Тігін бұйымдарының технологиясы - практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы


Ф-ОБ-012/006А
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
« СПОРТ және ӨНЕР » ФАКУЛЬТЕТІ
« ДИЗАЙН және БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» КАФЕДРАСЫ
"Бекітемін"
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Спорт және өнер факультеті,
оқу әдістемелік кеңесінің
төрағасы ХҚТУ доценті
И Тұрметов
«» 2012 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
ПӘННІҢ АТЫ: ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мамандық аты, шифры: 050421- «Дизайн» (өндірістік)
Түркістан 2012 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№1. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Кіріспе. Киім және оған қойылатын талаптар туралы жалпы мәліметтер. Киімнің классификациясы және оның өлшемдік сипаттамасы. Киім ГОСТ-ы және технологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер. Тігін бұйымдарының техникалық құжаттамасы.
2. Сабақ мақсаты: Киім және оған қойылатын талаптар туралы жалпы мәліметтерді, киімнің классификациясын және оның өлшемдік сипаттамаларын меңгерту.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін - иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқ Киім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім - шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі - ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1] ) . Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар. Киім адам баласы үшін аса қажетті мәдени-материалдық элемент болып табылады. . Киім үлгілері адамның өскен ортасына, техника мен экономиканың дамуына, үлттық мәдениет пен дәстүрглерін жасау. Ьірақ оүл үлгілер тұтынушылардың өске-лең талаптарына сай болуы керек. Бұл мәселелермен айналысу және жүзеге асыру арнайы үлгі жасау үйлері-не жүктеледі. Үлгі жасау процесі екі кезеңге бөлінеді: үлгі жасаушының ойы ңағаз бетіне түсу керек; осы үлгіні материалдан жүзеге асыру керек. Үлгі жасау барысын-да жыл мезгілін және киімнің қандай жағдайда киі-летінін есепке алу керек. Жалпы алғанда сән (мода) бір-неше жыл өткен соң өзгеріп отырады. Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отырады. Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды. Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шықңан үлгілерді тиімді пайдалана отырып, оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан, оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге (модаға) деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен орын алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы, 60-жылдары кең өріс алып, жастар үлгісіне ай-налған қысқа, тар етекті белдемшелер, қазір де сәннің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию тазалықты, көріктілікті, әдемілікті талап етеді.
№2. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Киім бөлшектерін өңдеу әдістері. Қол инешаншымдары және тігімдері. Киім бөлшектерін жіппен бекіту, олардың классификациясы, құрылысы, қолданылуы. Қол жұмыстарының терминологиясы.
2. Сабақ мақсаты қол инешеншымдарының құрылысын үйрену және инешаншымдарын орындау тәсілдерін меңгеру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Қол тігіс түрлері.
Тікелей көктеп тігу түрлері.
“Тікелей тігу” және “тікелей жапсырып тігу” тігістерінің орындалуы.
“Тікелей қайрып” және “тікелей көмкеріп тігу” тігістерінің орындалуы.
Қиғаш тігіс түрлері.
“Қиғаш жапсырып” және “қиғаш көмкеріп тігу” тігістерінің орындаалуы.
“Қиғаш торлау” және “қиғаш қабу” тігістерінің орындалуы.
“Қиғаш жасырын” және “қиғаш өбістіру” тігістерінің орындалуы.
“Қиғаш батырып тігу” тігісінің орындалуы.
“Айқас тігіс” түрінің орындалуы.
Ілмек тәрізді тігіс түрлері.
“Ілмектеп қайып” және “ілмектеп шалып тігу” тігісінің орындалуы.
“Ілмектеп жасырып тігу” және “ілмектеп жасырып қаю” тігістерінің орындалуы.
Машина тігіс түрлері.
Біріктіруші тігіс түрлері.
“Қайып тігу” тігісінің орындалуы.
“Бастырып қайып тігу” тігісінің орындалуы.
“Жапсырып тігу” тігісінің орындалуы.
“Өбістіріп тігу” тігісінің орындалуы.
“Жасырып тігу” тігісінің орындалуы.
“Қос тігу” тігісінің орындалуы.
“Тұйықтап тігу” тігісінің орындалуы.
Шеткі тігіс түрлері.
“Құрастырып тігу” тігісінің орындалуы.
“Қайырып тігу” тігісінің орындалуы.
“Жиектеп тігу” тігісінің орындалуы.
Көркем-сәнді тігіс түрлері.
“Бедерлеп тігу” тігісінің орындалуы.
“Көмкеріп тігу” тігісінің орындалуы.
“Қатпарлап тігу” тігісінің орындалуы.
№3. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Машина инешаншымдары және тігістері.
2. Сабақ мақсаты: машина тігістерін орындау әдістерін меңгерту.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: тігін машиналарының жұмыс құралдарының құрылғысы және қолданылуы, әмбебап машиналарының жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту. Бұл машиналарда орындалатын операциялар, оларды пайдалану тиімділігі. Бекітпе және ілмектерді дайындау. Машина тігістерінің турлерімен танысу.
№4. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Киім бөлшектерін желімдеп біріктіру тәсілінің мәні. Тігін бұйымдарын ЫЖӨ үдерісін қолданылу және мәні.
2. Сабақ мақсаты: : өнім коллекциясының дизайнерлік шешімінің идеясын өзі көтере алуы; оның жаратылымының сенімді формасын таңдау; эскиз әзірлеу; макет жасау.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: ЫЖӨ үдерісін қолданылуы және мәні, ыжө кезеңдерінің сипаттамасы. Жабдықтар мен құралдар. Киім бөлшектерін ылғалдық-жылуды өңдеуді жетілдіру бағыттары.
ДЛЯ РАЗУТЮЖИВАНИЯ _-г ДЛЯ
№5. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Әр түрлі киім бөлшектерін біріктіру және өңдеу әдістері
2. Сабақ мақсаты: өңдеу әдістері туралы түсініктерді меңгерту
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Тізбекті, параллель-тізбекті және параллель өңдеу әдістерінің сипаттамасы. Әр түрлі бұйымдардың алдыңғы және артқы бойларын өңдеу әдістері. Қатырмалау әдістерінің сипаттамасы. Бөлшек қиықтарын өңдеу. Ылғалдық-жылулық өңдеу. Бұйымның материалына түрлері, пішіндері, орналасуына байланысты бүкпелер, бүкпесі бар бедерлер, қатпарлар, иініштерді өңдеу. Материалдардың түрлеріне және әдістеріне байланысты жарманы (шлица) өңдеу.
№6. 1. Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
Қалталарды дайындау
2. Сабақ мақсаты: қалталардың өңдеу және дайындау процесін үйрену.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Қалталардың өңдеудің жинақтаудың технологиялық процесі. Сырт киімдегі қалталардың түрлері және классификациясы. Жапсырма, бір әдіпті, екі әдіпті, қақпақты тілме қалталардың өңдеу процесінің графы мен әдістері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz