Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде



1 .Жеке тұлға туралы түсінік.
2.Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде.
3.Суъектінің іс.әрекеті — жеке түлғаның дамуының факторы ретінде.
Тәрбиенің негізгі мақсаты — қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты уйлесімді дамуы. Жеке түлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке түлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке түлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, 3. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам-өзіне тән биологиялық қүрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мүрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт — биологиялық және өлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялықтіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда «жеке түлға» деген үғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке түлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке түлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға; өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке түлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-қүлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
1. Педагогика. Дәріс курсы. //Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 .Жеке тұлға туралы түсінік.
2.Тәрбие -- жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде.
3.Суъектінің іс-әрекеті -- жеке түлғаның дамуының факторы ретінде.

1. Жеке түлға туралы түсінік.
Тәрбиенің негізгі мақсаты -- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты уйлесімді дамуы. Жеке түлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке түлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке түлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, 3. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам-өзіне тән биологиялық қүрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мүрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт -- биологиялық және өлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялықтіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда жеке түлға деген үғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке түлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке түлғаның ең басты белгісі -- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға; өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке түлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-қүлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға-бүл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын түтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл түтастықтың өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен -- жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке түлға туралы түсінік жалпылама үғым болып табылады.
Жеке түлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке түлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденция-ларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бүл орайда адам, жеке түлға деген үғымдардың қатары даралық деген үғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір түлғаның басқа бір түлғадан айырмашылығын, оның ешкімге үқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мүғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жүмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық үғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір түлғаны басқа бір түлғадан ажыратып, оған өзіне тән сүлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден түрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір үғым- индивид. Бүл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-жекелік. Үғым ретінде бүл сөз адамзат түқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бүл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке түлға үғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуы үғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке түлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде 42
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бүл орайда бір нәрсе алынып тасталады, теріске шығарылады). Бүл қозғалыс, өзгеріс жеке түлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке түлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-түрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке түлға ретінде дамуындағы ең бастысы -- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-қүлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-қүлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке түлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дүрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке түлғаның қалыптасуы термині жиі қолданылады. Бүл жеке түлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, түтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз -бір нәрсеге пішін (форма) мен түрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бүл арада түқым куалаушылықтың мәні өте зор -- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда -- адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мұшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және үлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
-функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы);
-адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.);
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер;
-есту мүшелері, ойлау қүрылымы, сезім мүшелері қүрылысындағы ерекшеліктер т.б.
Жеке түлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді-адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бүқаралық ақпараттар қүралдары). Микро-орталық дегеніміз-баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол-адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, қүбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке түлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық қүбылыс ретінде қарастыру қажет (үрпақтан үрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз -- өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мүғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін үйымдастыру.
Жеке түлғаның қалыптасуының философиялық-кдіснамалық негіздері. Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке түлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша -- қайта құру, өзгерту) деген философиялық бағыт төмендегідей ойды үстанған: адамның үрығында-ақ болашақ жеке түлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бүл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке түлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке түлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, түқымқуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтары сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан үрпаққа сол қалпында берілетін және жеке түлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын гендердің жинағы немесе батареясы ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм (грекше-прагма) дегеніміз-іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы -- Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бүл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (Іаbula rasa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның маңыздылығын кемсітеді.
Жеке түлғаның дамуындағы түқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жокқа шығаратын бүл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бүл бағыт педология, яғни тура аударғанда балалар туралы ғылым, балатану деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік қүрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе қүрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын жалған ғылыми антимарксистік ережелерге сүйенген деп айыптаған. Бүндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы-балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтік факторлармен, түқымқуалаушылықтың және қайдағы бір түрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде анкета және тест жүргізу сияқты кдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педагогтар қолданған бүл қдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі тоқтату қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бүл туралы өз кезінде КД.Ушинский айтып кеткен болатын: Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек.
Жеке түлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында -- материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке түлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта қүру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті. .
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер түқымқуалау-шылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің әлеуметтік тұқымқуалаушылығы туралы ой ұстанады. Егер биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік түқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие -- жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бүндағы айта кететін жағдайдың бірі -- материалистік түсінікте жеке түлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта қүру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
2. Тәрбие -- жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.

Сонымен, түқымқуалаушылық, орта және тәрбие жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бүл орайда түқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады (мысалы, есту мүшелерінің қүрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бүл бейімділіктер өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы Ъдамның функционалды жетілу мен қалыптасу процесі арқылы сипатталады, содан кейін оның сүйектері, бүлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық жетілу мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-қүқығының жас шамасы кезеңдерінде пайда болады. Табиғи ерекшеліктердің дамуындағы ең маңыздысы, жанүяда болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагностика беру болып табылады. Қазіргі уақытта баланың қызмет-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
Жеке түлға деген үғымда адамның қоғамдық мөні ашылады. К. Маркстің айтуынша, адамның қасиеті жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдыққатынастаржиынтығы. Сондықтан ортаныңжеке түлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке түлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен қарым-қатынасы арқасында қалыптасады.
Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке түлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами бейімділіктердің дамымағаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Тұлғаның ақыл - ойының қалыптастыру процесі
Пәндер