Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы мақұлданды


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы мақұлданды

АСТАНА. 17қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы еліміздегі күзет қызметін, қару айналымын бақылауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдары қызметінің жекелеген бағыттарын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, заң жобасында Мемлекет басшысының «ҚР құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар» туралы Жарлығын орындау тетіктері де қарастырылған. Мәселен, құжат бойынша қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу жөніндегі функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктерін Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру көзделеді.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктерін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру шаралары қарастырылады. Заң жобасындағы қару айналымын бақылауды жүзеге асыру нормасы бойынша рұқсат етілген қару түрлерін иелік етудің саны қазіргі қолданыстағы заңнамада 5-еу деп көрсетілсе, бұл 2 бірлікке дейін қысқартылады. Жеке күзет ұйымдарына иір ойықты атыс қару түрлерін ұстауға тиым салынады. Ал электрлік қару-жарақтарды міндетті түрде ішкі істер органдарына тіркеу ұсынылады. Атыс қаруының иелеріне тұрғылықты орнын ауыстыру барысында қаруды есептен шығарып, жаңа мекен-жайы бойынша 10 күннің ішінде ішкі істер органына қайта тіркеуден өткізу міндеттеледі. Құжатқа сәйкес, сондай-ақ күзет қызметін бақылау жұмысы да күшейтіледі. Мәселен, күзет қызметі субъектілерінің саны азайтылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Нашли ошибку? Выделите её и нажмите CTRL+ENTER

Читайте также

Оставить комментарий

Начало формы

:
:
:
:

Конец формы

http://www.inform.kz/images/icon_twitter.png http://www.inform.kz/images/icon_vkontakte.png http://www.inform.kz/images/icon_livejournal.png
Имя:
Введите код: *

http://www.inform.kz/captcha.jsp
Код вводится с учетом регистра

Популярные

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515021305.jpg Юбилейная выставка Ануара Игембаева открылась в Павлодарском художественном музее

http://www.inform.kz/fotoarticles/20110317204603.jpg Правительство РК одобрило заявление об основных направлениях экономической политики на 2014г.

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515021509.jpg «Тараз» одолел «Ордабасы» в 1/8 финала Кубка РК по футболу

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140215190344.jpg В Минкультуры РК назначены новые вице-министры

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515020910.jpg Страшная инфекция гуляет по России

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515081325.jpg «Севилья» стала победителем Лиги Европы (ВИДЕО)

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515020751.jpg «ТаразКожОбувь» совместно с вьетнамской компанией к концу года начнет выпускать кроссовки

:
:
:
:

Комментируемые статьи

http://www.inform.kz/fotoarticles/20140511113843.jpg У жителя Балхаша изъяли около шести тонн рыбы
КАРАГАНДА. КАЗИНФОРМ - В Балхаше Карагандинской области полицейские изъяли у местного жителя около шести тонн незаконно отловленной рыбы, сообщила пресс-служба областного ДВД.
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140512012957.jpg Эволюция платья невесты на выставке в Лондоне
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140411142329.jpg В Темиртау 9 мая трамвай въехал в праздничную колонну, пострадал байкер
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140120114411.jpg СМИ: Дело по обвинению англичанина в развращении малолетних передано в прокуратуру
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140511175448.jpg «Верхом на сумках» возвращались домой киргизы из России
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140513201746.jpg В Караганду на первый в РК Чемпионат Азии по велоспорту приедут спортсмены из 28 стран
В Алматинской области произошло два землетрясения
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140514003307.jpg Десятки солдат попали в ДТП, возвращаясь с парада в Астане
http://www.inform.kz/fotoarticles/20140514075503.jpg Желтый бриллиант весом более 100 карат установил рекорд цены

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары[өңдеу]

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
  • 2 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
  • 3 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылытабиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың - мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;
  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары - Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

  • қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
  • мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
  • табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл - шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады - жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т. б;
  • қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
  • коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
  • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т. б.

Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы[өңдеу]

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: " Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:

  • халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
  • экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
  • қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.

Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.

Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері[өңдеу]

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама - қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік"қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі"ретінде қарастырылады.
  • 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған:"Қоршаған ортаны қорғау туралы"ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
  • 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралыҚазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т. б.
  • 1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын реттеу
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Бюджеттік құрылымның қалыптасуы
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz