Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Термин негіздері
2. Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
3. Қазақ терминологиясының қалыптасу процесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет" деген пікірі орынды айтылған.
Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.
Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927), Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический словарь (Т.2), М.Исламбеков, Алма-Ата, Изд.Ан Каз.ССР, 1960), Краткий русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т.Абетов, Алма-Ата, Изд. Ан Каз.ССР.1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических терминов (С.Кеңесбаев, Т.Жанузақов, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (Б.Бірімжанов, С.Омаров, Алматы, 1969), Орысша-қазақша қоғамдық – саяси терминологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан" баспасы, 1974).Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. (Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т.б.
Қазақ терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр.
Терминология – үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, Н.А.Баскаковтың, В.И.Сифоровтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Б.О.Орузбаеваның, М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.
Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, С.Исаев, т.б еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы, 2010
2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
3. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологии. – М:. 1973
4. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993
5. Алдашева А., Жаңа атаулар. Алматы, 1992
6. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А.,1988
7. Терминдер мен атаулар. Сөздік. Алматы, 1990.
8. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966
9. Әбдірахманов Ә. Бекітілген терминдер мен атаулар. Алматы, 1976
10. Бәйішев С. Термин және терминдерді қолдану туралы. А., 1947
11. Даниленко В. П. Русская терминология. М., 1977
12. Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977
13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1988

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Термин негіздері
2. Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
3. Қазақ терминологиясының қалыптасу процесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны - жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет" деген пікірі орынды айтылған.
Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.
Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927), Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический словарь (Т.2), М.Исламбеков, Алма-Ата, Изд.Ан Каз.ССР, 1960), Краткий русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т.Абетов, Алма-Ата, Изд. Ан Каз.ССР.1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических терминов (С.Кеңесбаев, Т.Жанузақов, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (Б.Бірімжанов, С.Омаров, Алматы, 1969), Орысша-қазақша қоғамдық - саяси терминологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан" баспасы, 1974).Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. (Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т.б.
Қазақ терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр.
Терминология - үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, Н.А.Баскаковтың, В.И.Сифоровтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Б.О.Орузбаеваның, М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.
Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, С.Исаев, т.б еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды.

Термин негіздері
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі.
Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса, әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялықдәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану - келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр.
Атап айтқанда ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай әрбір өркениетті елдің терминологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс.
Екіншіден, қазақ әдеби жазба тілі - мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс.
Үшіншіден, қазақ тілі терминологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр. Термин практикасы аяқасты болып, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алып отыр
Демек, қазіргі кезеңде мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің табиғатына сай жаңаша қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты мақсат.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады.
Тілді жаңа термин байытудың ең тиімді де өнімді жолы сол тілдің көрнекті тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлданған.
Осы кезге дейін бізге мәлім боып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түр-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер жалпытүркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан","тархан", "бек" сөздері көне түркі дәуірінен белгілі. "Жала", "құн", "айғақ", сияқты қылмыстық құқыққа қатысты сөздер байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "компетенция", "күә", "шара", "айып" сөздері - басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық шежіресімен астасып жатады.
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады.
Жаңадан жасалған терминдер тағдыры не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады.
Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді.
Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру - үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.
1910 - 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.
1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.
Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін көрсетеді.
Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.
Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы: мәртебе (статус), сынып (класс), мәтін (текст), әлеует (потенциал).
Сонымен қатар соңғы жылдары бір ғана термин түрліше аударылып, әр сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мәселен, төменде берілген терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді: спонсор - демеуші, мияткер, қолдаушы; ткань - ұлпа, тін; клетка - жасуша, торша т. б.
Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай жүргендері де бар.
Осы мәселелерді арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың терминология үшін маңызы зор.
Терминтану ғылымы жақсы дамып, терминонологиялық лексикасы дұрыс жүйеленген тілдерде ғылым мен техниканың әрбір саласының өзіне тән терминжасам үлгілері, сол саланың ерекшелігін көрсететін элементтері қалыптасқан. Біздің тілімізде де ондай қызметтерді атқара алатын сөздер тобы мен қосымшалар жетерлік.
Терминологиялық лексикада кездесетін ондай олқылықтардың басты себептері: термин жасаушының терминге қойылатын талаптарды білмеуінен,
тілдің ішкі мүмкіншілігін дұрыс пайдалана алмауынан, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін ескермеуден, тәжірибесіздіктен, яки жауапкершілікті сезінбеуден.
А. Байтұрсынов айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
Термин - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні шекаралық белгі, шекара, шек ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған.
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол - термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни - терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі - терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін атап көрсетеді.
А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады:
термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ол термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат - дейді. А.А.Реформатсеий терминнің екі жүйе ретінде қарастырады:
терминологиялық жүйенің элементі ретінде;
жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде.
Ғылыми терминдерді тексергенде олардың қай сөз таптаптарынан жасалатынын білу де аса қажетті мәселелердің біріне саналады.
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе, қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды.
Н.А.Щегловтың еңбектерінен де осындай пікірлерді кездестіруге болады.
Әзірбайжанның көрнекті тілшісі А.А.Оруджев: дербес мағынасы бар кезкелген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын есім болсын, тіпті етістік пен үстеу де термин бола алады - дейді.
В.Н.Прохорова Актуальные проблемы современной русской лексикологии деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: Термин - бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын және дифинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі.
Термин жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады:
Термин - рим мифологиясында шекара құдайы. Т. - терминалдар құрметіне арналған мейрам дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин - шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл - 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық Советский энциклопедческий словарьда берілген анықтама.
О.С.Османова Словарь лингвистических терминов деген еңбегінде: Термин (ағыл.) дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т.б ). Тілдегі арнайы ( ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері - деген пікірді айтады.
Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағынаны береді, - дейді. Бұл, әрине, термин сөздердің табиғатын анықтайтын басты белгісі деп есептеуге болады.
Сайып келгенде, бірсыпыра тілші ғалымдар әртүрлі болжам жасағанмен негізінен бір тұжырымға келеді.

Қазақ терминологиясының қалыптасу процесі
Термин - ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан бір сөзді белгілі бір ғылым өкілдері термин ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал сол сөздің мағынасы кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.
Қазақ тіл білімі трихында теңдесі жоқ үлгі қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көрнекті өкілі, керемет мысалшы А.Байтұрсынұлының лингвистикалық термин жасауда Тіл құралы еңбегінің зор маңызы бар.Байтұрсынұлы заманынан бері әлеуметтік және қоғамдық өмірде санаулы өзгерістер болып жатса да, жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таңқаларлық жай. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде терминжасамның лексика-морфологиялық және морфологиялық-синтаксистік тәсілдері басымырақ. Әсіресе, терминжасамның лексика-морфологиялық тәсілі жеке сөздерді мәністік-морфемдік жағынан түрлендіруді қамтыса, ал морфологиялық-синтаксистік тәсіл сөздерді біріктіру жағына бейім. А.Байтұрсынұлы бұл екі тәсілді де қазақ тілінің ерекшелігіне қарай шебер қолдана білген.
Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді ретке келтіру мәселесімен қазақ тіл мамандары да көптен бері шұғылданып келеді. Ұлт терминдеріде терминдер жүйесінің қалыптасуына үкімет тарапынан бірсыпыра қамқорлық жасағаны белгілі.
Қазақ тіл білімінде, терминдерді қалыптастыру, оларды қазақ тілі заңдылықтарына икемдеу, жүйелеу жөніндегі пікірлер баспа беттерінінен көрініс тапты. Мысалы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров сияқты зиялы ғалымдар термин қалыптастыруда үлкен еңбек етті.
1920-30 жылдар аралығындағы термин деген атаулар өзі бірде термин, бірде пән сөздері, немесе жат сөздер, шет сөздер болып түрлінше қолданылды.
Қазақ терминологиясының даму тарихында елеулі пікірлер айтып, пән атауларын жүйелеуде маңызды үлес қосқан ғалымдардың бірі - Халел Досмұамедов кірме сөздерді, соның ішінде орыс тілі арқылы енген сздерді қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуын дұрыс құбылыс деп есептеді. Мысалы: песір (писарь), жәрменке (ярмарка), ауылнай (волосной), сот (суд), т.б сөздерді мысалға алып, олардың дыбыс жағынан өзгертіліп айтылуын дұрыс деп санайды.
Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов терминдердің жүйеленуі туралы: Бүтін қазақ халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында әр пәннің мамандарынан сайлаған комиссиялар болу керек. Пән сөздерді әуелі пән комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері сонан соң ғана барып білім кеңесінің қарауына түсіп бекітіліп шығуға тиіс - деп пән атауларын бекітудің дұрыс жолын ұсынады. Кірме сөздер тілімізге тән сингармонизм заңына лайықталып алынуын сол кездегі көптеген ғалымдар да қолданғандығын көреміз.
Н.Төреқұлов Жат сөздер тұралы деген мақаласында қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ сөзі болып кірсін дейді.
Сол кезеңде термин жөнінде пікір айтқан адамдардың көпшілігі кірме терминдердің емлесі, дыбысталуы жөнінде ана тіліміздің фонетикалық заңдылықтарын сақтау принципін ұстанады.
1927 жылы Қызылорда қаласында Пән сөздігі деген атпен Қ.Қаратышқановтың сөздігі жарық көрді. Бұл сөздік мектеп оқулықтары мен оқу құралдарында қолданып жүрген терминдердің ала құлалығын реттеп, бір жүйеге түсуіне себебін жасаудың алғашқы үлгісі болды.
1930 жылдары термин жасау, дамыту және қалыптастыру ісіне республикада мемлелеттік мән беріліп, терминдерді жинақтап, зерттеу жұмысы қолға алынды. Көп кешікпей 1931 жылы Қызылорда қаласында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Пәндер