Христиан діні пайда болу тарихы



1. ХРИСТИАН ДІНІ
2. Хз. Иса
3. Үштік сенім (тройца, тәслис)
4. Інжілдер
5. Шіркеулер және діни рәсімдер
6. Басты христиан ағымдары
Қазіргі кезде әлемнің әр түкпірінде христиан дінінің өкілдерін кездестіруге болады. Ол дүниежүзі халықтары санының 1/5-ін құрайды. Христиан діні ең алғаш рет Палестинада пайда болды. Ол 1 млрд. 400 мың өкілі бар әлемдік дінге жатады. Христиан діні уахи-аянға және қасиетті кітапқа сүйенетін, түп негізінде біртәңірлік сенімі бар, сонымен қатар үштік сенімге бас иетін тәңірден келген дін болып табылады. Бұл дінде де пайғамбар, періште ақырет, тағдыр сияқты діни түсініктер бар. Бірақ бұл ұғымдардың Ислам дінінен едәуір айырмашылықтары бар.
Христиандықта Иса маңызды орынға ие. Қазіргі таңдағы христиандық иудаизмнің сенім, құлшылық және дәстүрлерімен Грек-Рим әлемінің діни салт-дәстүрлерін біріктірген құтқарушы Тәңір діні.
Христиан дінінде Иса – ұлы тұлға. Христиан діні назареттік Исаны басшылыққа алатын иудей мәсіхшілігінің басты негізі болып табылады. Иса Израйльді келешекте жүзеге асатын Құдай Патшалығына әзірлеген болатын. Бірақ қазіргі христиан діні Исаның шәкірттерінің арасына кейіннен қосылған Павелдің пайымдауларымен мүлдем басқаша сипат алды.
Христиан дегеніміз – Мәсіхке бас иію дегенді білдірді. Бұл сөз грекшедегі Христостан шыққан. Ивритшесі – Машиях сөзі «майланған» деген мағынаны білдіреді. Патшалар қызметіне кіріспес бұрын маймен сыланғандықтан иудейлер ілгері заманда келуге тиісті құтқарушыларын осылай атайтын болған. Хз. Иса өзін иудей әрі мәсіх екендігін мәлімдеген болатын. Бірақ иудейлер оған сенбеді. Өйткені олар мәсіх бір келсе, Дәуіттің ұрпағынан келетініне, патша болатынына, тек қана еврейлерді құтқаратынына және оларды дүниежүзіне үстем ететініне бек сенімді еді. Дегенмен Хз. Иса пайғамбар ретінде адамдарды туралыққа, бауырластыққа, сүйіспеншілікке, жанқиярлыққа, қысқасы ақиқатқа шақырған еді. Иудей діндарлары діннің негізінен ауытқып, формализмге және пайдакүнемдікке ұрынды. Хз. Исаның айтқан сөздері, ой-пікірлері олардың мүдделеріне қайшы келді. Тек қана халық арасынан саф таза, күнәһар болса да көңілі шынайы аз ғана адам оған сенді. Мұның нәтижесінде ресми иудейлік орталардың және римдіктердің назары Хз. Иса мен оның төңірегіндегілерге ауды. Алайда иудейлер түрлі жаугершілік, соғыс, басқыншылықтар мен қиыншылықтардан кейін өздерін бұдан құтқарып, Хз. Дәуіттің кезеңіндегідей сән-салтанатқа жеткізіп, әлемнің билігін алып беретін құтқарушы патшаны күткен болатын. Хз. Иса оларға келетін Тәңір Патшалығымен қатар оларға осы дүниелік емес ақыреттік, рухани және ахлақи нәрселерге шақырды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ХРИСТИАН ДІНІ

1. Жалпы мағлұмат

Қазіргі кезде әлемнің әр түкпірінде христиан дінінің өкілдерін
кездестіруге болады. Ол дүниежүзі халықтары санының 15-ін құрайды.
Христиан діні ең алғаш рет Палестинада пайда болды. Ол 1 млрд. 400 мың
өкілі бар әлемдік дінге жатады. Христиан діні уахи-аянға және қасиетті
кітапқа сүйенетін, түп негізінде біртәңірлік сенімі бар, сонымен қатар
үштік сенімге бас иетін тәңірден келген дін болып табылады. Бұл дінде де
пайғамбар, періште ақырет, тағдыр сияқты діни түсініктер бар. Бірақ бұл
ұғымдардың Ислам дінінен едәуір айырмашылықтары бар.

Христиандықта Иса маңызды орынға ие. Қазіргі таңдағы христиандық
иудаизмнің сенім, құлшылық және дәстүрлерімен Грек-Рим әлемінің діни салт-
дәстүрлерін біріктірген құтқарушы Тәңір діні.

Христиан дінінде Иса – ұлы тұлға. Христиан діні назареттік Исаны
басшылыққа алатын иудей мәсіхшілігінің басты негізі болып табылады. Иса
Израйльді келешекте жүзеге асатын Құдай Патшалығына әзірлеген болатын.
Бірақ қазіргі христиан діні Исаның шәкірттерінің арасына кейіннен қосылған
Павелдің пайымдауларымен мүлдем басқаша сипат алды.

Христиан дегеніміз – Мәсіхке бас иію дегенді білдірді. Бұл сөз
грекшедегі Христостан шыққан. Ивритшесі – Машиях сөзі майланған деген
мағынаны білдіреді. Патшалар қызметіне кіріспес бұрын маймен сыланғандықтан
иудейлер ілгері заманда келуге тиісті құтқарушыларын осылай атайтын болған.
Хз. Иса өзін иудей әрі мәсіх екендігін мәлімдеген болатын. Бірақ иудейлер
оған сенбеді. Өйткені олар мәсіх бір келсе, Дәуіттің ұрпағынан келетініне,
патша болатынына, тек қана еврейлерді құтқаратынына және оларды дүниежүзіне
үстем ететініне бек сенімді еді. Дегенмен Хз. Иса пайғамбар ретінде
адамдарды туралыққа, бауырластыққа, сүйіспеншілікке, жанқиярлыққа, қысқасы
ақиқатқа шақырған еді. Иудей діндарлары діннің негізінен ауытқып,
формализмге және пайдакүнемдікке ұрынды. Хз. Исаның айтқан сөздері, ой-
пікірлері олардың мүдделеріне қайшы келді. Тек қана халық арасынан саф
таза, күнәһар болса да көңілі шынайы аз ғана адам оған сенді. Мұның
нәтижесінде ресми иудейлік орталардың және римдіктердің назары Хз. Иса мен
оның төңірегіндегілерге ауды. Алайда иудейлер түрлі жаугершілік, соғыс,
басқыншылықтар мен қиыншылықтардан кейін өздерін бұдан құтқарып, Хз.
Дәуіттің кезеңіндегідей сән-салтанатқа жеткізіп, әлемнің билігін алып
беретін құтқарушы патшаны күткен болатын. Хз. Иса оларға келетін Тәңір
Патшалығымен қатар оларға осы дүниелік емес ақыреттік, рухани және ахлақи
нәрселерге шақырды. Бұл насихатқа мойынсұнғысы келмеген және өздерінің
пайдаларын алға қойған иудейлер айқыш ағашқа керілуге себепкер болды. Уақыт
өте келе христиандар айқыш ағаш оқиғасы жайында сенім негіздерін ойластырып
жатқанда, яхудилер Мәсіх жеңімпаз болады, айқышқа өлмейді деп Хз. Исаның
Мәсіх еместігін айтып оның пайғамбарлығын қабыл етпеді. Иудейлер Хз. Исаны
күнәһар, жай жүрген қарапайым адам ретінде көрсе, христиандар тіптен ұшқары
кетіп, оны тәңірге айналдырып жіберді. Ислам діні айқыш оқиғасына жаңа
түсінік қалыптастырып, айқышқа керілген Хз. Иса еместігін мәлімдеді.
Інжілдерде Хз. Иса өз шәкірттерімен айқышқа керілгеннен үш күн өткеннен
кейін 40 күндей бірге болғандығы айтылған. Ал Ислам діні Хз. Иса тәңірдің
емес, Мариямның ұлы, Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігін дәріптеді. Осылайша
христиандар мен иудейлер арасындағы түрлі келіспеушіліктер, қайшылықтар
мәселесі нақты айқындалды, екеуінің арасынан ортақ ерекшеліктер қалыптасты.

а. Інжілдердегі христиан діні

Інжілдерде христиан, христиан діні секілді сөздер кездеспейді. Бұл
терминдер тұңғыш рет Хз. Исадан 20-30 жылдан кейін Антакияда қолданыла
бастады (116). Бұл Інжілдер Хз. Исаның өмір жолдары жазылған кітап секілді
ерекшелікке ие.

Христиан діні монотейстік дінге жатады. Інжілдерде және өзге
жазбаларда осы пікірімізді растай түсетін сөздер бар. Онда Құдайдың бірлігі
туралы сөз болады (117). Бірақ дәл сол Інжілдердегі бірқатар сөйлемдер,
астарлы сөздер кейініректе үштік түсініктің шығуына жол ашты. Бұл мәселеде
Інжілдің авторлары өздеріне жеткен деректерді жинап, топтастырды. Шіркеу
дұрысқа шығарған бұл жазбаларда Иса Тәңірдің ұлы, ал Құдай Исаның әкесі
ретінде сипатталды. Сонымен қатар дәл сол жазбаларда Иса үшін пайғамбар
атауы қолданылады Інжілдерде Исаның Тәңірге дұға еткендігі, сонымен бірге
кейбір адамдардың Исаға сәжде еткендігі, оның күнәларды кешіргендігі айқын
көрінеді.

Інжілдерде Тәңірге қатысты баяндаулар Исаға қарағанда тым аздау.
Сондай-ақ Құдай көк пен жердің тәңірі, оның бір екендігі де сөз болады.

Үштік түсінікті өте айқын түрде христиан дінінің қасиетті кітабының
ешбір жерінен кездестіре алмаймыз. Бірақ Мен және Әке – бірміз,
Әкеміздің рухы, Құдайдың рухы сияқты тіркестер бірте-бірте Құдайдың
қатарында Иса мен Киелі Рух та бар деген пайымдауларға жол ашты. Мұндай
пікірді алғаш айтқан хауариларға кейіннен қосылған Павел болатын. Исаның
ғасырының ең үлкен теологы деген Павел қазіргі христиан дінінің негізін
салған тұлға ретінде көрінеді. Қазіргі заманның ғылыми болжамдары бойынша
қазіргі таңдағы христиан діні – Иса әкелген жүйе дегеннен гөрі Паувелдің
жеке пайымдаулары, пікірлері болып табылады. Тіпті кейінгі ғасырларда
христиандар діни сенімдерін Інжілдерден гөрі Павелдің жорамал,
пайымдауларынан ала бастағандығы айтылады. Павел Құдайды емес, Иса Мәсіхті
ерекше дәріптеді. Оның пікірінше Иса жай бір адам емес, Құдайдың
құдіретімен тірілген тұлға. Иса Мәсіх еді. Павел Исаның туылуы, өмірі,
уағыздары және іс-әрекеттері туралы сөз қозғамайды. Оның бар әңгімесі
Исаның айқышқа керілуі және қай тірілуі төңірегінде. Хз. Иса жайында
тоқталмаса да Павел негізгі күнә жайындағы ойларында өте мұқиятты. Оның
пайымдауынша адам қатаң Таураттың талабымен емес, Исаның өлімі мен қайта
тірілуімен өзін кемелдендіретін шомылу арқылы құтыла алады (118).

Павелдің айтуынша Таураттың мақсаты бір айнада өз бейнесін көргені
секілді, адамға күнәһәр екенін көрсету. Өлімнің себебі күнә болатын және
Павел күнәнің бастауын адамзаттың атасы Хз. Адам (а.с.)-ның
мойынсұнбағанына дейін апарады (119). Бұл негізгі күнә сенімі тек Павелдің
ғана емес, біршама иудей ғұламаларының көзқарасы. Бірақ бұл көзқарас
христиандарда болғаны сияқты, яхудилердің арасында да оның жақтаушылары
кездеспейді.

Павелдің пайымдауынша барлық адам – күнәһар. Павел адам –тумысынан
күнәһар деген көзқарасты қатаң ұстанды. Оның ойынша Адам (а.с.) пайғамбар
абайсызда тыйым салынған жемісті жеп қоюының кесірінен әрбір туылған
нәресте дүниеге күнәһар болып туылады. Бұл күнә олар жасап қойған жаман
әдеттерден, олардың лас, күнәһар табиғатынан туындайды. Бірақ Иса адам
табиғатындағы осындай жамандықтан құтылар жолды тапты. Исаның өлімі арқылы
бүкіл адамзаттың күнәсі кешірілді. Исаның қайта тірілуі соның бір дәлелі.
Адам пайғамбар және Иса – адам баласының өкілі. Біріншісі – адамзатты күнә
батпағына белшесінен батырса, соңғысы – сол күнәні жоятын жолды көрсетіп
кеткен. Бұның бір ғана жолы – шомылдыру рәсімінен өту. Адам шомылдыру
рәсімінде Исаның өлімі мен тірілуін өзімен бірлестіру арқылы толықтай
құтқарылады (120).

Негізінде Исаның тұлғалығы және қайта тірілуі жөніндегі Павелдің ой-
пікірлері шешімі қиын көптеген проблемаларға жол ашты. Бұл проблемаларды
былайша тізбектеуге болады: Исаның Құдай және адаммен қатынасы қаншалықты?
Оны адам немесе Құдай ретінде түсіну керек пе? Әлде бір бөлігі адам, бір
бөлігі Тәңір ме? Ол бір көзқараста Тәңірдің бір жаратқаны ма, әлде Одан
пайда болған жаратылыс па? Мәдени негіздері басқа болса да барлық адамдар
күнәһар және Исаның жолынан басқа жолда болғаны үшін сынақтан өте алмаған
бола ма? Адам атадан тараған барлық адамзат күнәлі, тумысынан күнәһар
болса, Исаның өлімі және қайта тірілуіне байланысты жауапты бола ма?

Жиырма ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін жауабы жоқ осындай
сұрақтар сансыз ой-пікірлер ағымы мен мазхаптардың шығуына себеп болған
еді.

Исаның табиғаты, үштік сенім, Киелі Рух, негізгі күнә, сүндеттің және
яхуди дінінің дәстүрлерінен бір бөлім тыйымдарының күшін жоғалтуы сияқты
мәселелердегі пікірталастар, бөлінулер, мәзһәбтар, әлі де жалғасып келе
жатқан бөлінулер, адасулардың да басым бөлігі Павелдің көзқарасынан және
христиан киелі кітабындағы кейбір мәліметтерден туындайды. Қазіргі таңдағы
христиандық көріп тұрғанымыздай Павелдің көзқарастарына сүйенеді. Негізінде
Інжілдердегі Әкемнен естідім, Маған берген уәделерің, Інжілдер
секілді мәліметтерді саралар болсақ, қазіргі Христиандардың қолдарындағы
Інжілдерден де бұрын кейбір Інжілдердің бар болғандығы мәлім. Лұқа
Інжілінің басындағы мына сөздер мәселені анықтай түседі: Арамызда болып
жатқан оқиғаларды, басы-қасында болып, көзімен көрген және бұл сөздерге
қызмет етушілердің бізге жеткізгендеріне көңіл бөлсек біршама адам оны
реттестіруге кірісті, мен де басынан бастап мұқият зерттеп, анықтай отырып,
Уа абзал Теофилос, болғандарды болғанындай етіп саған жеткізуді дұрыс деп
таптым. Есіңде болсын саған үйретілген кәләмнің тура екендігін біл (121)

Көңіл аударатын тағы бір мәселе ең маңызды Інжіл авторы Лұқаның
Павелдің шәкірті болуы. Сол себепті киелі мәтіндер алғашқы шіркеу, алғашқы
христиан сенімдері қортындылайтын болсақ христиандық Павелдің еңбегінің
жемісі. Павелдің жазғанын алып тастасақ, Хз. Иса пайғамбар, Аллаһ бір,
сүннет бар, доңыз етіне тыйым салынған. Сондықтан-да түпнұсқасы
сақталмаған, бұрмаланған болса да, Інжіл христиандығында таухид іздерін
көре аламыз (Үштік сенімі кейіннен пайда болған). Бұл тәсілді христиандық,
христиан әлемі қабыл етпесе де, Барнаба Інжілі мен эбионитердің киелі
жазбаларынан анық байқалады.

ә. Құран-Кәрім бойынша христиан діні

Құран-Кәрімде христиан сөзінің орнына насрани, ал христиандар үшін
насара сөзі қолданылған. Сонымен бірге христиандарды кітап иелері деп
атаған жерлері де бар. Али-Имран сүресіндегі мына аят осыған бір мысал бола
алады: (Мұхаммед с.а.у.) Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің
араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған
ешнәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір
тұтпайық ... (122). Бұл аятта Ұлы Аллаһ иман келтіргендердің бірлесетін
ортақ нәрсесі Аллаһтың барлығы және бірлігі (таухид) екендігін, христиан
дінінің түп негізінде таухид сенімі болғандығын білдіреді. Және Құранда Хз.
Ибраһим туралы ол яхуди де, христиан да емес, ол ханиф және муслим яғни
таухид Ислам сенімінің негізінде екендігін айқындайды (123). Осылайша Құран
үш иләһи дінде де үлкен пайғамбар саналатын Хз. Ибраһимнің иудаизм мен
христиандықтағы секілді шектен шығушылықтан ұзақ екендігін, таухид жолының
үлгі аларлық тұлғасы болғандығын баяндайды.

Құран Кәрімде христиандарды яхудилермен бірге және ретіне қарай
яхудилерден кейін де сөз етеді. Яхуди және христиандар тек қана өздерінің
ғана жәннәтқа кіретіндіктерін алға тартып тартысқа түседі (124). Олардың
әрбірі тура жолдың тек қана өздерінің діндері екенін, қарсыласының өзінің
дініне кіру арқылы ғана құтыла алатындығын айтады (125). Бұған жауап
ретінде Ұлы Аллаһ оларды Аллаһқа ортақ қоспайтын Ибраһимнің дініне
мойынсұнуға шақырады (126). Өйткені аят Хз. Ибраһимнің Раббы (Ибраһимге)
мұсылман бол деді. Ол Әлемдердің Раббысына мойынсұнамын деген еді
(127) деп Ислам жолын ұстанып, мойынсұнғанын білдіреді, бұл жол басқа
пайғамбарлардың да жолы: (Мұхаммед с.а.у.) Біз Аллаһқа, өзімізге
түсірілген Құранға, Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (ғ.с) және ұрпақтарына
түсірілгенге және Мұса, Ғиса (ғ.с) сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан
түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық
жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаһқа мойұсынушылардың қатарынанбыз де
(128).

Құран барлық пайғамбарлардың жолының Ислам болғандығын, Мұсылман
болып өтуді ұлдарына насихат еткендерін (129), Аллаһ оларды
мойынсұнатындардан ету, ұрпақтарынан да мойынсұнатын үммет шығаруы үшін
дұға еткендіктерін (130) айтып мына сұрақты қояды: Немесе сендер:
Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: яһуди немесе христиан еді
дейсіңдер ме? (Мұхаммед с.а.у.) оларға Сендер жақсы білесіңдер ме? Аллаһ
жақсы біле ме?,-де (131).

Құран бойынша иудейлер секілді христиандар да берген уәделерінде
тұрмағандықтан қияметке дейін араларында өзара жауласу мен дұшпандық оты
лаулады. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) оларға да жіберілген пайғамбар еді. Ол кітап
иелерінің жасырған, құпия ұстаған нәрселерінің көпшілігін оларға егжей-
тегжейлі түсіндіріп берген болатын. Бірақ иудейлер мен христиандар өздерін
Құдайдың ұлдарымыз, сүйіктілеріміз деп санап, Хз. Мұхаммедке (с.а.у.)
қарсы шықты. Олар Эзраны (Узейір), Исаны Құдайдың баласы санаған, адамды
тәңірге айналдырып, күпірлікке түскен еді (132). Шын мәнінде Құдай Тағала
– біреу, серігі жоқ, шексіз биліктің иесі, еш нәрсеге мұқтаж емес, тумаған
да, туылмаған. Құран бұл мәселенің шешімін тауып, олардың бұл айтқандарына
жауап ретінде аятта былай баяндайды: Егер Аллаһ, Мәриям ұлы Мәсіхты және
оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа,
Аллаһтан құтқаруға кім ие?, -де (133).

Құран Кәрім Хз. Иса Ұлы Аллаһтың құлы және елшісі, ол таухид дінін
дәріптеді, Ол да пайғамбарлардың бірі, оған Інжіл деген кітап берілген
дейді. Хз. Исаның тәңірлігіне мүлдем қарсы болды. Шын мәнінде, Інжіл –
шынайы жол, жарқыраған нұр, үгіт-насихат айтушы, жөн сілтеуші кітап. Онда
христиандардың Аллаһ тағалаға, ақырет күніне сенулері, игі іс жасаулары
әмір етілген болатын. Бірақ Кітап иелері киелі кітаптағы бұйрықтарға құлақ
аспай, дінде шектен шыққан әрекеттерге барды, берген уәдені бұзды, жүзеге
асырылуы тиісті үкімдерді орындаудан бас тартты. Иудей раввиндері секілді
христиан монахтары да өздеріне жүктелген жауапкершілікке салғырт қарады,
айналасындағы адамдарды күнә істеуден, дұшпандықтан және харам ас жеуден
тыймады. Шын мәнінде Хз. Иса және Інжіл Тауратты растаушы, қолдаушы,
кейініректе келетін Ахмед есімді пайғамбарды сүйіншілеу үшін жіберілді.
Құранда Інжіл иелерінен ондағы Аллаһтың үкімдерімен амал ету талап етілген
және мойынсұнбайтындардың адасатындығы айтылған (134).

Сонымен қатар олардың Аллаһқа және ақырет күніне иман етіп, ізгі амал
істегендеріне қорқыныш жоқ (135). Алайда олар Расында Мәриям ұлы Мәсіхты
Аллаһ дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсіх: Әй Израйл ұрпақтары!
Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің Раббыларың! ...
деген Мәриям ұлы Мәсіх; бір пайғамбар ғана (136).

Мәриям ұлы Исаны тәңір еткен христиандар: Аллаһ үштің үшіншісі (137)
деп тура жолдан адасқан, таухид сенімінен ұзақтаған. Таухидтен ұзақтаған
христиандарды Ұлы Аллаһ діндерінің негізіне, таухид пен Ислам жолына
шақыруда (138). Аллаһ Хз. Мұхаммед жайында барлық дін иелеріне араларындағы
келіспеушілік жайында былай баяндайды: (Мұхаммед с.а.у.) Саған шынайы
түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы
түрінде түсірдік. Олардың араларына Аллаһтың өзіңе түсіргенімен үкім қыл.
Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің
әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Аллаһ қаласа еді, барлығыңды
бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы.
Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Аллаһ жақ, Ол
сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді (139).

Құран Кәрім бойынша муминдер иудейлер мен христиандармен дос болмауы
тиіс. Өйткені олар бір-бірімен дос (140). Муминдерге ең басты дұшпан
яхудилер мен мүшріктер. Біз христиандармыз дегендер сүйіспеншілік жағынан
муминдерге жақын. Өйткені олардың араларында тәкәппарланбайтын монахтар бар
(141).

б. Христиан дінінің тарихы

Хз. Иса туылған жылдары Палестина Рим империясының қарамағында еді.
Иудейлер түрлі мәзһәбтарға бөлініп, діни тақырыптар мүдде мәселесіне
айналған болатын. Құдыстағы қасиетті ғибадатхана сауда орнына айналып,
формализмнің шырмауында еді. Бір Тәңірге иман еткен иудейлер пұтқа табынушы
римдіктерден құтылу жолын іздеп жатқан болатын. Сондықтан бір құтқарушыны
күткен еді. Осы уақытта Хз. Иса ортаға шықты. Ол адамдарды тура жолға
шақырды. Алайда оған хауарилерден басқа аз ғана адам иман келтірді. Шағым
айтқандар көбейгендіктен Айқыш ағашқа асу оқиғасы орын алды. Хз. Исадан
кейін иман келтіргендердің саны күрт артты. Хз. Исаның пікірлерін қабыл
еткендер көбейген сайын Римнің қысымы мен зұлымдығы арта түсті. Хз. Исадан
біршама уақыттан кейін иман келтіргендер бір араға жиналды. Олар өздерін
христиан деп атады. Христиандық оған иман еткендердің көмегімен түрлі
өлкелерге жайылды. Алайда Павелдің христиан болуы жамағатқа жаңадан өзгеріс
енгізумен қатар, қайшы пікірлердің туындап, олардың екіге бөлінуіне
себепкер болды. Б.з. 49-жылдарында хауарилер мен Хз. Исаның туыстары
жиналып мән-жәйды талқылады. Бұл жиын хауарилер консилі деген атпен
танымал. Алауыздықтың шыққан жері жаңадан христиан болғандардың иудей әдет-
ғұрыптарын орындап-орындамауынан бастап бірнеше мәселелер еді. Бұл алғашқы
консильде Павелдің ұстанған көзқарасына жол берілді. Осылайша Павел ендігі
христиандықта орнын алды, әрі Хз. Исаны тәңір қылуға дейінгі оның
табиғатымен қатысты мәселелерді бастады. Павелға қарсы шыққандардың бірі
хауарилердің басшысы Петр, Эбиониттердің басшысы Якоб болатын.

Бұл алғашқы иудей – христиандар басқа христиандардан ерекше
өзгешеліктерге ие. Бұлар христиандықты иудейлер арасында жаюды мақсат
еткен, бұл діннің яхудилерден басқаларға таралуын қаламады. Осы себептен
яхуди діни дәстүрінен кейбір нәрселерді дінмен бірге алып жүрді. Иудей
дәстүрінен сақтап келгендерінің басында бір құдайшылық сенімі еді.

Рим императоры Нерон 64 жылы Рим өртіне христиандарды жауапты деп
білді. Сол себепті христиандарға деген қысым мен зұлымдық кезеңі басталды.
Павел мен Петр Римде өлтірілді (142). Рим тәңірлеріне құрмет көрсетпеген
христиандар түрмелерге жабылды, азапталды және өлтірілді. Мұнымен қатар
христиандықтың таралуы тоқтаған жоқ және ІІ ғасырдың аяғына таман Алдыңғы
Азиядан Галлерге дейінгі жерде жайылғандығын көрсетті. Бұл даму Рим
Императорлығына да ықпал етті. 313 жылы Император Константиннің
христиандарға қамқорлығы басталды. Осылайша христиандар сенімдерін еркін
жайып, өмір сүре бастады.

Жоғарыда тоқталған христиандар арасындағы алғашқы келіспеушілікке
жаңадан тағы бірі қосылды. Константин бұл келіспеушіліктердің шешімін табу
үшін 325 жылы Изникте бір консиль жинады. Христиан сенімдері осы консильде
талқыға түсті. Император Константиннің көмегімен Хз. Исаның тәңірлігіне
келіспей оның жаратылғандығын айтқан арисшілерге қарсы Исаның тәңірлігін
жақтаған Павелдің дәстүрін ұстанушылар басым түсті. Алдыңғы эбиониттердің
сақтап келген таухид, Хз. Исаның тек пайғамбар болуы, сүннет, біршама
дәрет, ғұсыл секілді сенім мен дәстүрлері ІV ғасырдан кейін сахнадан
көрінбеді.

Император үлкен Теодиси (Theodosius) 380 жылы ресми сенім ретінде
қабылдады. Рим Епископы басқаларының алдында күшке ие болды және Папа
деген атқа ие болды. 476 жылы Римның саяси тұрғыдан әлсіреуінің
нәтижесінде Папа тек шіркеудің емес, бүкіл Батыс елдерінің басшысы болды.
Риммен қатар шығыс шіркеулерін Византия патриархы өкілеттілігі атқарды.
Сонымен қоса Искендерия мен Антакияда да патриархтар бар еді. Шығыста
Армения, Сирия, Эфиопия және копт шіркеулері ұлттық әрі тәуелсіз шіркеулер
еді.

Батыста Ирландия шіркеуі егемен шіркеу болатын. ІV ғасырда Римге
тәуелді визиготтар; V ғасырда болгарлар, француздар христиан болды. Одан
кейін англосаксондар римдік мисионер тобының себепкерлігімен христиандықты
қабылдады. VІІІ ғасырда қалған Европа елдері христиандықты қабылдады.
Германия және Скандинавия өлкелері христиан болды. Саксондықтар VІІІ
ғасырда күшпен христиандықты қабылдады. Даниялықтар болса ІХ ғасырда
христиандар арасынан орын алды. Норвегия, Исландия, Швецияның христиандықты
қабылдауы 1000 жылдары аяқталды. Славиандардың христиандыққа кіруі, Рим мен
Византия арасында бәсекеге айналды. Поляк, Богемия, Моравия және Балтық
жағалауында Рим, Ресей мен Балқан өлкелерінде Византия билігі басым болды.

Батыста христиандық саяси байланыстар, миссионерлік әрекеттер кей
уақыттарда күшпен жүргізілді. Бұл таралу кезеңі ХІ ғасырда Скандинавия
өлкелерінің христиандықты қабылдауымен аяқталды. Сонымен қатар ішінара
қарсылықтар пайда болды. Бұл діни және саяси күрес 1054 жылы нақты бөлініп
шығуына жол ашты. Рим шіркеуі католик (әлемдік мағынада), Византия
шіркеуі ортадокс (түп негізіне қатысты мағынада) деп аталды. Мұнымен
Исламның жайылуына және түріктерге қарсы крест жорықтары дайындалды. Бірақ
крест жорықтары да оларды біріктіре алмады. Араларындағы дұшпандық шегіне
жеткені соншалық крест жорықтары (1096-1204ж.ж.) кезінде латындардың
Византияда жасаған зұлымдықтары мен әділетсіздіктері үшін ортадокс
христиандар, түрік сәлдесін кардинал (Латын-Католик) қалпағына
айырбастайтындай жағдайға келген еді. 1453 жылы түріктер Византияға соңғы
және Стамбұлдағы түрлі христиан топтарына ешкім жасай алмаған қамқорлық
көрсетті.

Батыста Шарлман (Charlemagne), папа мен епископтарға дүниелік атақ-
абырой әперді. Осылайша шіркеу мен мемлекет арасында орта ғасырда
қиыншылықтарға жол ашқан қырғи қабақ басталды.

Палестинадағы қасиетті топырақтарды мұсылмандардан алу мақсатымен
крест жорықтарын бастатқан және мүмкіндіктерін жаман жолға қолданған Рим
шіркеуі реформа әрекеттеріне себепкер болды.

2. Хз. Иса

а. Інжілдердегі Хз. Иса

Хз. Исаның өміріне байланысты мәліметтер христиандар қабыл еткен төрт
Інжілде әрқилы баяндалады. Бұл мәліметтерге кейінірек тоқталамыз.

Аллаһ тағала Жәбірейіл періштені Галилеяның Назарет қаласындағы
Дәуіттің ұрпағы Жүсіптің жұбайы Мәриямға жібереді. Періште Мәриямға Құдай
тағаланың алдында игілікке бөленетіндігі, бір баланы дүниеге әкелетінін,
бұл бала Құдайдың ұлы деп аталатынын, есімі Иса деп қойылатынын Дәуіттің
тағы оған берілетінін жеткізді. Одан басқа бұл оқиға Киелі Рух арқылы
жүзеге асатынын айтады (142). Осы уақыттарда Яхуда қаласында Зәкәрияның
әйелі Элизабет бір баланы дүниеге әкеледі. Аллаһтың бұйырғанындай баланың
аты Яхия деп қойылады (143). Король Августии тарапынан санақ жүргізілуі
тапсырылады. Әр адам тіркелу үшін өз қалаларына барады. Юсуф та тіркелу
үшін айттырылған қызы Мәрияммен Назареттегі Бетлехемге келіп, онда ұлын
босанады. Сол маңда жүрген шопандарға Құдайдың періштесі бір құтқарушының
туылғанын хабарлайды. Ол құтқарушы – Тәңір Мәсіх еді. Шопандар құтқарушыны
көру үшін Бетлехемге барып, ондағы Мариям мен кішкене нәрестені тауып
алады. Шопандар нәрестенің құтқарушы екендігіне сеніп, Құдайға шүкіршілік
етіп, кері қайтады. Нәресте сегізінші күні сүндетке отырғызылды, есімі Иса
деп қойылды (144).

Иса қырқынан шыққаннан кейін Мариям мен Жүсіп оны Тәңірге арнау
мақсатымен Иерусалимге апарады. Киелі Рух Иерусалимде иудейлерді құтқаратын
тұлғаны күткен Шимон атты бір адамға келіп, оған Мәсіхті көрмей өлмейтінін
аян еткен еді. Рухтың жетелеуімен Шимон ғибадатханаға келеді. Исаны
құшағына алып, құтқарушыны көргеніне Құдайға шүкіршілік айтады. Әкесі мен
шешесі Исаны алып, Назаретке қайта оралады (145).

Патша Хиродес уақытында жұлдыз болжаушылары иудейлердің патшасы
Мәсіхтің туылғандығынан хабар беретін жұлдыздарды көреді. Мәсіхті көруге
келеді. Хиродес жұлдыз болжаушылардан туылған бала жайында мәлімет алып,
оны табуларын бұйырады. Болжаушылар Мәриям мен Исаны тапса да Хиродеске
хабар бермейді (146). Болжаушылардан кейін періште Юсуфқа түсінде көрініп
патша Хиродестің Исаны өлтіргісі келетінін, сондықтан оны және анасын
Мысырға апаруын айтты. Юсуф солай жасады. Патша Хиродес жұлдыз болжаушылары
тарапынан алданғанын біліп екі жасқа дейінгі балаларды өлтірілуге бұйрық
берді. Хиродес өлген соң Раббысының періштесі Юсуфқа көрініп хабар береді.
Бұдан хабардар болған Юсуф бала мен анасын алып келіп Назаретке қоныстанады
(147).

Иса он екі жасқа келгенде Пасха мейрамына орай дәстүр бойынша
Иерусалимге апарылады. Әке-шешесі үйлеріне қайтар кезде кішкентай Исаны
ұмытып Иерусалимде қалдырып кетеді. Олар мұны байқамай қалады. Біраздан
кейін әке-шешесі Исаның сол жерде қалып кеткенін аңғарып, оны іздей
бастайды. Қараса, ғибадатхананың ішінде ұстаздармен діни мәселелер
төңірегінде тартысып жатыр екен. Исаның қойған сауалдары, берген жауаптары
ғибадатханада отырғандарды таң қалдырады. Әке-шешесі оны Назаретке алып
қайтады (148).

Иса жігіт болған шағында шомылдыру рәсімінен өткізуші Яхия иудейлерді
шомылдырып, тәубеге шақырып жатқан болатын. Яхия өзінің сумен, ал өзінен
кейінгілердің Киелі Рухпен шомылдырылатынын айтады. Яхиямен бірге иудейлер
де Мәсіхтің келуін зор үмітпен күте бастайды (149). Осы кезде Иса шомылдыру
рәсімінен өту үшін Иорданияға келген болатын. Яхия оны шомылдырған кезде
Киелі Рух көгершін бейнесінде келіп Исаның басына қонғанын және көктен
Міне менің сүйікті ұлым – осы. Мен оған ризамын деген дауысты естиді
(150).

Яхия зынданға тасталған соң Иса Галилеяға барады. Уақыттың
келгендігін, Тәңір патшалығының жақында орнайтындығын, тәубе етулерін және
Інжілге иман келтіру керектігін айтады (151). Үш күннен кейін Кана деген
жерге тойға барады. Суды шарап қылып алғашқы мұғжизасын көрсетеді. Бір
күннен кейін балық мұғжизасы жалғасын тапты (152). Иман келтіргендер
көбейді. Ол да иман келтіргендердің арасынан бір күні хауари деген ат
беріп он екі кісіні таңдайды. Хауарилер мыналар: Шимон (Петр), бауыры
Андреа, Жақып, бауыры Юханна, Филип, Бартолемей, Матта, Томас, Алфеустің
ұлы Жақып, жігерлі деген Шимон, Жақыптың ұлы Яхуда, Исаға қиянат жасаған
Яхуда Ишкариот (153).

Бірде халық қаладан ағылып келіп Исаның маңайына жиналады. Иса оларға
уағыз айтады. Айтқан оқиғаларын әр түрлі мысалдармен түсіндіріп береді
(154). Аспан патшалығы адамзат ие болатын баға жетпес байлық екенін айтады.
Құдай патшалығына кіре алу үшін жан-тәнімен беріліп, бүкіл болмысын арнауға
дайын тұру керектігін насихаттайды (155). Иса артынан ілескен шәкірттеріне
қалай дұға ету керектігін де үйретеді. Яғни дұға тілеген уақытта әуелгі
сөзді Әке деп бастауды және тілекті Көктегі Әкеден тілеуді айтады
(156).

Иса жаман рухтарға қарсы өзінің құдіретін көрсетеді. Шайтан мен
жындарға үкімін жүргізіп оларды аластайды (157). Иса сал болған аурудың
күнәларын кешіріп, оны науқасынан айықтырады (158). Бір ақсақты емдейді
(159). Иса бір өлген қызға талитакум (Қызым саған тұр деймін) деп оны
тірілтеді (160). Бір күні қайықта кетіп бара жатқанда көлде үлкен бір дауыл
пайда болады. Қайық бата бастағанда шәкірттерінің жанайқайы шықты, Иса
дауыл мен көлге әмір еткен кезде, айнала тынышталады. Осылайша көлдегі
дауылды тоқтатады (161). Иса бес мың кісіні бес нан мен екі балықпен
тойдырады. Бес нан мен екі балықты қасиетті етіп шәкірттеріне береді, олар
халыққа таратады. Осылайша барлығы да жеп тояды. Иса Петрды су үстінде
жүргізеді. Қайықтағылар Исаға Шын мәнінде сен Аллаһтың ұлысың деп оның
аяғына бас ұрады (162).

Иса шәкірттерінің арасында жүріп, олардан өзінің кім екендігін
сұрайды. Петір оған : Сен Мәсіх, Құдайдың ұлысың деп жауап береді. Иса
Шимон Петірді қоштап, бұл жағдайды құпия ұстау керектігін ескертеді.
Петірді өзінің ізбасары етіп таңдады (163).

Иса жас балаларды қасиетті қылады (164). Сұхбатын тыңдап отырғандарға
Тәңірді және көршісін жақсы көруді дәріптеді. Мына жалған дүниенің әйтеуір
бір заманда ақыры таянатынын, Ақырет соты құрылатынын ескертті. Иса
шәкірттеріне Иерусалимге баратынын, ол жерде пайғамбарлардың Адам баласы
туралы бүкіл жазған дүниелерінің жүзеге асатынын, пұтқа табынушылардың
қолына түсіп, өзінің мазаққа айналатынын, бетіне түкіріп, қамшы ұрылып,
одан кейін өлтірілетінін, бірақ үш күннен кейін қайта тірілетінін айтады
(165).

Иса Аллаһтың ғибадатханасындағы сатушыларды сыртқа шығарады, ол
жердің өз үйі, дұға үйі екендігін айтады (166). Пасха мейрамы келгенде
Әкеге баратын уақыттың жақындағанынан хабар береді. Тамақтан тұрып
шәкірттерінің аяғын жуып бір сүлгімен сүртеді, шәкірттеріне де бір-біріне
осылай жасауларын айтады. Ғибадатхана қызметкерлері мен жазушылар болса
Исаны қалай өлтірудің жолын іздестіреді. Он екі хауарилердің (апостолдың)
бірі яхуда Ишкариот оларға Исаның қолға түсуі үшін көмек береді. Иса он екі
хауаримен дастарханға отырғанда, нанды алып шүкір етіп болған соң оларға
былай дейді: Бұл сіздерге берілген менің тәнім, мұны мені еске алу үшін
жасаңыздар. Тамақтан кейін стаканды алып Бұл стакан сіздер үшін төгілген
менің қаным мен жаңа өсиет деп стаканды оларға береді. Өзін сатып беретін
адамның қолының өз қолымен бірге дастарханға созылғанын айтады (167).

Иса Гетсимани деген жерге барады, өлімді ойлап, уайымдайды. Иса оларға
Түрегеліңдер, кеттік. Міне маған қиянат жасайтын адам жақындап келеді
дейді. Иса сөйлеп тұрған кезде он екі шәкірттерінің бірі болған Яхуда мен
олардың қасында ғибадатхананың бас діни қызметкерлері және қылыш-семсер
асынып алған бір топ адам келе жатады. Яхуда мен кімді сүйсем – соны ұстап
алыңдар деп әлгілермен алдын-ала келісіп алғандықтан, Исаға жақындап
келіп, оны сүйеді. Иса дереу тұтқындалады. Шәкірттерінің барлығы оны жалғыз
тастап, тым-тырақай қаша жөнеледі.

Иса тұтқындалған соң мәжілістің алдына апарғанға дейін балағаттап
барады. Егер Мәсіх болсаң, бізге айта бер дейді. Сонда Иса Егер сендерге
айтар болсам, бәрібір сенбейсіңдер. Егер сендерден сұрасам, жауап
бермейсіңдер де, мені босатпайсыңдар да. Бірақ осыдан кейін адам баласының
ішіндегі әрбір күш-қайраты жеткендер Құдайдың оң жағында отыратын болады
деп жауап береді. Барлығы Олай болса, сен Құдайдың ұлысың ба? деп
сұрағанда, Иса оларға: Иә, мен соның өзімін дейді. – Ендігі куәгерлерге
қандай қажеттілік бар? Өйткені өз аузынан есіттік қой,- дейді әлгілер. Таң
атқанда бүкіл ғибадатхана қызметкерлері мен қауым ақсақалдары жиналып,
Исаны айыпты деп тауып, өлім жазасына кесілгендігі туралы шешім шығарады
(168).

Исаны бас қызметкер Каяфаның үйіне апарды. Бұл уақытта Петр оларды
ұзақтан көріп тұрған еді. Бір күң оны танып оның Исамен бірге екенін айтты.
Петр, Әй әйел! Мен оны танымаймын,-деп мойындамайды. Бұл үш рет
қайталанады. Осы уақытта қораз үш рет шақырады. Иса Петрге қарайды. Петр
Исаның Қораз шақырғанға дейін менен үш рет бас тартасың дегені есіне
түсіп өкініп, жылайды. Исаны сатып берген Яхуда Исаның өлім жазасына
кесілгенін естіп, сатып бергені үшін берілген отыз күмісті ғибадатханаға
қарай лақтырып жіберіп, өзі асылып қалады (169).

Иса одан кейін Римнің әкімі Пилат тарапынан сұраққа тартылу үшін сотқа
жөнелтіледі. Пилат сыртқа шығып, сол жерге жиналған халықтан: Бұл адамға
қарсы қандай арыз-шағымдарыңыз бар? деп сұрайды. Олар: Егер бұл адам
жамандық жасамағанда оны сізге әкелмес те едік деп жауап қайырады. Пилат:
Оны өздеріңіз алып, өз шариғат заңдарыңызбен шешім шығарыңыздар дегенде
яхудилер: Ешкімді өлтіруге ақымыз жоқ,-деді. Содан Пилат ішке кірді де,
Исаны шақыртып, оған: яхудилердің патшасы сенсің бе? деп сұрады. Иса:
Мұны айтып жатқан өзің бе, әлде мен жайымда саған біреулер бірнәрсе айтты
ма? дегенде Пилат: Сен яхудисің бе? Сен не істедің? Сені өз халқың мен
ғибадатхана басшыларың әкеліп тапсырды? деп өзіне сұрақ қойды. Иса өзінің
нағыз отаны бұл дүние емес, келесі дүние екендігін айтты. Осы кезде Пилат:
Онда сен патшасың ба? деп сұрағанда, Иса оларға: Иә, патшамын дейді
(170).

Содан Исаны айқышқа керуді бұйырады. Пилат оның тура, әділ адам екенін
білетін, сондықтан оның қанын төккенді жөн көрмеді. Бірақ жиналған жұрт
Исаның айқышқа керілуін талап етіп тұрып алады. Пилат Бараббасты өз елінің
әдеті бойынша бостандыққа шығарады (Әкімнің мейрамдарда қылмыскерлерден
бірін кешіру әдеті болатын. Ол иудейлерге: Бостандыққа Исаны шығарайын ба
әлде Бараббасты ма деп сұрады). Ақыры Исаны қамшымен сабалап, айқышқа
әкетіп бара жатады. Әкімнің әскері Исаның киімдерін шешіп, үстіне күңгірт
қызыл шинель, басына тікеннен өрілген тәжді кигізіп, оң қолына қамыс
ұстатады. Содан кейін тізерлетіп, оны Сәлем, саған ей иудейлердің патшасы
деп келеке етіп, үстіне түкіріп, қамыспен басын ұрады. Содан кейін киімін
кигізіп, айқышқа керетін алаңға апарады (171).

Исаны апарған жер Галгота (Бас сүйегі) деп аталады. Сағат 6 дан 9 ға
дейін барлық дүниені қараңғылық басады. Киренелік Шимон айқышты апаруға
мәжбүрленеді. Сағат 9 ға жақын Иса: Тәңірім, Тәңірім мені неге жалғыз
қалдырдың?,-деп айқайлайды. Ол жердегілер: Илияны шақырып жатыр,-дейді.
Біреуі сірке суына батырылған губканы таяққа байлап, Көрейік Илия оны
құтқару үшін келе ме?,-деп ішуі үшін оған береді. Бірақ Иса қатты айқайлап
жанын тәсілім етеді. Ғибадатхананың пердесі жоғарыдан төменге дейін екіге
бөлінеді. Қарсы алдында тұрған жүзбасы оның қалай жан тапсырғанын көргенде:
Бұл адам шындығында Аллаһтың ұлы еді,-деді. Мұны Мағдалалық Мәриям,
кішкентай Жақып пен Жүсіптің анасы Мәриям және Саломе тағы бірнеше әйел
ұзақтан көріп тұрған еді (172).

Олар Исаның аяқтарын сындырмақ болады. Бірақ ол өліп қалғандықтан
бұндай әрекеттен бас тартады. Әскерлердің бірі оның бүйрін найзамен түйреп
еді, бірден қан мен су ытқып шықты (173). Исаның денесін қабірге жерлеу
үшін Пилаттан рұқсат сұрайды. Иудейлердің салт-дәстүрі бойынша оны хош
иісті шөптермен кебінге орап мазарға қояды (174).

Сенбі күні Мағдалалық Мариям мен өзге бір Мариям Исаның қабірін көруге
келген болатын. Бірақ қабірдің бос тұрғанын байқайды. Бір періште оларға
Исаның өліктер арасынан тұрып, Галилея аймағына кеткенін, сол жерден оны
тауып алуларына болатынын айтады. Олар қуаныштары қойнына сыймай
шәкірттеріне хабар беруге асығады. Жолда кенеттен Исаға кез болады. Иса
оларға бауырларының Галилеяға барулары керектігін айтуды және өзін сол
жерде көре алатындақтарын айтады. Содан Иса шәкірттерінің қасына келеді.
Оларға: Сендерге амандық пен тыныштық болсын! – деді. – Әкемнің Өзімді осы
дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін. Осылай
дегеннен кейін шәкірттерінің бетіне дем үрлеп: Киелі Рухты қабыл алыңдар!
Кімнің күнәларын кешсеңдер, солар кешіріледі, ал кімнің күнәларын
кешпесеңдер, солар кешірілмейді, – дейді (175). Осылайша Иса өз
шәкірттеріне күнәларды кешіру құқығын берді. Иса Петрды Шіркеудің басшысы
етіп және өз өкілі етіп таңдайды. Одан қанды жақсы көріп, көрмейтіндігін
сұрайды. Петрдың оңды жауабына Иса оған Қойларымды қара деді. Бұл сұрақ-
жауап араларында бірнеше рет қайталанады (176).

Он бір хауари Галилеяға Иса айтқан тауға барады. Ол жерде Исаны көрген
кезде оған сәжде етеді. Алайда кейбіреулері күмәнданады. Иса олардың бәріне
былай дейді: Көкте де жерде де барлық билік маған берілді. Енді сіздер
барып барлық ұлтты шәкірт етіңдер. Оларды Әке, Ұл және Киелі Рух атымен
баптизм (шоқындыру) жасаңдар. Сіздерге бұйырған нәрселерді ұстанулары үшін
оларға үйретіңдер. Мен сіздермен дүниенің соңына дейін біргемін (177).

Інжілдерде жазылғанындай, өлгеннен кейін үш күн өткен соң қайта
тіріліп, қырық күн бойы шәкірттерінің арасында болған Иса Құдай патшалығы
жайлы уағыз айтты, оларға шынайы сеніп, шоқындыру рәсімінен өткендердің
құтылатынын, ал сенбегендердің тозаққа түсетінін ескертті. Исаға
сенгендердің жындарды қуып шығаратыны, қолдарына жылан ұстай алатындарын, у
ішкен жағдайда өлмейтіндіктерін және ауруларды айықтыратын секілді
мұғжизаларға ие болатындықтарынан хабар береді. Осыларды айтқаннан кейін
Иса көкке көтеріліп, Әкенің оң жағына жайғасты. Оларға Киелі Рухты
жібереді. Барлығы Киелі Рухпен толады. Киелі Рухтың оларға берген уәде
бойынша басқа тілдерде сөйлей бастайды. Халық бұл жағдайларды көріп
таңырқайды. Петр оларға насихат жасап, тәубе етулерін, Иса Мәсіхтің атына
баптизм жасауларын айтады. Осылайша алғашқы христиандар, хауарилердің
үйреткеніндей бір жамағат болып өмір сүре бастады (178).

Жоғарыда Інжілдер бойынша Хз. Исаның өміріне тоқталдық. Інжілдерде Хз.
Иса үшін әрі Аллаһтың ұлы, әрі адам баласы деген тіркестер қолданылған.
Бұдан басқа ол Раб, Патша, Яхудилердің патшасы, Мәсіх, Аллаһтың
қозысы, Юсуфтың ұлы, Дәуіттің ұлы, Адам ұлы түрінде Інжілдерде
бейнеленеді. Сондай-ақ ол пайғамбар, құдіретті пайғамбар ретінде де
танымал. Бұл секілді сөз тіркестері Хз. Исаның тұлғасы жайында үлкен
шиеленісті тудырып отыр. Ендігі бір жағы Інжілдерде Хз. Исаның Мәриямға
Киелі Рухпен жүкті болатындығын білдірумен қатар, Мәриям мен Юсуф
айттырылған және бірге өмір сүрген жерлерін көрсетуде.

Матта Інжілінде Мені қабыл еткен, мен жібергенді де қабыл етеді. Бір
пайғамбарды пайғамбар болғандығы үшін қабыл еткен, пайғамбарлыққа қол
жеткізеді (Матай, 40-41) делінеді. Мұнымен қатар Мен және Әке бірміз,
Әкенің менде және менің Әкеде болғаным (179) сияқты сөздер де кездеседі.
Хз. Исаның жеке тұлғасы келесі тақырыпта тоқталатынымыз сияқты, Құран
Кәрімде де нақты әрі негізіне сай орын алады.

Хз. Исаның туылған уақыты миләди күнтізбесінің басталуы саналған және
бұл уақыт нол (0) ретінде алынған. Алайда кейінгі есептеулерге қарағанда
оның бұл уақыттан 4, 6 немесе 10 жыл бұрын дүниеге келгендігі анықталды.

ә. Құран Кәрімдегі Хз. Иса

Құран Кәрімде аты аталған төрт таңдалған отбасы бар. Хз. Исаның анасы
Мәриям бұлардан Али-Имран жанұясына қатысты.

Исрайыл ұлдарынан Имранның әйелі (Ислам әдебиеттерінде Ханна, христиан
әдебиеттерінде Анна) жүкті болып, құрсағындағысын Аллаһқа атайды. Қыз
дүниеге келіп, атын Мәриям деп қояды. Оны және нәсілін қорғау үшін Аллаһқа
дұға етеді. Хз. Зәкәрия Мәриямды өз қамқорлығына алады. Атағаны бойынша
Мәриям ғибадатханаға беріліп, сол жерде өмірін құлшылықпен өткізеді. Оған
Аллаһ тарапынан ризық беріледі. Хз. Зәкәрия сол жерге келген сайын
Мәриямның жейтін асының дайын тұрғанын көреді. Зәкәрия (а.с.) оған бұл
кімнен келді дегенде ол Аллаһ тарапынан деп жауап беретін.

Мәриям абыройлы, пәк, таза, адамгершілігі мол, инабатты қыз болып
бойжетеді. Анасының дұға-тілегі қабыл болып, Мәриям бойын күнә, жамандық
атаулыдан аулақ ұстаған өте пәк қыз болады. Бір күні періште келіп, оған үн
қатады: Ей Мәриям! Шәксіз, Аллаһ сені таңдады, тазартты және әлемдегі
әйелдерден ардақты қылды деді. Ей Мәриям! Раббыңа бой ұсын, сәжде ет және
рукуғ қылушылармен бірге рукуғ қыл (180).

Ұлы Аллаһ Мәриямды өте маңызды жағдайға дайындап жатқан болатын. Бұл
жағдай Өзінің құдіретінің дәлелі болмақ; Хз. Адамның әке-шешесіз
жаратылуындағы тылсым керемет тағы да жүзеге аспақ (181). Әке-шешеден
дүниеге келген, мұндағы құдайы құдіретті көре білмеген парықсыздарға өзінің
шексіз құдіреттілігін көрсету еді. Осылайша Ұлы Аллаһ жаратудың әр түрлі
жолдарын білетіндігін (182) және өзі орнатқан жаратылыс заңдылықтарының
тысына шығып кете алатындығын паш ету еді.

Сонымен Аллаһтың періштесі Жәбірейіл келіп, Мәриямға адам бейнесінде
көрінді. Осы сәтте Мариям бір түрлі селк ете түсіп, Аллаһ тағалаға сиына
бастады. Жәбірейіл періште оған: Аллаһ тағала саған бір ұл сыйлайды. Мені
саған осыны сүйіншілеу үшін жіберді, – дейді. Сонда Мариям өзінің ибалы,
намысты қыз екенін, өзі ешкімге жуымаса да қалайша бұл жағдай жүзеге
асатындығын сұрады. Сонда Жәбірейл мұның Аллаһ үшін өте оңай екенін айтты.
Барлық жаратылыстағы мұғжиза-керемет осы жерде өзін тағы бір рет паш етті.
Мариямға ешкім де тимеген. Дегенмен Аллаһ қалағанын жарата алады. Ол бол!
десе, сөзсіз болады (183). Солай да болмақ (184).

Періштелер Мәриямға Исаны былай сүйіншілейді: Сол уақытта періштелер
Әй Мәриям! Расында Аллаһ сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады, оның аты
Мәсих Ғиса Мәриям ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаһқа жақындардан
болады деді. Бесікте және ержеткенде адамдарға сөйлейді. Әрине игілерден
болады ... Аллаһ (Т) оған кітапты, хикметті және Таурат, Інжілді үйретеді.
Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады... (Али-Имран 45-49).

Мариям жүкті болғаннан кейін көзден жырақтау бір жерде күнін өткізеді.
Ол бір құрма талының астында босанудың машақатымен арпалысып, жаны қиналып
жатқанда оған бір дауыс былай үн қатады: Қайғырма! Раббың ішіңдегіні
шарапатты етті. Мәриям босанған соң баланы елге алып келеді. Адамдар оны
тілдеп, кінәлайды. Осындай қысылтаяң жағдайға тап болған Мәриям бесіктегі
баланы көрсетеді. Олар бесіктегі бала қалайша сөйлеуі мүмкін деседі. Сол
уақытта нәресте өзінің Аллаһтың құлы әрі елшісі екенін, Аллаһ өзіне кітап
беретінін, адамдарға пайдалы болу үшін жіберілгенін, намаз оқу, зекет беру
және анасына құрмет көрсетуге бұйырылғанын айтады (185).

Құранда Аллаһтың кәлимасы, Құдайдың игілігіне бөленген,
салихтардың арасынан деп сипатталған Иса есейіп ер жеткенде, мойнына
пайғамбарлық міндет жүктеледі. Ол Исрайл ұлдарына Аллаһтың әмірлерін
жариялайды. Оларға алапесті жазу, соқырлардың көзін ашу өлілерді тірілту,
суреттен құс жасап ұшыру сияқты мұғжизалар көрсетеді, бірақ исрайыл ұлдары
оған сенбейді (186).

Хз. Исаның қасында ілесіп жүрген шәкірттері Біз Аллаһ дінінің
жәрдемшісіміз. Аллаһқа сендік. Сен біздің мұсылман болғанымызға куә бол
дейді. Шәкірттері Исаға бағынды, Інжілге шын жүрегімен сенді. Олар
пайғамбарларды таныған, Аллаһтың бірлігін мойындаған адамдар. Бірде
шәкірттері Исадан бір мұғжиза-керемет ретінде көктен Аллаһтың құдіретімен
бір дастархан түсіруін сұрайды. Мұны негізінде жүректеріндегі сенім нық
орнығуы үшін сұрап еді. Хз. Иса ... бізге ризығыңды бере гөр. Сен ризық
берушілердің ең қайырлысысың деп дұға етеді. Көктен бір дастархан түседі,
олар қалағанынша ішіп-жейді. Осылайша шәкірттерінің оның хақ
пайғамбарлығына деген сенімдері одан әрі беки түседі (187).

Исрайл ұлдары Хз. Иса мен шәкірттерінің Аллаһ жолындағы қызметтерін
тоқтату үшін Исаны өлтірмекке бекінеді. Дегенмен Аллаһ тағала олардың
ойластырған жоспарларын текке зая кетіреді (188). Жендеттер Исаға ұқсаған
біреуді Иса деп ойлап, оны ұстап алып айқышқа шегелеп асып қояды. Олар
Мәриям ұлы Исаны өлтірдік десті. Алайда олар Исаны емес, соған ұқсайтын
басқа біреуді өлтірген болатын. Ол кезде Иса Аллаһ тағаланың құзырына
көтерілген болатын (189).

Хз. Иса көкке көтерілгеннен кейін оған сенушілер көбейе түседі. Бірақ
христиандар да Исрайыл ұлдары секілді тура жолдан тайқып, ақиқаттан алыстап
кетеді. Өйткені олардың бірқатары Хз. Исаны Құдай десе, бір бөлігі Құдайдың
ұлы деді, енді бір бөлігі үштің бірі деп кәпірлікке ұрынды (190). Олардың
бұл шектен шығуларына Аллаһ былай дейді: Әй Кітап Иелері! Діндеріңде артық
кетпеңдер. Аллаһқа байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәриям ұлы
Мәсих Ғиса, Аллаһтың елшісі, әрі Мәриямға жалғастырған сөзі және Аллаһ
тарапынан бір рух. Ендеше Аллаһқа және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Аллаһты)
үшеу демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Аллаһ бір-
ақ Тәңір (191).

Құран ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Христиан дінінің шығу тарихы
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Кристофер Генри Доусонның тарихқа христиандық көзқарасы
Қазақстандағы христиан тарихы
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Дінтану пәнін оқыту
Христиан діні
Діннің тұжырымдамасы
Пәндер