Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР………. . . . . III
КІРІСПЕ. . 4
І-ТАРАУ. НАТО-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ . … . . . 7
1. 1 Солтүстік-атлант альянсының құрылуы. . ……. . 7
1. 2 НАТО-ның негізгі құжаттары . . . 15
1. 3 Ядролық саясат . . . 18
1. 4 НАТО-ның негізгі құрылымдары. 19
ІІ-ТАРАУ. НАТО-НЫҢ ВАРШАВА ШАРТЫ КҮЙРЕГЕННЕН СОҢ
ДАМУЫ21
2. 1. Солтүстік-атлант альянсының бірполярлы әлемдегі дамуы. 21
2. 2 НАТО жүйесіндегі әріптестік институты. ……22
2. 3 НАТО-ның кеңеюі. . 25
ІІІ-ТАРАУ. НАТО - ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ…… . . . . . . 27
3. 1 НАТО-ның аймаққа қатысты геосаяси стратегиялық мүдделері……. . 27
3. 2 Орталық Азиядағы басқа аймақтық күштерге қатысты НАТО-ның
ұстанатын стратегиясы. . 30
3. 3 Келешектегі болуы мүмкін сценарийлер. 38
IV-ТАРАУ. НАТО-НЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН
ӘРІПТЕСТІГІ. 41
4. 1 Шығысқа қарай кеңею41
4. 2 Өзбекстан мен НАТО қарым-қатынасы44
4. 3 Қырғызстан - НАТО . . . 46
4. 4 Тұрақты әріптестік (Түркменстан - НАТО, Тәжікстан - НАТО) ……. . 47
4. 5 Қазақстанның НАТО-мен өзара іс-қимылы. . 49
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. …65
ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
Бенилюкс елдері - Бельгия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттері
БЖӘ - “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
Варшава шарты - Социалистік мемлекеттердің 1955 жылы НАТО ұйымына қарсы құрған әскери ұйымы
ГФР - Герман Федератив Республика
ЕАЭК - Еуро Атлантикалық әріптестік кеңесі
ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның
ЖТМ - Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер
ІІМ - Ішкі Істер Министрлігі
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚЖӘ - Қауіпсіздік жолындағы әрiптестiк
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
НАМСО - НАТО-ның Материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөніндегі ұйымын білдіреді
НАТО - Солтүстікатлантикалық шарты ұйымы (North Atlantic Treaty Organisation)
Орталықазбат - Орталық Азия бітімгершілік батальоны
РФ - Ресей Федерация
СЖІЖ - Серіктестіктің жеке іс-әрекеттер жоспары
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КІРІСПЕ
Варшава шарты ұйымы тарағаннан кейін қазіргі заманғы дүние жүзінде НАТО-ның рөлі жаңаша түрге енді. НАТО-мен Орталық Азия елдерінің жақындасуына қолайлы себептер бар - Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінің демократиялық дамуына жәрдемдесу, өзінің мүмкіндіктеріне қарай аймақтық қақтығыстардың алдын алу міндеті бар. НАТО, сондай-ақ Еуропа қоғамдастығы да, бұрынғы Одақтың республикалары арасындағы өзінің ықпалын кеңейтуге мүдделі Солтүстік Атлантика ынтымақтастығы кеңесі шеңберінде қорғаныс саласындағы диалогты, серіктестік пен ынтымақтастықты, сондай-ақ екі жақты байланыстар мен алмасуларды дамытуға әзірлік көрсетті. НАТО-ға мүше елдер осы мақсатта өздері жинаған айтарлықтай сараптық потенциал мен қорғаныс сипатындағы мәселелерді шешу тәжірибесін жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттерге беруге міндеттеме алды1.
Тақырыптың өзектілігі . “НАТО-ның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері” атты диплом жұмысын жаза отырып мен тек қана Әскери Одақтың ғана саясатын, мақсатын біле ғана қоймай сондай да АҚШ-тың әлем сахнасындағы негізгі идеяларын, оның ролін тереңірек білгім келді. Ал Солтүстік Атлантикалық Одаққа келсек ол АҚШ-тың әлемге шығудың негізгі жолдарының бірі.
