Сақтандыру шарты жайында


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ, НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1. Сақтандыру-өмірдің маңызды саласы . . . 6
1. 2. Жалпы сақтандырудың түрлері . . . 9
2-ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ.
2. 1. Сақтандыру шартының тусiнiгi және түрлерi мен нысаны . . . 13
2. 2. Сақтандыру шартының мазмұны . . . 20
2. 3. Сақтандыру шартың жасасу . . . 25
3-ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ, САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
3. 1. Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану . . . 29
3. 2. Сақтандыру шартын қолданылуы . . . 34
3. 3. Сақтандыру шартың мерзімінен бұрын тоқтату . . . 40
4-ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
4. 1. Сақтандыру обьектілерінің түрлері . . . 43
4. 2. Сақтандыру құпиасы . . . 47
4. 3. Сақтандыру агенті . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
КІРІСПЕ
Бұл бiтiру жұмысының тақырыбы: "Сақтандыру шарты" деп аталады. Қозғалған мәселенiң қазiргi таңдағы маңыздылығы зор. Қиын нарықтық жағдайда өзiндiк ерекшелiгiмен қалыптасқан сақтандыру шартының бүгiндегi алар орны үлкен. Нарықтық экономикада әрбiр тұлға өз қаражатын қалай жұмсайтындығын, қандай бөлiгiн тұтыну қажеттiлiгiне жұмсап, қандай бөлiгiн жинақтайтынын өзi анықтайды. Адамға басқа адамдармен мәмiлелер жасау бостандығы берiледi. Сақтандыру рыногы осы ерекшiлiктердiң барлығын есепке ала отырып, жұмыс iстейдi. Нарықтық экономика тұсында ұсыныспен - сұраныс еркiн анықталып, нақты сақтанушыға қажет деген сақтандыру қазметтерi жүзеге асырылады. Оснының барлығын реттеп отыратын, қажеттi нормативтiк актiлердi шығарып, сақтандыру раногына қатысушы субъектiлердiң iс-әрекеттерiн бiрыңғай ретке келтiрiп отыратын өкiлеттi орган - Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Жұмыс кiрiспедең, екi тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен түрады.
Кiрiспе бөлiмiнде сақтандыру қызметi мен сақтандыру шартының маңыздылығы, алатын орны туралы қысқаша баяндалған.
Бiрiншi тарау сақтандыру қызметiне арналған. Бұл тарауда сақтандыру қатынастарының қоғамдық қатынастар iшiндегi алатын орны, сақтандыру қызметiнiң түсiнгi, маңыздылығы және нарықтық қатынас жакдайындағы қалыптасу ерекшелiктерi қарастырылған.
Екiншi тарау үш параграфтан тұрады. Бұл тарауда сақтандыру шартының түсiнгi, түрлерi, нысаны, мазмұны, мұнымен қатар сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның жарамсыздығы сұрақтары өз орнын тапқан.
Қорытынды бөлiмiнде сақтандыру шартының сақтандыру қызметi аясындағы маңыздылығы ескерiле отырып, жұмысқа қысқаша қорытыды жасалады.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмiнде арнайы әдебиеттер мен жұмысты жазуда қолданылған нормативтi-құқықтық актiлер тiзiмi көрсетiлен. Жұмысты жазу барысында құқық, заң, сақтандыру шарты, сақтандыру қоры, сақтандырушы, сақтандыру, сақтандырылушы, сақтандыру резервi және т. б. терминдер қолданыған.
Жалпы сақтандыру қызметi кез-келген өркениеттi мемлекеттiң шешуiн табуы тиiс ең басты мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi қоғамдағы әлеуметтiк жағдайдың дұрыс қалыптасуында сақтандыру қызметiнiң алатын маңыздылығы өте зор. Бұл қажеттiлiктен Қазақстан да шет қалмауы тиiс.
Сақтандыру қызметiнiң дурыс жүзеге асырылуы үшiн бұл қызметке мүдделi тараптардың арасында өзара сенiмдi келiсiм болуы керек. Және де бұл келiсiм құқықтық жағынан жоғары деңгейде қамтамасыз етiлуi тиiс. Осы тұрғында сақтандыру қызметi сақтандыру шарты арқылы жүзеге асырылады. Қазiргi таңда Қазақстанда сақтандыру шартының көптеген түрлерi бар. Бұл жағдай сақтандыру қызметiнiң әлi күнге дейiн дұрыс арнасына түспей, келеңсiз күй кешуде екендiгiн көрсетедi. Сақтандыру қызметiнiң бiрден-бiр көрiнiсi ретiнде табылатын сақтандыру шартының құқықтық жағынан қажеттi деңгейде қамтамасыз етiлуi кезек күттiрмейтiн жағдай. Тек соңғы уақытта ғана бұл мәселе өз шешiмiн тапқан сияқты. Қоғамдағы ең басты қажеттiлiктердiң бiрiнiң дұрыс жузеге асырылуының нысаны болып табылатын сақтандыру қызметiнiң маңызы, нарықтық жағдайда қалыптасу ерекшiлiгi және сақтандыру жартының осы қызмет аясындағы алатын орны, мазмұны, бұл шарттың жасалу, өзгертiлу, тоқтатылу ерекшелiктерi бұл тақырыпты жан-жақты игеремiн деген кез-келген тұлға үшiн маңызды. Осы сұрақтардың жауабы және бұл сұрақтармен байланысты басқа да мәселелер алдағы жұмыста кең тұрғыда, жан-жақты қарастырылады.
Жұмыс Қазақстан Республикасың заңдарына анализ жасала отырып, ғылыми арнайы әдебиеттердi пайдалана отырып жазылады.
1 - ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ, НАРЫҚТЫҚ ҚТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Сақтандыру - өмiрдің маңызды саласы
Сақтандыру қатынастарды қоғамдық қатынастар iшiндегi алатын орны және маңызыны жоғары екенiн ескерiп, оны" iшкi мазмұнында сақтанушының мүддесi әрiне сан алуан, сонымен қатар қоғамда болып жататын келеңсiз оқиғаларда аз емес.
Мемлекеттiң осы қатынастарға қажеттi дәрежеде әсер ету үшiн, дұрыс жолға қойып бағыт берiп реттеу үшiн қанша құқытық реттетенiменде, басты ауыртпалық осы қатынастарға түсушi мүдделi жақтардың әрекетiне негiзделiнедi. Оның себебi құқықтық актiлер жалпыға, көпшiлiк қауымға, жалпы қоғамдық қатынас субъектiлерiне тiкелей жеткенде дәлiрек анықтауды қажет етедi. Бiрақ бұл мәселе субъектiге абсолюттi түрде тәуелдi деген сөз емес, яғни мемлекет осы қатынастарды реттеушiлiк кепiлi болғандықтан, ол тек ше"берiн анықтайды. Ал тiкелей iшкi мән-жайлар құқықтық қатынас субъектiлерiнi" белгiлi бiр мәмiлеге келуiнiң нәтижесiнде жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда сақтандыру шыртының негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР "Сақтандыру қызметi туралы заңың 18 - желтоқсан 2000ж қабiн 1 бабына сай бұл қатынастар тек осы заңмен емес сонымен қатар ҚР "Азаматтық кодексiне" де сай келуi керек.
Сақтандыру - бұл қоғам өмiрiнiң маңызды саласы болып табылады, сол себептi бұл салаға ерекше қөңiл бөлiп отырады. Мемлекетiмiз Кеңес Одағына мүше болып тұрған кезiнде бұл Кеңес Одағына мүше болып тұрған кезiнде бұл түгелiмен мемлекеттiк қызмет болып табылған, ал қазiргi уақытта болса мемлекет тек сақтандыру қазметiн мемлекеттiк реттеп отырумен шектеледi. Бiрiншi кезекте сақтандыру қатынастарына қатысушылардың жүрiс-тұрыс ережелерiн белгiлеп отыратын нормативтiк құқықтық актiлер шығару жолымен жүзеге асырылады. Сақтандыруға арналған құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн мемлекет сақтандыру саласындағы заңдылыққа қадалғалау жүргiзедi, ол үшiн арнайы мемлекеттiк органдар құрады. _
Сақтандыру - бұл шаруашылық субъектiлердiң және азаматтардың төлеген сақтандыру сыйақылары есебiнен қалыптасқан ақша қорларынан қамтамасыз етiлетiн, белгiлi бiр оқиғалар тұған кезде, солардың мүдделерiн қорғауға, келген зиянның орнын толтыруға байланысты жүзеге асырылатын қызмет түрi болып табилады.
Кәсiпкерлiк пен сақтандыру қызметтерi тығыз байланысты, дәлiрек айтқас, сақтандыру қызметтi-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi.
Осы жерде кәсiпкерлiк қызметтiң табиғатымен шартталған белгiлi бiр сақтандыру мүдделерi пайда болады. Осы сақтандыру мүдделерiне сүйене отырып, кәсiпкерлер дамудың жаңа, тиiмдi нысандарын жүзеге асырып, капиталды жұмсайтын жаңа салалар iздейдi.
Экономикалық категориясы ретiндегi сақтандыруға келесiдей белгiлер тән:
* Қайта бөлу қатынастарының болу;
* Сақтандыру тәуекелiнiң болуы;
* Сақтанушылар және сақтанышылардың сақтандыру қоғамының құрылуы;
* Жеке және топтық сақтандыру мүдделерiнiң үйелесiмдiлiгi;
* Барлық сақтынушылардың келген зиянға бiрлесiп жауап беруi;
* Сақтандыру төлемақыларының қайтарымдылығы;
* Сақтандырудың өзiн-өзi ақтайтындығы;
* Сақтандырудың оқыстылыққа, аяқ астынан оқиғанын болуына неғiзделуi;
1. Сақтандыру саласының мемлекетпенен қатаң түрде реттелiп отыруы. _
Нарықтық экономикаға көшу кезеңiнде қоғамдық қатынастардағы сақтандырудың ролi жоғарылап, сақтандыру қызметтерiнiң өрiсi кеңейiп, мемлекеттiк сақтандыру альтернативi дамиды.
Нарықтық экономика кезiнде сақтандыру - бiр шетiнен адамдардын қалыпты өмiрiн жәнә бизнестерiн қорғаудың қүралы болып табылады, ал екiншi шетiнен пайда алып келетiн қызметтiң тұрi. Сақтандыру ұйымдарының пайдаларының көзi- сақтандыру қызметiнентускен кiрiстер, уақытша бос қаражаттарды өндiрiстiк жәнә өндiрiстiк емес қызмет салаларына инвестициялау, кәсiпорынның акциялары, бағалы қағаздар блып саналады. Сақтандыру қызметi "жалпы сақтандыру" және "өмiрдi сақтандыру" - салалары бойнынша жүзеге асырылады.
1. 2. Жалпы сақтандырудың түрлерi
Жалпы сақтандырудың түрлерi:
1. Жаза- тайым жағдайдан және аурудан сақтадыру
2. Медициналық сақтандыру
3. Автомобиль колiгiн сақтандыру
4. Су колiгi сатандыру
5. Темiр жол көлiгiнсақтандыру
6. Әуе көлiгiн сақтандыру
7. Жүктердi сақтандыру
8. Басқа мүлiктердi сақтандыру
9. Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру
10. Автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық- құқықтық
11. Темiр жол көлiгi иелерiнi" азаматтық- құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
12. Су көлiгi иелерiнiң азаматтық - құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
13. Азаматтық - құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру-дәп жiктеледi. _
14. Аннуитеттiк сақтандыру
15. Өмiрдi сақтандыру деп бөлiнедi.
Аннуитеттiк сақтандыру - сақтанушы белгiлi бiр жасқа жеткен жағдайда, науқастығы, мүгедектiгi, жасына байланысты еңбек - қабiлеттiлiгiн жоғалтқан жағдайда, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағда немесе жеке табыстарының кемуiне немесе обан айырылуына әкелiп соққан жағдай
ларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандырудың түрi болып табылады.
Өмiрдi сақтандыру - сақтанушы қайтыс болғанда немесе сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру өтемiн алатын жеке сақтандыру түрi болып табылады.
Содай-ақ, сақтандыру түрлерiн мiндеттiлiк сипатына қарап, ерiктi сақтандыру және мiндеттi сақтандыру деп бөлемiз. Ерiктi сақтандыру тараптардың өз ерiктерiменғ шартқа отыру арқылы жүзеге асырылады, ал мiндеттi сақтандыру белгiлi бiр заң актiлерi негiзiнде шартқаотыру арқылы жүзеге асырылады. Ол заң актiлерi ҚР парламентiмен, ҚР Үкiметiмен, ҚР Ұлттық Банкiмен кабылданып, мiндеттi сақтандыру түрлерi көрсетiлiп берiлген.
Нарықтық экономикада әрбiр тұлға өз қаражатын қалай жұмсайтындығын, қандай бөлiгiн тұтыну қажеттiлiгiне жұмсап, қандай бөлiгiн жинақтайтынын өзi анықтайды. Адамға басқа адамдармен мәмiлелер жасау бостандығы берiледi. Сақтандыру раногы осы ерекшiлiктердiң барлығын есепке ала отырып, жұмыс iстейдi. Нарықтық экономика тұсында ұсыныспен - сұраныс еркiн анықталып, нақты сақтанушыға қажет деген сақтандыру қазметтерi жүзеге асырылады. Оснының барлығын реттеп отыратын, қажеттi нормативтiк актiлердi шығарып, сақтандыру раногына қатысушы субъектiлердiң iс-әрекеттерiн бiрыңғай ретке келтiрiп отыратын өкiлеттi орган - Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Сақтандыру қызметiне мемлекеттiк бақылау және қадағалау Қазақстан Республиқасының сақтандыру туралы заң талаптарының сақталуы мақсатында, сақтандыру қызметiнiң тиiмдi түрде дамуы, сақтанушылардың, сақтандырушылардың басқа да мүдделi тулғалар мен мемлекеттiң құқықтары жүзеге асырылады. Елiмiздiң аумағында сақтандыру саласындағы мемлекеттiк басқару мен, Ұлттық Банкi тiралы Заңымен, ҚР Ұлттық Банкi туралы ҚР Президентi бекiткен Ережемеген, сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкi бекiткен Сақтандыруды қадағалау Департаментi туралы Ережемен реттеледi. _
Сақтандыру сақтандыру жағдайлары туыдаған кезде зияның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ ұзақ мерзiмге инвестициялаудың бiр көзi болып табылады. Қазiргi кезде қазақстан аумағында өте қарқанды түрде жүзеге асырып жатқан процестердiң бiрiгуi сақтандыру рыногын түпкiлiктi қалыптастыру және оның тиiстi инфрақұрылымдарын құру болып отыр. қазақстандағы сақтандыру раногынның даму жағдайыны" көрсеткiштерi елiмiздiң ұлттық сақтандыруының негiзi құрылғанын мәлiмдеп, дәлелдеуге, содай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастардың бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметi, әлi де зерделеу-зерттеуiн асыға күтiп жатқан аяға, оның iшiнде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететiн өзектi бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бiрiншi кезектегi мақсат белгiлi бiр мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарыны" ерекшелiктерiн қарастыру және жете танысып - бiлу болып табылады.
Сонымен бiрге, сақтандыру iсiн дамытудың ұзақ мерзiмдi мақсаттарына жету үшiн мына келесiдей iс-әректтердi жүзеге асыру қажет:
1. Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру.
2. Сақтандыру қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру.
3. Сақтандыру жүйесiнiң қаржылық орнықтылығын және берiктiлiгiн қамтамасыз ету.
4. Қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының озара қарым-қатнастарын дамыту.
5. Сақтандыру қызметiн көрсету рыноктындағы құрылымдық саясатты жүргiзу.
2 - ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ
2. 1 Сақтандыру шартының түсiнiгi, түрлерi және нысаны
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру төлемдерiн төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгiленген соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемдерiн төлеуге мiндеттенедi. (ҚР АК 803-бап) .
Жоғарыда берiлген сақтандыру шартының түсiнiгiне терең мән беретiн болсақ, онда бұл шарт қатынасқа түсушi екi жақ (тараптар) - сақтандырушы мен сақтанушының еркi мен ерiк бiлдiрунiң негiзiнде жүзеге асады.
Әрине, сақтандыру шарты осы екi тараптың қатысумен жүзеге асады деген сөз емес, мұнда тараптармен қатар шартқа қатысушылар (пайда көрушi - үшiншi жақ) да құқықтық қатынасты" жанама субъектiсi болып табылады. Олардың бұлай айтудың да себебi, шартты заңды деп табу үшiн бастапқы рольде ойнамайды. Детенмен, олпрдың қатысуының заңда белгiлi бiр тараптың жағында қарастырып кетедi. Мысалы, пайда көрушi әрқашан сактанушының мүддесiмен қатар жүредi. Сақтандыру жалпы алғанда сақтандыру шарты негiзiнде не озара сақтандыру қоғамына мүшелiк негiзiнде не озара сақтандыру қоғамына мүшелiк негiзiнде сақтындару жүзеге асырылады. Сақтандыру қоғамына мүшелiк негiзiнде жүзеге асырылған жағдайда сақтанушылар қоғам мүшелерi болғандықтан жағдайда сақтанушылар қоғам мушелерi болғандықтан ортақ қор құрады. Сақтанушылардың сақтану оқиғасы әр мүшеге әр түрлi тууы мүмкiн. Әрине мұндағы сақтану шартының мазмұныда басқаша болады. Дегенмен, сақтандыру шартының заңда көрсетiлген мәндi пунктерiнi" барлық бөлiгiне ортақ келiсiм болуы қажет. ҚР азаматтық кодексiне сай сақтанушы - бұл сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға болып табылады. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндетi де түрлерi бойынша сақтандырушыны таңғап алуға ерiктi. (ҚР АК 813-бап) .
Өзiне қатысты сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға - сақтандырылған адам деп танылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.
Сақтандыру құқықтық қатынастарын қоғамдағы қатынастардың ішінде елеуi орын алатын, маңызы зор қатынас деп қарасақ, оның басым көпшiлiгi сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан сақтандыру шартының мазмұны кеңiрек зерттеп түсiнген жон деп есептеймiз. Ал, сақтандыру шартының мазмұны сақтандыру түрлерiне тiкелей байланысы бар. Қазақстан Республикасының за"ы"а сай (ҚР АК 805-бап) сақтандыру төмендегiдей классификацияланады:
- мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:
1) ерiктi сақтандыру;
2) мiндеттi сақтандыру;
- сақтандыру объектiсi бойынша:
1) жеке сақтандыру
2) мүлiктiк болып бөлiнедi.
Бұларға жеке-жеке тоқталып өтсек - Ерiктi сақтандыру - бұл тараптардың еркiн бiлдiруне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
Ал мiндеттi сақтандыру белгiлi бiр принциптердi басшылыққа, негiзге ала отырып жүзеге асырылады. Олардың көбi заң талаптарының негiзiнде, ал денi ұзақ жылдар бойында жүргiзiлген, сынақтан өтiп кәсiби дәрежеге жеткен сақтандыру iсiнiң дәстүрлi қағидалары ретiнде қалыптасады. Мәселен көптеген авторлардың көзқарастары бойынша мiндеттi сақтандыру аясында мына принциптер пайдаланылады:
1) заңда көзделуi және негiзiнде болуы;
2) нормативтiлiгi және жоспарлылығы;
3) ұзақ мерзiмдiлiгi және жалғаса беруi;
4) объектiлердiң толығымен қамтылуы және ұзiлмей сақтандырылуы;
5) сақтандыру өтемiн және сақтандыру жарнасын төлеу мiндеттiлiгi.
Осыларды аздапашып көрсетсек, олар мынадай көрiнiс табады: заңмен белгiленуi; заңда көзделген объектiлерге мiндеттi сақтандаруыдық автоматтық түрде таралуы; мiндеттi сақтандырудын сақтандыру төлемдерiнiң енгiзiлгенiне қармастан жүруi; мiндеттi сақтандыру мерзiмiнiң шектелмедi; сақтандыру қамсыздандыруы нормаларының жан-жақты белгiленуi жiне т. б.
Мiндеттi сақтандыру заңда көзделген тиiстi объектiлер мен тәуекелердi сақтандыру мiндеттiлiгi сақтанушыға жүктелетiн сақтандыру нысаны болғандықтан, аталмыш принциптер де осыған сай болып табылады.
Мiндеттi сақтандырудың заңда тiкелей көзделген бiр түрi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiптерi мен шарттарын қарастырып өтейiк.
Осы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк сақтандыру ұйымының негiзгi мақсаты егiндi, көпжылдық екпелердi, ауыл шаруашылығы малдарын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауыл шаруашылығы өндiрсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи - климат жағдайларынан, iндеттерден және басқа табиғи апаттардан мiндеттi сақтандыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Аталмыш сақтандыру мыналар жатады:
- Ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелердi" өнiмi (табиғи пiшендiктер мен жайылымдар өнiмiнен басқасы) ;
- Көпжылдық жемiс-жидек екпелерiнi" ағаштары мен бұталары;
- 6 айлық және одан iрi басты қой, ешкi, шошқа, 1 жастағы және одан да iрi қара мал, жылқы, түйелер;
- үй-жайлар, ғимараттар, аяқталмаған күрделi құрылыс объектiлерi, ауыл шаруашылығы техникасы, көлiк құралдары, өткiзгiш (құралдар) құрылғылар, күш және жұмыс машиналары, балық аулау кемелерi, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жабдықтары, материалдар мен өнiмдер.
Заң актiлерiне сәйкес пайдсына мiндеттi сақтандыру жүзеге асыруы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар.
Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделмегенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру кезiнде сақтандыру өтемi қандай талаптарда төленетiн болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
Сақтанушы ретiнде оны жузеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
1) тараптар бiр құжат жасауы;
2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтындырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу;
3) сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру кәулiгiн (полисiн, сертификатын және т. б. ) беруi бойынша;
4) тараптардың шарт жасауға өз еркiмен келiскендiгiн және оны" барлық елеулi талаптары боыйнша келiсiмге қол жеткiзгендiгiн құжатпен растауға мүмкiндiқ беретiн өзге де әдiспен жасалады.
2. Жазбаша шарттың нысанын сақтандырушы айқындайды не ол тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады (ҚР АК 825-бап) .
Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру төлемiн төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мөндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. Осы сақтандыру шартының мазмұнында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
2) сақтандырушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және мекен-жайы немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, оналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайдын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемiнiң мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
6) сақтандыру төлемiнiң мөлшер, оны төлеудi" тәртiбi мен мерзiмдерi;
7) шарттың қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.
Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн. Ал егер де сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтандырушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады (ҚР АК 826-бап) .
Осған байланысты мынаны айтуға болады: шарттың мәнi туралы ережелер, зақдарда елеуi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша кеiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Тараптар арасында шарттың барлық елеуi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелiнедi. Заң шығарушы жеке және мүмлiктiк сақтандырудың елеулi жағдайларын нақтыландырмай тек мына жәйттердi атап көрсеткен: жеке сақтандыруға - азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және т. б. мүдделерiн (өзiне баланысты) жатады; мүмлiктiк тәуекелдердi, азаматтық - құқықтық жауапкершiлiктi және т. б. мүлiкке байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz