Мемлекеттік басқарудың непзгі принциптері



Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етіл-ген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органда-рының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мем-лекеттік функцияларды жүзе геасыруға бағытталады.
Осы міндеттер мен қызмет сипатынан Конституцияда баянды етілген мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері туындайды. Оларға бұқараның басқаруға қатысуы, ұлттардың тең құқылығы, заңдылық жатады.
Бұқараның басқаруға қатысу принципі мынада: мемлекеттік басқару қызметі қоғамның, жеке азаматтардың кеңінен қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Халықтың мемлекеттік басқаруға жаппай қатысуының жаңа, одан да үлкен мүмкіндіктерін Негізгі Заң ашып береді. Онда мемлекеттік және қоғамдық істерге қатысуға тек қана кәсіподақтар, еңбек ұжымдары ғана емес, жекелеген азаматтар да құқылы екеніне кепілдік берілген. Мәселен, 33-бапта "Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға кұқы бар" деп көрсетілген.
Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекет бас-қару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Атап айтқанда, олар аса маңызды мәселелер бойынша Үкіметтің, министрліктердің қызметіне қатыса алады. Зандылықтың маңызды принципі мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға тәуелді актілерін қатаң да дәл орындау болып табылады. Бұл сондай-ақ аталған органдардың зандарды орындау үшін өзіне берілген құқықтар шеңберінде қатысуы, ведомстволық және жершілдіктің кез келген көрінісімен күресуге тиіс екенін білдіреді. Бұл жағдайда олар бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметінде әкімшілік, ұсақ қамқорлық және ақталмайтын шектеушілік қоймауы тиіс.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕПЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етіл-ген
міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органда-рының атқарушылық
қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген
заңдарды орындау үшін мем-лекеттік функцияларды жүзе геасыруға бағытталады.
Осы міндеттер мен қызмет сипатынан Конституцияда баянды етілген
мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері туындайды. Оларға бұқараның
басқаруға қатысуы, ұлттардың тең құқылығы, заңдылық жатады.
Бұқараның басқаруға қатысу принципі мынада: мемлекеттік басқару
қызметі қоғамның, жеке азаматтардың кеңінен қатысуы арқылы жүзеге
асырылады. Халықтың мемлекеттік басқаруға жаппай қатысуының жаңа, одан да
үлкен мүмкіндіктерін Негізгі Заң ашып береді. Онда мемлекеттік және
қоғамдық істерге қатысуға тек қана кәсіподақтар, еңбек ұжымдары ғана емес,
жекелеген азаматтар да құқылы екеніне кепілдік берілген. Мәселен, 33-бапта
"Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы
мемлекет ісін басқаруға қатысуға кұқы бар" деп көрсетілген.
Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекет бас-қару аясында
біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың
тең құқықтығы болып табылады. Атап айтқанда, олар аса маңызды мәселелер
бойынша Үкіметтің, министрліктердің қызметіне қатыса алады. Зандылықтың
маңызды принципі мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың
заң талаптары мен заңға тәуелді актілерін қатаң да дәл орындау болып
табылады. Бұл сондай-ақ аталған органдардың зандарды орындау үшін өзіне
берілген құқықтар шеңберінде қатысуы, ведомстволық және жершілдіктің кез
келген көрінісімен күресуге тиіс екенін білдіреді. Бұл жағдайда олар
бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметінде әкімшілік, ұсақ
қамқорлық және ақталмайтын шектеушілік қоймауы тиіс.
Басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау,
жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Рес-публикасы Үкіметі
бекіткен әкімшілік-құқықтық нормалар қабылдауы мүмкін.
Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік орган-дардың қызметіне
тікелей араласады. Мысалы, әскери комис-сариаттардың шақыру комиссиясына
қатысады.
Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың әкімшілік-
құқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық
мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың
қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, соңдайақ
бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілгең. Атап
көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары
мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға
қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі
ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекеттік
органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және
т.б. тығыз байла-ныста болады.
Әкімшілік-қүқықтық қабілет дегеніміз — адамның туғаннан бастап,
өмірінін сонына дейін күші бар субъективтік құқықта-рының кепілдігіне
тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып,
азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға құқылы.
Азаматтар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау
жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті, яғни әкімшілік-құқықтық
қатынастар аясындағы нақты құқықты жүзеге асыру және ерекше міндегтерді
орындау занда көрсетілген әрбір жастық кезенде пайда болады. Мысалы, 7
жасқа келісімен балалар мектепке баруға кұқылы, азаматтардың әскери
қызметті атқару міндеті 18 жастан.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАҢДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІМЕН ҚЫЗМЕТ НЫСАНДАРЫ
БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕР МЕН НЫСАНДАР ҰҒЫМЫ
Басқару қызметінің тәсілі дегеніміз — оргаңдардың ықпалын іске асыру
жолымен мемлекеттік басқарудың бағыныштылар мен басқа адамдарға зандық
биліктік өкілеттігі бар органдарының міндеттерін жүзеге асыру әдіс-
тәсілдері.
Басқару қызметіндегі негізгі тәсілдер — сендіру мен мәжбүр ету. Ең
бастысы—тәрбиеге, көтермелеуге, адамгершілік ықпал жасауға негізделген
сендіру тәсілі. Біздің мемлекеттік басқа-руымызға сендіру мәнінің барған
сайын өсіп отыруы тән. Сендіру жетістікке жеткен жерлерде мәжбүр етуге
орынның аз қалатыны әбден белгілі.
Басқару қызметінің нәтижесі сендіру және мәжбүр ету ша-раларын саналы
әрі бір ізділікпен үйлестіре білуге байланысты. Құқық бұзушылықты
ескертудің қосымша шарасы ретінде басқару аясында кейде мәжбүр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар туралы теория
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері
Аяқталмаған өндірістің бағалануы және есебі
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары
Кәсіпорынның қаржысы. Қаржылық есеп принциптері
МЕНШІКТІҢ МӘНІ, НЬІСАНДАРЬІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТИПТЕРІ
Халықаралық валюта-несиелік институттары
Факторлық талдау
Өндіріске кеткен шығындар есебі
Пәндер