Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы



Кіріспе.

І Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы.
1.1 Бюджет жүйесі туралы түсінік және оның экономикалық мәні.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы. 1.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы
2.1 ҚР мемлекеттік бюджет жүйесінің құрылымы
2.2Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жолдары


ІІІ ҚР бюджет жүйесін шығыстарын бөлу саясаты
3.1ҚР . ғы мемлекекттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай ІІ бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған.
ІІІ бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал. Бұл жағдайда бюджетаралық қатынастарды ары қарай реформалау қажеттігі сөзсіз туындайды.
1. «Қаржы – қаражат» 2004/1
2. Қ.Қ Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» Алматы:2005ж.
3. С.Әкімбеков «Экономикалық теория» Астана:2002ж.
4. Я.Әубәкәров «Экономикалық теория негіздері» Алматы, «Санат»,1998ж.
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.Алматы: Юрист.2004ж.
6. Егемен Қазақстан – 2005ж. 16 – ақпан.
7. К.Ильясов, В.Саткалиева « Государственный бюджет» Алматы – 1994ж
8. Панорама № 35, 13 сентября 2002 года.
9. В.Крымова «Экономикалық теория» кестелі оқу құралы – Алматы:2003ж.
10.Егемен Қазақстан -2005ж 25-қаңтар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.

І Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы.
1.1 Бюджет жүйесі туралы түсінік және оның экономикалық мәні.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы.
1.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы
2.1 ҚР мемлекеттік бюджет жүйесінің құрылымы
2.2Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жолдары

ІІІ ҚР бюджет жүйесін шығыстарын бөлу саясаты
3.1ҚР – ғы мемлекекттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын
алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қазақстан Республикасының бюджет
жүйеснің құрылымы бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға
тырысамын.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс.
Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және
оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы,
бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық
экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық
дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке
тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін,
оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай ІІ
бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы
туралы толық айтылған.
ІІІ бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды
орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты
сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері
көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды,
бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты
трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік
несиелер қайта бөліну ықтимал. Бұл жағдайда бюджетаралық қатынастарды ары
қарай реформалау қажеттігі сөзсіз туындайды.

І Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы.
1.1 Бюджет жүйесі туралы түсінік және оның экономикалық мәні.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасқан қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің
ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен
байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет
ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет
мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық
(бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның
ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен
ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы
ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және
басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін
бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік
қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байлатысты
оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және ЖІӨ-нің 20% бөлінеді. Сонымен бірге
мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік
функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен
жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сонда-ақ қоғамдық
ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн.

Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы.

Негізгі қаржы жоспары
қондырма

бөлігі

Мемлекет заңы

әлуеметтік-экономикалық
(субъективтік
дамуды басқару механизмі
жағы)

Мемлекеттік бюджет

Базис мемлекеттің
бөлігі орталықтандырылған
ресурстар
ақша қоры
(объек-
тивтік Экономикалық категория
қатынастар
жағы)

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына
импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын
тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын
акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері,
экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін
алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарында радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен
шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық
құралдары және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және халықаралық телефон
байланысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жолдарын
пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға
кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын
баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары
мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін
және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының
нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа
алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер
(республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы
бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне
дивиденттер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден
алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің
шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық
бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар(мүдделер), қару-жарақ пен
әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін
басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып
алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік
мүлікті, мемлекеттік қосалқы қорлардан, резервтерден тауарларды,
материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері облыстық бюджеттерден, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер,
Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден,
республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік
қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық кірістерінің құрамы
мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.

Республикалық бюджет кірістерінің көлемі
мен құрылымы.
Түсімдердің атауы Мың.теңге %

1 Түсімдер 1468225079 100,0
Салықтық түсімдер 1302870000 93,5

Корпоротивтік табыс салығы 2726632 25,2
Қосылған құнға салынатын салық 2223161 0,8
Акциздер 601925 1,0
Салықтық емес түсімдер 16535507 6,5
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын 8185895 0,4
кірістер
II.Алынған ресми трансферттер 119476590 5,0
III. Кредиттерді қайтару 21615387 1,1

Дерек көзі: 2006ж арналған ҚР Бюджеті

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрайды, ал салықтық тісімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға
салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады.
Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі- салықтық емес
түсімдержәне капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары- бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетінт қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан
Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет
көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің
жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті
болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының
қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің біріңғай жүйесін
ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің
сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік
статистикалық есеп, мемлекеттік службаның біріңғай жүйесін ұйымдастыру,
заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында
мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және
басқалар.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын
ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен
сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында
қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі,
азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы
сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалар.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет,
азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорға, заңдылық пен құқықтық
тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс
істеуі және басқалар.
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды
балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу,
республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау жоғары
кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды
даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету,
республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және
басқалары.
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету,
ауру адамдарды шетелде емдеуді ұымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға
қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның
компонеттері мен препараттарын өндіру, санытарлық-эпидемиологиялық
қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде
және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-
психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалар.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары
есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы
бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар,
мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар,
экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери
қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы
мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап
шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты
әлеуметтік төлемдер және басқалар.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер
қыртыстары.
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
қызметі.
10) көлік және коммуникациялар.
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және
сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау,
мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық
бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және
табиғи монополияларды реттеу.
12) басқа да бағыттар: облыстық бюжеттерге, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер,
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер
бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мелекеттік органдардың
және басқа мелекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге (кадрларды
қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми
зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық
актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да
қаржыландырылады.(14.4 кесте).

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі
мен құрылымы (2004ж.)

млн.тг %
ШЫҒЫСТАР 773893 100,0
ШЫҒЫСТАР 734809 94,9
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер 44066 5,7
2. Қорғаныс 40435 5,2
3. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 73822 9,6
4. Білім беру 23241 3,0
5. Денсаулық сақтау 19105 2,5
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек202043 26,1
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 10321 1,3
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық 12879 1,7
кеңістік
9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын 8486 1,1
пайдалану
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және 43040 5,6
қоршаған ортаны қорғау
11. Өнеркәсіп және құрылыс 1395 0,2
12. Көлік және байланыс 59663 7,7
13. Басқалар 68345 8,8
14. Борышқа қызмет көрсету 34338 4,4
15. Ресми трансферттер 93630 12,1
КРЕДИТТЕР 39085 5,0

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, мауысым 2005ж

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін
ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және
Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін
натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының
құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең
алдымен роталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет
қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға
байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға
өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған
меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Бұрыңғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік
ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі
білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру
және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын
тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 %-тен асып отыр. Сонымен бірге
өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына,
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға,
дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша
жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл
сайын бюджет қаражаттарының 13 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті
ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің
экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге
республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін
төмен түсірмейді. Тап солар биіктің жергілікті органдарының өздерінің
функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді,
халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті
аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал
етеді.
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық
ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту
және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты
қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы
рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың
прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдау жолымен бюджет ресурстарын
қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында
ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер
арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократиялардыру мен
жетілдіруді қажет етеді.

1.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.
Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне
жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттлік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды
пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың
кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тпшылығын тудырады.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін
сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты
2–3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар
шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы
мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар
мемлекеттің қажеттіліктерін жаппай, олар ақшаның қосымша ( яғни тауар
айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл
инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның
құнсыздануына, нақтылы табыстарының және халықтың тұрмыс деңгейінің
төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы
мына себептерге байланысты:
1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуірәлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6. көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1. шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2. кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3. кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ
төмендейді)
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық
салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. өз кезегінде ақша эмиссиясы
айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде
мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық
банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер
өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың
арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар
компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа
халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет
тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың
жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті
іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның
әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді.
1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін
фискалдық саясаттың мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің мұндай жай-
күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын
азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы
мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде
салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру
үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыру, не мемлекеттің
шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекетінде жүзеге асуы қажет. Қорытындысы
жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып
табылады.
Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мумкін.
Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық
түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды
қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендету, не мемлекеттің
шығыстарын көбейту, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалану тиіс.
2.Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет
жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің
құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып
салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі
кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда
болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге
бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл
ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен
ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік
теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3.Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық
тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін
жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті
теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік
борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда
экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты
түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді
ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырылады
деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз
айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл
тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы
қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін
бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының
жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды,
мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды
қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді
қажет етеді.

ІІ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесі мен құрылымы.
2.1 ҚР мемлекеттік бюджет жүйесінің құрылымы.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды
теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатанастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет
құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына,
аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы
мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
• мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
• федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да –
жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде –
федерация субъектілерінің бюджеттері);
• жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Мемлекеттің қаржысын басқару түсінігі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Салық - бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Салық салудың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының Даму Банкі
Қазақстан Республикасының Салық органдары: атқаратын қызметі, мақсаты және міндеттері
Мемлекеттік бюджет жайлы
Зейнетақы жинақтарын құру және инвестициялау тәртібі
Пәндер