Компьютерлік вирустар және олармен күресу


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Компьютерлік вирустар және олармен күресу
Жоспар
Кіріспе
- Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттамаКомпьютерлік вирустар түрлері және жіктелуіКомпьютерлік вирустың шығу тарихыКомпьютерлік вирустардың пайда болу белгілері
- Компьютерлік вирустардан сақтану жолдарыКомпьютерлік вирустардан қорғайтын программалардың жіктелуі. Компьютерлік вирустарды емдеу жолдары.
- Сауалнама және оның нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемелекеттік даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» зңының шыққанын айтып кету жеткілікті шығар.
Сондықтан да біз компьютермен жұмыс жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.
- Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
Компьютерлік вирус- арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды. Мысалы: файлдарды, файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустардың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негнізгі программаларға береді, ал ол программа алғашында әдетегідей жұмыс істей береді. . Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысты жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері компьютер жадында басқару жүйесі қайта жүктегенше тұрақты сақталап, өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Бүліген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлеміннен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін:
1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі біріс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты) сот және ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орныдалатын әрбір программаны зақымдап отыратын жатады. Ал егерде олар іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» (загрузочная) немесе Вооi -вирустар деп аталады.
Мұндай вирустар өз қызмтетін компьютерді іске қосқанда, яғңи операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі- компьютерге салынған диск, флешкалардың алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіруі болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискінің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе кластеріне жазылып қалады.
3. Құрылған драйверлері. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған.
4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері- дискідегі файлдық жүйені өзгертетіні байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс*-әрекеттер борлуы мүмкін:
-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
-экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
-компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
-көптеген файлдардың бүлінгендігі байқалады және т. с. с.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткендігі байқалмай қалады.
Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жсауға кіріседі, мысалы, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішінен «мүжіп», құртып жататын вирустарға не істеуге болады ?
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да. Ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерге де тез тарап кетеді және көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:
-резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
-резидегаттік (уақытща) вирустар.
Резиденттік вирус жұқұан программа іске қосылғанда әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.
Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай «жұққанын» адамдар білмей қалады. Ал, резиденттік емес вирус жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері вирустар көбейтіп таралуда, оларды қысқаша BIK - вирустар деп атайды. Барлық СОМ және ЕХЕ типті файлдар үшін- каталогтағы файлдың мәліметі көрсетілген орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш- таңбаланған ( кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез- келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші оқылады да ол тұрақты кеомпьютер жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, касперский программасының соңғы нұсқалары)
- «Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар.
Көптеген вирустар жасырынуды әдетке айналдырған, бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте- бірте өрби отыры, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектер-программалар жұмыс қиындайды.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
Компьютерлік вирустар түрлері
«Троянский конь» - тікелей қатысуды талап етпейтін, бағдарламаға айырмашылықты өзі орындайды. Ол әдетте әрбір операциядан алдын ала ашық есеп нақтылы сомадағы бөліп шығаруы үшін қылмескерлермен қолданылады.
«Троянская матрешка»- бөгде программалық қамтамасыз етудің бағдарламалары жойып, өз-өзін құртып жібереді.
«Салями» - осы әдіс компьютер техникасының құралдарының жылдамдығында негізделген. Коммерциялық мәліметтердің іске асыруында дөңгелектенеді.
«Логическая бомба» - әдіс жағдайлардың нақтылы күйінде істейтін арнайы командалардың бөгде программалық қамтамасыз етуіне құпия енгізу болады. Бұл әдістің бір түрі уақытша бомба болып табылады.
«Вирусы-черви» - бұл вирустар прграммалық файлдарды өзгерттейді. Олар компьютер желісінен компьютерінің жадтарына кіреді және басқа компьютердің меке жайларын есептейді. Вирустың көшірмесі басқа компьютерге жіберіледі.
«Паразитические» - программалық файлдарды міндетті түрде өзгертетін вирустар мұнда кіреді.
«Әуесқойлармен жазылған вирустар-студенттік» - мұндай вирустар қателерде көп болады және арнайы бағдарламалармен оңай мәлім болады.
«Макро-вирустар»- мәліметтерді өңдеу жүйелеріне ендірілген макро тілдердің мүмкіндіктерін пайдаланатын вирустар тобы жатады. Вирустар компьютермен жұмыс істеу кезінде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауынына әсер етеді.
Жіктелуі:
Зиянсыз вирустар компьютер жұмысына ешқандай залалын тигізбейді (оның тарту нәтижесінде дискінің бос жады кемиді)
Қауіпсіз вирустар әсері дискідегі бос орынның азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да эффектілердің кемуімен шектеледі;
Қауіпті вирустар компьютерді жұмысынан жаңылыстыратын көңіл аударарлық әрекеттер туғызады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz