Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары



КІРІСПЕ
1 Қазақстанда кәсіптік және әлеуметтік экономикалардың айланысын дамытуда әлемдік тәжірибені пайдалану жолдары.
2 Салалық және облыстар экономикасын талдаудың тиімді әдістерін зерттеу
3 Сала және облыс экономикаларының индикаторлары сәйкестендірілген макроэкономалық жобалау жүйесін жасау жолдары
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік. Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп, нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді.
Макроэкономика индикаторларының құрамының тұрақтануының маңызды бөлігі осы салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі кәсіпорындардың бостандығына, оларға жасалған жергілікті қызметтік инфрақұрылымдардың жұмыс сапасына тікелей байланысты. Егер салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі жұмыс жүйеленген индикаторлармен бағаланбаса, үкіметіміз оларға басқарудың қолпаштау механизмдерін дұрыс қолданбаса, онда экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын жетілдіру, оларды пайдалану жолдарын әділ бағалау, халықаралық қоғамдастықта қолайлы үрдістерді жүргізу мүмкіндігі шектеулі болады. Тек қана елдің және оның жеке кәсіпкерлерінің даму басымдықтарын әділ түрде айқындай және бағалай алсақ, онда саяси-экономикалық реформаларды барынша нық сеніммен жүргізуге, сондай-ақ, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеуге мүмкіндік туады.
Бірақ қазіргі күні салалық болсын, әлеуметтік жағдай болсын ел экономикасын дамытудың бар мүмкіндігі толықтай игеріліп отыр дей алмаймыз. Жер байлығы, адам күші, қаржы капиталының құндылықтары кейбір үлкенді кішілі кәсіпорындарда дұрыс және тиімді пайдаланылмай отырғаны өкінішті. Әсіресе, осы экономика салаларын басқару, сараптау-талдау жұмыстарын жүргізуде, басым бағыттарды тап басып табуда, жіберіліп жатқан кемшіліктер аз емес. Оның үстіне қолда бар қаражатты тиімді пайдалану әдістемелері де өте шектеулі. Әсіресе ішкі қаржының ұзақ мерзімді көздерін қалыптастыруға жете назар аударылмай келеді. Бұл мәселелер дұрыс шешімін табу үшін, елімізде жобаланып жатқан жаңа қаржы архитектурасында талдау және жобалау жұмыстарының жаңа әдістемелерін пайдалану қажеттігі туындайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ  338.26 (574)                                                     
Қолжазба құқығында

 

ЕЛЕУСИЗ ЛӘЙЛА ТҰРСЫНҚЫЗЫ

 
Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
 
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет ету салалары және аялары бойынша)
 
 
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
 
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде
орындалған

 

Ғылыми жетекші:   экономика ғылымдарының докторы С. Байзақов

 
Ресми оппоненттер:                        экономика ғылымдарының докторы
К.Е.Кубаев
экономика ғылымдарының кандидаты Н.М.Қасқатаев
Жетекші ұйым                                  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті

 

Қорғау 2010 жылы 26 тамызында сағат 14:30  Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын БД 14.08.01 диссертациялық
кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қаласы,
Жұбанов көшесі 7, мәжіліс залы.
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда
университетінің кітапханасында танысуға болады.
 
Автореферат 2010 жылы 4 шілдеде таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым
хатшысы,                                                               
экономика ғылымдарының докторы                                Р.А.Исмаилова

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған он сегіз жыл ішінде
еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күш салып келеді. Оған
демократиялық жолмен жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз,
қарышты қадамдарымыз куә. Бүгінде біз әлемге абыройлы, беделі биік, еңселі
елге айналдық. Аз уақыт аралығында алған асуымызды, тіпті, әлемдегі
экономикасы дамыған ірі елдер, халықаралық ұйым өкілдері де мойындап отыр.
Қай ел болмасын, осыншама аз уақытта өзін әлемге мойындатса – бұл оның өзге
елдермен экономикалық қарым-қатынасының жақсарғанының арқасы дер едік.
Қазіргі таңда әлемдік макроэкономикалық көрсеткіштер қаржы дағдарысына
қарамастан оң қарқынынан айырыла қойған жоқ. Ал осы жеткен дәрежені одан
әрі жалғастыру үшін, яғни, макроэкономикалық индикаторлар жүйесінің
тұрақтылығын арттыру үшін, олардың құрылымын жетілдіру үшін еліміздегі
экономиканы реттеу-басқару жүйесінің екі негізгі діңгегін тиімді жүзеге
асыруға тиіспіз. Таратып айтар болсақ, ұлттық экономиканың тұрақтылығымен
өсу дәрежесі салалық және жергілікті елдер экономикасының жұптасуын, оған
керекті көрсеткіштерінің сәйкестігін арттыра түсетін құралдар мен
әдістемелерін жетілдіріп, талдау сараптау жұмыстарын дұрыс жолға түсіріп,
нақты индикаторлар жүйесін жасауды талап етеді.
Макроэкономика индикаторларының құрамының тұрақтануының маңызды бөлігі осы
салалық және жергілікті елдер экономикасы жүйесіндегі кәсіпорындардың
бостандығына, оларға жасалған жергілікті қызметтік инфрақұрылымдардың жұмыс
сапасына тікелей байланысты. Егер салалық және жергілікті елдер экономикасы
жүйесіндегі жұмыс жүйеленген индикаторлармен бағаланбаса, үкіметіміз оларға
басқарудың қолпаштау механизмдерін дұрыс қолданбаса, онда экономиканы
дамытудың ішкі және сыртқы факторларын жетілдіру, оларды пайдалану жолдарын
әділ бағалау, халықаралық қоғамдастықта қолайлы үрдістерді жүргізу
мүмкіндігі шектеулі болады. Тек қана елдің және оның жеке кәсіпкерлерінің
даму басымдықтарын әділ түрде айқындай және бағалай алсақ, онда саяси-
экономикалық реформаларды барынша нық сеніммен жүргізуге, сондай-ақ,
қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеуге мүмкіндік
туады.
Бірақ қазіргі күні салалық болсын, әлеуметтік жағдай болсын ел экономикасын
дамытудың бар мүмкіндігі толықтай игеріліп отыр дей алмаймыз. Жер байлығы,
адам күші, қаржы капиталының құндылықтары кейбір үлкенді кішілі
кәсіпорындарда дұрыс және тиімді пайдаланылмай отырғаны өкінішті. Әсіресе,
осы экономика салаларын басқару, сараптау-талдау жұмыстарын жүргізуде,
басым бағыттарды тап басып табуда, жіберіліп жатқан кемшіліктер аз емес.
Оның үстіне қолда бар қаражатты тиімді пайдалану әдістемелері де өте
шектеулі. Әсіресе ішкі қаржының ұзақ мерзімді көздерін қалыптастыруға жете
назар аударылмай келеді. Бұл мәселелер дұрыс шешімін табу үшін, елімізде
жобаланып жатқан жаңа қаржы архитектурасында талдау және жобалау
жұмыстарының жаңа әдістемелерін пайдалану қажеттігі туындайды.
Қазіргі жағдайда макроэкономиканың салалық және облыстардың, оның ішіндегі
жергілікті елдер экономикасының даму саясатын зерттеу, оларды дұрыс
жобалайтын әдістемелер, механизмдер мен индикаторлар жүйесін іздестіру
жұмыстары аса өзекті тақырып болып отыр. Сол себепті де осы тақырыпты
зерттеуге арналған диссертацияның ғылыми жағынан да, қажеттілігінің
өміршендігі тұрғысынан да маңызы зор.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Нарықтық қайта құрулардан кейінгі экономикалық
ахуалды сапалы жағдайға көшірудің негізгі тиімділігі – экономикалық
өсімдердің тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ашық нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан үшін сала
экономикасымен облыстарымыздағы әлеуметтік қызметтерін қосарлана дамытудың
жүйелі, әрі жұптас әдістемелерін әзірлеу өте маңызды. Ол үшін сала және
елдер экономикасының қолданбалы әдістемелік проблемаларын зерттеп, олардың
экономикалық дамуын талдау мен болжау, жергілікті ел экономикасының сала
экономикасымен байланыстыра отырып, макроэкономиканың құрылымдық негізін
анықтау жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Осындай мақсаттарда еңбек етіп жүрген ұлттық, салалық және жергілікті
экономиканы (экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, инвестициялық салалар
бойынша) зерттеуші шет ел ғалымдарының ішінде Д.Адамс, Д.Гарднер, Э.Долана,
Д.Линдсей, К.Линча, П.Холланың еңбектері де ұлттық экономиканың даму
тұрақтылығына сала экономикасымен әлеуметтік қызметтің тигізетін пайда
зиянын көрсеткен. Сонымен қатар, отандық және ресейлік ғалымдар
–А.Алимбаев, Р.Алшанов, Д.Адильбеков, С.Байзақов, У.Баймұратов,
В.Боголюбов, А.Добрынин, А.Есентүгелов, Р.Елемесов, Е.Жатқанбаев,
Қ.Мұхтарова, О.Сабден, Л.Спанкулова, А.Қошанов, К.Кубаев, В.Лексин,
О.Төлемісов, Ә.Темірболатов, Н.Мамыров, Н.Нурланова, А.Новоселов,
Е.Решетникова, И.Сигов, М.Удальцова, В.Чекалин, Л.Чернышов, А.Швецов,
У.Шеденов және тағы басқаларды атап айтқанымыз жөн.
Бірақ Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін, оның қазіргі кезеңдегі
проблемаларға сәйкес келетін даму тетіктерін, оларға сала және облыстардың
экономикасының көрсеткіштері сай болуын зеттеу жағы әлі де кемістеу.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты және қараған мәселелері. Зерттеу жұмысының
басты мақсаты – макроэкономикалық саясатқа сәйкес келетін, еліміз алға
қойған басым бағыттарды өмірге әкелетін салалық және жергілікті елдердің
экономикасын талдау және болжау тәсілдерінің макроэкономикалық жобалау
жолдарын жетілдіру. Бұл мақсатқа жету жолында мына мәселелер қаралды:
1. Қазақстан экономкасының салалары мен облыстарының қазіргі даму
дәрежесін талдау және олардың өсу қарқынының әлеуметтік-экономикалық
бағасын беру;
2. экономиканың ресурстар потенциалдарын пайдалану және реттеу
жұмысындағы өткен мерзімде кеткен кемшіліктерді анықтап, әр салада, әр
елде бар мүмкіншіліктерді дұрыс анықтау жолдарын көрсету;
3. салалық және елдік экономиканы басқарудағы әлемдік бай тәжірибелерді
енгізу жолдарын зерттеу және басқарудың ішкі тетіктерін жоғары
дәрежеде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
4. елімізде жүргізіліп жатқан стратегиялық бағдарламаларға, болжамдау
және жоспарлау, жедел мониторинг жүргізу жұмыстарына сәйкес келетін
тәсілдемелер жүйесін жасауға ықпал ету;
5. ел макроэкономикасының негізгі көрсеткіштеріне сай келетін салалық
және әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін жасауға көмектесу.
Зерттеу нысанасы: Қазақстан ұлттық экономикасының салалық және облыстардың
экономикаcы қаралды.
Зерттеудің пәні: Еліміздің салалық және облыстар экономикасының өсу
қарқынының Қазақстан экономикасының дамуына тигізетін әсерлерін бағалау мен
жобалау әдістемелері және оның тиімділігін анықтау тетіктері болып
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Диссертациялық зерттеу
жұмысының негізінде отандас және шетелдік экономика ғалымдарының мол
тәжрибесі басты ұстанымға алынып, зерттеу еңбектерінің кейбір дәйектемелері
қарастырылды.
Сонымен қатар, елдің дамуының макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі және
еліміздің салалық, салааралық байланыстарын зерттеуге арналған
проблемаларды талдауға бағдарланған Қазақстанның экономика салаларының және
облыстарының статистикалық базасы пайдаланылды.
Диссертацияда пайданылған зерттеу әдістеріне логикалық, салыстырмалы,
құрылымдық-функционалдық әдістер мен экономикалық-математикалық және
графикалық әдістері кірді. Қолданбалы зерттеулер барысында
классификациялау, топтарға бөлу, экономика-статистикалық талдау әдістері,
зерттеліп жатқан үрдістердің құрылымы мен динамикасын талдау әдістері
пайдаланылды.
Диссетрацияда еліміздің экономистерінің мемлекеттік және әлеуметтік
экономикалық даму мен стратегиялық басқару тақырыптарында жазылған
Президент, Парламент және Үкімет тарапынан қабылданған құжаттар, қаулы-
қарарлар, тактикалық және стратегиялық шешімдер, тағы басқа да мемлекеттік
құжаттар пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде мыналар пайдаланылды:
1. әлемдегі экономикалық басқару саласындағы озық тәжірибелер және
Қазақстанның мемлекеттік биліктерінің заңнамалық және нормативтік-
құқықтық актілері;
2. Президент, Парламент және Үкімет тарапынан қабылданған құжаттар, қаулы-
қарарлар, тактикалық және стратегиялық шешімдер, тағы басқа да
мемлекеттік құжаттары;
3. ашық баспада жарық көрген экономикалық және әлеуметтік зерттеулер
нәтижелері;
4.  отандық және шетелдік экономистер еңбектерінде жарық көрген фактілік
және эмпирикалық материалдар, мерзімді басылымдар, дөңгелек үстел
материалдары, семинарлар мен конференция материалдары және Интернет
ғаламдық жүйесі ақпараттары.
Нәтижелердің негізділігі мен шынайы - нақтылығы. Диссертациялық жұмыстың
негізділігі мен шынайы-нақтылығы жүргізілген теориялық зерттеулермен, ресми
дерек көздерден алынған статистикалық мәліметтер пайдаланумен,
эконометриялық модельдер мен әдістерді қолданумен және тәжірибелік
есептеулер жүргізу арқылы расталды. Қорытындылар мен нәтижелер әртүрлі
салыстырмалы сараптаудан өтіп, мемлекеттік, салалық және әлеуметтік дамуды
басқару тәжірибесіне үлес қосуға арналды. Нақтырақ айтқанда, диссертацияда
қойылған мәселелердің шешімі мынадай әдістермен негізделді және шынайы
нақтылығы анықталды:
1. Қазақстан экономкасының салалары мен облыстарының қазіргі даму
дәрежесін талдау және олардың өсу қарқынының әлеуметтік-экономикалық
бағасын беру туралы диссертацияда қойылған мәселені шешу үшін салалар
бойынша жалпы қосымша құн құрамын, ал облыстар бойынша жалпы өңірлік
өнімдерін өздеріне сай өндіргіш күш құрамына жіктеп, олардың өсімін
анықтайтын факторларға зерттеулер жүргізілді;
2. экономиканың ресурстар жүйесін пайдалану және реттеу жұмысындағы өткен
мерзімде кеткен кемшіліктерді анықтап, әр салада, әр елде бар
мүмкіншіліктерді дұрыс пайдалану мәселелерін шешу үшін өзара
байланысқан индикаторлар жүйесі жасалып, олардың әрқайсысына әділ баға
беретін дәрежедегі әдістемелер айқындалды;
3. салалық және әлеуметтік басқарудағы әлемдік бай тәжірибесін елімізде
енгізу жолдарын зерттеу және басқарудың ішкі тетіктерін жоғарғы
дәрежеде пайдалану мәселелерін анықтау үшін дамыған және жедел дамып
келе жатқан елдер тәжірибелері сарапталды. Еліміздің салалық және
елдің жергілікті ерекшеліктері мен мүмкіндіктері негізделді;
4. елімізде жүргізіліп жатқан стратегиялық бағдарламаларға, жобалау және
жоспарлау жұмыстарына сәйкес келетін салалық және әлеуметтік даму
жүйесін жасауға ықпал ететін көрсеткіштер дайындалды;
5. ел макроэкономикасының негізгі көрсеткіштеріне сай келетін салалық
және әлеуметтік көрсеткіштер жүйесінің өзара байланысы зерттелді.
Ғылыми жаңалығы. Макроэкономиканың өсу мүмкіндігін, оның тұрақты дамуының
негізін қалайтын діңгектері саналатын салалық және облыстарымыздағы
әлеуметтік экономикасының әдістемелерін қалыптастыру және оларды жұптастыру
осы диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып есептеледі.
Диссертациялық еңбектің ғылыми жаңалығы қатарына, Қазақстан экономикасын
әрі қарай дамытуына пайдасы тиетін, зерттеу негізінде алынған ұсыныстар
жатады. Сондай-ақ, салалық экономикадағы және әлеумет қызметіндегі
проблемаларды кешенді түрде жинақтап қорытындылау, Қазақстанның
экономикалық жүйесінің салалық экономиканың облыстарымыздың әлеуметтік
дамуына тигізетін әсерін бағалайтын моделдер және оған қажетті жобалау
әдістерін зерттеу де еңбектің жаңалығын толықтыра түседі.
Зерттеу барысында орындалған еңбектің жаңалығын құрайтын және қорғауға
шығарылған негізгі ғылыми нәтижелер мен ұстанымдар мыналар:
1. салалық және жергілікті экономиканы байланыстарын зерттеудің шетелдік
және отандық тәжірбиесін талдау әдістерін саралап, соның нәтижесінде
Қазақстанда нарықтық экономиканы реттеу жұмыстарын жүргізудің жаңа
әдістемелері белгіленді;
2. салалық экономиканың әлеуметтік қызметтермен ықпалдасуын және
жұптасуын моделдейтін әдістемелік тәсілдемелерді талдау негізінде,
еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жобалаудың
макроэкономикалық әдістемелер жүйесі жасалды;
3. еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына
сәйкес салалық және жергілікті ел экономкасын талдаудың көп өлшемді
эконометриялық әдісінің негізінде Қазақстан облыстарының тиімділік
топтамасы әзірленді;
4. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері анықталып, оларды болжамдау
жұмысына пайдалану реттері айқындалды;
5. Қазақстан экономикасының келешекке арналған болжамының салаға және
облыстарға жіктеу әдістемелері ұсынылды және олар тәжірибелік
есептеуден өтті.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Қазір Қазақстан
Республикасынында макроэкономикалық саясат толықтай жолға қойылды деп
айтуға болады. Бірақ оның өсу дәрежесінің тұрақтылығы салалық және
әлеуметтік саясатты жасаудағы әдістемелерге, жеке кәсіпкерлер мен
жергілікті басқару орындарының ара-қатынасына байланысты екені белгілі.
Мәселен, салалық болжам мен макроэкономикалық болжамдар арасында бірыңғай
әдістеме болмаса, макрокөрсеткіштер арасында айырмашылық туындайды.
Сондықтан да салалық және әлеуметтік саясаттарды макроэкономикалық
саясатпен ұштастыратын тәсілдер мен әдістемелерді мұқият сараптау қажет.
Диссертация зерттеуі бойынша алынған қорытындылар Қазақстан Республикасының
экономикалық даму және сауда министрлігі (бұрынғы экономика және бюджетті
жоспарлау министрлігі) және Экономикалық зерттеу институты қажетті
материалдар дайындауда пайдаланып отырды. Оларды еліміздің әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасын және облыстардың экономикасына болжамдар
қалыптастырғанда, өңірлердің әкімдіктерінің экономикалық қызметінде
пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелері мен негізгі ұстанымдарын байқаудан өткізу.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі бөлімдері мен зерттеу барысында
жасалған жұмыстың нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалып және талқыланды: Аймақтық тұрақты даму
стратегиясы - (Қарағанды, 2005), Қазақстан республикасының басекеге
қабілеті: жағдайы, мәселелері және даму артықшылығы (Астана, 2005),
Қазақстан республикасының экономикалық өсу жағдайының өзекті мәселелері
(Астана, 2004), Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан
экономикасының даму болашағы (Астана, 2009), Еуразияның жаһандық қатерлер
жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі II Астаналық экономикалық форум
(Астана, 2009). Сонымен қатар негізгі нәтижелері автордың ғылыми жетекшімен
бірге дайындаған жариялымдарда жарық көрді: Проект SONA (OSA) по системной
поддержке государственного управления (в экономическом анализе и
прогнозировании) (Караганда, 2008), Прикладные инструменты системного
анализа динамики экономических индикаторов (Караганда, 2008).
Сондай-ақ сала экономикасының индикаторларымен байланысу жолы, және талдау
мен болжамдау жүйелері Экономикалық зерттеулер институтының  қызметіне
енгізіліп жүргізілген жұмыстарға толығынан пайдаланылды.
Тақырып бойынша басылымдар. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы
көлемі 3,9 б.п. құрайтын 16 ғылыми жұмыс жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда 7 мақала және халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциялар материалдарында 4 мақала, 3 мақала басқа да
баспаларда жарық көрді.
Жұмыс құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қазақстанда кәсіптік және әлеуметтік экономикалардың айланысын дамытуда
әлемдік тәжірибені пайдалану жолдары. Сала экономикасымен жергілікті
әкімшіліктер экономикасының ұлттық ынталық негіздер бойынша сыбайлас
тетіктерін зерттеу құнды мәселелер қатарына жатады. Мемлекет пен жеке
меншіктің иелері арасындағы байланысты нығайту керектігі осыдан туындайды.
Орындалған диссертация тақырыбына, зерттеудің мақсатына сәйкес, екі негізгі
әдістеме таңдап алынды: бірі эконометриялық әдістеме, ол бірінші бөлімнің
негізін құрайды. Ал екінші әдістеме диссертация жұмысының екінші және
үшінші бөлімінде пайдаланылды. Бұл екі әдістемелердің екеуі де, Қазақстан
салаларымен өңірлерінің әлеуметтік – экономикалық дамуы қандай,
республикалық экономика деңгейін көтермелеуге сай келеме, әлде қарсы әсер
етпейме, деген сұрақтарға жауап беруге, еліміздің болашағын болжамдауға
пайдаланылды.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің 2008 жылы өткен
кезеңіне шолу жасау үшін біз кесте 1-ді келтірдік. Ол мәліметтер 16 өңір
бойынша осы кестедегі 12 көрсеткіштермен берілді: жалпы өңірлік өнім,
сырттан құйылған тура инвестиция, сыртқы сауда айналымы, экономиканы
қаражатпен қамтамасыз ету дәрежесі, шағын кәсіпорындардағы жұмыспен
қамтылғандардың саны, жұмыссыздық деңгейі, жан басына келетін ең аз
күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі халықтың үлесі, бөлшек
сауда айналымы, негізгі қор. Кесте 1 - де бұл көрсеткіштердің жан басына
шаққан, яғни, әр өңірде тұратын бір адамға деп есептелген түрі берілген.

Кесте 1- Салалық және жергілікті әкімшіліктер бойынша әлеуметтік
экономикалық дамудың индикаторлары (2008 ж.)

Облыстар мен қалалар

Кесте 1-де көрсетілгендей, жергілікті әкімшіліктердің ертеден келе жатқан
кәсібі жаңаша жалғасуда. Қазақстанның орташа көрсеткіштері бойынша
есептеулерден Жамбыл облысынан басқа өңірлердің экономикалық әлеуметтік
дамуы жоғарылап келе жатқанын байқадық. Бірақ кесте 1- ден көріп
отырғанымыздай, сандық бағалауда өңірлер арасында бір-бірімен 8 есеге дейін
айырмашылық бар.
Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің мәліметі бойынша ел
экономикасының бірден-бір маңызды көрсеткіші болып жалпы өңірлік өнім
көлемі (ЖӨӨ) есептеледі. Кесте 1- бойынша өңірлердегі белгілі бір кезеңдегі
өндірілген өнімнің жан басына шаққанын (ЖБШ) анықтайық. Республикалық жалпы
өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) жан басына шаққанда 1030,9 мың тенгені құрайды.
Ал өңірлерімізде осы орта шамадан бір-бірінен көп алшақтық басым.
Атап айтсақ Атырау облысында 3667,4 мың теңгені, Жамбыл облысында 318,8 мың
теңгені көрсетеді: алшақтық он бір есе (3667,4: 318,8), жоғыры деңгей мен
төменгі деңгей орта деңгеймен 3 есе айырмашылығы бар. Осы есептеулерден
еліміздің өңірлер арасындағы бір қалыпты дамуының жоқ екенін байқаймыз.
Әрине мұндай алшақтық болуға тиісті, бірақ бұл алшақтық жыл өткен сайын
көбеймеуі керек. Үкімет осыны байқап отыру қажет сияқты. Мысалға Ақтөбе,
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау жергілікті әкімшіліктері мен
Астана және Алматы қалаларында жан басына шаққан орташа республика
көрсеткішінен жоғары болса, қалған облыстарда оның шамасы республикалық
орта көрсеткіштен төмен.
Экономикамыздың әр саланың да, әр жергілікті әкімшіліктердің де өсу қарқыны
қаражат құю мөлшерімен байланысы экономикалық теориядан белгілі. Ендеше
жаңағы жан басына шаққандағы өнімінің жергілікті әкімшіліктер бойынша
алшақтығының себебін осы қаражат құю қарқынынан іздеген дұрыс. Рас,
жергілікті әкімшіліктерімдің басым көпшілігі қаражатпен қамтамасыз ету
мөлшері ортареспубликалық көрсеткіштен (орташа республикалық көрсеткіш
54,4%) жоғары деңгейін құрайды. Алдыңғы қатардағы облыстарда сырттан
өндіріске тікелей құйылатын қаржы басым. Мұнай, газ, көмір өндіретін
облыстарда, яғни Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Манғыстау жергілікті
әкімшіліктері шетелдік қаржыға бай.
Сыртқы сауданы жеке алсақ осы жергілікті әкімшіліктермен бірге Қызылорда
облысымен Астана және Алматы қалаларының (экспорт пен импорттың қосындысы)
көрсеткіштерін жақсы деп атауға болады. Осы үлкен топ экономикасы аталған
екі жеке көрсеткіш бойынша ортареспубликалық деңгейден жоғары.
Айта кетейік республикалық орта деңгей тура инвестициялар бойынша -68,4 мың
тенге, сыртқы сауда айналымы- $7821. Бұл орташа көрсеткіштер жан басына
шаққандағы шамамен есептелініп отыр. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жағдайы бұл көрсеткіштерден
көп төмен.
Дегенмен, жергілікті әкімшіліктердің басым көпшілігінің әлеуметтік даму
барысы жоғарылап келеді. Бірақ, жеке көрсеткіштер бойынша өңірлердегі
жұмыссыздық деңгейін (экономикалық белсенді, жұмысқа жарамды халықты
пайызбен есептегенде) қарастырсақ, облыстарымыздың жартысы республикалық
деңгейге сай келіп, қалғаны төменгі деңгейді көрсетеді.
Ал енді жан басына келетін ең аз күнкөріс көлемін республикалық орта шамаға
қарағанда Алматы облысында 4,8, Жамбыл облысында 5,7 және Оңтүстік
Қазақстан облысы – 5,3, ал Манғыстау облысы-23,5 және Атырау облысында
30,3, ал Астана каласында -22,4, Алматы қаласында 22,1 есеге басым екенін
көреміз. Яғни, жалпы өңірлер арасындағы бұл көрсеткіштің бір-бірінен
айырмасы 5 есеге жетіп қалғанын байқаймыз. Айта кетейік, бұл көрсеткіш
Ресейде 1999 жылы 17 есеге тең болады. Яғни бізде Ресейге қарағанда жағдай
жақсы, дегенмен бұл мәселені де естен шығармау керек. 
Біз бөлшек сауда айналымының және ақылы қызмет көрсету мөлшерін теңгеміздің
құндық қабілетін ескере отырып және осы екі көрсеткіштерді, өзара
байланыстыра отырып даму деңгейін есептедік. Осы есеп бойынша бұл
көрсеткіштің Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларында
жан басына шаққандағы мөлшері жоғары деңгейде, ал басқа облыстарда
республикамыздың орта көрсеткішінен төмен жатыр.
Жергілікті әкімшіліктердің сандық мәліметтерінен алған нәтижелеріміз
бойынша топтаған күш қуаты байқалды, есептеулер қортындысы кесте 2- де
берілді.
Кесте 2-Жалпы өңір өнімінің әртүрлі факторлардан өзара тәуелділігі (2008
ж.)
ӨңірлТопқУ -ЖБШ, мың теңгеадам
ік а
топтакірг
р ен
өңір
саны
1 6 488,0
1 6 1008,8
1 6 488,0
1 6 1404,3
1 6 588,7
1 6 1363,3
1 6 514,6
1 6 1175,7
1 6 592,5
1

Келтірілген кестеде әртүрлі көрсеткіштердің өзара байланысуын байқауға
арналған. Ол үшін барлығы он үлкен топтау жүргізілді. Жан басына шаққан
өнім бойынша (У) бірінші топтар жасалды, сырттан құйылған тура инвестиция
бойынша (Х1) екінші топтар, тағы сол сияқты, небәрі он топтау құрылды. Оның
әрқайсысының ішінде үш кішігірім топтар бар. Бірінші кішігірім топта –
үлкен топтауға кірген өңірлердің ең төменгі көрсеткіш деңгейі, екінші
кішігірім топта-орташа, ал үшінші кішігірім топта – жоғары деңгейі
берілген. Осы кестеден нені көруге болады? Осы кестеден байқайтынымыз
сырттан құйылатын инвестиция өскен сайын жеке сауда айналымы да, негізгі
қорда, шағын кәсіпорындарындағы жұмыскер саны да, сыртқы сауда айналымы да
өсіп тұр. Керісінше жан басына шаққандағы өнімімен инвестиция өскен сайын
табысы аз және күнкөрісі төмен адамдардың саны бұл бірінші топта азаюда.
Бұның да қисыны бар.
Кейінгі топтауларда да осы сияқты байланыстар көптеп байқалады. Бірақ
негізгі түйін мынада: сала экономикасы мен еліміздің жалпы экономикалық
дамуы әлеуметтік дамудың алғы шарты. Керісінше байланыс тағы бар:
әлеуметтік дамусыз сала экономикасының дамуыда мүмкін емес. Өйткені әлеумет
дегеніміз, адам, әлеуметтік даму - адам дамуы. Адамсыз, оның жұмыс
күшінсіз, бірде-бір елдің экономикасы дамыған емес. Біріншіден
көрсеткіштердің өздерін, олардың мәндері бойынша экономиканың қуатын
күшейтудің факторлары және әлеуметтік жағдайды өсіру факторлары деп аса
үлкен екі топқа бөлуге болады.
Ал жергілікті әкімшіліктердің экономикасының қарқынды дамуына және даму
көлеміне әсер етуші негізгі көрсеткіш - жан басына шаққан және сырттан
құйылған инвестиция болса, онда олардың әлеуметтік дамуға әсерін жұмыспен
қамтылған белсенді халықтың құрылымы, соның ішінде шағын кәсіпорын
жүйесіндегі жұмысшылар үлесі, өңірлер бойынша табысы орташа жан басына
шаққанда келетін ең аз күнкөріс, табысы күнкөрісінен төменгі деңгейдегі
халықтың үлесі арқылы бағалауға болады. Осы әлеуметтік даму
көрсеткіштерінің жақсару салдарынан бөлшек тауар айналымы мен басқада
нарықтық көрсеткіштер анықталады. Экономикалық күшейтудің көрсеткіші болып,
яғни жалпы ішкі өнімнің өсу тетігі негізгі қор (Х9)- болып саналса, сырттан
өндіріске тікелей келіп түсетін қаржы, сол негізгі қорды көбейту жолы болып
табылады. Мысалға, жан басына шаққандағы өнім бойынша бірінші топтаудағы
екі көрсеткішті алып қарайық (кесте 3). Бірінші көрсеткіш жан басына
шаққандағы, екіншісі – сырттан құйылған инвестиция болсын делік (бірінші
топ =1,0):
Кесте 3- Экономиканы топтаудың салыстыру кестесі (2008 ж.)
Топтар Сан мөлшері, мың теңгеадам Салыстырма (сапа) мөлшері, %
кезегі
ЖБШ Сырттан құйылғанЖБШ Сырттан
инвестиция құйылған
инвестиция
1 488,0 22,4 100 100
2 1071,1 31,7 219 142
3 2414,1 300,3 495 1340
Ескерту – автормен есептелген

Кесте 3-тен байқайтынымыз, келтірілген көрсеткіштер маңызды экономикалық
заңдылықтырға бағынып, бір-бірін айқындап тұр. Оның ішінде мыналарды атауға
болады: өңірлердің ең төмен даму тобының деңгейін жалпы өңірлік өнім көлемі
бойынша 100% деп алсақ, орташа топтағы аймақтардың деңгейі одан 2,19 есе,
үшінші топтағы облыстарда 4,95 есе жоғары екенін көреміз.
Экономикамыздың даму факторларының арасындағы өзара байланысын жай көзбен
байқағанымызбен, қандай фактор оның дәрежесін қаншалықты көтергенін дәл
басып айта алмаймыз. Мысалға, экономиканың өсуін еңбек пен негізгі қор
арқылы анықтап жүрміз. Ондай екі байланысты жай көзбен, оймен шығара
алмаймыз. Аспан әлемін зерттеуге телескоп керектігі сияқтығы, екі-үш,
оданда көп факторлардың экономикамыздың өсу дәрежесіне көмегін байқау үшін
экономика-математикалық әдістер қажет.
Осы байланыстарды талдауды экономика-математикалық әдістерімен де дәлірек
жүргізіп көрдік. Алынған нәтиже диссертацияда толық баяндалды. Мұндай
эконометриялық теңдеулер жоғарыдағы факторлар жүйесі берілсе, онда алдағы
жылға, немесе оданда көп мерзімге жобалау жұмыстары арқылы болжамдар
жасауға болады. Осындай болжамдарға сүйемел ретінде қолданылатын басқа да
әдістемелер диссертацияда толығынан келтірілді.
Көптеген елдерде сала экономикасы толығынан жергілікті әкімшіліктер арқылы
нормативті-құқықтық жолмен жүргізіледі де, макроэкономикалық көмекші
құралдар арқылы басқарылады. Қазақстан экономикасының ерекшелігі бойынша
салалық экономиканы басқару мен реттеу мәселері орталық министрліктер
арқылы шешіледі. Сондай-ақ, шет елдерге шығарылатын тауарлар мен қызметтер
де көбінесе осы министрліктер арқылы басқарылып жүр. Ал, жедел дамыған
елдерде аймақтық басқару бойынша жергілікті өзін-өзі басқару институттары
кеңінен таралуда. Қазақстанда сала экономикасы өзінше, облыс экономикасы
өзінше басқарылып, ұлттық экономикамыз әлі күнге дейін бір жүйеге келе
алмай отыр.
АҚШ, Германия, Канада, Жапония, Франция, Түркия, Африканың көптеген елдері
жергілікті өзін-өзі басқару орындарының жүйесі салалық экономикамен
тұрмыстық мәселелерді ұйымдастырудың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар салалық-
аумақтық бірліктер аясында құрылған. Мұндай жүйе шығынды көп қажет
етпейтіндіктен, әкімшілік-аумақтық құрылымның қазіргі жүйесі шеңберінде
Қазақстанда да енгізуге болады. Бұл жүйенің дұрыстығын негіздеу үшін
диссертацияның бірінші бөлімінде жергілікті басқаруды және өзін-өзі
басқаруды дамытудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасалды. Бұл орайда, бір
жағынан АҚШ пен Жапонияның, екінші жағынан, Еуропаның дамыған елдері –
Германия мен Ұлыбританияның тәжірибелеріне баса назар аударылды. Әлемнің
басқа елдерінің тәжірибелері мен осы елдерде жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамытуда қолданылатын қағидаларда ашып көрсетілді.
Диссертацияда талданған шет елдердің салалық және жергілікті
әкімшіліктердегі басқару жүйелері Қазақстанға өте қажет. Өйткені ТМД мен
Балтика жағалауы елдері өздерінің жергілікті ерекшеліктерін ескеріп, АҚШ
пен Жапонияның, Европаның озық үлгілірін әлі күнге дейін пайдалануда.
Бірінші кезекте, бұл елдер жергілікті өзін-өзі басқару орындарының жүйесін
құруда белгілі әлеуметтік салаларын ерекшелігі ескерілетін жергілікті
басқару тетіктерін негіз етіп алды.
Жергілікті өзін-өзі басқару орындарының қаржысын қалыптастырудың мұндай
тәртібі, кейбір ерекшеліктерін ескеретін болсақ, КСРО тарағаннан кейін оның
бұрынғы аумағында құрылған мемлекеттердің біразына дерлік тән.
Алайда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінде әлі күнге дейін қаралуда.
Өйткені мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару нысандары нақты
анықталмаған, ал өзін-өзі басқару заңының жобасының ел Конституциясында
қайшы келетін жерлері де бар.
Берік заңдық іргетасы болмаса да, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару
бойынша да, жергілікті экономиканың саясатын жүргізуде де біршама тәжірибе
бар. Стратегиялық жоспар қабылданғаннан бері бұл тәжірибенің қажет екендігі
бұрынғыдан да бетер мол көңіл бөлінуде.
Елімізде сала және облыстар экономикасын мемлекеттік реттеумен
толықтырылған нарықтық шаруашылық жүріп жатыр. Мемлекеттің нарықтық
экономикаға кірісуі жергілікті әкімшіліктерді басқарудың спецификалық
деңгейінде, әкімшілік аудандар мен қалалардың деңгейінде де жүргізіледі.
Себебі, бұл деңгей мемлекеттік басқару жүйесінде басқаларымен салыстырғанда
адамдарға анағұрлым жақын, салалық экономиканың тұрақтылығын күшейтіп,
жергілікті тұрғындардың тіршілік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Жергілікті экономикаға байланысты тікелей мемлекеттік реттеу құралы болып
мемлекеттік сатып алу жүйесі бүкіл әлем бойынша бірінші орында тұр. Сол
себепті жергілікті экономиканы дамытуды жеделдету үшін бұл механизмді
елдегі округтер мен қалалық аудандардың басқару жүйесіне екпінді пайдалану
керектігі диссертацияда анық көрсетілді.
2 Салалық және облыстар экономикасын талдаудың тиімді әдістерін зерттеу.
Экономиканың даму деңгейін реттеудің, керек болған жағдайда, басқарудың
жалпыға бірдей қағидаты ретінде әлемнің озық елдерінде еңбек, капитал,
тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы тепе-теңдікті сақтау керектігі есепке
алынады. Осы әлем бойынша тепе-теңдік қағидатының негізгі индикаторлары
ретінде нарықтағы тауарлар мен қызметтерді өндіру деңгейі, еңбек және
жылжымайтын мүліктер, оның ішінде негізгі қаражат (капитал) ресурстарының
қамтылу дәрежесі, экономикалық агенттері кірістерінің көрсеткіштері, сондай-
ақ елімізге экспорттық, немесе ішкі тұтынушылықта маңызы бар тауар
бағаларының деңгейі қолданылуда.
Егер нарықтық экономиканың осы индикаторлар жүйесі толық көлемде өзінің
тепе-теңдік теориясындағы базасымен үйлесімділік тапса, онда басқарудың
маңызды тұтқалары ел дамуының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуге жарайды деген сөз. Елімізде нарық жұмысын бақылау
тәжірибесіне осы индикаторлар жүйесін пайдалана алсақ, және оларды
экономикамыздың болашақта даму көрсеткіштеріне сәйкестендірсек, онда
ағымдағы басқару шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау
құралдары бізде бар және олар сенімді деп айтуға болады.
Бірақ нарықты бағалаудың қолда бар қазіргі құралдары мен индикаторлары,
күнделікте өмірден көріп отырғанымыздай, тек қысқа мерзімді шешім
қабылдауға ғана жарайды. Ал тепе-теңдік қағидатының ұзақ мерізімдік
жоспарлау немесе жобалау шешімдерін бағалауға жарайтын индикаторлар жүйесі
әліде жетілдіре түсуді талап етеді. Сондықтанда Қазақсанда ТМД елдерінің
алдыңғы қатарында, ұзақ мерізімді жоспарлау жұмысын қысқа мерізімді нарық
мүдделерімен біріктіре отырып жүйесін жолға қойып жатыр.
Макроэкономикалық индикаторлар жүйесі бойынша экономиканы дамытудың
болжамды есептерін жүргізу үшін халық саны өсуінің өлшемдері мен оның
сапалы көрсеткіштерін экзогендік түрде пайдалануға болады. Өйткені
макроэкономика деңгейінде демографиялық көрсеткіштер елімізде жүргізіліп
жатқан ішкі саясат бойынша белгіленеді. Ал макроэкономиканың негізгі
индикаторлар жүйесі жұптастық қағидатына сәйкес өндірістік ресурстардың
(еңбек, капитал және салааралық тұтыну ресурстары) бағаларын нарықтық
экономика бағалары арқылы реттеуге болатынын дәлелденіп отыр.
Өндіріске қажетті ресурстардың бағаларын осылай оңтайландыру және оларды
жұптастық қағидатына бағындыру, нарық экономикасында тепе-теңдік теориясын
дұрыс пайдалану деп түсіну керек. Шектелген табиғи, немесе еңбек пен
капитал ресурстарының барлық түрлерін салалар арасында жасалатын болжамдау
жұмыстарын жүргізгенде, оларды тиімді бөлу жобаларын жұптастық қағидаты
арқылы анықтау қажет. Өйткені салалық экономика бойынша өңірлеріміздегі
шектелген ресурстарды бөлісу ортақ тепе-теңдіктің классикалық теориясына
сәйкестендіріліп жасалуы керек. Бұл жұмысты орындауда жұптастық қағидатының
маңызы зор.
Ұлттық экономиканың салалық және өңірлік экономикасының бір біріне сәйкес
келетін модульдерін жасау үшін және олардың негізгі индикаторлар жүйесін
қалыптастыруға еңбек пен капитал бағаларын жұптастыру қағидаты аркылы
реттеп, еңбек пен капитал жұбынан туындайтын жұмыс өнімділігін арттыруға
пайдалану маңызды. Өңірлік экономикаға арналған осы негізгі индикаторлардың
байланысы автордың ғылыми жетекшісімен бірігіп жасаған еңбектерінде
тереңірек қаралған.
Төменде салалық экономика индикаторларын салааралық байланыстару жүйесін
қалыптастыру жүйесі барынша толық қаралып отыр.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы алдында болған экономиканың осы
салаларындағы жағдайды айқындау үшін жалақы деңгейі мен еңбек өнімділігін
қатынасын одан әрі жетілдіру мақсатында талдау және зерттеу жұмыстары
диссертацияда кеңінен жүргізілді.
Барлық елдерде еңбек өнімділігінің кешенді өсімі негізгі мақсаттардың бірі
болып саналады. Ал ел экономикасын алып қарайтын болсақ Қазақстанда бір
жұмысшы жылына 15-17 мың доллар шамасында ғана тауарын өндірсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Аймақтық экономиканы басқару мәні мен мазмұны
Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Құрылыс салу
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Пәндер