Текстология



1. Текстология
2. Библиография
3. Әдебиет тану
Текстология 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б.М. Томашевский енгізді (1920). Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы “мәтіннің сыны” деп аталады (Р.Бентли, Ф.Вольф). Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты. Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д.С. Лихачевмәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографиямен, археографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде Текстология “автор еркіндігі” деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы, т.б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы не қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Текстология
Текстология 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б.М. Томашевский енгізді (1920). Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы "мәтіннің сыны" деп аталады (Р.Бентли, Ф.Вольф). Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты. Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д.С. Лихачевмәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографиямен, археографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде Текстология "автор еркіндігі" деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы, т.б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы не қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады. Осындай текстол. салыстырулар арқылы А.Байтұрсыновтың 5 томдық толық шығармалар жинағы, М.Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы жарық көріп келеді. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегіндегі бұрын басылмай қалған сөйлемдер, мәтіндер қалпына келтіріліп, ғылыми түсініктемесі жазылып, тұңғыш рет толығымен жарияланды. Ежелден жалғасқан бай әдеби мұра мен ақын-жыраулар поэзиясын, бүгінгі күнге дейінгі қазақ қаламгерлері шығармаларының мәтіндерін салыстыра зерттеу - текстологияның негізгі міндеті.
Текстология -- әдеби туындылардың тексін зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, оның автор қолы-мен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өз ара салыстырады, әр басыльшын автографпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қыс-қарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түп нұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте, текстологияның ең негізгі, өзөкті мәселесі екеу: бірі -- ғылми мақсатпен, екіншісі -- практикалық мақсатпен байланысты.
Текстологияның өзі түп нұсқадан транскрипцияға дейін тексеретін Текстің туу сыры, автордың о бастағы ой қазырынан ақырғы жөндеуіне дейін зерттейтін Текстің тұрақтану тарихы, әр нұсқаның терілуінен бар туынды-ның рет-ретімен түзілуіне дейін бақылайтын Текстің басылу түрлері деп аталатын үш бөлімнен құралады. Бұл бөлімдердің қай-қайсысында да көркем әдебиетке деген айта қалғандай әділ көзқарас, асқан жауапкершілік жатады. Мысал ретінде атрибуция деген тарауын алып қарасақ, зерттеушіге тән аса қызық ғылми әрекеттерді көруге болар еді. Бұл -- текстологияның қым-қиғаш қиын да тарауы; мұнда авторы белгісіз шығармалардың жөн-жосығы, бүркеншік есім немесе лақап ат дегендердің кім екені тексеріледі. Айталық, сонау көне дүние тұсында Илиада мен Одиссеяның Гомердікі екеніне күмән туғаны, одан келе XVIII ғасырда Гомер мәселесі қайта көгерілгені, XIX ғасырдың орта тұсында әшейін актердан данышпан драматург қайдан шығады деп, Шекспирге шүбә келтірушілер қаптап кеткені мәлім. Осы шытырманның бәрін ойдағыдай шешкен тек атрибуциялық әрекеттер ғана.
Историография -- әдебиет теориясының, тарихының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі сөздігі
Салыстырмалы талдау
Текстология ғылымы
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Деректанудың даму тарихы
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Ақтамберді жырау
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Пәндер