Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері


Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Вегетативтік жүйке жүйесін деиелік жүйке жүйесімен салыстыра Отырып, олардың морфологиялық (құрылысындағы) және физиологмялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады (23-сурет) .
Вегетативтік жуйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын веғетативтік жүйке жүйесінің пейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынмың сегізкөз болімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның исуде-бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.
2. Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқаи. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері - ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында - шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардын орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді.
Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар пост-ганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.
3. Вегетативтік жүйке денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, оның диаметрі 3, 5 мкм. Постганглийлік талшық миелинсіз, диаметрі 0, 5-2 мкм. Парасим-патикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.
4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:
1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқаы ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер) . Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10%-тей афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер) .
2. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне (СЖЖ) қарағанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы - 3-8, ал СЖЖ хронаксиясы - 0, 04-0, 75 с. ВЖЖ-нің лабилдігі - 10-15 гц, ал СЖЖ-де - 1000 гц. Осыған орай рефрак-
терлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.
3. ВЖЖ-нің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. "В" тобына жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар "С" тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0, 5-3 мс.
4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50-80 мс) . Денелік жүйке жүйесінде бұл потенциал 15-20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризация фазасы өте созылыңқы келеді (300-1000 мс) .
5, Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу: біріншіден, қоу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден, түйіспелерде медиатор жәй бөлінеді және холиностеразаның белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады.
6. Вегетативтік жүйке талшықтарының үшынан медиаторлар - ацетилхолин не адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергиялық (ацетилхолин бөлетін) және адренергияиық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АҮФ, ГАМҚ т. б. ) бөлінуі мүмкін.
Вегетативтік жүйке жүйесінің маңызы
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және импатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ бұл мызғымас заңдылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарсылас (антогонистік) әсер ете бермейді, кейде антогонизм - абсолюттік емес. Мәселен, ішек жиырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүйке оны әлсіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшейе бастайды, басқаша айтқанда жүйке әсері ішектің бастапқы қызмет жағдайына байланысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты болып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады.
Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүйке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. Симпатикалық жүйке m. dіlаtаtoг рuріllае жиырылтып көз қарашығын үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке m. sрһіnсtог рuріllае жиырылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады) . Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл, механизмде антогонизмнің жоқтығын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал. Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм (қосарлас), яғни бірыңғай қимыл жасау тән. Сілекей бөлінуін симпатикалық жүйке де, парасимпатикалық жүйке де үдетеді, екеуі де секрециялық жүйке.
Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиаторлардың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түріне, сондайақ дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты.
Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді; симпатикалық жүйке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше оны төмендетеді.
Симпатикалық жүйке трофикалық (нәрлендіру) әсер етеді. Мұны бірінші рет тәжірибе жүзінде И. ГТ. Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп атады. Симпатикалық жүйке жүйесінің нәрлендіру әсерін кейін Л. А. Орбели, А. Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйесінің нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ әрекеттерді, заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқьшы да реттейді.
Жүлынның сегізкөз тұстас тармақтарында (сегменттерінде) тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.
Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:
1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышды тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz