Санамақ



1. Санамақ
2. Санамақтың ерекшелiгi
3. жұмбақ тiлдiң лексикалық қоры
Санамақ — қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? — Бір дегенім білеу, Екі дегенім не?— Екідегенім егеу, Үш дегенім не? — Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған «Ақ сандық, көк сандық» атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi. «Санамақ» сөзi орысша «считалки» терминiнiң баламасы болғанмен де, оның тiкелей аудармасы (калька) емес, балалар арасында, үлкендер аузында ертеден қалыптасқан халықтық термин. Өзбектерде «санамалар», түркiмендерде «санавыч», татарларда «санамышлар» болып бiр түбiрде келетiн бұл терминнiң мазмұны жалпы жанрлық түрдiң iшкi мәнiнен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол – ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау. Кейбiр сөздерi қарапайым жұмбақ (заумный) болып келетiн көлемi шағын ұйқасты шумақтарға ересектердiң, тiптi, қайсыбiр ғалымдардың да балалардың «бәлдiр-батпағы» деп мұрын шүйiре қарайтындары табылып қалады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Санамақ
Санамақ -- қазақтың жас балаларға (4 -- 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс -- санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? -- Бір дегенім білеу, Екі дегенім не? -- Екідегенім егеу, Үш дегенім не? -- Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не? -- Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана Балдырған, Ақ желкен, Ұлан сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған Ақ сандық, көк сандық атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi. Санамақ сөзi орысша считалки терминiнiң баламасы болғанмен де, оның тiкелей аудармасы (калька) емес, балалар арасында, үлкендер аузында ертеден қалыптасқан халықтық термин. Өзбектерде санамалар, түркiмендерде санавыч, татарларда санамышлар болып бiр түбiрде келетiн бұл терминнiң мазмұны жалпы жанрлық түрдiң iшкi мәнiнен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол - ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау. Кейбiр сөздерi қарапайым жұмбақ (заумный) болып келетiн көлемi шағын ұйқасты шумақтарға ересектердiң, тiптi, қайсыбiр ғалымдардың да балалардың бәлдiр-батпағы деп мұрын шүйiре қарайтындары табылып қалады. Бiр қызығы қазбалай сұрасаңыз олардың барлығы да сол санамақты балалық бал-дәурен шақтарында құшырлана жатқа айтқан болып шығады, қажет болса кейбiр үлгiлерiн айтып та бередi. Санамақты балалар тiлi еркiн шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзiп ересек тарта бастағанға дейiнгi (13-15) жас кездерiнде жарыса жаттап, қызыға айтып жүредi. Балалар арасында санамақты көп бiлумен және оны мәнерiне келтiрiп айта бiлетiндiгiмен беделге ие болғандары болады. Жас өспiрiмдер арасында осыншалық құрметке ие болған бұл жанрдың тәлiмдiк мәнi де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемi сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабiлеттерiн, танымдық ой өрiсiн дамытады, ал санамақты ырғағымен айта бiлу мәнерлi сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртiбiн бұзбай айту баланы сергектiкке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Егер қазақ балалары санамақтарының өлең құрылысын шығу тегi жағынан сараласақ, оның ала-құла екендiгiн байқау қиын емес. Олардың iшiнде мағыналық үйлесiм ескерiле бермейтiн балалардың өз шығармашылығы да, халық шығармашылығының басқа жанрларынан ауысып келген шумақтар да, тiптi басқа халық балаларының репертуарынан (әсiресе, орыс халқынан) репертуарынан ауысқан өлеңдер де кездеседi. Осы алуан түрлi өлеңдердiң iшкi мазмұнынан балалар психологиясының ерекшелiктерi танылады. Егер санамақтар мазмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бiр реттiлiктi тану қиын емес. Бұл, әсiресе, сан аралас келетiн санамақтардан айқын көрiнедi. Санамақтың осы ерекшелiгi туралы айта келiп Г.С.Виноградов: Әдеби шығармалардың қандай түрiнде болмасын сан есiмдер дәл осындағыдай мол ұшыраспайды. Есептiк және реттiк сандар мұнда өзiнше айшықталады және басқа да тiлдiк материалдармен қатар көркем шығарма көлемiнде басқа мәнге ие болады , - деп атап көрсетедi. Бұл жанрдың санамақ аталу себебi де осы реттiлiкте. Бiрiм - бiрiм, Екiм - екiм... ...Алтым - алтым, Алты малтам, Алтын балтам, Сары ала қаз - Саңқылдауық. Қырман тауық - Қырқылдауық, Сен кiр сен шық, - деп келетiн ең кең таралған қазақ санамағының сандық ретiне назар аударсақ: Бiрiм - бiр, Екiм - екi, - деп онға дейiн санап келiп: Бiр дегенiм-бiлеу, Екi дегенiм - егеу, Үш дегенiм - үскi, Төрт дегенiм - төсек,.. деп жалғастырып кететiн уату-алдарқату жырларындағы өлеңмен сан үйрету тәсiлi еске түседi. Сондай-ақ қазақ санамақтарында негiзiнен жұмбақ сөздердiң (заумные слова) iшiнде ең жиi ұшырасатын қайырма Бiрлан, Чiрлан, Отыз, Қатыз, Отыз - тiркестерi түп-тегiнiң де уату-алдарқату жырларындағы саусақ ойындарында жатқанын байқаймыз. Демек, санамақтардың шығу тегiне балаларға сан үйрету өлеңдерi негiз болған деген тұжырым жасауға әбден болады. Яғни бүлдiршiндер ойын барысындағы өз реттерiн табу үшiн алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерiн пайдаланған. Олар келе-келе түрлi өзгерiстерге түсiп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығып жеке арна түзген. Санамақтардағы мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етедi. Г.С.Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты Басқа бiрде-бiр жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсiр, алуан түрлi және шебер пайдаланылған емес, - деген пiкiрi барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердiң шығу тегi сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тiреледi. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбылыстарының көпшiлiгi тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдiң сарқыны бар. Балалар тiрлiгiнде ол әлi күнге сол дәрежесiнде көрiнiс тауып келедi, - деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының табиғаты да дәлелдейдi. Сонымен бiрге жұмбақ тiлдiң лексикалық қоры тек символдардан ғана тұрады десек, дұрыс болмаған болар едi. Олардың арасында басқа тiлдерден ауысқан кiрме тiркестер де кезiгедi. ... Қайсыбiр жағдайда кейбiр сөз белгiлi бiр ортада түсiнiксiз, жұмбақ болып көрiнсе келесi бiр балалар ортасында ол дыбыс тiркестерi белгiлi бiр ұғымды беретiн, логикалық жүйесi бар сөз ретiнде танылып, жиi қолданылуы мүмкiн. Поляк, еврей санамақтары поляк, еврей тiлiн бiлетiн ортада ешқашан жұмбақ болып саналмайтыны белгiлi, ал олар орыс балалары санамақтарының құрамына өтiсiмен бiрден жұмбақтық санға ие болады, - деген Г.С.Виноградов байламының көрiнiсiн қазақ санамақтарының құрамынан да байқ ауға болады. Қазақстанның Ресей құрамына қосылғаннан кейiнгi кезеңдегi халықтар жақындастығына байланысты қазақ балаларының репертуарына орыс тiлiндегi санамақтар саны молая түскен. Бұл санамақтардың қала балаларына ешқандай жұмбақтық мәнi болмаса, орыс тұрғындары орыс тiлiн шала бiлетiн ауыл балалары үшiн жұмбақ-санамақ (заумная считалка) ретiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды санға үйретуге ақыл-ойдың әдістері
Төрт жастағы балаларды сан жайлы ұғым қалыптастыру
Арқан тартыс
Ойындық фольклор жайлы
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысы
Балалар поэзиясының әдеби-көркемдік және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды ұштастырушы сипаттарын теориялық негіздеу
Фольклордың шағын жанрлары
Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Пәндер