Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны, туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық қарым – қатынастағы туризмнің даму барысы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
1. Ұлыбританияның территориялық құрамы, экономикалық-
географиялық жағдайы және туризмнің қалыптасуы
1. 1. Ұлыбританияның халықтық жағдайы . . . 4
1. 2. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы . . . 6
1. 3. Томас Кук - Ұлыбританияның әлеуметтік туризмінің негізін қалыптастырушы . . . 12
1. 4. Ұлыбританияның тарихи-мәдени ескерткіштері . . . 14
2. Ұлыбританияның халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және
туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі
2. 1. Ұлыбритания туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі . . . 17
2. 2. Ұлыбританияның халықаралық жағдайдағы туристік қызметі . . . 20
Қорытынды . . . 24
Пайдаланған әдебиеттер . . . 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы, өзіндік саясаты бар, соның ішінде туризм саясаты өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбы «Ұлыбританияның халықаралық туризмі» болғандықтан, еуропа мемлекеттерінің және жалпы туризм тарихына тоқталып өтуді жөн көрдім.
Ұлыбритания туризмі тарихы ертеден басталады. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасады. Қоғамдық қарым - қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде - ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты жазу барысында жалпы Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны, туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық қарым - қатынастағы туризмнің даму барысын көрсет болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысты жазу барысында қазіргі таңдағы ғылыми зеттеу саласындағы барлық стандартқа сай жазылуын қадағалау.
Жұмыстың нысаны: Ұлыбританияның мемлекеттік дамуындағы туризмнің ролі, туризмді дамытудың жолдары:
- ХХ ғасырдағы Ұлыбритания туризмінің өзіндік ерекшеліктері;
- Халықаралық аренадағы Ұлыбританияның туризм мәселелері;
- Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін;
- Туристік индустрияға мемлекеттік қолдау көрсетуі;
Ұлыбританияның туризм саласындағы және халықаралық деңгейдегі басқа да өзекті проблемаларын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы: Ұлыбритания туризмінің ХХ ғасырдағы индустриялық дамуы: ХХ ғасырдағы туризмнің дамуына әсер еткен факторлардың түрлері, ХХ ғасырдағы туристік индустрияға мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлері; Ұлыбританияның халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі: Ұлыбритания туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі, Ұлыбританияның халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және курстық жұмысқа кіріспе, курстық жұмысқа қысқаша қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі қарастырылған.
1. Ұлыбританияның территориялық құрамы және экономикалық-
географиялық жағдайы.
- Ұлыбританияның халықтық жағдайы
Ұлыбританияның жер көлемі -244 мың км². Халңы -56 млн. адам. Астанасы - Лондон. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдығы Британ аралдарында орналасқан. Оның құрамына Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия (Ольстер) бөліктері кіреді. Елді қысқаша Ұлыбритания (ең үлкен аралдың аты бойынша) немесе Англия (мемлекеттің негізгі тарихи бөлігі бойынша) деп атайды.
Халықаралық теңіз және әуе жолдарының тоғысқан жеріндегі аралдың географиялық орны жан-жақты сыртқы байланыстар жасауға қолайлы жағдай туғызады [1] .
Халқы. Мұхиттың арғы жағына қарай эмиграцияның жаппай етек алғанына қарамастан, XXІ ғасырға дейін халық саны әжептәуір тез өсті. Кейінгі ондаған жылдар ішінде туудың мүлде азайып қалуына байланысты табиғи өсудің едәуір төмендегені байқалуда, бұл сондай-ақ егделенгендердің санын көбейтуге және ағылшын ұлтының бірте-бірте қартаюына әкеліп соғады.
¥лыбритания урбандалудың өте жоғары дәрежесімен көзге түсуде: халықтың көпшілігі қала тұрғындарының қатарына жатады, мұның өзінде қала тұрғындарының жартысынан көбі үлкен қалаларда және қала агломерацияларында тұрады. Олардың ішіндегі ең ірісі Үлкен Лондон, оның тұрғындары 7 млн. адамнан астам. Урбандалудың өсуіне байланысты экологиялың проблемалар барған сайын шиеленісе түсуде.
Фермерлердің оңаша салынған усадьбалары селолық қоныстануға неғұрлым тән сипатты көрсетеді.
Халықтың таптың құрамында жалдама еңбек адамдарының үлесі өте жоғары болып келеді: экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 90% -і жұмысшылар мен қызметшілер. Қызметшілер арасында банк, кеңсе қызметкерлері тобының саны көп - оларды елде клерк немесе «ақ жағалылар» деп атайды. Ұсаң буржуазия тобы көп емес, фермерлер саны шамалы. Ал ірі буржуазия мен лендлордтар (текті дворяндардан шыңқан помещиктер) халың санының не бары 3%-ін құрайды. Бірақ саяси өкімет, ұлттың табыстың жартысы және жердің көпшілік бөлігі солардың қолында.
Халқының ұлттық құрамында 4 /5-нен астамы - ағылшындар. Қалғандары кельт халықтарының ұрпақтары - шотландиялықтар, ирландиялықтар, уэльстіктер (валлийлер) .
Бұл халықтар өздерінің ерекшелігін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтап қалған, бұдан басқа англикан шіркеуіне табынатын ағылшындардан дін жағынан айырмашылығы бар ирландиялықтардың бір бөлігі - католиктер, шотландиялықтар - пресвитериандар [2] .
Ұлыбритания мемлекеттік құрылысы жағынан - конституциялы монархия. Мемлекет басшысы - король (королева), бірақ өкіметтің толық билігі іс жүзінде премьер-министрдің қолында, оның қызметін сайлауда жеңіп шыққан партияның лидері алады. Ұлыбритания «Бірлестік» деп аталатын, тәуелсіз мемлекеттерге айналған Британ империясының бұрынғы доминиондары мен отарларының саяси жөне экономикалық ұйымын басқарады
Табиғаты. Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-ндефьордтар, оңт-нде эстуарийлер) . Неғұрлым үлкен түбектері - Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері - Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері - Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері - Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі - Бен-Невис тауы (1343 м) . Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т. б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған. Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Қаңтардағы орташа температура қиыр солт. -шығыстың өзінде 3, 5°С-тан төмен түспесе, ал оңт. -батыста 5, 5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт. -батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт. -шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт. -батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Шілдедегі орташа температура оңт. -батыста 16°С-қа, ал қиыр солт. -батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады. Ұлыбритания су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт. -батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері - алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өзеннің Ұлыбритания экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт. -батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.
Ұлыбританияның ең ірі өзендері : Темза, Северн, Хамбер (59 км) , Мерси (109 км) . Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері - Солт. Ирландиядағы Лох-Ней (аумағы 396 км², тереңд. 31 м-ге дейін) менШотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аумағы 56 км², тереңд. 230 м-ге дейін) . Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегіГрампиан тауларында және солт. -батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аумағы 12 мың км²-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т. б. ) .
- Шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританияның бірқатар қалалары мықтап қиратылды, сауда байланыстары үзілді. Соғыстан кейінгі уақыт ішінде ол отарларының барлығынан дерлік айрылды. ( Елдің АҚШ-қа финанс және экономикалық тәуелділігі арта түсті. Сонымен бірге Ұлыбритания өнеркәсібініц ауыл шаруақшылығынан басымдылығы мейлінше жоғары дамыған индустриялы ел болып қалуда. Ол капиталистік дүниенің өнеркәсіп өндірісінде бесінші орын алады. Ауыр индустрияның үлесіне барлық өнеркәсіп өнімінің 2 /з-і тиеді. Дегенмен Ұлыбритания өнеркәсібінің өсу қарқыны жөнінен бірқатар капиталистік елдерден артта қалып отыр, оның себебі бұрынғы; дәстүрлі салалары - көмір, тоқыма өнеркәсібінің құлдырауында, кеме жасаудың баяу өсуінде, сол сияқты осы елдермен салыстырғанда өнеркәсіп орындарының ең жаңа жабдықтармен тым баяу толықтырылуында болып отыр. Ғылыми-техникалың прогреске байланысты салалар - атом энергетикасы, электрон жабдыңтарын өндіру, мұнай химиясы анағұрлым жедел дамуда.
Ұлыбритания экономикасының соғыстан кейінгі дамуы мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшті ыңпал жасау жағдайында өтуде. Мемлекет барлық дерлік өнеркәсіп өндірісін бақылауға алып отырған ірі компаниялардың ісіне қатысады. Соғыстан кейін мемлекеттік көмір шахталары, транспорт, ірі электр станциялары және басқа кейбір кәсіпорындар мемлекет қарамағында. Көмірге, электр энергиясына, транспортқа мемлекеттік бағаның біршама төмен болуы монополияларға пайдалы. Мемлекет шаруашылыңты милитарландыруды ұлғайта отырып, соғыс өнеркәсібіне көптеген қаражат жұмсауда.
Ұлыбританияның ауыл шаруашылығында істейтін экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үлесі дүние жүзі бойынша өте төмен. Бірақ ауыл шаруашылығы интенсивті түрде дамуда, ол елге қажетті азық-түліктің жартысын беруде.
Ұлыбритания экономикасына тән сипат - оның сыртқы саудаға көбірек тәуелді болуы. Оның өнеркәсібі көбінесе сырттан әкелінетін шикізат негізінде істейді, ал дайын өнімнің едәуір бөлігі экспортқа арнап шығарылады.
Экономикасы. Ұлыбритания - жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықар. еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарушы рөлін атқарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экон. рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән. Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге - көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар - Оңт. Уэльс, Англияның солт. -шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт. -шығысы мен оңт. -батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы - машина жасау. Көліктік машина жасаудың (жеңіл, жүк автомоб., автобустар) орт-тары - Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Германия, Франциядан кейін), дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл. -зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Қрі тамақ өнеркәсібі тағамдық концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұлыбритания алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын (әсіресе, шотланд вискиі мен джин) береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады. Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24, 8%-ы пайдаланылады. Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар (бидай, қара бидай) басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында - көкөніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Мидлендтен басқа Ұлыбританияның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан.
Өнеркәсібі. Ұлыбританияның өнеркәсібі табиғат ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Тек қана кокстелетін жоғары калориялы көмірдің бай қоры бар. Ұлыбритания жағалауына таяу Солтүстік теңізде мұнай және табиғи газ кен орындары пайдаланылуда. Қазірде Ұлыбритания мұнай өндіру жөнінен Батыс Европада бірінші орын алады. Каолин мен тас тұздың қоры айтарлықтай едәуір. Түсті металл қоры шамалы. Өндірілетән темір рудасы ел қажетінің жартысынан азын өтей алады, оның үстіне руданың сапасы жоғары емес. Су ресурстарының энергия балансындағы ролі өте аз.
Энергияның негізгі көзі көмір, мұнай, сұйылтылған түрінде ішінара Алжирден әкелінетін табиғи газ болып саналады. Атом энергетикасы даму-да. Ұлыбритания АЭС-тің жалпы қуаттылығы жөнінен біріншілікті АҚШ-қа және Жапонияға береді, бірақ жалпы электр энергиясын өндірудегі атом электр станцияларының үлесі жағынан дүние жүзіндегі көптеген басқа елдерден алда келеді.
Кара металлургия өндірілген отандық коксті пайдаланады Ұлыбритания жоғары сапалы темір рудасын Швециядан, Либериядан, Канададан және басқа елдерден әкеледі. Булао мен қатар, ол марганец және басқа да металдарын, Гол сияқты металл сынықтарын әкеледі. Негізгі металлургия заводтары:
1) темір рудасы мен тас көмір өндірілетін аудандарда (Орталық Англияда),
2) теңіз. жолымен металл сынықтары темір рудасы және басқа металл рудалары келш жағалауындағы аудандарда (Оңтүстік Уэльсте Солтүстік-Шығыста) орналасқан. Соңғы кезде қара металлургияның теңізге жақындауы күшейе түсті [5] .
Түсті металлургия импорттық шикізат қабылдайтын аудандарға карайлас орналасады.
Машина жасау Ұлыбритания өнеркәсібі салаларының ішінде бірінші орын алады. Әсіресе елеулі мөлшерде экспортқа арналған салалары:
- станок жасау,
- электротехника жабдықтарын;
- жабдықтардың кейбір басқа түрлерін,
- автомобиль, трактор шығару,
көзге түсуде. Енді басқа дамыған капиталистік елдерге экспортқа өнім шығару бағытын ұстаған автомобиль өнеркәсібі аз литражды машиналарды өндіруге қайта құрылуда. Бірақ дүниежүзілік рынокта жапон автомобильдерінің бәсекесі өте күшті, бұл ағылшын автомобиль жасау қарқынын бәсеңдетеді. Ұлыбританияның машина жасауында американ капиталы маңызды орын алып отыр. Елде станоктардың көпшілігін американ фирмалары өндіреді. Соңғы жылдары бұл салада Жапонияның және араб елдері капиталының үлесі арта түсті.
Химия өнеркәсібінде мұнайды өңдеу негізіне, әсіресе мұнай өнімдері мен синтетикалың талшықтарды өндіру жедел дамуда. Мұнай-энергия-химия комдлекстері порттарда Шондонда, Ливерпульда), ал соңғы кезде сондай-ақ Солтүстік-Шығыста және Шотландияда орналасқан.
Тамақ өнеркәсібінің және құлдырауына қарамастан тоқыма өнеркәсібінің үлкен маңызы бар.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы негізінен балық аулаумен айналысады. Ұлыбританияның табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек қолайлы. Әдеттегі мүхиттық климат барлық жерге бидай егуге мүмкіндік бермейді. Теңіз деңгейінен 600 м жоғары жатқан жерлерде және Англияның батысында ылғалдық молдығынан бидай пісіп-жетілмейді. Оның есесіне жыл бойы барлық жерлерде дерлік табиғи шалғындар көктеп тұрады.
Аграрлық құрылыс помещиктік жер иеленуі үстем болуымен сипатталады. Жердің көпшілік бөлігі лендлордтардың, сондай-ақ кейбір бай өнеркәсіпшілер мен саудагерлердің қолында, олар жерді жарым-жартылай аң аулауға, спорт алаңына және парктерге пайдаланады. Помещиктер әдетте өздері ауыл шаруашылығымен айналыспайды, жерді арендаторларға береді. Негізгі ауылшаруашылық өнімдері фермер-арендаторлардың капиталистік шаруашылықтарында өндіріледі, сол сияқты малдың басым көпшілігі солардың меншігінде.
Мал шаруашылығы- ауыл шаруашылығының басты саласы (ірі қара өсіру, қой, шошқа және құс шаруашылығы) . Табиғи шалғындарға тыңайтқыш шашады, қосымша шөп егіледі. Бұдан басқа мал құнарлы жеммен жөне тамыр жемістермен азықтандырылады, тек қысқа қыс маусымында мал қорада тұрады. Сауын мал шаруашылығына мамандандырылған шаруашылықтардың саны басымырақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz