Көрнекілікті пайдалану әдіс-тәсілдері


Көрнекілікті пайдалану әдіс-тәсілдері.
Дидактикалық принциптердің бір-оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар
пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрция жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды
(магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, радио, телевизия т. б. ) пайдалану
арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану
грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданатын көрнекілік-кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түрінде жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды "Лексика", "Сөз құрамы" тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді. Берілген материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет. Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл көбіне оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды. Балаларға ана тілін үйретуде көрнекіліктің алатын орны жөнінде К. Д. Ушинский: көрнекілікке үйретуді ана тіліне үйретуден болу мүлде қате " деген болатын.
Өйткені көрнекілік бақылампаздықты, ойлауды дамытады, және балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы: зат есімнен жан-жақты мәлімет беруге байланысты кесте - альбом жасауға болады. Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін
пайдаланылады. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ тілі сабақтарына открытка және түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып жүр. Открытка және түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ оқушының белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы
суреттер магнит тақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді. Сауат ашу кезеңінде
пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар сөздердің дыбыстық
құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар- клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайда әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестерге арналған дидактикалық материал-оқушыларға сөздің
дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік-балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап
береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады.
Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта
кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекі құралдар
оқу материалдарын, әсірісе теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады. Қорыта келгенде, оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да, шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытынды әңгіме жасағанда да, көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда мұнда есте болатын жағдай-көрнекі құралды тым көп қолданылып, мәтіннің ролін төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларды оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын өзгере береді. Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға
білім беру т. с . с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар. Көрнекілікті пайдалану оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырып, логикалық қорытындылар шығаруға тәрбиелейді.
Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б. Құлмағамбетова, А. Исанова, М. Исинғарина, М. Көккозова, Р. Құрман-ғалиева, П. Айтжанова. "Қазақ тілін оқыту әдістемесі".
2. С. Рахметова. "Қазақ тілін оқыту әдістемесі". Алматы - 2005ж.
3. Ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев. "Педагогика" Алматы - 2002 ж.
Дидиктикалық материал дайындау жолдары.
Оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті
Дидақтикалық материал болып есептеледі. Бұл дидактикалық материал балалардың мектепке дейінгі байқау үшін берілген. Мысалы әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекеленген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойын мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді. Әріптерді естерінде сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады. Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызыл дауысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді. Бұл айтыл
ғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы, дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет. Мұндай дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түсті, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы "Жазу үлгісі" ұсынылады "Жазу үлгісінде " әріптердің жазба үлгілері беріледі. Әр мектепте оқушылардың парта түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген. Плакаттар болуы тиіс. Сауат ашу кезеңінде пайдаланатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құралын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар: кейбір жағдайда олар- клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайда - әріптің жартысымен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с . мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал -оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. ) сөздегі дыбыстарды
Тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарыны анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі. Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т б: 3) картинкалар мен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін: 4) әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау қажет. Оқу сабақтарында көрнекілікті,
дидактикалық материал қолдану мүмкіндігі арасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттарын, жеке және коллекция түріндегі, гербарийлер, жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер, макеттер және панорамалар (оқушылардың өздері дайындайды) . кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картинкалар, портреттер, оқулықтағы суреттер т. с. с. материалдар мәтінді оқуда оқушының
ойын тілін дамытады. Көрнекі құралдардың қолданудың жалпы тәсілдері:
1. Кинофилмдерге бару, театрдан немесе теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде көрнекілік ретінде, мәтінді екінші рет оқығанда немесе оған қортынды әңгіме жасағанда пайдаланады. Мысалы М. Әуезовтың "Жетім" әңгімесін қортындылау езінде диафильмін көрсетуге болады. Көрсетілген фильмдер материалға тақырыбы жағынан да мазмұны жағынанда тығыз байланысты тұруға тиіс.
2. Фильимдер көбінесе мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс: ақын, жазушылар, егемендік үшін күрескендер, батырлар, суретшілер, ғалымдар, т. б. портреттері де оқуға дайындық кезінде пайдаланылады.
3. Дайын гербарий мен коллекциялар, сондай-ақ балалардың өздері жинаған заттары, ғылыми мақалаларды оқуға дайындық кезінде зерттеу обьектісі ретінде көрсетіледі. Бұл заттарды шығармашалық басқа түрлерін оқу кезінде де пайдалануға болады.
4. Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да, шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де қортынды әңгіме жасағанда да көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда мұнда есте болатын жағдай - көрнекі құралды тым қолдынып, мәтіннің ролін төмендетіп алудан соң болған жөн. Оқушыларда оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер баладардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын өзгере береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп журнал (2004- № 5) .
2. Ж. Оңалбек. А. Жумадуллаева. "Педагогика" (Түркістан 2001) .
3. С. Рахметова "Қазақ тілін оқыту әдістемесі". Алматы 2005) .
Дидактикалық материалдар туралы ғалымдар мен педагогтардың ой - пікірлері.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндердің оқыту ерекшеліктеріде зерттеледі.
XVII ғасырда швейцар педагогы Иоганн Ренрих Пестолоцци (1746 - 1827 ж) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, Бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
XIX ғасырда неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адолф Дистервек (1790 - 1966ж) дамытып оқыту диактикасын баяндады. Оқыту процесінде әртүрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті : көрнекіліктік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескерту, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу және т. б.
К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б үлкен үлес қосты.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп оған мәнді үлес қосқан Я. Л. Каменский, К. Д. Ушинский т. б.
Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді. Дидактикалық материалдар туралы оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, танымдық іс - әрекетін дамытудың бірден - бір пайдасы бар дейді.
Дидактикалық материалдар көрнекіліктер тәрізді сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Дидактикалық материалдарды қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе - оның құштарлығы. Баланың білмекке құмарлығы үнемі айналадағы дүниені танып - білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Ақыл - ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да көбірек қояды және сұрақтарды алуан түрлі болып келеді. Міндеттерді шешуде осындай ішкі әрекеттер нәтижесінде іске асатын ойлаудың мұндай түрі - көрнекі - бейнелі ойлау деп аталады.
Бейнелі ойлау - алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Бала әрине, кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін, бірақ бір ескерер жайт - бала бұл жаста көрнекі құралдардың көмегімен білімді меңгеруге бейім тұрады.
Жүйелі білімнің болмауы, ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына әкеп соғады. Нақтырақ айтсақ, баланың су, құм, пластилин және т. б. заттардың белгілі бір көлеміне бірдей дәрежеде баға беруі қиын, өйткені оның көз алдында ыдыстың пішініне немесе жаңадан пайда болатын тұрақты қалыптың пішінге орай сол заттардың көлемі де өзгеріске ұшырап отырады. Бала заттардың әр сәт сайын бір қырынан өзгеруін өз көзімен көруге мәжбүр боларлық жағдайды бастан кешеді.
Оқытудың сапасы мектептің оқу материалдарына және техникалық базасына байланысты. Оқыту әдістерін және құралдарын үйлесімді пайдалануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинеттерінің түрлі көрнекі және техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі ескеріледі.
Оқу тәрбие жұмысына қажетті көрнекіліктер.
Оқу процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланыста болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz