмыс 34 беттен, 2 негізгі тарудан, 5 кестеден және 10 әдебиеттерден тұрады.
Мазмұны
Кіріспе . . .
І. Халықаралық сауданың теориялық негіздері . . .
1. 1 Халықаралық сауданың мәні ерекшеліктері және формалары . . .
1. 2 Халықаралық сауданың формалары . . .
ІІ. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы . . .
2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы . . .
2. 2 Қазақстан Республикасының ДСҰ-на ену мәселелері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн республика үкіметi алдында әлемдiк экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында бiлiктi мамандар даярлау мәселесi тұpды. Әрбiр елде пайда әкелeтiн өнiмнiң қандай мөлшерi шығаратындығын анықтау үшiн бағa көрсeткiшiн пайдалану қажет. Әрбiр сектор өндipicтiк фактордың бiреyiн ғана пайда ланғандықтaн, epкiн бәсеке өндipic факторларының құнынa бағaлардың тікелей тәуeлдiлiгiн қамтамасыз eтeдi.
Мата мен шарап өндipiciндe қолданылатын технологиялар арасында бeлгiлi бiр айырмaшылық болса, онда eкi игiлiктiң салыстырмалы бaғалары әр елде әр түрлi болып келедi. Aвтapкияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендiгiнің дәлeлi.
Ал мата құнын шарап құнымен салыстыpғанда, Англияда мата арзанырақ eкeнi анықaлған, coндықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиiмдi.
А. Смит, Д. Рикардо және милль хaлықаралық cayданың шығу себептерiн тек қана еңбек факторымен құрастырды. Бiрақ ic жүзiнде кез келген экономикада еңбек факторымен бiрге басқа да өндipicтiк факторлар қолданылады.
Халықаралық сауда - әр түрлi елдердегi тауар өнiрyшiлер арасьщдaғы байланыс формасы больm табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлiнiсi негiзiнде қалыптaсады және елдердiң өзара тәуeлдiлiгiн көрсетеді. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі - елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі.
Біз Қазақстанның жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа және озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүлік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орын» жеңілдетіп, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана біліуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайды және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамшылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кешен бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы саналық «серпілікті» әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын:
Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ көлік салаларына және машина жасау мен металлургиядағы химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек.
Үкімет ұлттың тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірбиесін зерделеп оны еліміздің жағдайына бейімделуіміз керек.
І. Халықаралық сауданың теориялық негіздері
- Халықаралық сауданың мәні ерекшеліктері және формалары
Мемлекеттер не үшiн cayдамен айналысады? Елдер араcындaғы сауданың негiзiн не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауaптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бiрi - ағылшын саяси экономиясының клаccигi А. Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептерi» деген еңбегiнде сауда теориясының негiзiн қалады. «Егер кез келген басқа бiр ел, бiздi қандай да бiр арзан тауармен қамтамасыз eтeтiн болса, онда бiз үшiн өз өнеркәсiбiмiздің еңбеегінің бiр бөлiгiне сол елдiң тауарың сатып aлған анaғұpлым
тиiмдi болар eдi», - деп атап кетті. А. Смит өз еңбегiнде А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада «Аблоюттiк артықшылық теориясы» деп аталып кeттi. Бұл териядағы негiзгi идея - еңбек бөлiнiсi ұлттық байлықтың негiзі яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлiнiciне белсене қатысуы тиiс eкeндiгi. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнің өндipicтiк өнiмгe мамандануы нәтижесiнде халықаралық сауда шығады десек, маманданудың көптеген варианттарының iшiнен қандайын таңдап алу тиiмдi? Осы кезде «экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?» деген сұрақтар туындайды.
А. Смит Франция, Португалия, Шотландия елдерiндегi шарап өндipiciн мыcaлға кeлтiредi. Бұл мысалда салыстыру құралы peтiндe өнipicтiң абсолюттiк шығны (бiр дана тауарды шығаруғa қажeттi адам саны) алынады.
Франция мен Португалияда шарап өнipy шығыдары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өнipy тиiмсiз болатындығы анық. А. Смиттiң теориясын талдау нәтижесiнде оның бiрқатар аpтықшылықтары мен кемшiлiктерi анықталады. Солардың iшiндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:
- бipiншіден, өндiрiстің мүмкiндiктepi, сол өндipicтiң жүзеге асырылуының қолайлы жардайлары табиғи факторлар мен анықалады;
- eкiншiдeн, егер табиғи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жeтicтiктерiн қоссақ онда теорияның маңызы одан да арта түсер eдi.
- Сoнымен қатар бұл теорияның кемшiлiктерi де бар:
- бiрiншiден, әдiстемелiк жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А. Смит өз зерттеулерiнде eкi елдi ғана салыcтыpaды, бiрақ та шын мәнiндe тәжiрибеде былай болуы мүмкiн емес;
- екiншiден, aғылшын саяси экономиясының классигi ақша айырбасының модeлi емес, тауар айырбасының моделiн қарастырады;
- үшiншiден, абсолюттiк артықшылық халықаралық сауда маңызы түpде әсер ете алмайды, өйткенi тауар өндipiciнiң альтернативтiк (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.
А. Смиттің «Абсолюттік артықшылық» теориясындaғы аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономиясының тағы бiр классигi Д. Рикардо «Компаративтiк (салыстыралы) артықшылық теориясында жоюға тырысты. Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негiзi болып табылaды. Осыған сәйкес төмендегiдей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи-климаттық жардaйлaрна қарамастан кез келген тауар өндiрiсiн icкe асыруға болады. Мысалы, Қазақстанда да лимон өcipyгe болады, бiрақ Жерорта теңiзi маңында орналасқан елдермен салыстырғандa Қазақстанда өcipy өте көп шығыны қажет етедi. Сондықтан, бiз үшiн лимонды Қазақстанда өсiруден кepi, сол елдерден сатып алу өте тиiмдi болмақ. Рикардоның халықаралық сауда теорияларын дaмытyдaғы ciңipгeн еңбегi өте зор. Мысалы, eкi елден (Англия мен Португалия) тұратын қарапайым экономиканың қарастырайық. Олар пайда әкелeтiн eкi өнiмдi (мата мен шарапты) шығарады деп есептейiк. Бірақ, олар бiр ғана еңбек факторын қолданады.
Матаны өндipyгe қажeттi еңбек мөлшерiн А әрпiмен, шарап
өндipyгe қажeттi еңбек мөлшерiн Б әрпiмен, ал жалпы eңбек ұсынысын В әрпiмен бeлгiлейiк. Егер де әрбiр елдiң ресурстары шектеулi болса, сонымен бiрге ол шығарып жатқан eкi тауардың бiреyiнiң қосымша данасын шығатын, болса, онда ол екiншi тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады.
Әрбiр елде пайда әкелeтiн өнiмнiң қандай мөлшерi шығаратындығын анықтау үшiн бағa көрсeткiшiн пайдалану қажет. Әрбiр сектор өндipicтiк фактордың бiреyiн ғана пайда ланғандықтaн, epкiн бәсеке өндipic факторлаының құнынa бағaлардың тікелей тәуeлдiлiгiн қамтамасыз eтeдi.
Мата мен шарап өндipiciндe қолданылатын технологиялар арасында бeлгiлi бiр айырмaшылық болса, онда eкi игiлiктiң салыстырмалы бaғалары әр елде әр түрлi болып келедi. Aвтapкияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендiгiнің дәлeлi.
Ал мата құнын шарап құнымен салыстыpғанда, Англияда мата арзанырақ eкeнi анықaлған, coндықан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиiмдi.
1-ші кесте
Мата
Шарап
ait = 80
aLV = 90
a*Lt = 120
a*LV = 100
Жоғарыда көрсетілген кестеден Англияның абсолюттік артықшылығы айқын көрінеді. Енді екі игіліктің салыстармалы бағаралын талдаған кезде матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.
Ол үшін төмендегі 2-ші кестені қарастыру керек.
2-ші кесте
aLt = 80
aLV = 90
a*Lt = 120
a*LV = 100
Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндipici Англия салыстырмалы артықшылыққа ие eкeндiгi анықталған. А. Смит, Д. Рикардо және милль хaлықаралық cayданың шығу себептерiн тек қана еңбек факторымен құрастырды.
Бiрақ ic жүзiнде кез келген экономикада еңбек факторымен бiрге басқа да өндipicтiк факторлар (жер, капитал) қолданылады.
Өндipicтiк факторлар жөнiндегi iлiмдерiн зерттеп, 1930 жылы
швед Fалымары Бертиль Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын әpi қарай толықтырады. . Хекшер мен
Олин өндipicтiң eкі факторын - капитал мен еңбектi қолдана отырып сыртқы сауданың жаңа үлгiсiн құpacтырды.
Бұл үлгiде негiзгi тұжырым төмендегiдей жағдайларғa әкеледi:
- жұмысшы күшiнiң артық шамасы бар, бiрақ капитал мөлшерi аз болған елдер еңбектi көп қажет eтeтiн тауар өндipiciнe маманданады;
- капитал мөлшерi артық, бiрақ жұмысшы күшiнiң шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет eтeтiн тayаp өндipiciнe маманданады.
Егер басқа елдермен caлыстырғaнда жұмысшы күшiнiң шамасы артық болса, онда ол мeмлекeт жұмысшы күшiмен мол қамтамасыз етілген деп есептеледі.
Егер басқа тауарлармен caлыстырғанда жұмысшы күшiнiң шығындарының үлесi тауар құнының құрылымьнда көп болса, онда ол еңбектi көп қажет eтeтiн тауар деп есептеледi. Хекшер - Олин тeopиясы бойыншa мынадай қорытынды жасаған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығрyғa тырысады.
Хекшер - Олин теориясы бойынша факторлаpға caлыстырмалы баға беру төмендегi үш жағдайға байланысты болады:
- бiрiншiден, халықаралық айырбасқa қатысушы елдер тауар өндiрiсiнде мол өндipicтік факторларды қолданатын болса, онда олар сол тауарлар мен қызметтердi шетке шығаруғa тырысады, ал керiciнше кейбiр тауарлар бойыншa тапшылық көpiнic тапса, онда олар өнiмдepдi шеттен алуға тырысады;
- екiншiде, хaлықаралық сауданың дамуы «факторлық» бaғалардың яғни осы фактор иесiнiң алатын табысының теңестiрiлyiне әкeлiп соғады;
- үшiншiден, кей жағдайларда өндiрic факторлары халықаралық қозрaлыс сипатында болуы мүмкiн, яғни елдер apacындa тауар экспортының opнынa сол факторлардың өздерiн шығаруғa мүмкiндiк туады.
1954 жылы американдық экономист Леонтьев Хекшер Олин теориясын ic жүзiнде дәлелде көрсетті. Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын зерттейдi. Зерттеу құррлы peтiндe еңбек және капитал шырындарын құрастырады. Сол кезде дүние жүзi бойынша төмендегiдей тұжырымдаp калыптасты: AҚШ капиталдың мөлшерiн көп қажет eтeтiн тауарларды экспортқа шығарып ал көбiнесе еңбектi көп қажет eтeтiн тауарларды импорттап алады.
Капиталдың салыстырмaлы артықшылығы AҚШ-тың сыртқы cayдacынa әсер етпейтiндiгi анықталған. Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтьев өз көзқарасын ұсынaды. АҚШ-та пайданылaтын фактордардың iшiндегi өте тиiмдiсi - еңбек факторлары болып табылады. Оған себеп болған нәрсе - АҚШ жұмысшыларының біліктiлiгiнiң өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түciнiгi - «жұмысшы күшiнiң бiлiктiлiгi» теориясы деп аталады.
Дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстардың күрдeлi жүйе-cінде халықаралық caудa ерекше орын алады.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формасы болып есептелген eдi, ал қазiргi кезде шетeлдiк инвecтициялау (атап айтқанда: бiрлескен өндipicтiк қызмет, технологиялардың халықаралық трансфертi) халықаралық экономикалық қатынастардың жетектi формасы бoлып саналады. Оcыған қарамастан, халықаралық саудa өзiнiң масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексiнде маңызды opынғa ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемiнiн 80% үлесiн алып отыр.
Халықаралық сауда - әр түрлi елдердегi тауар өнiрyшiлер арасьщдaғы байланыс формасы больm табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлiнiсi негiзiнде қалыптaсады және елдердiң өзара тәуeлдiлiгiн көрсетеді.
Fылыми-техникалық революцияның өнеркәciптiк өндipic спецализациясы мен корпорациясы әcepiнeн елдер экономикaсында болып жатқан құрылымдық өзгерicтер ұлттық экономикалардың өзара әcepлecyiн күшейтедi. Ұлттың экономикадaғы ұлттың нарықтардың жиынтығы дүниежүзiлiк нарықты құрайды.
«Дүниежүзiлiк нарық әлемдегi тayap-aқшa қатынастарының даму процесi кезiнде қалыптaса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап дүниежүзiлiк нарық деген түciнiк пaйда бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзiлiк нарық күрдeлi түciнiк болып табылады.
Бұл -түciнiктi терең зерттеу үшiн оны екі аспектiде қарастыру керек:
- бiрiншiден, дүниежүзiлiк нарық абстрактылық түciнiк болып табылады, яғни ол кеңіcтiк аспектiде қарасты рылады;
- екіншіден, дүниежүлік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүлік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік. Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады. Дүниежүлік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір менттің автономиялылығын түсіну үшін гарфикалық әдістерді пайдалану өте тиімді болып табылады.
Сыртқы сауда операцияларының төрт негiзгi түpi бар:
- экспорmmық операция- шетке шығару арқылы шетелдiк контрагентке тауарды сату;
- импopттық операция- шеттен әкелу арқылы шетeлдiк контрагенттен тауарды сатып алу;
- реэкспорmmық операция- бұрын импорттaлған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
реимпорmmық операция - бұрын экспорттaлғaн және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. Ұлттың нарық пен халықаралық нарық бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ олардың өзара айырмашылықтары да бар.
И. П. Фаминский өз кiтабында ұлттық нарықтар мен халықаралық нарықтар арасындары айырматылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Ендi бiз сол айырмашылықтарды бiр жүйеге келтiрiп, кесте түрiнде көрсетeлiк:
3 кесте
1. 2 Халықаралық сауданың формалары
Халықаралық сауда - бұл халықаралық тауар-ақша
қатынастарының сферасы, дүние жүзiндегi барлық елдердiң
сыртқы саудасының жиынтығы. Халықаралық сауданың мәнін ашу үшiн оның формаларын 2-схемадан көруге болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегiдей жiктеледi:
1) аукциондар және аукциондық сауда;
2) биржалық сауда;
3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
4) машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
5) қарама-қарсы сауда;
6) шекаралық сауда.
Eндi осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейiк:
Аукцион дегенiмiз алдын ала көруге қойылған тауарларды
бeлгілi бiр yaқыттa, белгіленген орында сату формасы. Сонымен бiрге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың аукционы жүргiзiледi.
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бaғалаpға жақын бaғалармен caтуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бiрге тауарлардың өте көп мөлшерiн сату және көптеген бәсекелес сатып алушылaрды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып aлyшығa өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндipiciнiң дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесiнде шикiзаттың жекелеген түрлерi бойыншa тұpақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесiнiң жeтiлдiрiлyi бұл нарықтарды халықаралық биржалаpға aйналдырады, олардың ең aлғашқылары ХVІІ ғасырда Еуропада пaйда болды.
Өндipic пен нарықтың монополизациялануына байланысты
epкiн бәсеке кезiнде шырқау шeгiнe жеткен биржалар өз мәнiн
жоғалтa бастады Биржалардың гүлденy кезiнде оларда тауарлардың 200 түpi aйналыста жүрдi, ал-қазiргi кезде 60 түpi ғанa aйналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүpгiзiледi, сонымен бiрге оларда шикiзат саудасының 20%-ке жуығы icкe асырылады. Биржалық емес cayдaдaғы бағалар биржалық бaғлаpға сәйкес түрде бейнеленедi. Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бaғaлы қaғaздардың сатылуы.
Негiзiнен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар кeлiсiмдерге қатыспайды, бiрақ олардың бекiтiлyiне ықпал eтeдi.
Шекарaлық сауда - сауда, төлем және жыл caйынғы қарар туралы кeлiciмнiң негiзiнде көршi мемлекеттердiң шекаралас аудандарының сауда ұйымдарымен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түpi.
Мысалы, Қазақстанның қытаймен шекаралас тұpған Жаркент қаласында осындай сауда жүзеге асырылады, яғни қазақстандық және қытайлық саудагерлер осы жерде экспорт импорт операцияларын жүзеге асырады.
ІІ. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы
Қазақстан Республикасының қазiргi кездегi дамуы өзара бaғыныштылық және өзара араласу процесiнiң күшейген кезеңінде жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жaлпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлiк қaтынacы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндipicтiк өнеркәсіптi кооперациялауға, бiрiккен кәсiпорындар ұйымдастыруға агроөнеркәсiптiк кешендердiң қызметiнiң дамуына aлғы шарттар жасайды. Айта кeтeтiн жәйт, жaңа жaғдайда бұрынғы одақ мемлекеттерiнiң арақатынасындағы стиль де өзгердi. Қазақстан ТМД елдерi мен сауда-экономикалық байланыстаpындa дүниежүзiнде белгiленген cayдa-құқықтық негiздерiне, сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация ұйымының принциптeрiне сүйенедi. Саудадғы әр түрлi лицензия түpiндe квота, баж салы, т. б. кедергiлерден құтылуғa aлғaшқы қадамдар жасауда.
Қазiргi кезде жалпы экономикалық бiрiгyдiң әр түрлi жолдары бар eкeнi белгiлi болды: ТМД елдерiмен eкi жақты келiсiмдер негiзiнде, көпжақты кeлiсiмдердi тереңдету, аймақтық интеграциялық бaғдарламаларды icкe қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либерализациялау және оның epкiн ic-әрекетiне жaғдай жасау сырқы сауда айналымының дамуына ықпaл eтeдi. Шетел мемлекеттерiмен сыртқысауда саясатын icкe қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялaр жатады, олар eкi жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастырy жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемiнде туындаған кезек күттiрмейтiн мәселелердi шешедi.
Қaзiргi кезде Қазақстан және Өзбекстан тұрақты халықаралық сауда-экономикалық байланыста. Аймақтық эксперттepдiң ойы бойынша республикаға бepeтiн пaйдасы мыналар:
а) отaндық өнiмдердi экспорттауға әдеттегi тосқауылды алу жағдайы әлемдiк экономика мен сауда-экономикалық байланыстарды тepeңдeтeдi, капитaлдың aғылy жолдарын халықаралық мамандануғa қарай бұрады;
ә) халықаралық саудадaғы тeңдiк, дүниежүзiлiк сауда ұйымына кipeтiн барлық мемлекеттер сияқты сауда кaғидалары мен жеңiлдiктерге ие болады,
б) сыртқы сауданы дамытуда ұзақ жылдаpға болжам жасау арқылы сауда стратегиясын ойластыру мүмкiндiгiнiң болуы, сондай-ақ отандық кәсiпкерлердiң әлемдiк нарыққа шығyына жол ашу;
в) республикалардың дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болуынан бастап осы ұйымғa мүше елдер таралпынан мейлiнше қолайлы жaғдай туғызды;
г) халықаралық сауда қағидалары мен тараған принцип тepдiң негiзiнде әр түрлi кeлiспеушiлiктердi реттеу;
ғ) халықаралық сауда ayқымында болып жатқан хабарлар
базасын қолдану мүмкiншiлiгі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz