Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІСТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ

1. бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1-тақырып. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Жоспары:

  1. Педагогика- адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбиенің тарихы мен оның негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрнісі.
  2. Педагогика ғылымының негізгі әдіс-тәсілдері туралы жалпы түсінік.
  3. Педагогиканың философиямен, культурологиямен, социологиямен, психологиямен, физиологиямен және басқа да ғылым салаларымен байланыстылығы.

Дәрістің мақсаты: Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны мен ролін, пәні мен міндеттері, ғылым және өнер ретіндегі педагогиканы нақтылап, қоғамның даму кезеңіндегі ашып көрсету.

Ұғымдық түсіндірме сөздер: педагогика, тәрбие, оқыту, білім беру, ұғым, даму, әдіс, тәсіл, әдіснама, ғылым т. б.

1. 1. Педагогика- адам тәрбиесі туралы ғылым.

Қазіргі кезде қазақ қоғамы қоғамдық экономикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу, олардың әділеттілік, еріктілік, қайрымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бақалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе ”жоғарыдағы” адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби бағдарлы болса, соғұрлы қоғам өркениет деңгейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.

Осыған орай, еліміздегі жоғары білім концепциясында адамның дамуындағы өмірмен, адамдармен қарым-қатынасына зор назар аударылып отыр. Әр адам күшті, құрметті, іскер, сыйлы өмірде өз дегініне жетуге тырысады. Сол себептен, әр кім өзін-өзі құрметтеп, бағалай білуі қажет.

Әрбір адамның психология және педагогика аймағында ғылыми білімі болмайынша бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Педагогика ғылымы - өмір туралы ғылым.

Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.

Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Грек тілінен тікелей аударғанда "бала жетектеуші" ал, өнер сөзінің мағынасы "баланы өмірде жетектеу", т. б. оқыту, оны тәрбиелеу, жан және тәннің дамуына бағыттау.

Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.

Берілген курста педагогика ғылымы мен тәжірибесінің әр түрлі бағыттары, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер әсерінен балалар да ересектер қатарына теңеседі. Дәстүрлі оқыту мәселелері мен қатар тәрбие мен білім беруде, қазіргі кезеңдегі адамның педагогикалық бағдарын анықтауда өзіндік тәсілін таңдауда адамадар мен немесе олардың талабымен - отбасында, өндірісте, мектепте немесе жоғары оқу орынында, көшеде не топтарында теңдеседі.

Осылайша, аталмыш курс педагог боламын деп шешім қабылдаған адамдар өшін тағайындалған, тыңдаушылардың мамандығынан және әрекет тегінен тәуелді емес. Ол осы қиын үрдісте басқа адамдарға көмек беру тілегі және тәрбиелі, білімді адам болуға ұмтылу үшін тиімді.

Білімнің негізі, педагогиканың негізі аталған курста тыңдаушылардың қарым-қатынастағы қиындықты жеңу, өмірлік жағдайлардағы тәрбиелеуші мақсаттың саналы түрде таңдай білуі, өз балаларыңды білімді етіп тәрбиелеуге дайын болу және педагогикалық іс-әрекет берілген.

Тәрбие мен білім беру аймағы қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның өкілетті дамуы, әрқашан әрбір адамның кең көзқарасын тудырды және жалпы кез-келген адамның біліміне тәуелсіз, бәрімізге белгілі, бәрібір педагогикада өзін маманмын деп есептейді. Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, социологтар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сонымен бірге, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптылары бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Әлем қаншалықты көпқырлы, соншалықты әртүрлі және педагогикалық дәстүрлі. Бірақ осы үрдіс ішінде рухани интеграциялар әртүрлі адамзаттық қауымдастықтағы әлемдік білім беру кеңістігі мен жалпы білім беру-тәрбиелеу стратегиялардың және идеяларың мақсатты бағытталған ізденісі болып табылады. Ал бұл педагогикалық методтар мен технологиялар, тәрбиелеу мен оқытудағы заңдылықтар мен принциптер, негізгі категориялар мазмұны мен мағынасына тояттап және тұрақтап, педагогикалық ғылым дамуының әсер етуіне сәйкес.

Педагогика - адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым. Тәрбие, оқыту мен білім беру ісінде қоғам мен оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес, мұраттас. Әрбір ата-ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен саналы ғұмырының жалғасы, бүгінгіні ертеңге жалғастырушы деп біледі, ал қоғам, дәлірек айтқанда, оның саяси реттеушісі саналатын мемлекет, сол жас адамның тәрбиелі тағылымды, білімдар және парасатты азамат болып өсуін өзінің қуаттылығының, мызғымас беріктігінің, өркениеттілігінің кепілі деп санайды. Осы ортақ мүдде мақсат бірлігі, сан ғасырлық тәжірибе, бұл саладағы алғашқы зерттеулер, тұжырымдар, қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай қоймайтын сан қырлы, алуан саналы жүйелілік өзгерістер педагогиканың биік мәртебелі, іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Педагогика атауының түп-төркіні гректің “пайдос” - бала және “аго” - деген сөзінен шыққан. “Пайдагогос” тура маынасында аударсақ “бала жетектеуші” деген ұғымды білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан. Тәрбиелеу мен білім беру тұтастай алғанда баланы сан-саналы мазмұнда, кемел өмірге баулитын, яғни оған тәрбие, білім беретін, рухани жағынан байып, жан-жақты, тоғысып жетілуіне бағыт-бағдар жасайтын, жол көрсететін ерекше сала, осы бірегей өнердің мән-мазмұнын ашу үшін “педагогика” сөзі бірте-бірте кең ұғымда қолданыла бастады. Білім беру мен тәрбие өнеріндегі басты тұлға-ұстаз. Ұстаз балабақшада- тәрбиеші, мектепте-мұғалім, жоғары оқу орнында-оқытушы деп аталып, әрбір шәкірт үшін өзіндік ерекшелігі жермен көктей.

1. 2. Педагогика ғылымының негізгі әдіс-тәсілдері туралы жалпы түсінік.

Тәрбие әдісі (гректің «методос» -жол деген сөзі) -бұл тәрбиеге қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер -тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Тәрбие тәсілі- жалпы әдістің бөлігі жеке дара әрекет, нақты іс. Тәсілдер- бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушілермен бірге салатын жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол жол әдіске айналады.

Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану-бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.

Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды. Тәсіл - деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық бұл қолданымдағы тәсіл емес бірақ әлі әдіске жете қоймаған шара. Мысалы: еңбек -тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету қателігін анықтау-бұл ондағы тәсілдер.

Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдерімен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.

Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді.

Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегі мәселелер ескерілуі керек.

  • Тәрбие мақсаттары мен міндеттері.
  • Тәрбие мағынасы.
  • Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері.
  • Ұжымның қалыптасу деңгейі.
  • Тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері.
  • Тәрбиелік жағдайдар.
  • Тәрбие құралы.
  • Педагогикалық дәреже деңгейі.
  • Тәрбие уақыты.
  • Күтілетін нәтижелер және т. б.

Әдістер және олардың әртүрлі модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті таңдауға сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады. Әдістердің жіктелуі анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі.

Жіктелудің өзі әдістердің қайыссының жалпы немесе жалқы екенін, нақты және кездейсоқ, теориялық немесе практикалық екенін білуге сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.

Кез-келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп.

Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірақ тәжірибелік міндеттерді қарастырады. Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:

  • Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
  • Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
  • Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.

Бұл қасиеттер тәрбие түрлері мен әдістерін дұрыс жүргізу тәрбиелік іс -шара арқылы жүзеге асады.

Тәрбие жұмысын жүргізу формалары мен әдістері

Тәрбиетүрлеріменәдістері:

Т

ә

р

б

и

е

т

ү

р

л

е

р

і

м

е

н

ә

д

і

с

т

е

р

і

:
Тәрбие сағаты:

Тәрбие сағаты

:
Әңгімелесу: Әңгімелесу
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Пікір таласу
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Көңілді тапқырлар клубы
: Пікірталас
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Ауызша
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Дебаттар
: Сұрақ-жауап
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Сұхбат
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Дөңгелек үстел
: Пікірталасу
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Баяндау
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Өз бетінше жұмыс
: Ізденушілік
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Жазбаша
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Кездесу кеші
: Әңгімелесу
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Баяндау
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Саяхат
: Табиғи көрнекілік
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Тәжірибелік
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Шығармашылық жұмыстар
: Ізденушілік
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
: Түсіндіру
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Танымдық ойындар
: Рольдік, ұлттық, іскерлік, спорттық
Тәрбиетүрлеріменәдістері:
Тәрбиетүрлеріменәдістері: Ойлан тап

Әдіс- оқыту барысында мұғалім мен шәкірттің ынтымақтаса еңбектену нәтижесінде қойылған мақсатқа жетуін реттейтін тәсіл. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекетін машықтық дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін жетілдіреді. Ал оқыту барысында әдісті таңдайтын және оның нақты әрекетке айналдыратын мұғалім. Сонымен оқыту әдісінің атқаратын қызметі білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, білімдігіне, іскерлігіне, оқыту әдістері мен технологиясын терең меңгергеніне, оқушыларды ынталандыруына тікелей байланысты.

Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде атап айтқанда:

- өнер және тіл (музыка, сурет, сөз өнері, қолөнер т. б) ;

- білім және ғылым (қызығуына байланысты жеке пәндер, саяхат, құқық, қоғамдық ғылымдар т. б) ;

- мәдениет (спорт, театр, кино, оқырмандық қызығу) ;

- техника (техникалық клубтар, машина жасау, байланыс құралдары, электрондық техника) ;

- кәсіби қызығу (мамандығына байланысты салалары бойынша қызығу, таңдаған мамандына қызығу) ;

Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы оқушылардың білімі мен адами құндылық қасиетері қалыптасады.

1. 3. Педагогиканың философиямен, культурологиямен, социологиямен, психологиямен, физиологиямен және басқа да ғылым салаларымен байланыстылығы.

Қазіргі заманғы ғылыми білім дифференциацияға, оқытудың бөліну аймағындағы тенденцияға енеді. Педагогика бөлімдер қатарына бөлінеді. Педагогика тарихы ежелгі өркениеттерден қазіргі заманға дейінгі педагогикалық оқудың және тәжірибенің дамуын оқытады. Педагогиканың орта мектебі, мектепке дейінгі педагогика, бастаушы педагогика, жоғары, кәсіби-техникалық мектеп, өндірістік, әскери педагогика - бұл бөлімдер оқытудың мазмұны мен деңгейі бойынша бөлінеді. Теоретикалық педагогикада тәрбиелеу теориясы және оқыту теориясы - дидактика. Жалпы дидактикадан басқа, пәндік методика бар. Әлеуметтік педагогика өмір сүру ортасындағы тіршілік ететін тәрбиені оқытады, бәрінен бұрын, көмекке зәру және тәуекелге бел буған адамдарға: маскүнемдер балаларына, наркомандарға, қылмескерлерге, жалпы анти әлеуметтік ортадағы өсіп келе жатырғандарға. Сонымен қатар, ересектер педагогикасы мен ангдрогогика бар . Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс істеу туралы. Дефектологиялық педагогика зағиптардың (тифлоппедагогика), ауыр еститіндердің (сурдопедагогика), ойлауы төмен (олигофренопедагогика) тәрбиелерімен айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді анлиздеумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сұрақтарын оқытады. Педагогика ғылымының ішкі жүйесі, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтін жаңа бөлім дамулары осындай.

Ғылымның тарихы педагогикалық ойлардың алғашқы түпнұсқалары жалпыфилософиялық ілімнің шеңберінде дамығанын куәләндырады. Білім беру мен тәрбиелеу идеялары діни догматтарда, мемлекет туралы ілімде, заңдылықтық қисындарда, бұрынғы әдеби шығармаларда өз сипатын берген.

Ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты іс-әрекеттердің шынайы сипаты, өзіндік жеке бөлімдегі педагогоканың безендірілген түрі, дифференциациялық ғылымның кезеңі туды. Ары қарай, біздің бұрын көргеніміз сияқты, ішкіғылыми дифференциация мен көптеген жеке педагогикалық ғылымдардың безенуі мен олардың білім беру жүйесі жүріп жатты. Ақырында, ғылыми кіріспенің куәләндыруы бойынша, ғылыми аралық синтез кезеңі туу үстінде. Адам мен табиғат туралы ғылыми дамудың жалпы тенденциялары осындай. Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары туралы қазіргі заманғы көзқарастарды қарастырайық және оларға қысқаша түрде тоқталып өтейік.

Ішкі бөлінулері мен байланыстары қатарында педагогика басқа ғылымдармен байланысады. Академик Б. М. Кедровтың жіктеуі бойынша, ол медицина мен техникалық біліммен бірге практикалық ғылым тобына кіреді.

Педагогика интегративтік және практикалық бағдарлық сипатқа ие. Ол басқа ғылымдардың адам, табиғат, қоғам туралы ілімдерін өзінің пәні -тәрбиені оқытуда пайдаланады.

Бәрін жақыны психология. Екеуінің арасында бірнеше байланыс жіптері бар. Ең бастысы - осы ғылымдардың пәндері. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балалрға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдері меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым - оқытудың критерилері мен көрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының өзгеруімен, білім қорларымен, прақтикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.

Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы білімді бере отырып, педагогиканың методологиялық іргесін құрады. Социология педагогикаға әлеуметтік ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтік қатынастар туралы ілім береді.

Этика мен эстетика өнегелік және көркемдік тәрбиенің негізін құра отырып, морал және табиғаттық эстетика туралы ілім береді. Экономика педагогиканы білім беруге әсер ететін өндірістік, экономикалық процесстер туралы іліммен сусындандырады. Физиология педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшін адамның ағзасын, өмірлік қамтитын жүйелерін, жоғары нервтік әрекеттерін білу қажет.

Кибернетика, күрделі динамикалық жүйелерімен бірге басқару теориясы, педагогиканың дамуында үлкен роль ойнайды, яғни, педагогикалық жүйелерді басқару үрдістері сияқты талданады. Информатика, жинақау, ақпараттарды өңдеу туралы ғылым, кибернетика жаныныда педагогика үшін өте маңызды. Тіпті ақпаратты методтар мен педагогикадағы технологияларды оқытатын педагогикалық информатика - атты ғылыми бағыт пайда болды.

Педагогика басқа да ғылымдармен байланысты. Педагогикалық ілім пәнаралық сипатқа ие немесе адам педагогикамен қатар, адамның іліміне әсер ететін, аралас ғылымдардың методтары, теориялары, ақпараттарымен пайдаланып, көптеген ғылымдарды оқиды. Бірақта педагогика мамандар білу қажет, өзінің пәні, жүйелік теориясы, ұғымдары бар жеке дара ғылым.

Бақылау сұрақтары

1. Педагогика ұғымына анықтама беріңіз.

2. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеттері.

3. Тәрбие түрлері мен заңдылықтары.

4. Тәрбие әдістерін талдаңыз.

5. Қазіргі тәрбие мәселелері.

2 бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

2-тақырып. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты

Жоспары:

1. Тұлға туралы ұғым. "Адам", "тұлға", "индивид". Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы.

2. "Тұлғаны дамыту", "тәрбиелеу", "қалыптастыру" ұғымдарына сипаттама.

3. Оқушының дамуы - педагогикалық проблема. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты- "тұлға" ұғымына әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектерін сараптай келе оның дамуы мен қалыптасуын және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін талдау.

Ұғымдық түсініктеме сөздер- тұлға, адам, кісі, даму, қалыптастыру, көзқарас, жас ерекшелік, дербес ерекшелік, дарын, талант, орта, тұқымқуалаушылық, тәрбие т. б.

2. 1. Тұлға туралы ұғым. "Адам", "тұлға", "индивид". Тұлға ұрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Олай болса "тұлға" дегеніміз не осы мәселеге тоқталмас бұрын отандық ғалымдарымыздың ой-пікірлерін қарастырсақ.

Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”, ”жеке тұлға”, “адам”, ”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.

Мәселен, Т. Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады.

Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды.

Ал, Ресейлік ғалым А. Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.

Белгілі психолог Б. Г. Ананьев еңбектерінде “Адам-физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Педагогикалық эксперимент түрлері
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz