Қарым-катынае мәдениеті адамзат мәдениетінің негізгі сатысы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Бөлім І

1-лекция. Қарым-катынае мәдениеті адамзат мәдениетінің негізгі сатысы.

1. Қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік.

2. Қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ұғымдары.

3. Қарым-қатынас мәдениеті қызмет түрі ретінде.

4. Қарым-қатынас мәдениеті адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі.

Қарым-қатынас не үшін, қандай қызмет үшін керек? Неге қарым-қатынас мәселесіне әлеуметтік-гуманитарлық (педагогика, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, философия, әлеуметтік психология т. б. ) білімдер теориясы мен тәжірибесіне ерекше назар аударады және ол күннен-күнге өсіп отыр. Жалпы қарым-қатынас формасындағы мазмұнында үлкен өзгеріс жасады. XXI гасыр жаңа техникалық жарақтану заманы. Осы жагдайдың өзі еңбек ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жаңашалануына ғана емес, адамдар көзқарасына өзгеріс жасап, оны жаңаша дамытуды талаптауда. Ол әрбір адам үшін, оның қандай ұлт, халықтың, ұлыстың, әлеуметтік топтың, қогамдық қозгалыстардың немесе саяси партиялардың тагы сол сияқты өкілі екендігіне қарамастан өмір сүрудің негізі алғы шартына айналып отыр. Ұжым мен жеке кәсіпкер, тапсырыс беруші мен қабылдауы арасындагы шарттастық тиімділігі жалпы еңбек өнімділігі мен сапасының артуы - өмір сүріп отырган ортадагы барлық адамдармен жарасымды да сыйлы қарым-қатынас жасаудың өнегелілігіне тәуелді екенін корсетуде. Міне осы сияқты мәселелердің өзі-ақ қарым-қатынас әлеуметінің қогам оміріндегі орнын көрсетіп отыр. Ендеше адамдардың бірлесіп қызмет жасау сүранымынан туган, қалыптасуы мен тарихы сан мың жылдық тарихтан тұратын күрделі әрі сан-салалы жоспарлы процесс болатын қарым-қатынас адамдар арасындагы өзара тыгыз байланысты қамтамасыз етуге, іс- әрекеттерді үйлестіріп реттеуге дүрыс багытты түзеуге, ой-сананың дамуына, ягни әр адамның өмірден лайықты оз орнын табуга мүмкіндік тугызуга керек басты қүралы. Ол еңбек өнімділігі саласының өсу тиімділігінің атру кепілі.

Сонымен қатар адамдардың өзара пікір алмасып, болісуі, әр түрлі көңіл-күйлерін білдіріп, олардың өту деңгейі өздері өмір сүріп жатқан обьективті жағдайға ғана емес, мұраға қалган мәдениет дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарға оларды өмір салты игілігіне асу шамасына да байланысты. Ендеше қарым-қатынас деңгейі әрбір адамның рухани даму көрсеткіші сол арқылы қоғам зайырлығының да көрсеткіші бола алады. Олай болса қарым-қатынас қоғамдық процеске де үлкен ықпал жасайтын күш.

Қарым-қатынас мәдениеті - адамдар арсындағы өзара тыгыз байланыстылықты қамтамасыз етуге, соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін үйлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып, әркімнің емірден лайықты орнын табуға мүмкіндік туғызу. Бұл мәселені дұрыс әрі ғылыми негізде шешу қарым-қатынас мәдениеті функциясына қатысты жиі кездесетін ұғымдарды логикалық, диалектикалық, тарихнамалық, жүйелілік тұрғыдаи талдап алу қажет. Ол ұғымдарға -"мәдениет", "өркениеттілік", "тәрбие", "әдеп", "табиғат" тағы сол сияқты терминдерді жатқызуға болады.

"¥ғым" терминінің психолоғиялық сипаты - қорытындылаудың жоғары деңгейі, ойлаудың логикалық формасының бірі деген мағынада түсіндіріледі. Ұғымның жалпы мән мағынасын К. Маркс " Сезім арқылы қабылданатын алуан түрлі заттардың жалпы қаситтерінің ойымызда қамтылған, ықшамдалған түрінен басқа ештеңе де емес ", - деп анықтаған.

"Мәдениет" деген ұғым алғашқы пайда болған кезде, ол адамдардың табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни табиғаттың дүлей күштерін бағындырып, өздерінің көздеғен мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылған. "Мәдениет" - адамдардың еңбегі мен қоғамдық қызметінің жемісі деп түсінгеніміз жөн. Ендеше, мәдениетті қоғам мен табиғаттың өзара байланыстылығы, қоғамдық сананың бір түрі ретінде мәдениеттің табиғаты мен мән-мағынасын материалистік тарихилық принцип тұрғысынан зерттеудің дұрыстығы анықталды.

Қарым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең ендеп бара жатқан құбылыс. Оның мән-мазмұнының өте-мөте сан алуан екендігінде күмән жоқ. Қарым-қатынас тіршілік атаулының қалыптылығын сақтауды қамтудан бастап, адамдардың мән- мазмүнды табиғатындағы толымды өмір сүру жолын жетілдіру, оның амалдарын табу, таңдап өңцеу, оларды өмір салты қүралдарына айналдыру мақсатындағы саналы байланысын, өткені мен бүгінгі және болашақтың сабақтастылығын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жеке көңіл-күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдау алмау, жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың, үрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып, жүзеге асыратын құрал. Осы айтылған пікірлердің өзі қарым-қатынасқа берілер сипаттамалар мен анықтамалар мүмкіндігінің толассыз болатындығын, оның әлі де беймәлім түстары мен мәндері қарсыларының ашыла беретінін көрсетіп отыр. Біздің негізгі мақсатымыз осы қарым-қатынас туралы берілген сипаттамалар мен анықтамалар ішінен мәні жоғары деп саналатын яғни қалыпты жағдайда сондай көзқарас орныққан, атап айтқанда " қарым-қатынасты " қызмет түрі деп санайтын мәселеге ерекше тоқталып, орнын ажырата көрсету болып отыр. Сонымен қарым-қатынас қызмет түрі. Өйткені ол да қызметтің басқа түрлері сияқты белгілі бір мақсатқа жүгініңкі, нормаға тәуелді. Ендеше оның берер нәтижесі бар. Белгілі бір жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді деген сөз. Қарым-қатынастың мақсаты әрбір жеке адамның немесе түтас алып қарағанда қоғамның бірлескен қызметіне түзетулер ендіру мен жоспарлау жатады. Яғни қарым-қатынас басқа коммуникативті емес қызметтерді де қамтиды. Олай болған жағдайда қарым-қатынас нақтылы өндірімді қызмет түріне жатады. Яғнн қызметтің бұл түрі материалдық және рухани игілігі бар өзгешелігі болуымен сипатталады.

Адам өмірі тәжірибесінен алып қарағанда және қарым-қатынас туралы анықтамаға сүйенсек жалпы қарым-катынас көп салалы адам қызметінің бір түріне жатады. Ал адам баласына ежелден -ақ белгілі болған мәселе қызметтің қайсы бір түрін алып қарамайық, оның мақсат мүддеге сай жүзеге асырылуы әйтеуір бір қүралдың пайдалануына байланысты екендігінде. Адам баласының саналы іс-әрекетіндегі әр түрлі қолданатын амалдары, адамдар арасындағы өзара ықпалдастықтардың, әсер жасаудың өтілуіне алғы шартты, мүмкіндіктерді қалайтын болғандықтан сол „мәдени қарым-қатынас,, - деп айту күмән туғызбайды. Жоғарыдағы ойымызды жүйелеп айтар болсақ „белгілі бір қүралдар арқылы (сөз, ишара-ым т. с. с. ) нақтылыққа - асатын яғни адамдардың ғана арасында болатын саналы байланыс процесін қалайтын яғни қамтамасыз ететін адам баласына ғана тән қолданыстағы ерекше бір тәсілдегі іс-әректтерді мәдени қарым-қатынас,, - деп атауымызға болады.

2-лекция. Қарым-қатынас мәдениеті ғылыми білім саласы.

* Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу әдістеріне сипаттама.

* Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мәселесіндегі халық педагогикасының мәні.

* Адамдардағы коммуникативті сапалық қалыптастырудың озық әдістері.

Әрбір адамның қарым-қатынас мәдениеті, оның дара тұлға ретінде қалыптасуы өткен белгілі бір әлеуметтік топтың мәдениетін меңгерген жағдайда ғана орнығады.

Адам әлеуметтену барысында тілді үйренеді, мінез-кұлық үлгілерін, қарым-қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді, мәдениет сырын таниды. Бұларды меңгеру дегеніміз адамның олардың пайдасы туралы мәліметтерді білумен ғана шектелмей өз игілігіне де айналдыруьі екен. Сайып келгенде адам сойлеуді үйреніп, басқа адамдарды түсіне бастайды, олардың іс-әрекеттерін аңғарады, озінің жеке басты мінез-қүлықтарын қалыптастырады және реттейді, ішкі байлық ясүйесін жасайды. Қарым-қатынастың мәдениет формалары жеке игілігіне асуы үшін кемінде екі процестің өтуі шарт. Олар: біріншіден қарым-қатынастың мәдени қүралдарымен танысу; екіншіден осы қүралдарды оз деңгейінде игеру мақсатында адамдардың белсенді өзараықпалдастықта болуы және оларды қолдануды үйрену, қарым-қатынастың жаңа амалджарын іздеу, оны өздерінің жасауы.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесіне (әсіресе, мінез-құлық мәдениеті) халық педагогикасы үлкен мән берген. Әрбір халықтың өз адамдары, ұрпақтары қандай болуы керек, талап-тілек үрдісінен шығуы үшін не істеуі керек, қалай қол жеткізіге болады деген ойлары, ұғымдары, пікірі болады. Осы ойлар халық педагогикасының теориялық негізін қалады. Қарым-қатынастың дағдылары мен өркениеттілікке ұстаным алуды жасау процессі, балалар өсіп жатқан әрбір огтбасының күнделікті өмірінде қамтылып жатты. Бала дүниеге келген күннен бастап ертегі, мақал-мәтел, ән-жыр, аңыз-әңгімелерді, жаңылтпаш- санамақтарды т. с. с. естіп өнеге өсиетке толы үлгілі істерден мағлұматтар алып жатады. Ал бұл рухани дүниелерде өмірдегі үлгілі, ізгі әдеп нормалары мен ережелері, қағидалары, әлеуметтік өмір салтының озық нұсқаулары оларға үйреніп үйреншікті дағдыдан әдетке айналдырудың жолдары, өркениетті өмір салтына қайшы келетін іс-әркеттерге қарсы амалдар жинақталған. Осы дүниелер негізінде жас сәбилерге (ал олардың көңілдері қашанда пәк, сондықтан тез қабылдайды) одан мінез құлығындағы үлгілі нұсқаулармен, қалыптасқан омірге қайшы айып саналатын мінез-құлық түрлерін көрсетіп келеді. Баланың жасаған қылықтарына лайықты есіне бірден қалатындай әсерлі онеге үлгісі істерді мысалыға келтіре отырып әділ бағаларды беретін болған. Ал мұндай амаладырдың әсері қашанда өнімді болған.

Қоғам өмірінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде дінде елеулі рөл атқаратын киелі діни кітапты уағыздарында адам баласының күнәдән-айыптан сақтанудың, іс-әрекеттердегі үлгілі тәртіпті орынатудың, жалпы адам баласын құрметтеудің адамгершілікке толы өсиеттері сан мыңдап кездеседі. Діни уағыздарда әр түрлі кездесетін сәт, жағдайлар, орай адамдардың жынысына, жас ерекшелік белгілеріне қарай мінез-құлық формаларын реттілікке келтіру жолдары жазылғанда дінді мойындайтындардың барлығына да оларды орындау міндеті екендігі көрсетілген. Діндер адамдар қанша қоғам өмірі реттілігін бұзушыларға кеңес беріп, күнә жолынан арылу амалдарын корсетіп, игі бастама жасағанадарға қолдау көрсетіп, аманатқа амалдық болу шарттарын уағыздап отырған.

Қарым-қатынас мәдениеттілігіне тәрбиелеудің жоғарыда корсетілген формаларынан басқа нақтылы өмірдегі ситуацияларға қатысты басқада формалары бар болған, бар да.

Мысалыға, ғұрыптарды, дәстүрлерді алуға болады. Атап айтқанда жасоспірім қолына ата кәсіпті жалғастыркшы - яғни шопан ата таяғын тапсыру бір сөзбен айтқанда жас өспірімді адамзат санатына досу, азамат аталуы арнауын мысалға алуға болады. Бұл арнауды ел ақсақалдары, құрметтілері игі тілек білдіріп, осиет-онеге толы өмір тәжірибелерінен үлгі келтіріп, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу т. с. с. міндеткерлігін аманаттайды. Осындай шаралар арқылы жас өркен өз ортасы омірі мен заңдарынан өзіне буын беймәлім болып келген мәліметтермен танысып, толығады.

Адам мінез-құлығы коп жағдайда оны өз ортасы. Қалайша көреді, және де әр адам өзін-өзі қалайша көре білдеі, соғанда байланысты анықталынады. Мысалы қазақ қоғамында 13-13 жасар қыз балалардың шашына «шолпы» тағу рәсімі, қыз баланың балалық шағының аяқталып бойжеткен сәті басталғанын, енді олардың бой түзеп, сән сақтау кезегінің жеткендігін яғни ересек тобына жататындығын білдіретін болған. Осы рәсім жасөспірімдер санасына да одан басқа адамадр тарапынан күткен үміткеде игі әсер жасаған.

Осындай рәсімдер мен ғүрыптар мәдени қарым-қатынасты қалаушы маңызды амалдардың бірі ретінде ежелде құрметпен қарастырылған. Сондай-ақ өмірде мінез-құлықтың әлеуметтік мақұлданған, түрін насихаттау және орнықтыруда басты мақсатты алған ғұрыптары болған.

Тарихи мұраларға әдістер қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мәселесіне үстем тап өкілдері, тектілер, зиялылық үлкен мән беріп қараған. Мінез-қүлық формалары арқылы үстем тап өкілдері т. с. с. көрнекілеп көрсететін баолған. Кейде адамадар мінез-құлық мәндерінен адамның қандай ортада тәрбиеленгенін біліп те қоятын болған.

Қорыта айтқанда қоғамның дәстүрлі мәдениеті жағдайында қарым-қатынас мәдениетін тиімді қалыптастыруға мына факторлар: күмән келтірмейтін, пікір туғызбайтын құндылық жүйесінің бар болуы; кезе-келген жағдайда сай өзіңді қалай ұстау әдебиетіне жол көрсететін қүндылықтар жүйесінің игілікке асырылуы; қарым-қатынас формаларын жеткізетін амалдар мен білімдердің тәжірибеде қалыптастқан түрлерінің болуы; олардың осы қарым-қатынас формаларының әрбәр адам игілігіне асу ықпалының мол болуы алғы шарттар жасайды. Әлеуметтік қолдану тапқан мінез-құлық формаларын игіліктеудің қамтамасыз етудің: тәрбие процесіне түскендердің әр түрлі өмір сәті жагдайындағы белсенді нақтылы өзара әсерлері; тәрбиелеушілердің тәрбиеленушілерге берген қайтымды байланыстары; әлеуметтік қолдау алған мінез-құлық формаларының артықшылығының болуы мен еліктеуге тұрарлық мінез-құлық формаларының үлгілі түрінің болуы - негізгі шарттар болып саналады.

Көптеген елдерде қарым-қатынасқа үйрететін адамдар да, коммуникативтік қабілетті дамыту мәселелерімен айналысатын ғылыми мекемелер де бар. Ондай мекемелерді немесе құрылымдық "әлеуметтік - психологиялық тренинг" - деп атау қалыптасқан.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг - деп әр түрлі саладағы қызмет барысындағы пара-пар өзара әсер үшін қажетті қарым-қатынас дағдыларына, біліктіліктеріне, білімдеріне мақсаты үйрену прогресін іске асыратын қызмет түрін айтады.

Әлеуметік-психологиялық тренинг мазмұнын коммуникация процесі және өзара әсер ретінде қарым-қатынастың кейбір жақтарын қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзіндік (ерекше) әдістрінің бөлініп көрінуі, үйретудің топтық және активті әдістеріне ерекше назар аударылуынан білінеді. Активті әлеуметтік-психологиялық дайындаудың бір түрлі әдістері шетелдердегі әлеуметтік психологияда жан-жақты жасалынған аталады. Бүрынғы Кеңестер Одагы ғылымында ӘПТ әдістерін тәжірбиеде кейінгі жылдарда ғана алына бастаған болатын. Айта кететін жәйт, бұрынғы Одақ Ғылымында 30-шы жылдары кейбір ондірістер мен жоғары оқу орындарында "іскер ойын" әдістері жасалынып ойдағыдай қолданғанда болатын. Дегенмен бұрынғы Кеңестер Одағы ғылымында адамдар арасындағы коммуникативті қабілеттерді қалыптастыру мәселесінде қол жеткен жетістіктердің болғандығы аян. Отандық және шет елдік тәжірибиелер негізінде қарым-қатынасқа үйренудің белсенді нақты әдістерін үсынатын еңбектер 80-90 шы жылдары көптеп жарық көрген болатын.

Енді ӘПТ әдістеріне қысқаша шолу жасап көрелік.

ӘПТ әдістері сан-сала мамандық иелерін кәсіби қарым-қатынасқа үйретуде көп қолданылады. ӘПТ-ің басты бір саласы күнделікті өмірде қарым-қатынас кезінде әр түрлі қиындықтарды сезіп қиналатын, жақын адамдарымен тіл табыса алмайтын, жалғыздықта қамыққан адамдарға коммуникативті қабілеттерді дамытуға көмек беру болып табылады. Сондай- ақ бұл әдіс жан күйзелістегі әрі жаны жаралы болған, жан салауаттылығын жоғалтқан адамдарды қарым-қатынас әлеміне таратуда қолданылады.

Алдымен қарым-қатынасқа үйретудің мамандар арасында көбірек қолданып жүрген. Қандай әдістері бар соған тоқталайық. Негізінде мамандар арасындан қолданып жүрген бүл кезде белсенді топтың оқыту әдістері бағдарламасының негізгі ққрамдас бөлігі ретінде. Солай бола тұрғанымен олар өз бетінше де мәнге ие. Сонымен қарым-қатынасқа үйретудің кең тараған әдісі-лекңия.

Лекңиялар (лекция оқу) қарым-қатынас формалары, және адамдар арасындағы өзара әсердің өту заңдылықтары туралы білім береді. Лекцияда сондай-ақ байланысты жүзеге асырудың субъективті алғы шарттары туралы мәлімеггер беріледі.

Оқымыстылар мен мамандардың айтуынша мәліметтер таратуда кең тараған форма - осы лекциялық болып табылады. Лекция оқудың тиімділігі егерде, лектор материалды жақсы меңгеріп қарым-қатынас мәдениеті және психология туралы ғылымның жалпы шарттарын тыңцармандардың мүқтаждарына (сәйкестендірген) ыңғайлағанда арта түседі. Лекциялық маслихаттың келесі маңызы әсерлік шарты-материалдың қонымдылығы, оны ой елегінен откізу мүмкіндігімен өмір ситуациясына сай игілікке асыру. Соынмен қатар лектор және оның сөзі тыңдармандар тарапынан сенімге ие болып оның жасаған ұсыныстарын басшылыққа алуға дайын (көңілін білдіруді) көңіл-күй туғыза білуі аса маңызға ие. Айтар аттың жақсы меңгерілуіне ашық-қанықты көрнекі мысалдарды ықпал жасайды.

Кинофильмдер мен бейн таспалар мінез-құлықтың әр түрлі үлгілерін демонстрациялауға мүмкіндік береді. Кез-келген эпизодтардың бірін-бірнеше рет қайта көру арқылы, өмірде байқала бермейтін адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір сәтіне назар аударуға технкиа толық мүмкіндік қалай алады.

ӘПТ процесінде жасалған бейне таспа (бейнежазу) жазуы адамға өзін көру арқылы оның өз ортадағы әрекеттері туралы пікірін қалыптастырады.

Арнайы әдебиеттерді оқуда қарым-қатынасқа үйретудің дәстүрлі бір әдісі болып табылады. Арнайы әдебиеттерде мінез ережелері, оның ішінде белгілі бір қоғам кезеңдеріндегі әлеуметтік топтардың мінез-қүлық формаларына талдау жасалған, үлттық ерекшелікке байланысты әр түрлі халықтардың үстғана әдептілік ережелері көрсетілғен, белғілі бір кәсіп саласы қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас ережелері, іскер адамдар арасындағы байланыс ережелері, үсыныстар берілген топтамалар, кітаптар жатады.

Өркениетті, экономикалық дамыған елдерде мінез-құлықтың қағидалары мен негізгі ережелері мазмұндалып, кездесетін жағдайға сай өзінді қалай ұстау керек екендігі туралы нақтылы кеңестер берілген әдебиеттер көптеп шығарылады. Қазіргі кезде біздің әдептану оқулықтары мектеп оқушыларына, орта және жоғары оқу орындары стулденттері үшін жасалып оқу бағдарламасына қосылуда.

ӘПТ жүйесіне пікір толы әдісі де кіреді. Шындығында пікір талас іс-әрекеттің бойатындығы белгілі, әр түрлі осы әрекет әдістің міндетті шарты болып табылады. Пікір таластың объектісіне адамдардың өзара бір-біріне деген көзқарасын, коммуникативті ситуациялы идеяларды жатқызуға болады.

Айталық топтық пікірталас барысында идеяны талқылау, қатысушылардың интеллектуалдық қызметін ынталандырып, әркімнің өз өкзқарасының дүрыстығын дәлелдейтін аргументтерді табуға итермелейді. Пікірталас жаңа дәлелдер мен қарсы аргументтердің әсерінен жеке бас позияңияның қата қаралуына дейін жеткізеді.

Пікірталастың жемісті нәтижесі-оның әр түрлі идеяларды жан-жақты және терең талданудан, ой елегінен өткізіп және талқылауға түскен мәселе бойынша баршаға ортақ ішкі позицияның қалыптасуында.

Сондай-ақ күрделі бір сәтті талқылаудың жекелеген түріне - өндіріс тәжірбиесінде кездесетін жағдайларды қорғау жатады. Мұндай әдіс мамандардың кәсібі коммуникативті хабарлығын (жете білушілігін) дамытуға жәрдемдеседі.

Сонымен қатар топтық пікір талас барысында өзара қарым-қатынас (көзқарас) мәселесі де талқылануы мүмкін. Мұндай жағдайдағы нәтижеге жеке бас көзқарас жүйесіндегі озгерістің болуын жатқызуға болады. Сонымен қатар бүл әдіс өзінді-өзін тереңірек түсінуге, өзге адамдардың қамтуға көңіліне сезіну қабілетін дамытуға игі әсер жасайды.

Келесі әдіс - қызметті өтеу барысындағы коммуникативті қабілет дамыту әдісі.

Қызмет атқару барысында, яғни адамдармен жанды байланысқа түсіп, қателіктер жіберіп, оын түзеп, өзі беделді санаған үйренуден өтпей-ақ қарым-қатынас жасау жолдарына үйрене алады. Дегенмен бүл процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік қалайтын жолдарды табылғанын атап айтқанда: марапаттау және айыптауларды қолдана отырып өзара әеерін қалай өткендігін білдіретін қайтымды байланысты ұйымдастыру; қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгергендердің адам мінез-құлықтарына бақылау орнатуы; тәрбиеленушінің іс-әрекеті бақылап, қайтымды байланыс сеансын тиянақты жасап тұратын жетекшінің бар болуы - арнайы үйренуден тыс қарым-қатынас дағдыларына үйретудің танымал жолдары болып табылады.

Кәсібі коммуникативті біліктіліктер мен дағдыар әріптемелер әрекетіне бақылау жүргізу және іскерлік қарым-қатынас ситуаңияларында меңгеріледі. Қарым-қатынастың күнделікті дағдылары түрмыстық өмір сәттері арқылы да қаланады.

Қарым-қатынасқа үйренудің келесі әдісін рөлдік ойын (іскерлік ойын) әдісі дейміз. Бүл әдіс коммуникативті біліктілік пен дағдыларын жаттыгу жүргізу, мінез қүлық стратегиялары мен әдептілік жолдары меңгеру әдісі саналады. Рөлдік ойында тәрбиеленуші әксперимент жағдайында мінез-қүлықтың жаңа амалдарына үйреніп, олардың қолданыста қалайша орныққаны жайлы қайтымды байланыстан біле отырады.

Рөлдік ойындарды (іскер ойын) үшін, осы ойын арқылы шешілетін проблемалар тізімі жасалынады. Рөлдік ойындағы ситуациялар мынадар кезеңдерді қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Үш тілді білім беру - заман талабы
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі
Ойлау қабілеті жайлы
Ойлау түрлері және тәсілдері
Тыңдауға үйрету әдістері, принциптері, қолданылатын құралдары
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕССТЕРІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz