Қазақстанда әлеуметтік қорғау мәселесін жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлі



Бұл бөлімде әлеуметтік қорғау мәселесін ең алдымен кедей топтар тұрғысынан қарауды жөн көрдік. Кедей топтар мәселесі социологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ол өте күрделі құбылыс болып табылады. Оның басты жақтары төмен¬дегідей.
Кедейлік мәселесiнің қаржы-қаражаттық жағы. Кедейліктің бұл жағы әдетте адамдар-дың күнделікті тіршілігін сақтауға қажетті азық-түліктің баға¬сымен (көлемімен) есептейді. Мұндайда кедейлік адамдардың тіршілік етуінің абсолюттік дең¬гейлері тұрғысынан тү¬сіну болып табылады. Бұл кедейлiктiң табыс немесе тұ¬тыну-пайда¬лану жақтарынан алғандағы түсінігі. Мұндайда адамдардың орташа айлығы, зейнетақы, жәрдемақы сияқты көрсеткіштері ескеріледі. Бұл мәселе өз орайында, жалпы мемлекеттің табысымен, халықтың ең¬бектегі белсенділігімен байланысты қаралады. Кедейліктің адамдардың әртүрлі топтарының табыстарына бай¬ланысты қаралатын тағы бір жағы — ол оны себеп-салдарлық жақ¬тарынан талқылау болып табылады. Бұл мәселелер өз кезегінде, ха¬лықтың қоныстану аймақта¬рына бай¬ланысты бөліп, оның әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатарла¬рының аз немесе көп екенді¬гімен байланысты қарауға болады. Кедейлік мәселесінің мемлекет көлемінде қаралатын келесі қы¬ры — ол халықтың әл-ақуалының деңгейлеріне қарап оларды әр¬түрлі аймақ¬тарға бөлу.
Мысалы, «Комкон-2 Евразия» социологиялық зерттеу орта¬лығының деректері бойныша 2001 жылы Қазақстан бойынша сауалмен қамтылған респондент-тердің 24 %-ы өз жағдай¬ларын өте төмен деп есептейді. Бұл орташа деректің нақтылы жақ¬тарын облыс-тарға шақ¬қандағы бөлінуі мынандай. Алматы облы¬сында 43 %, Жамбыл облысында 39 %, Ақмола облысында 36 %. Бұл тұрғыдан алғандағы ең төменгі көрсеткіш — 9 % Батыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында 10 %, Астанада 13 %. 2001 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда сол жылдың екінші жартсында тұрмыс жағдайлары төмендегендер Карағанды об¬лысында 14,7 % болса, сол аралықта Павлодар обысының респон¬дентеррінің пікірінше 15 % халықтың жағдай төмендеген. Ал осы ке¬зеңде Атырау облысының тұрғындарының ішінде 13,5 % тұрғын¬да¬рының жадайы жақсарған, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 12,3 %, Батыс Қазақстан облысында 11,8 %, ал жалпы Қазақстан бойынша орташа 2,5 % тұрғындардың жағдайы жақсарды деп қаралады [53].
Ке¬дейлік мәселелерiн мемлекеттiң ұйымдастырушылық-орын¬даушылық шараларының тұрғысынан қарастыру. Келесi түсiнiк, ал¬дыңғы екі түсініктің негізінде қарау, яғни адамның кедейлігін тек оның жан сақтауы мен баспанасы болуы тұрғысынан ғана емес, адамның өзінің мүмкіндігін онан әрі жетіл¬діріп, оны іс жүзіне асыра алу мүмкіндіктері тұрғысынан қарас¬ты¬ру. Бұл түсінік тұрғысынан алғанда кедейліктің болуы мен оны жоюды күрделі әлеу¬меттік құбылыс деп қарау [54].
Біздің диссертациялық зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан ал¬ғанда “кедейлік” деген ұғымның соңғы түсінігі өте актуалды мәселе. Себебі әлеуметтік кедей топтарды мемлекеттік тұрғыдан қорғауды социологиялық тұрғыдан түсіну олардың әлеуметтік жағ¬дайын жүйелі құбылыс есебінде қарағанда ғана толық айқын¬далады. Кедей¬лікті тек табыс тұрғысынан ғана талдау ол мәселенің эконо¬микалық ғылымдар тұрғысынан алғандағы мәнін көрсетеді. Қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топ деген ұғыммен қатар, еңбектегі ең басты белгі — өндірістік құралдарға немесе қар¬жылық капиталға деген жеке меншіктің болуы немесе болмауы адам¬дардың үлкен топтары «таптар» деп аталады. Бұл топтық бел¬гінің маңыз-дылығы жалпы қоғамдық жұмыстың басты тетігі — бір еңбектің саласының болуы немесе болмауы, олардан түсетін кірістерді бөле алу мүмкіндігі немесе бөле алмайтындығы, жұмысқа басқа адамдар¬ды алу мүмкіндігі немесе басқалар ұйымдастырған еңбекке жалдану ғана т.с.с.
Капиталистік өндірістік-экономикалық қатынастардың еуропа¬лық және америкалық елдерде жаңа шығып қалыптасуы кездерінде еңбек құралдары мен қаражат капиталына деген меншіктік белгі жалдану¬шыларға асқан қанаушылық үстемдігін жүргізді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
қазақстанда әлеуметтік қорғау мәселесін жүзеге асырудағы мемлекеттің
рөлі

2.1 Әлеуметтік қорғауға алынатын топтар

Бұл бөлімде әлеуметтік қорғау мәселесін ең алдымен кедей топтар
тұрғысынан қарауды жөн көрдік. Кедей топтар мәселесі социологиялық тұрғыдан
қарайтын болсақ, ол өте күрделі құбылыс болып табылады. Оның басты жақтары
төмендегідей.
Кедейлік мәселесiнің қаржы-қаражаттық жағы. Кедейліктің бұл жағы әдетте
адамдардың күнделікті тіршілігін сақтауға қажетті азық-түліктің бағасымен
(көлемімен) есептейді. Мұндайда кедейлік адамдардың тіршілік етуінің
абсолюттік деңгейлері тұрғысынан түсіну болып табылады. Бұл кедейлiктiң
табыс немесе тұтыну-пайдалану жақтарынан алғандағы түсінігі. Мұндайда
адамдардың орташа айлығы, зейнетақы, жәрдемақы сияқты көрсеткіштері
ескеріледі. Бұл мәселе өз орайында, жалпы мемлекеттің табысымен, халықтың
еңбектегі белсенділігімен байланысты қаралады. Кедейліктің адамдардың
әртүрлі топтарының табыстарына байланысты қаралатын тағы бір жағы — ол оны
себеп-салдарлық жақтарынан талқылау болып табылады. Бұл мәселелер өз
кезегінде, халықтың қоныстану аймақтарына байланысты бөліп, оның әртүрлі
әлеуметтік топтар арасындағы қатарларының аз немесе көп екендігімен
байланысты қарауға болады. Кедейлік мәселесінің мемлекет көлемінде
қаралатын келесі қыры — ол халықтың әл-ақуалының деңгейлеріне қарап оларды
әртүрлі аймақтарға бөлу.
Мысалы, Комкон-2 Евразия социологиялық зерттеу орталығының деректері
бойныша 2001 жылы Қазақстан бойынша сауалмен қамтылған респондент-тердің 24
%-ы өз жағдайларын өте төмен деп есептейді. Бұл орташа деректің нақтылы
жақтарын облыстарға шаққандағы бөлінуі мынандай. Алматы облысында 43 %,
Жамбыл облысында 39 %, Ақмола облысында 36 %. Бұл тұрғыдан алғандағы ең
төменгі көрсеткіш — 9 % Батыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында 10 %,
Астанада 13 %. 2001 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда сол жылдың
екінші жартсында тұрмыс жағдайлары төмендегендер Карағанды облысында 14,7 %
болса, сол аралықта Павлодар обысының респондентеррінің пікірінше 15 %
халықтың жағдай төмендеген. Ал осы кезеңде Атырау облысының тұрғындарының
ішінде 13,5 % тұрғындарының жадайы жақсарған, ал Оңтүстік Қазақстан
облысында 12,3 %, Батыс Қазақстан облысында 11,8 %, ал жалпы Қазақстан
бойынша орташа 2,5 % тұрғындардың жағдайы жақсарды деп қаралады [53].
Кедейлік мәселелерiн мемлекеттiң ұйымдастырушылық-орындаушылық
шараларының тұрғысынан қарастыру. Келесi түсiнiк, алдыңғы екі түсініктің
негізінде қарау, яғни адамның кедейлігін тек оның жан сақтауы мен баспанасы
болуы тұрғысынан ғана емес, адамның өзінің мүмкіндігін онан әрі жетілдіріп,
оны іс жүзіне асыра алу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастыру. Бұл түсінік
тұрғысынан алғанда кедейліктің болуы мен оны жоюды күрделі әлеуметтік
құбылыс деп қарау [54].
Біздің диссертациялық зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан алғанда “кедейлік”
деген ұғымның соңғы түсінігі өте актуалды мәселе. Себебі әлеуметтік кедей
топтарды мемлекеттік тұрғыдан қорғауды социологиялық тұрғыдан түсіну
олардың әлеуметтік жағдайын жүйелі құбылыс есебінде қарағанда ғана толық
айқындалады. Кедейлікті тек табыс тұрғысынан ғана талдау ол мәселенің
экономикалық ғылымдар тұрғысынан алғандағы мәнін көрсетеді. Қоғамдық
ғылымдарда әлеуметтік топ деген ұғыммен қатар, еңбектегі ең басты белгі —
өндірістік құралдарға немесе қаржылық капиталға деген жеке меншіктің болуы
немесе болмауы адамдардың үлкен топтары таптар деп аталады. Бұл топтық
белгінің маңыздылығы жалпы қоғамдық жұмыстың басты тетігі — бір еңбектің
саласының болуы немесе болмауы, олардан түсетін кірістерді бөле алу
мүмкіндігі немесе бөле алмайтындығы, жұмысқа басқа адамдарды алу мүмкіндігі
немесе басқалар ұйымдастырған еңбекке жалдану ғана т.с.с.
Капиталистік өндірістік-экономикалық қатынастардың еуропалық және
америкалық елдерде жаңа шығып қалыптасуы кездерінде еңбек құралдары мен
қаражат капиталына деген меншіктік белгі жалданушыларға асқан қанаушылық
үстемдігін жүргізді. Сондықтан ХХ ғ. I жартысына дейін таптық белгі өте
үлкен роль атқарды. Сол белгілерге қарап К. Маркс қоғам тарихындағы
мемлекеттердің типтерін формациялық белгілерге бөлді (ол туралы 1.2
бөлімшенің екінші жартысында қарастырдық). К. Маркстің ашып көрсеткен
таптар, таптық күрес туралы тұжырымдары тарихтың өзінің шындығында үлкен
негізі бар формациялық процестер. Біздің пікірімізше, бұл мәселелер маңызды
қоғамдық процестер қатарына жатады. Бiздiң тақырыбымыз тұрғысынан алғанда
таптық қатынастар жеке меншiкке негiзделген қоғамдық-экономикалық
қатынастар кезiндегi кедей топтардың шығуы туралы терең мағаналы тұжырымдар
жасауға болады. Айтылған мәселелрмен бірге, Маркстің теориясының осалдау
жерлері де бар. Мемлекеттiң шығуы мен оның таптар арасындағы қатынастарды
реттеу туралы қортындылары ерекше терең,әрі күрделі.
Кедейлердiң және кедейлiктiң пайда болуы туралы, оларды таптар мен
топтарға бөлудің басты критериі өндірістік-экономикалық процесс.
Бұл процесс адамдардың адам есебінде өмір сүруінің негізігі тәсілі болып
табылады. Бұл процеске сүйену мемлекеттің құрлымының мазмұндық және
сапалық сипатын терең ғылыми талдауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге экономикалық қатынастар мемлекеттің әлеуметтік қорғау
функциясын жүзеге асырудың басты типтерін түсінуге жол ашады.
Ол туралы М.С. Аженов пен Д.Э. Бейсенбаевтар былай деп көрсетеді:
1. Таптық күрестің міндетті түрде пролетариат диктатурасына әкеледі, ал
соңғы тапсыз қоғам құруға негіз болады деген қортындыны әзірге адамзат
тарихы іс жүзінде дәлелдеген жоқ(
2. Таптық күрес әрқашанда ымырасыз болып түбінде жаңа таптың жеңісімен
аяқталады деген пікір біржақты болып табылады, сол себепті, бұрынғы
таптық күрес деген Маркстың теориясындағы басты терминінің орнына таптық
шиеленіс деген ұғымды пайдалану керек(
3. Маркстің әлеуметтік революция әрқашанда бір қоғамдық құрлымнан келесі
қоғамдық құрлымға өтудің басты жолы деген пікірінің де сыңаржақтылау
қортынды екендігін тарих талай рет дәлелдеп көрсетті. Әйтседе әлеуметтік
революция тек кейбір елдерде және тарихтың кейбір жағдайларында ғана
Маркс айтқан мазмұнда жүзеге асты(
4. Маркстің Х(Х ғ. орта кезінде жасаған әлеуметтік-экономикалық
зерттеулеріндегі басты таптар, ғылыми-техниканың жетілуі мен жаңа орта
кластардың пайда болуының негізінде болып жатқан жаңа жағдайларды талдап
түсінуге көмегін тигізе алмайды, оны тарихтың өзіде дәлелдеді;
5. КСРО кезіндегі советтік қоғамдағы таптар туралы талдаулар мен тұжырымдар
өзіне ғана тән экономикалық негізде жасалмады. Советтік саяси-
экономикалық қатынастар халықты тапсыз қоғамға жақындата алмады(
6. Маркстік әлеуметтік топтарға бөлу қоғамдық ғылымдардағы жалғыз ғана
теория емес еді, Х(Х ғасырдың екіші жартысынан бастап, ХХ ғасырда онан
әрі дамыған басқа да әлеуметтік стратификациялық теориялар маркстік
теорияның жетіспеген жақтары мен тарихтың жаңа кезеңдерінде пайда болған
әлеуметтік топтардың қоғамдық қатнастардағы орындары мен рольдерін
жаңаша талдайды. (Бұл мәселеге кейінірек ораламыз( [2,16,18 бб.].
Жоғарыда келтірілген авторлардың маркстік теория туралы ойлары жалпы
алғанда дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар, бұл жерде, біздің ойымызша,
маркстік таптық-стратификациялық теорияға деген көзқарасқа біздер зерттеп
отырған әлеуметтік қорғау мәселесіне байланысты қоғамдық-экономикалық
формациялар тұрғысынан да қараған абзал деп есептейміз.
Егер маркстік социологиялық теорияны осы тұрғыдан қарастырсақ, онда ол
туралы тағы мынандай пікірлерді қосып айтуға болады. Жалпы қоғамдық
процестердi экономикалық тұрғыдан алғанда, кедейлiк туралы мәселелердi кең
мағнадағы саяси күрестер мен қайшылықтар тұрғысынан қазіргі тарихи жағдайда
түсiнуге болады. Адамдарды таптық белгіге қарап бөлу, соған байланысты
қоғамдық қатынастар мен мемлекеттiң әлеуметтік қорғалу мәселелерін қазіргі
кезеңде шешудің де өте үлкен мәні бар. Біздіңше, тап деген ұғымның өзі
қазіргі кезде де өзінің меншік түрлері мен мөлшерлеріне байланысты
критерилік мәнін жойған жоқ. Тек таптық күрестер мен олардың мақсаты,
жүзеге асыру тәсілдері өте өзгеше. Бірақ соңғы ерекшеліктер таптың
түбегейлі мәнісін жойған жоқ. “Таптар” деген ұғымнан кейiнгi кең мазмұнды
ұғым әлеуметтiк топтар деген ұғым. Олар әрбiр таптардың iшiнде болатын
жiктелу, стратификациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
Адам құқығы туралы
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Пәндер