Зерттелу деңгейі . Менің тақырыбымның зерттелу деңгейі халықаралық деңгейде болып отыр, НАТО әсіресе әскери жағдайларда негіз болып қаралады. Бірақ қазір НАТО ақырындап саяси жағдайларды да шешуде.
Деректік негізі . НАТО Әскери Одағы туралы оқулықтар қазақ тілінде өте аз, жоқ десек те қате болмас еді. Орыс тіліндегі кітаптардағы тақырыптарды, газет журналдағы мақалаларды, интернет жүйесінен кейбір жаңалықтарды алып қазақ тіліне аудару арқылы дерек көздері толықтырылды. НАТО әлемдегі ең ірі ұйым болғаннан кейін, қазақ елінің ғалымдары да оған үлкен мән беруде, олардың газет-журналдағы мақалалары, дипломдық жұмыстың жазылуына зор үлес қосты. Тақырыптың негізі НАТО-ның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері жайлы болған соң, НАТО-ның түпкі тарихына үңіліп ескі жылдардағы кітаптарды да шолып, дипломдық жобаны жасау барысында қолданылды. Тек шетел кітаптарын ғана қолданбай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздігіміздің бес жылы”, “Сындарлы он жыл” деген кітаптары, одан басқа Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың “Беласу”2, “Қазақстан Республикасының Дипломатиясы”3, “Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации”4 кітаптары зерттеу жұмысында қолданылды.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі ретінде НАТО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы әскери-саяси диалогтың орнап, қалыптасуын нәтижелеп, қорытындылауда пайдаланылған контент - талдау, саралау, жүйелеу әдістері алынды. Сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастың проблемалық тұстарын анықтауда бақылау, сараптау, талдау, болжау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай процестер жалғасуда. Соның нәтижесінде блоктың әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды5.
Осыған орай, НАТО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы саяси қатынастардың даму деңгейін кезеңдерге бөліп қарастырылып, талданып, сараланып, нәтижеленуі;
НАТО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы проблемалық мәселелер тұңғыш рет бір зерттеу көлемінде топтастырылып, анықталып, жүйеленіп, нақты баға берілуі.
Сонымен қатар жаңа деректер мен құжаттардың тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілуі зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтарына жатады.
Диплом жұмысының мақсаты. Өзінің географиялық тұрғыдан геосаяси ұтымды орналасқан Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу болып отыр.
Міндеті:
Жұмыстың ең негізгі міндеті ол НАТО-ның қазіргі таңдағы Орталық Азия аймағындағы геосаяси мүдделерін айқындау;
НАТО-ның осы аймақтағы тұрақтауының салдарларын ашып көрсету;
НАТО-ның осы аймаққа қатысты саясатының дамуын қарастыру болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Солтүстік-атлант ұйымының басшылықтары СССР-дің ыдырауы формальды емес құлдырау кезінде-ақ білген. 90-жылғы оқиға Еуропа континенті
ндегі күш балансының өзгеруіне әкелді. Халықаралық қатынаста АҚШ НАТО-ны өзінің мақсаттарына жету үшін, яғни өзінің құралы ретінде қолданады. Сондықтан да АҚШ пен Батыс елдері НАТО-ның ұлғаюына бет алды. Яғни соғыстан кейінгі әлемдік қауіпсіздік жүйесінің қайта қаралуы.
Соңғы онжылдықта болған оқиғалар, Иракқа соққы, Боснияға, Югославияға соққы, осының бәрі НАТО ұйымының әскери іс-қимылдары болып келеді. Брюссель мен Вашингтонның айтуынша, БҰҰ-н жаңа қауіпсіздік орталығы болудан айыру, яғни Ресей елінің вето құқығынан айырып, Солтүстік-атлант ұйымына қарсы келе алмауын іздестіруде.
Солтүстік-атлант келісімі жаңа халықаралық ахуалда өзінің стратегиясы мен мақсаттарын өзгертуге тырысты. Ол біріншіден, өзінің стратегия концепцияларын құрды. Екіншіден, блокқа жаңа ел мүшелерін жинауы. Үшіншіден, универсалдану болып табылады.
І-ТАРАУ. НАТО-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
1. 1 Солтүстік-атлант альянсының құрылуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем - капиталистік және социалистік болып екі лагерге бөлінді. АҚШ-тың бұрында қазірде ашық айтылмаса да түсінуге болатын қарсыласы бар, ол бұрынғы КСРО, қазіргі Ресей. Сондықтан да Әскери Одақтың дамуына Ресейдің де үлкен ролі бар.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалы батыс елдерін алаңдатты. АҚШ экономикалық жағынан тежеуді толықтыру үшін әскери одақты құру ұсынысымен шықты. 1949 жылы АҚШ пен басқа 11 ел Солтүстік Атлантикалық пакті (НАТО) - ұжымдық қауіпсіздендіру негізінде құрылған одақты құрды. НАТО-ның мүшесі болған бір елге шабуыл жасау қалған мүше елдерге де шабуыл деп есептеліп, оған НАТО-ға мүше елдердің барлығы бірігіп тойтарыс беруі тиіс болды6.
Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (блок НАТО) 1949 жылы 12 мемлекеттің қатысуымен құрылды. Оған: Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Канада, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания кірді. 1949 жылы 4 сәуірде Вашингтон қаласында қол қойылған Солтүстік Атлантикалық Альянстың келісім шарты сол мемлекеттердің ортақ қорғанысын, ұжымдық қауіпсіздігін және ең бастысы Кеңес Одағының қоқан-лоққысына қарсы төтеп беруді қарастырды. Бұл Одақ соғыстан кейінгі уақытта құрылды, яғни қырғи-қабақ соғыстың жаңадан басталып келе жатқан уақыты, осы кезеңде көптеген мемлекеттер Кеңес Одағы алдындағы әлсіздігін мойындаған еді және бұл одақтың ұйымдастырушысы АҚШ болды. НАТО екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттағы Америка Құрама Штаттары мен өзге де капиталистік мемлекеттердің қатысуымен құрылған бірінші әскери одақ болып саналды.
Сонымен АҚШ-та Трумэннің екінші президенттігінің халықаралық шиеленісушіліктің күшеюімен, совет-американдық қатынастардың шиеленісуі өтіп жатқан кезеңі болды.
1948 жылдың сәуірінде, АҚШ-тың ықпалды орталарында ойлағандай, күшіне енген “Маршалл жоспары” экономикалық негіз және ешбір шарасыз Кеңес Одағымен соғыстың болып кету жағдайында Еуропаның капиталистік мемлекеттерінің АҚШ әскери одағында ұйымдасуына дайындық мәселелері Вашингтонда қарастырылды. “Маршалл жоспарының” қабылдауына дейін Батысеуропа мемлекеттері 1947 жылы өзара қорғанысқа арналған құрылымын жасай бастады, өйткені олар Кеңес Одағы алдында өздерін дербес қорғаныста өте әлсіз деп сезді. Бұл жағдайдың нәтижесінде 1948 жылдың наурызында 5 мемлекет, яғни, Бельгия, Франция, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания Брюссельдік келісім-шартқа қол қойды, бұл НАТО ұйымының құрылуына негіз болды.
Бұл уақытта Вашингтонда әскери одақтың болашақ “маршаллданылған” мемлекеттерімен жобасы қарастырылып жатты. АҚШ-тың жақтаушылары, бұл одақсыз Батыс Еуропаға КСРО орбитасына қосылу қаупі төніп тұр деді, сонда Кеңес Одағының күшімен ресурстары ұлғайып, қарым-қатынас күштері өзгеріп, АҚШ-тың өте қауіпті жағдайда қалуы мүмкін деді.
1948 жылы маусымда сайлау науқанының қайнау кезінде, сенат көпшілігі 64 қарсы 4 А. Ванденберг резолюциясын қабылдады, бұл резолюция регионалдық әскери одақтарға көмек көрсетуді қолдады. Бірінші рет АҚШ Сенатының тарихында, достық кезеңінде, Батыстық жартышарының шегінде орналасқан шетел мемлекеттеріне әскери көмек көрсету қолдау алды.
Сенаттағы көпшілік республикашылдарға жатты. 1948 жылғы Резолюциядағы көпшіліктің мақұлдауы, сайлау алдында республикашылдар конгресте және ұлттық конвентте өздерінің изоляционизмнен барлық жағдайда жалтаруын көрсеткісі келді. Мәнісінде бұл резолюциялар АҚШ-тың әскери одақтарға қатысуына рұқсат етті.
Олар АҚШ әскери ұйымымен көптеген капиталистік елдердің қосылуына жұмыс жасады.
Сайлаудан кейін АҚШ үкіметі белсенді және ашық түрде жұмыс жасады. Өзінің екінші президенттігінің басталуына арналған 1949 жылғы 20 қаңтардағы сөзінде Трумэн былай деді: “Қазір біз бірқатар елдермен ортақ келісім жасап жатырмыз, ол Солтүстік Атлантиканың қауіпсіздігін нығайтуға арналады… Біз Рио-де-Жанейрода Батыс жартышары үшін қорғаныс пактін шығарып қойдық. Енді сенатқа Солтүстік Атлантиканың қорғанысы туралы келісім-шартты жіберуге үміттенемін. ”
Екі жарым айдан кейін 1949 жылдың 4 сәуірінде 12 үкіметтің уәкілдері Вашингтон қаласында Солтүстік Атлантика әскери ұйымы туралы келісім-шартқа қол қойды, ол НАТО деп аталынды. Оған қол қойғандар: АҚШ, Канада, Бельгия, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания. Вашингтон Стокгольмге өте қатты қысым көрсетумен болды. Ал өзінің екі дүниежүзілік соғыста да нейтралитетін сақтаған Швеция, әскери ұйымға кірмеу жолын таңдады, бұл ұйым үшінші дүниежүзілік соғысқа арнайы ұйымдастырылып жасалған ұйым деп саналды. Аз уақыттан кейін АҚШ Греция мен Түркияны солтүстікатлантика мемлекеті деп жариялап 1952 жылы оларды НАТО-ға кіргізді. Кейіннен 1955 жылы американдықтардың талабымен Германия Федеративті Республикасы ресми түрде толыққұқықты мүше болып әскери ұйымға кірді. Ал соңында 1982 жылы Испания, 1999 жылдың қаңтарында Польша, Чехия және Венгрия НАТО-ға қосылды.
Мұнан былайда АҚШ басқа әскери ұйымдар жасады. Бірақ НАТО олардың ішіндегі ең қажеттісі, АҚШ мемлекеттік департаментінің негізгі назарын өзіне аударған, соғыстан кейінгі Вашингтонның глобальді саясатын көрсеткен, әлемдік социалистік жүйеге және ұлттық-босату, әлемдегі революциялық қозғалыстарға қарсы күреске бағытталған ұйым болып қала берді.
Достық кезеңіндегі 1949 жылдың 4 сәуірінде әскери ұйымның Еуропа ірі мемлекеттерімен қол қоюы АҚШ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген. 1747 жылы жасалынған АҚШ конституциясы, мәнісінде АҚШ-тың үкіметіне шетел мемлекеттерімен әскери ұйымдар жасау мүмкіншілігін бермеді. Дәлірек айтқанда ол ұйымға беріктік бермеді, ал Еуропада мұндай мүмкіншілік бар еді. Соғысты жариялау прерогативін АҚШ конституциясы Конгрестің шаруасы ретінде қарастырады. Әрбір Конгресс конституциямен жұмыс жасауға тиіс болды. Бірақ өткен конгрестердегі үкіметтің актілерімен шешімдері оған өте қатты керек емес еді. Мысалы Англиямен Франция өзара келісім-шарт жасай алатын еді және келісімде белгіленген болса олар соғысқа қатысуға міндетті болды. АҚШ-тың үкіметі әскери ұйым туралы келісім-шарт жасай алды. Бірақ үкіметпен сенаттың мұндай актілері конгресске соғыс жариялауды міндеттемеді.
Егер АҚШ-тағы мемлекет басқарушы монополистік капитал соғыс үшін болса, онда конгресстің екі палатасындадағы көпшілік соғыс үшін дауыс береді. Бірақ үкіметтің әскери ұйымға негізделген қорытындысына, конгресс дағдылы соғыс жарияламайды. Сонда да конгресстің одақ туралы келісім-шарт бойынша жұмыс жасайды деген сенімділік болмады. Сондықтан ешкімнің де АҚШ-тың әскери одағының беріктігіне сенімі болмады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мүлдем басқа жағдай орнықты. АҚШ шет мемлекеттермен әскери одақ жасай ала ғана емес, сол одақтардың бастамашысы және ұйымдастырушысы да бола алды. Бұрынғы әскери одақтарға қарағанда НАТО өзінің штабын және қарулы күштерін жасады, оған кіретіндер: құрлықтағы әскерлер, соғыс-теңіз және соғыс-әуе күштері. Осыған байланысты Батыс Еуропаның суверенитетті мемлекеттері АҚШ-қа достық кезеңінде өз аумағында қарулы күштерді ұстауға рұқсат берді. 1953 жылы АҚШ-тың Батыс Еуропадағы қарулы күштерінің саны 427 мың адамды құрады.
АҚШ-тың Президенті және оның қызметкерлері НАТО-ны Рио-де-Жанейродағы 1947 жылдың қыркүйегінде жазылған Батыстық жартышардың қорғанысы туралы келісім-шартыменен салыстырды. Бұл туралы Трумэн өзінің президенттігінің екінші кезеңінің басталуына арналған сөзінде айтып кеткен еді. Екі келісімшарт бір формулаға сәйкес келеді: Рио-де-Жанейрода былай деп жарияланған, егер бір американдық елге шабуыл жасалса онда бүкіл американдық мемлекеттерге шабуыл жасалынды деп қаралады, Солтүстік Атлантикалық пакттің 5-і тарауында былай делінеді: “Екі келісуші жақтар былай деп таниды, егер қарулы шабуылдар бір немесе бірнешелеріне жасалынса онда Еуропада немесе Солтүстік Америкада шабуыл олардың бәріне қарсы жасалынды деп қарайтын болады”7.
Сонда да Рио-де-Жанейродағы 1947 жылғы 2 қыркүйектегі келісім, мәнісінде Вашингтондағы 1949 жылғы 4 сәуірінде жасалынған пактіден айырмашылығы бар.
1947 жылғы американдық мемлекеттердің келісімі, сол елдердің біреуіне шабуыл немесе қауіп-қатер төне қалған жағдайда тез арада консультация өткізуді қарастырды. Бірақ ол тез арада дағдылы қимыл жасауды қарастырмады. Бұдан бөлек келісімнің 20-шы тарауында былай белгіленеді, бір де бір мүше өзінің қалауынсыз қарулы күштерді қолдану жағдайына қатысуға міндетті емес. Әрбір қатысушы өзінің суверенитетті құқығын сақтай отырып соғыса ма әлде жоқ па, өзі таңдайды.
НАТО-ның құрылу туралы келісімінде мұндай түсіндірме жоқ. НАТО-ның американдық мемлекеттердің 1947 жылы жасаған келісімінен айырмашылығы бар, өйткені ол регионалдық пакт емес.
Формальді түрде келісімнің 1949 жылдың 4 сәуіріндегі преамбуласында былай айтылған: “НАТО-ның мақсаты - коллективтік қорғаныс”8.
Қорғаныс деп аталмыш Солтүстік-Атлантикалық пакт 1949 жылы құрыла салысымен шабуылшы әскери операциялар туралы жоспар жасады, ол АҚШ-тың әуе-күштерінің КСРО-ға атомдық жарылғаштармен шабуыл жасауын қарастырды.
Республикалық партияның мәліметті лидері сенатор Тафт, Пентагонның стратегиялық жоспарын сынай отырып, мынадай қорытындыға келді: “Соғыс бастала салысымен, Еуропа жерінде американдық әскердің Ресейге қарсы құрлықтағы соғыста пайдалануы қарастырылды. Келешекте, Наполеон мен Гитлерге қатерлі болған бағытпен басып ену ісіне кірісу қаралады”.
Тіпті Тафт та былай белгілейді, АҚШ Солтүстік Атлантикалық Одақты құра отырып босқадан босқа, БҰҰ Жарғысының 51-тарауына сілтеме жасайды, ол тарауда: “егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалынса, онда коллективтік және индивидуальдік өзін өзі қорғау құқығын пайдалану” туралы айтылады. Осылай бола тұрып Тафт бұл тараудың мұндай шабуыл жасалмаса бір мемлекеттің басқа мемлекетке қарулы күштер жіберуге құқығы жоқ екендігін айтты.
Ары қарай да Тафт НАТО-ның БҰҰ-ның принциптерін бұзып отырғанын дәлелдей отырып былай деп жазды: “Ол БҰҰ-ның барлық рухына қарсы қойылып отыр. Бұл Жарғы қарулы күштерді жеке мемлекеттердің арасында келісім орната отырып қысқартпақшы. Атлантикалық пакт керісінше Жарғының мақсаттарына қарсы қойылған және халықаралық достықты құқық пен әділеттілікті пайдалана отырып қамтамасыз етуді жоққа шығаруда. Ол әлемді екі қарулы лагерьге бөледі. Бұл келісім еш шарасыз қарулы жарысты көрсетіп отыр, ал қарулы жарыс өткен шақта соғысқа әкелген. ”
Осылайша республикалық партияның авторитетті көшбасшысы, Кеңес Одағының достаспас жауы сенатор Тафт НАТО-ны аттестациялады, ал АҚШ-тың үкіметі және оның одақтастары НАТО-ны қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш ұйым ретінде көрсетті.
АҚШ-тың президенті Трумэн және Вашингтонның үкімет адамдары НАТО-ның құрылуын 1948 жылдың ақпанында Чехословакияда болған жағдаймен және маусымдағы Батыс Берлинге еркін кіру мүмкіндігін жапқан істерімен ақтамақшы болды.
НАТО-ның құрылуын 1948 жылдағы болған жағдайға жауапты шара деген түсіндірмесі, Солтүстік Атлантикалық пакттің қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш түсіндірмесі сияқты алдамшы болды. 1946-1947 жж. Вашингтон НАТО-ға белсенді түрде Америкада және Еуропада тиянақты жағдай дайындады.
1946 жылдың қыркүйегінде үкіметтің Түркия мен Грецияға әскери және экономикалық “көмек” беру туралы сұрағының талқылауы, Еуропа капиталистік мемлекеттерін Кеңес Одағына қарсы біріктіру дайындықтарының басы болды. Наурыз айында Англия, Франция және Бенилюкс елдері арасында 50 жылға Брюсселдік пакт жасалған кезде, АҚШ үкіметі президенттік кампанияның нағыз қызған кезінде өзін Брюсселдік пактінің мүшесі деп жариялауды мүмкін деп санамады, бірақ оны рухтандырды, оған бата берді және қолдау көрсетуге міндеттеме алды. Келісуші жақтар, егер де Еуропада біреуінің аумағына шабуыл жасалынса бір-біріне әскери көмек беруге міндеттеме алды. 1948 жылдың 17 наурызында яғни қол қою күнінде, Трумэн Конгресстегі сөзінде “бұл пакттің барлық мүмкін көмек алуға лайық екенін” жариялады. Брюссельдік пактіге әскери көмек беру мақсатында АҚШ сенаты 1948 жылы 11 маусымда Ванденберг резолюциясын қабылдады. Сол уақытта АҚШ үкіметі Лондонға өзінің уәкілдерін жіберуді шешті, олар Брюсселдік пакті мемлекеттерінің әскери сұрақтарын талқылауға барды.
1948 жылы 6 маусымда АҚШ пен Брюсселдік пактте құрылған мемлекеттердің арасында жасырын келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер туралы Трумэн былай деп жазды: “Келіссөздер өте құпия жағдайда жүргізілді. Арнаулы қауіпсіздік жүйесі қолданылды- аз ғана документтер саны көрінді. Тек қана белгіленген адам санына, осы келіссөзге байланысты документтерге еркін кіру рұқсаты берілді. ” Бұл құпия келіссөздерге Канаданың да уәкілдері қатысты. Вашингтон Канаданы Еуропалық мемлекеттермен бір уақытта, ойластырылған антисоветтік курсқа қатыстыруға дайындады9.
1949 жылы Еуропалық Одақ құрылды, оған Брюсселдік пактіге қарағанда көп мемлекеттер қатысты.
Екі айдан кейін НАТО құрылды.
Осылайша НАТО-ны екі жылдан астам уақыт дайындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz