«Топтық коррекция»



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І. А) Топтық коррекцияны жүргізу техникалары
Ә) Кездесу топтары
Б) Гемталь терапия, психодрама
В) Дене терапиясы, шеберлік тренингі
Г) Шеберлік тренингі, мінез.құлық терапиясы
Д) Арттерапия

ІІ. А) Психокоррекция бағыттары
Ә) Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны
Б) Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар
В) Коррекциялық топтарды құру
Г) Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті
Д) Коррекциялық топтар түрлері

ІІІ. Қосымша

IV. Қорытынды

V.Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық техналогияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді фрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысына ал 2009-2010 жылдары 69 мын оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Бірінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отыра тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірнеше кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыра жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретін қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио бейне материалдарды әзірлеу керек.
Қазақ тіліндегі окулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелесі болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді.
1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т.
Психологаческая служба в вузе. Алматы, 2004.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М.,
1981.
4. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
5. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования.
М., 1984.
6. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
7. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
8. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
9. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991.
10. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей детей
школьного возраста. (Для психологов-консультантов), М., 1989.
11. Валяон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
12. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
13. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
14. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школъного психолога.
М., 1991.
15. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992.
16. Донченко Е.А., ТитаренкоТ.М. Личность: конфликт, гармония. Киев,
1989.
17. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
18. Дубровина И.В. Настолъная книга школьного психолога. М., 1996.
19. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения.
М., 1987.
20. Жарықбаев қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
21. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
22. Зинченко В.П., Смирнов С.Д. Методологическме вопросы психологии.
М., 1983.
23. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
24. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
25. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая
психология на каждый день. М., 1998.
26. Кон И.С Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
27. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
28. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
29. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
30. Лексрова Г.Ж. Конфликтология. ІЛымкент, 200
31. Морозов А.В. Деловая исихология. С-Пб., 2000.
32. Мектен оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға
арналған психодиагностикалық қызмет. Алматы, 2004.
33. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
34. Немов Р.С. Психологая. В 3 т. т.З. М., 1996.
35. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17
лет. Подред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
36. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
37. Осипова А.А. Введение в практического психокоррекцию. М., 2000.
38. Петровский А.В., Ярошсвский М.Г. Психологичсский словарь. М., 1990.
39. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской.
С-Пб., 1997.
40. Подцъяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
41. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.
Алматы, 1987.
42. Промова О.Н. Конфликтология Москва 2000ж.
43. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.
44. Рыбалхо Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
45. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
46. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
47. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева,
В.В.Столина. М., 1999.
48. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
49. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
50. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.
51. Учителям и родителям о исихологаи подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова.
М., 1990.
52. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика
семейных конфликтов. Киев, 1991.
53. Хомеистаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
54. Холмогоров А.Б. Психические аспекты микросоциального в контексте
психических расстройств. М., 2000.
55. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
56. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., -1987.
57. Шеврандюг Н.И. Социальная психология в образозании. М., 1995.
58. Чернявская А.П. Психологическое консулътирование. М., 2004.
59. Чирков Р.И. Оценка школьной зрелости ребенка. М., 1993.
60. Элъконин Д.Б. Детская психология. М., 1990.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университеті

Педагогика, Психология және Денешынықтыру кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Топтық коррекция

Ғылыми жетекші: Есназартегі Әсел Жаңабергенқызы
Орындағын: ПП-117 тобының студенті
Абрахманова А.Б.

Шымкент 2008

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І. А) Топтық коррекцияны жүргізу техникалары
Ә) Кездесу топтары
Б) Гемталь терапия, психодрама
В) Дене терапиясы, шеберлік тренингі
Г) Шеберлік тренингі, мінез-құлық терапиясы
Д) Арттерапия

ІІ. А) Психокоррекция бағыттары
Ә) Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны
Б) Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар
В) Коррекциялық топтарды құру
Г) Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті
Д) Коррекциялық топтар түрлері

ІІІ. Қосымша

IV. Қорытынды

V.Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Топтық коррекция
Бұл жұмыс аннотация, кіріспе, негізгі бөлім, қосымша, қорытындыдан
тұрады. Негізгі бөлім І,ІІ бөлімнен және 13 функттен тұрады. Топтық
коррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін
өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы
өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу
жолын бірге іздеп табу. Топтық коррекцияның тренинг топтарын осыған
дейін психолог Курт Левин және оның әріптестері ұйымдастырды. Олар
топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесі
қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған
психологиялық проблемалардың мән жайына терең түсініп, оларды шешу
жолдарын анықтады. Дене терапиясының барлық түрлері В.Райх
зерттеулеріне негізделген. Мінез-құлық терапиясы ұғымын 50-ші
жылдардың аяғында бірінші болып Арнольд Лазарус және Ганс Айзенк
тәжірибеге ендірді. Арттерапия терминін 1938 жылы Адрин Химед
туберкулез ауруына шалдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл-
күйлерін көтеру жұмысында қолданылады.

І. КІРІСПЕ
Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім
беруді даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы
саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай
білім алуға және озық техналогияларды игеруге мүмкіндік беретін
білім берудің тиімді фрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің
құрылысына ал 2009-2010 жылдары 69 мын оқушы орынға арналған тағы
да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Бірінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-
техникалық білім беруді одан дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске
асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып
отыра тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын
тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірнеше кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес
өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын іске
асыра жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған
мемлекеттік тіл ретін қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне
ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың
қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу
қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық
әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио бейне материалдарды
әзірлеу керек.
Қазақ тіліндегі окулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп
алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін
қандай бәсекелесі болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын
көтермейді.
1. Топтық коррекция жүргізу техникалары
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық
қасиеттерін атқару мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман
жағдайлардағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл
жағдайдан шығу жолын бізге іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге
пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кехде жеке тұлғааралық
қасиеттерді коррекциялауц тренинг топтарында жүргізіледі.

Т-топтары
Психолог Курт Левини және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық
тренинг топтарының жұмысын 1946 ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін
қатынасушыларымен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған
психологиялық проблемалардың мән-жайын терең түсініп, оларды шешу
жолдарын анықтады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін
және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі
анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері
үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп аталады.
Қазір және осы жерде ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде
бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін
басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайларға байланысты көрсетуге
үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты - барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-
құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет
орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойыиша Т-топтарының басым көпшілігіне тән 10
факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық - топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайуға және
ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттерінс сендіру - топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын
қасиеттерінің орын алатынына, болашақта табысты болуына сендіру.
3. Қорытындылау – әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол
сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінің көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру - жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және
тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру — өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз
нәрселерге кешіру.
7. Бірін-бірі үйрету – тән мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа
мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары - қатынасушылардық топтық іс-әрекет
барысында бір-бірімен карым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе
жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез - басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге
құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін
нығайту.
10. Катарсис - топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау
барысындағы өздерінің анық айқындаған немесе іштей басып жүрген
психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Өз-өзін басқаларға таныстыру (өзін презентация жасау) - топтың
алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға
өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың біреуі басқалардың мінез-құлқы
мен қылықтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез
ерекшеліктерің өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында
қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы
мәлімет береді. Басқалардың берген "белгі" ескертуі арқылы әр адам өз
мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады.
Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден гөрі оған
эмоционаддық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: "Сен
тәртіпсіздік көрсеттің" - деп айтудың орнына "Сен менің сөзімді бөлгеніңде
мен саған ренжіп қалдым" - деген ескертудің әсері тереңірек болады және
ренжіп туғызбайды.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың мінез ерекшеліктерін көпшілік
бірдей бағаласа оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін
осындай эксперименттер әртүрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың
көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.

2. Кездесу топтары
Кездесу топтарын ұйымдастырудың теориялық негізі ретінде Карл
Роджереттің негізгі кездесу және Уильям Шутцың ашықтық теориясы
концепциялары алнған. К.Роджерестің концепциясы өзі құрғап клиентке
бағытталған терапия деп аталатын қағидасына негізделген. Ол терапияның
негзгі мақсаты-басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жеке тұлғаның
түпнұсқаулық қаситтеріне сүйену болып табылады. Шутц концепциясы сана мен
тәнді интеграциялауға негізделген.
Кездесу топтары адамның психикалық дамуын жеделдетуге және қысқа
мерзім ішінде нәтижеге жетуге бағытталған. Ол үшін кездесу топтарының
бірнеше варианттары ұсынылады: "Марафон" тобы және "Ағынан жарылу" тобы.
"Марафон" тобы ондаған сағат немесе бірнеше күн бойы топтық әрекеттер
істеп, әр қатынасушыға өзін толық бақылауға, мүмкіндіктерін ашуға және
танып-білуге бағытталған болса, "Ағынан жарылу" тобында әр қатынасушының
санасыз сферасына терең малшыну көзделеді.
Топқа қатынасушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен
психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің шарттары болып
табылады. Бұл психокоррекциялық топтың терапевтикалық мағынасы өте терең.
Шутцтың айтуы бойынша қатысушылардың бір-біріне жауапкершілігі — топтың
негізгі заңы. Осы заң бойынша әр қатынасушы өзінің топ алдында көрсеткен
мінез-құлқына жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.
Мысалы: "Әсер ету " жаттығуы
Екі қатынасушы бір-біріне қарама-қарсы көзіне қарап отырып, алдында
отырған адамның өзіне тигізген әсері туралы топтағылар еститіндей дауыспен
барлығына айтып береді. Топтағылардың барлығы кезектесіп бір-бірінен
әсерленгені туралы мәлімдейді. Өзіңіздің кезегіңіз келгенде үндеместен
өзіңіз туралы өзгелердің пікірін тыңдап, одан өзіңізге пайдалы қорытынды

3. Гештальттерапия
Гештальтераияның негізін құрған Фриц Перлз. Ол психоанализ,
экзистенциалдық пәлсапа, гештальтпсихология жөне В.Райхтың психологиялық
өзгерістерге қарсы тұрудың физиологиялық түбірі барлығын дәлелдейтін
теориялар негіздерінде гештальттоптар құру идеясына келді.
Гештальтерапияның мақсаты - топ мүшелерін мадақтау арқылы олардың
организмикалық ироцесстерін ояту және толысу қажеттігін жете түсінуге
ұмтылту. Гештальттарды құру мен аяқтау адамның табиғи өмір сүру қалыпы
екені және оның адамға тигізетін әсері органикалық жағынан өз-өзін реттеу
процесіне негізделгендігі эксперименталдық жолмен дәлелденген топ жұмысын
ұйымдастырғанда жаттықтырушы топтан өзі тілек білдірген, "эмоционалдық
қызу" жағдайындағы бір адамның әрекеттерін ұйымдастырып, барлық
қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру жолдарын талдайды. Басқа қатысушылар
өзін ссл адаммен салыстыра отырып жаттықтырушыға қолдау көрсетіп отырады.
Гештальттерапияның негізгі ұғымдары келесі: дене мен оны қоршаған ортаның
қатынасы, қазіргі кез туралы алаңсыз ойланып оны жете түсіну, қарама-
қарсылық қорғану мен жетілу функциялары.
Гешталъттераииядағы "қарама-қарсылықтар" әр адамның "Мен" құрылымындағы
бір-біріне сәйкес келмейтін жерлерінің күресін бейнелейді, қажеттілік пен
мүмкіншіліктің текетірестерін көрсетеді. Қажеттілікті қанағаттандыруға
ешқандай мүмкіншілік болмаса, гештальт құрылысы аяқталмай қалады. Перлздың
айтуынша, осы қанағаттандырылмаған қажеттілік бітірілмеген гештальт түрінде
адамның неврозға ұшырауының негізгі себепкері болады.
Жетілгендік - жеке тұлғаның өте қиын жағдайдан өзін алып шығуға
қабілеттілігі. Гешталъттерапевттің негізгі міндеті — адамға өзінің
қажеттілігін толық түсініп, айқындап алуға көмектесу (гештальтты құрып
беру) және осы түсініктің қалыптасуына сүйене отырып оның теріс әсерін
жойып, залалсыздандыруға көмек беру, адамды тұңғыйықтан алып шығу. Сонымен,
адамның өзінің қажеттіліктерін жете түсінгенін мадақтай отырып оның өзінен
құпияда қалған мүшанішілікгерін оятып, кәмелетікке жетілдіру —
гештальттерапияның негізгі мақсаты.
Гешталыттерпевт үшін пациенттің өзіне тән қайшылас қасиеттері бар екенін
түсініп, ол қарама-қарсылықтар күресі қандай сезімдер туғызатынын түсінуі
өте маңызды. Осы сезімді түсіндіру үшін гештльттерапияда "екі орындық"
әдістемесі пайдаланылады. Қатысушы ең бірінші бір орындыққа отырып өз
сезімін Шабуылшы көзқарасы мен ұстанымына байланысты көріністе баяндайды,
ал сонан соң ол қарама-қарсы тұрған орындыққа отырып Қоғанушы орнында болып
сөйлейді. Шабуылшы өктемдік көрсетіп, "не істеу керек, нені істеуге
болмайтыны" туралы өсиет айтады, ал Қоғанушы "не істеуіне болатынын" және
"өзін қалай ұстағысы келетінін" оппонентіне дәлелдеп береді. Бұл диалог
пациенттің "Мен" құрылымындағы қарама-қарсылықтар мен келіспеушіліктерді
жете түсінуіне мүмкіндік берсді. Осы қарама-қарсылықтардың және
келіспеушіліктердің мән-мағынасына толық түсінгеннен кейін пациент өзінің
ішкі сезімдерін үйлесімді құруы жеңілірек жүреді.

Психодрама
Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Ол бірінші болып драмалық
әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, арман-мұңын, мазасыздануын
зерттеуге пайдаланды. Венада "ішкі сезім театрын (спонтандық театр)" ашты.
Өйткені оның пікірі бойынша драмалық жағдайлар көмегімен
психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және психодраманың
сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымдық жерлері бар екенін
дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі жөне
жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді.
Психодраманың негізгі ұғымдары рольдік ойын, спонтандық, теле, катарсис,
инсайт. Психодрамадағы негізгі рөлдер - режиссер (ол продюссер талдаушы
Психодрамадағы қойылымдар топтағылардың көкейкесті мәселелері
тақырыбында болады да, оның кейіпкерлерін клиенттер бейнелейді.
Теле (Морено бойынша сезім біддірудегі клиентпен жүргізуші арасындағы
екі жақтық процесс. Мореноның анықтамасы бойынша Теле -ол адамдардың бір-
бірінің сезіміне енуі арқылы түсінуі). "Теле" деген ерекше эмоционалдық
байланыс арқылы барлық "эмоционалдық жағдайды тасымалдау, контратасымалдау
және эмпатия" көрінісі. Егер эмпатия біржақты басқа адамның эмоционалдық
жағдайын терең сезіну болса, теле - екі жақтың бір-біріне эмпатия білдіруі
және алмасуы болып табылады. Теле оң белгідегі сезіммен (позитивтік теле)
қатар теріс белгіде (негативтік теле) болуы мүмкін.
Катарсис. Аристотель берген анықтама бойынша катарсис деген сезімге жан
түршігетін сезімге бөлену арқылы жан дүниені тазарту, Фрейдтің анықтамасы
да осы мағынаны береді. Морено бұл ұғымның мағынасын кеңейтіп, оның әсері
тек көрермендерге ғана емес, актерларғада ортақ екенін дәлелдеді. Оның
айтуынша психодраманың емдік амалы көрермендерге бағытталған әсерінен
(екіншілік катарсис), "драманы ойнап жүріп күйзеліс жағдайдан өзін
босататын" актердің өзіне деген әсері, емдік әсері зор екенін көрсетті.
Сонымен қатар антикалық трагедияларда катарсис, талдауға қарағанда, екінші
орында тұрса, психодрамада катарсис бірінші ретке шығады да, оның емдік
мәні сценарийіне қарағанда маңызды орынға ие болады.
Инсайт. Танымның бұл түрі проблеманы бірден шешуге немесе оны жете
түсінуге алып келеді. Инсайт деген бірден көзі жарқырап ашылу, нұрлану.
Психодраманың мақсаты катарсис және инсайттың барынша көрініс бергізу
арқылы топтық климатты жандандыру.

4.Дене терапиясы
Дене терапиясына биоэнегетикаға негізделген жаттығулар жатады. Олардың
ішінде М.Фельденкрайс әдісі, Ф.М.Александер әдісі, "құрылым одақтастың",
"алғашқы терапия" және басқа физикалық факторлар ықпалына ерекше көңіл
аударатын топтық коррекция кеңінен иайдаланылады. Дене терапиясыньң негізгі
түрлерінің барлығы В.Райх зерттеулеріне негізделген. Ол адамның қорғаныс
функциялары бұлшық еттердің ширығуы (бұлшық еттер сауыты) және тыныс алудың
қиындалуы арқылы көрініс беретінін дәлелдеген.
Дене терапиясының негізгі ұғымдары: бұлшық еттер сауыты, тиянақтың мықты
екенін сезіну. Денедегі энергияның өз бетімен жүретін ағымына күнделікті
тосқауыл қою адамның дене қалпына, жүріс-тұрысына, физикалық құрылымына
әсер етеді. Осы физикалық құбылыстар мен жеке тұлғаның мінез-құлық
құрылымы, тұлғалық типі тығыз байланыстылығы дәлелденген.
Дене терапиясы көптеген топпен орындайтын дене жаттығуларынан тұрады
да ол өте жиі пайдаланылатын когаитивтік топтық әдістемелерді толықтырады.

Би терапиясы
Би терапиясының бастамасы шығармашылық биге негізделген. Дегенмен
шығармашылық биде оның құрылымы нақты анықталған болса, би терапиясының
айырмашылығы би қимылдарының реті сезімге байланысты өзінен өзі құрылады.
Би терапиясының мақсаты - адамның өз денесін сезініп оған оң көзқарасын
қалыптастыру, әлеуметтік қатынаста болу тәжірибесін қалыптастыру және
топтық сезімге бөлендіру. Би қимылдары адамның өз денесімен ақыл-ойының,
спонтандық қимыл мен парасаттың байланыстылығын көрсете отырып, сонымен
қатар ол жеке тұлғаның кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын мінездемесі болып
табылады.
Топ жетекшісі бидегі серік, оқиғалар режиссері, қимыл-әрекеттер арқылы
дамуды қамтамасыз ететін катализатор рөлін орындайды. Би жаттығулары
құрылымдық жағынан тыныс алуға, босаңсуға, орнықтыруға, кеңістіктегі
қимылды дұрыс басқаруға арналғандарын үйлесімді пайдаланады.
Бастапқы кезде би терапиясы тек қимыл-әрекеттері бұзылғандарға
пайдаланған болса, қазіргі кезде оны дені сау адамдарды исихологиялық
жағынан жеңілдетуге, әлеуметтік ортаға тез икемделуін, топтық әрекеттен
ләзаттануын қалыптастыруға кеңінен пайдаланады.

Өнер терапиясы
Фрейд тұжырымдамасы бойынша өнер туындылары (спонтандық сурет, сұңғат
салу, мүсін жасау) адамның ішкі Менін білдірудің бір жолы болып табылады.
Терапияның бұл түрі Фрейдтің санасыз әрекет теориясы мен Юнгтың әмбебап
шартты белгілер туралы ойынан туындаған. Өнер терапиясы адамның ішкі
қайшылықтары мен мазасыздануынан айырылу әдісі, психотерапевтикалық
процестер катализаторы, зерттеу нәтижелерін психодиагностикалық мәліметтер
алудың қосалқы тәсілі ретінде кеңінен пайдаланылады. Өнер терапиясын
пайдалану мақсаты — сурет салу мен мүсін жасау арқылы зерттелінушінің
өнерге деген ынтасы мен дарындылығын дамыту емес, оның қиялының
көріністерін зерттеу.
Өнер терапиясы тобының жетекшісі қатысушылардың дербестігін, өз
ассоциацияларын еркін бейнелеуін, еңбектерінің мәнділігін бағалауын
мадақтап отырады.

5.Шеберлік тренингі
Мінез-құлыққа үйрету моделін жасаушылар оны зертханалық жағдайда,
И.П.Павловтың шартты рефлекстер әдісі мен Б.Ф. Скиннердің оперенттық
талаптарға байланыстыру қағидасына сүйенген. Алғашқы кезде мінез-құлық
топтарында коррекциялық жұмыста жеке тұлғаның мінезін өңдеу әдістері ғана
пайдаланылған, ал соңғы кездерде топтағы жеке адамның мінезін өңдеуге
топтың потенциалды мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Шеберлік тренингі тобы ұғымдары: бақылауға қадала көңіл аудару, тіршілікке
қажетті ептілікті меңгертуге негізделген проблеманы шешу жолдарын табуға
үйрету моделі. Бұл топтарда қарым-қатымастың жақсаруы мен оқытуды
құрылымдықтар негізінде жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл аударылып,
қатысушылардың осы саладағы барлық жетістіктері міндетті түрде
марапатталады. Сондықтан бұл топтағылар өздерінің жетістіктерін өлшеп, оны
бағалап отырады. Сенімділік тренингі топтарындағылар өзінің сенімділігінің
күшті және осал жақтарын бағалап, құқықтар тізімін пайдалана отырып өзіне
сенімділіктің алты көрсеткіштерімен салыстыра талдайды. Сонымен қатар, өте
шиеленіс жағдайлардан шығу жолын ролдік ойындар көмегімен табуға модель
жасау, нұсқау беру, көмектесу әдістері пайдаланылады. Қатысушылардың
мазасыздануын төмендету үшін босаңсу тренинггері, десенсибилазация (дене
түршігуін болдырмау), когнитивтік қайта құру тәсілдері орын алады.

"Мінез-құлық терапиясы"
"Мінез-құлық терапиясы" ұғымын 50-ші жылдардың аяғында бірінші болып бір-
біріне тәуелсіз Арнольд Лазарус жөне Ганс Айзенк тәжірибеге ендірді.
1912 жылы В.М.Бехтерев истерияның конверсиондық (шартты) көрінісін
(паралич, "соқыр", "керең" т.с.с.) емдеуге үйлесімді рефлекстер жүйесін
қалыптастыруды ұсынды. Мысалы, "сал" болған аяқ-қолға индифференттік сәуле
рефлексін немесе дыбыс тітіргендіргіші әсерін ауыртатын (электр тоғы)
тітіркендіргіш әсерімен ұштастыру арқылы, истерия ауруына шалдыққан адамның
"сал" болған аяқ-қолын жазуға болатындығын дәлелдеген. Бехтеревтің
тұжырымдамасы бойынша индифференттік тітіркендіргіш әсеріне қалыптасқан
рефлекс негізінде ауырудың "сал" болған аяқ-қолын қозғалтуға мүмкіндік туса
(ауыртатын тітіркендіргіштен сескенуге байланысты) ол адам параличтен қол
үзеді. 1938 жылы АҚШ-тағы көрнекі физиолог және психолог Скиннердің
"Поведение организмов" деген монографиясы басылымнан шықты. 1958 жылы
Австрия психотерапевті Джозефа Вольпенің "Психотерапия рециптропным
торможением" деген кітабы жарық көрді. Бұл еңбектер мінез-құлық
терапиясының дамуына үлкен дем берді.
1928 жылы Данлоп парадоксалдық болжам жасаған. Бұл болжам бойынша
жаман әдеттен құтылу үшін оны саналы түрде бірнеше рет қайталау керек.
Кейіннен бұл әдіс негативтік әсер ету деп аталып кетті. Франкель осы әдісті
негізге ала отырып "парадоксалдық интенция" (интенция - ниет) тәсілін
жасады. Ауруға қолданылатын емдік шараның мәні түсіндіріледі, сонан соң
оған өзі қорқатын нәрсені әзіл-сықақ түрінде істеген болып, өзін-өзі
мазақтау ұсынылады. Мысалы, Франкель кардиофобияға шалдыққан адамға күнде
кемінде үш рет жүрегі тоқтап қалғаннан дүние салғанын қайталауды ұсынған.
Осы "ойын" барысында өзіне "өлгім келеді", деп қайта-қайта айтып, сол
сөздерімен өлу үшін көшеге шығып кетуді талап еткен. Басқа фобиясы барларға
осы жаттығудың варианттарын ұсынған.
Мінез-құлық терапиясы арсеналында тәжірибеде кеңінен пайдалануға болатын
бағалы әдістер мол. Мысалы: әлеуметтік тренинг, модельдеу, өз-өзіне сенімді
нығайту т.б.

6.Арттерапия түрлері
Арттерапия - (art- өнер,arterapy - өнер арқылы терапия жүргізу) адамның
психоэмоцианадды халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағнасын
білдіреді.
Арттерапия — көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен
тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін
көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.
Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Химед туберкулез ауруына
шалдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл-күйлерін көтеру жұмысында
қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қағысты барлық терапияның
салаларында (музыкалық терания, драмалық терапия және т.б) қолданыла
бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес
деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиартлар
мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін
сырқатты диагнозын дәлірок анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін
қосалқы әдіс ретіндк пайдаланған. Біртіндеп арттерапевттер ешкімге тәуелсіз
маман статусын иемденді.
Арттерапия түрлері
Кратохвил арттерапияны - сублимациялы, проективті және әрекетшіл деп
бөлген.
Дельфина-Бейли аргтерапияны қолдануда 4 негізгі бағытты бөліп көрсетеді:
1. Енжар арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен талдау
және интерпритация жасау арқылы оның емдік әсерін қолдану.
2. Белсенді арттерапия. Клиенттің өзіндік шығармашылығын ояту
арқылы оның емдік әсерін қолдану. Шығармашылық актінің өзі негізінде емдік
фактор болып саналады.
1. Бірінші және екінші қағидаларды бір мезгілде қолдану.
4. Психотерапевттің өзіндік рөлін, оның клиентпен қосылып істеген
шығармашылық жұмысын қабылдау және талдаудағы қарым- қатынасына мән беру.
Арттерапия әдісі - сурет салғанда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда,
ойланбай істесе де адамның ішкі өзіндік "Менін" көрсетіп отырады деген
сенімді тұжырымдайды. Гольштейннің пікірінше, шығармашылық адамның шытырман
жағдайдан туындаған қорқыныш сезімдерінен арылудың бірден-бір тиімді жолы.
Шығармашыл адамдар өз күш-жігерлерін ішкі және сыртқы қайшылықтарды,
сонымен қатар шытырман жағдайларды жеңуге жұмсайды.

ІІ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОРРЕКЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Психокоррекцияны жүргізу бағыттары. Психокоррекциялық жұмыста ойынның
түрлерін пайдалану. Коррекция жұмысын жүргізуге қойылатын талаптар.
Коррекциялық құру ерекшеліктері. Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру
реті. Коррекциялық топтар түрлері. Коррекциялық топқа қатысушшар ережелері.

Психокоррекция бағыттары
Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық
психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысгы бұл
жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіңдіктерін дамыту коррекциясы. Бұл мәселе
"Тәжірибелік психология" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскер – психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Кіші мектеп жасындағы баланың оқу іс әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Психокоррекция түрлері
Қиын бала кім
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Психологиялық қызметтің дамуы
Психологиялық консультация жайында
Мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды тәрбиeлeу, дaмыту, әлeумeттeндірудің, көмeк көрceтудің бaғыттaрын aнықтaу, тиімді жoлдaрын іздecтіру
Психологияның зерттеу әдістері
Пәндер