Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І бөлім. Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Кәсіпорында басқару процесі туралы түсінік, оның маңыздылығы, мақсаты, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Кәсіпорынды басқару процесінің негізгі типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Тиімді жоспарлауды ұйымдастыру стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ бөлім. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және оның құрылымы ... 12
2.1 Өндірістік құрылымды ұйымдастырудың негізгі принциптері ... ... ... .12
2.2 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары ... ... ... ... ... .16
2.3 Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

ІІІ бөлім. Кәсіпорын персоналын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1 Кәсіпорында кадрлармен жұмыс істеуді жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Кадрларды таңдау және жұмыс нәтижелерін бағалау тәсілдері ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі және шетелдік бәсекеден қоргау, сондай-ақ импортты алмастыратын өз меншікті индустриясын құру өзекті мәселеге айналып отыр.Бұл мәселенің шешуі екі жағдаймен қарастырылады: біріншісі, республиканың сыртқы экономикалық байланыстар жүйесін, сондай-ақ экономиканың әлемдік шаруашылық процестерге құрылымдық бейімделуі. Екіншісі, еліміздің әлемдік ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық процесіне қатысуын қайта қарастыруымен байланысты. Бұл ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықтар мен қызметінің бәсекелік ортасына түсуін көздейді экономикалық тепе-теңдікте және тиімді даму мақсатында Қазақстан экспорттық базаны, оның ішінде өз шикізаттың қайта өндеу есебі мен өсуге жаңа технологиямен байланысты салалар үшін көтеруге мүмкіндік беретін бірқатар өндірістерді құруға талпынуы тиіс.
Экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпорын құрылымын жан-жақты дамытуды ұйғарады, сондай-ақ 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды.Өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу-оның тиімділігінің қажетті шарты. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеудін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды, ал кәсіпорынның ұйымдық құрылымы-бұл құрамы және оның ұйымдық бірлігінің мөлшері, олардың құрылуының арақатынасы және нысандары. Өндірістік процесті жетілдіру бағыты ретінде мамандану терендігі, яғни маманданған өндіріс масштабының артуы, дайындалған өнімнің бөлшектері мен тізбектерінің үйлестірілуі, өндірістің шоғырлануы және маманданған кәсіпорынның кеңінен кооперациялануына әкеліп соқтырады. Сондықтан біз мұнда кәсіпорынды басқару процессі, оның типтері, жоспарлауды ұйымдастыру стратегиясы, кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен негізгі көрсеткіштері.
1 Кәсіпкерлік негізері М.Б. Бисенғазиев А.Ш. Хамитов.

2 Кәсіпорын экономикасы А.Қ. Меірбеков Қ.Ә. Әлімбеков.

3 Менеджмент негіздері Ахметов.

4 Персоналды басқару Б.А. Рахметов

5 Менеджмент негіздері Каренов

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І бөлім. Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Кәсіпорында басқару процесі туралы түсінік, оның маңыздылығы, мақсаты, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кәсіпорынды басқару процесінің негізгі типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Тиімді жоспарлауды ұйымдастыру стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ бөлім. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және оның құрылымы ... 12
2.1 Өндірістік құрылымды ұйымдастырудың негізгі принциптері ... ... ... .12
2.2 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары ... ... ... ... ... .16
2.3 Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІІ бөлім. Кәсіпорын персоналын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1 Кәсіпорында кадрлармен жұмыс істеуді жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... 20
3.2 Кадрларды таңдау және жұмыс нәтижелерін бағалау тәсілдері ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе
Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі және шетелдік бәсекеден қоргау, сондай-ақ импортты алмастыратын өз меншікті индустриясын құру өзекті мәселеге айналып отыр.Бұл мәселенің шешуі екі жағдаймен қарастырылады: біріншісі, республиканың сыртқы экономикалық байланыстар жүйесін, сондай-ақ экономиканың әлемдік шаруашылық процестерге құрылымдық бейімделуі. Екіншісі, еліміздің әлемдік ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық процесіне қатысуын қайта қарастыруымен байланысты. Бұл ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықтар мен қызметінің бәсекелік ортасына түсуін көздейді экономикалық тепе-теңдікте және тиімді даму мақсатында Қазақстан экспорттық базаны, оның ішінде өз шикізаттың қайта өндеу есебі мен өсуге жаңа технологиямен байланысты салалар үшін көтеруге мүмкіндік беретін бірқатар өндірістерді құруға талпынуы тиіс.
Экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпорын құрылымын жан-жақты дамытуды ұйғарады, сондай-ақ 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды.Өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу-оның тиімділігінің қажетті шарты. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеудін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды, ал кәсіпорынның ұйымдық құрылымы-бұл құрамы және оның ұйымдық бірлігінің мөлшері, олардың құрылуының арақатынасы және нысандары. Өндірістік процесті жетілдіру бағыты ретінде мамандану терендігі, яғни маманданған өндіріс масштабының артуы, дайындалған өнімнің бөлшектері мен тізбектерінің үйлестірілуі, өндірістің шоғырлануы және маманданған кәсіпорынның кеңінен кооперациялануына әкеліп соқтырады. Сондықтан біз мұнда кәсіпорынды басқару процессі, оның типтері, жоспарлауды ұйымдастыру стратегиясы, кәсіпорынның өндірістік құрылымы мен негізгі көрсеткіштері.

1.бөлім. Кәсіпорының басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері.
1.1. Кәсіпорында басқару процесі туралы түсінік,оның маныздылығы, мақсаты, түрлері.

Басқару — адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару — бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Басқару ең аддымен, ықпал ету, демек мұнын өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
Мақсаттылық анықтамасы басқару міндетін — ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.
Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияға — басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі — бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніңдегі жұмыс барысын үйлестіруді, кабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділіклен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Қызметкерлерді қабылданған шешімдердің саны емес өз мүдделеріне әсері қызықтырады. Жақсы басшы олардың мүдделеріне тікелей қатысты шешімдерді дайындау кезінде қызметкерлерді тартуға тырысады.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т. б. Яғни, адамдар еңбек ететін қажетның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе Стратегиялык басқару, жедел Басқарусекілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол Басқару кызметі деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі - Басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Функция - бұл сонымен қоса әрекет, міндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару қызметінің категориясьін анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде - өндірістік, әлеуметік т.б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады. Басқару қызметінің өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруте болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет. Басқарудың барлык қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. Менеджмент негіздері кітабының авторлары ( М. X. Мескон, М, Альбет, Ф. Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі барлық ұйымдарға қолдануға болады . Авторлардың пікірінше, басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады.
Алдыңғы тараудан бізге басқару процесінің төрт қызметі белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау процестерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралык.
Екінші себеп, мүнда жоспарлау ұздіксіз жүзеге асырылуы тиіс — бүл болашақтағы тұракты белгісіздік. Қоршаған ортадағы өзгерістің немесе тұжырымдаудағы қателіктін әсерінен, жоспарды жасаған кезде оқиға басшы ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан жоспардың ақикаттығына көз жеткізу үшін оны келісе отырып қайтадан қарап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру — демек ненідей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін копструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Ұйымда жұмысты адамдар істейтін болғандықтан ұйымдастырудын маңызды жағдайларының бірі — ұйым ішіндегі толып жаткан мінтедеттерді, соның ішінде басқару жұмысын кімдердің орындау керектігін анықтап алу. Басшы адамды нақты жұмыстарға бөледі, жекелеген адамдарға тапсырмалар мен биліктер немесе ұйым ресурстарын пайдалану правосы беріледі. Мұның өзі олардың өз міндеттерін тиянақтап орындауына деген жауапкершілік жүктейді..
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген кұрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтанда мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Басшылар әрқашанда өз жұмыскерлерінің тапсырылған істі орындауын талап етеді, көп жағдайда орындатады. Көне уақыттарда бұл үшін дүре мен жазаны, кейбіреулеріне — награданы қолданды. XVIII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың соңына дейін қалыптаскан сенім бойынша, егер адамдардың еңбекақы табуға мүмкіндігі болса, онда олар жан аямай жұмыс істейді. Сондықтан да мотивация — ақшалай тиісті ақы төлеу арқылы жұмыс істеу деген ұғым береді. Ғылыми басқару мектебі де мотивацияны осы тұрғыдан негіздейді.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшынын міндеті, ұйымға елеулі зияны келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып анықтау болуы тиіс.
Басқарудың бастапқы пункті - басқаруды қалыптастыру және мақсатты таңдау болып саналады. Мақсаткерлік — басқару жүйесінің басты қасиетінің бірі. Басқару мақсаты — басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы, оған қол жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс істеуі.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды рөл атқарады. Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялык мәні де бар, өйткені мұның өзі ұжымның өз ісіне сенімділігін арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді, әрі кейбір мақсаттың орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі, мұның өзі түптеп келгенде мақсатка тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организміндегі барлық рефлекстерді қарастыра келіп И. П. Павлов былай деп жазады: мақсат рефлексінің маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсымыздағы өмірлік энергияның негізгі нышаны.

1.2. Кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі типтері.

Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардын сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.
Бірінші тип — мақсатты баскару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерді барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы — кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерін ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жүмыскерлердің мақсаты айқыңдалады, әрбір басқарулы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі үлғаяды және жүмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және кайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.
Баскару процесінің өтуінің екінші типі — бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесінің мұндай типі әдетте өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі — тапсырманы орындауды басқаруды кідіртпестен қолға алуға, осал тұстарын анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару күрделі кұрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жүмыстарда қолданылады.
Басқару процесінің үшінші типі — жағдайға қарай басқару. Бұл мақсатты айкындалған әрі сирек өзгеретін, тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет — туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс процесіндегі іркілістен шьіғудың ең колайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жәйт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде колданылуы да мүмкін.
Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бардарламалық, мақсатты басқару — мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық-мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады.

1.3. Тиімді жоспарлауды ұйымдастыру стратегиясы.

Барлық баскару кызметінің ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді тандап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі кызметтердін бірі гана емес. онын өзі жеке төрт кызметі түріде (ұйымдастыру,кадрлармен жұмыс істеу басшылық, жетекшілік және баскылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылык етеді, сондай-ақ жоспарга сәйкес көздеген мақсатка жету үшін бакылайды.
Жоспарлау ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорыннын іс-әрекетін жоспарлау, өткізу, каржы. өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлык жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:
жалпы мақсатты ойластыру;
белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған
нактылы мақсатты айқындау;
—оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
Жоспарлы керсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы койылған мақсатқа жетуді бақылау.
Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады. Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезендері ажыратылады: а) бар мүмкіндікті бағалау; б) басты міндет немесе мақсат; в) жоспарлы ұсыныстар; г) баламалар; баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру; д) баламаларды таңдау; е) косалкы жоспарларды тұжырымдау; ж) жоспарды шифр түрінде көрсету.
Жоспарлау әркашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бакылауға тырысады. Сондыктанда жоспарлардың сенімділігі бұрынғы накты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және аукымды статистикалық кажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айкын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарыктың шағын белігі ғана болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы накты елдегі жалпы эконмиканын дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға караганда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономикалык кейбір жағдайларды, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжалдаудың мүмкін болмайтындығы секілді тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер кызметіне қатысты маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес.

ІІ бөлім. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және оның құрылымы.
2.1 Өндірістік құрылымды ұйымдастырудың негізгі принциптері және түрлері.
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінін үйлесуін және өндірістің материалдың элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жаб-дықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін камтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды дамытуы қажет:
• өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі; кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі; өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілер-жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке дара өндіріс — шығарылатын өнімңің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларга уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялы өндіріс — жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы өндіріс болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдарды әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байкалады:
мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
жабдықтарды қайта күру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және онын, сапасын арттыру;
өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.
Кәспорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік, процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар келемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көр-сетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімщелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өңдірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
өндірістің ауқымы;
кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардің жетекші тұрғыла кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын калыптастыруга ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштер арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы — бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері жайлы
Кәсіпорындағы маркетинг және өндірісті ұйымдастыру туралы
Өндірісті ұйымдастыру процесстері
Өндірісті Басқару фуңцялары
Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Пәндер