Шежіре



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 .тарау Қадырғали Қосымұлы шежіресінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Қосымұлы Қадырғалидің "Жами ат . Тауарих" еңбегінің алғаш зерттелуі ... ...
1.2. Қадырғали би Қосымұлы және ол өмір сүрген заман ... ... ... ... ... ... ..
1.3. "Жами ат .тауарих" еңбегінің жазылу дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 .тарау "Жами ат . тауарих" шежіресінің тілі ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
2.1. Шежіре тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Шежіре тілінің лексикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
а) Шежіре тілі лексикасындағы әлеуметтік саяси терминология ... ... ...
э) Әлеуметтік ұғымды туыстық атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
б) ПІежіре тілі лексиканың өзге тілдік қабаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Шежіре тіліндегі фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде әдеби тіл тарихының арнайы зерттеу обьектісі болғанына онша көп уақыт өте қойған жоқ.
Осы кезең ішінде бұл салада ғылыми негізде жазылып, жүйелі түрде баяндалған курстардан бастап қазақ тілі тарихының жеке проблемалары, белгілі бір кезеңдегі күй - қалпы туралы Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, М.Балақаевтардан бастап Т.Қордабаев, Ә.Құрымжанов, Р.Сыздық, С. Исаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Өмірәлиев, Ғ.Қалиев, Б.Әбілқасымов т.б. ғалымдар өздерінің жүйелі зерттеу еңбектерімен елеулі үлес қосып отыр.
Орта ғасырлардағы түркі әдеби тілдерінің қазақ халқын құраған ру - тайпаларға да қатысты екендігін, кейінгі ғасырларда "шағатай тілі" деп аталған ортаазиялық түркіні қазақ қауымы да өз қажетіне жұмсай білгенін тіл мамандарының көпшілігі жалпы түрде айтқан болатын. Бұл жазба тіл іс - қағаздары мен эпистолярлық жанрға, тарихи шығармалардың бір үлгілері болып табылатын шежірелер жазуға, мұсылманша діни әдебиетке қызмет етті.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдарда XVI-XVII ғасырлардан бастап XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін қазақ халқының әлеуметтік-мәдени дүниесінде қолданылып келген жазба тіл дәстүрін "ескі жазба әдеби тіл" деп тануға болады деген де пікірлер айтыла бастады. Ескі өзбек (староузбексеий) ескі татар (старотатарский) жазба әдеби тіліне де арқау болған шағатай(ортаазиялық түркі) тілі ескі қазақ жазба әдеби тіліне де арқау болды. Бұл құбылыстың тарихи, әлеуметтік, мәдени негіздері де жоқ емес. Ең алдымен, қазақ қоғамында, әсіресе XVI ғасырлардан бастап жазба дүниелерді қажет ету фактісі болғандығы даусыз. Кейінгі ұрпақтарға өсиет ретінде ата бабалардың шежіресін тарату дәстүрі болған. Әсіресе, ру басы болып танылған "текті аталар" мен ел билеуші хан сұлтандардың арғы бергі ата - тегі туралы шежіре жазып қалдыру фактісін XVI ғасырда өмір сүрген жалайыр Қадырғали бидің "Жами ат - тауарих" атты шежіресі дәлелдейді. Сондықтан бұл шежіренің тарихы мен тілін зерттеу, оның әдеби тілімізді дамытудағы ролін айқындау, халық игілігіне айналдыру таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Орта ғасырлық түркі жазба мәдениеті үлгілерінің ерекше маңыздысы болып саналатын Қадырғали би Қосымұлының "Жами ат - тауарих" ("жылнамалар жинағы") атты шежіресінің тілін зерттеп, оның лексикалық және фразеологиялық ерекшеліктерін танытуда диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты етіп ала отырып, сол мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді шешуді алға қойдық: Шежіренің деректік мәнін ашу мақсатында Қадырғали би еңбегінің зерттелуі туралы деректерге назар аудару;
- Қадырғали би және ол өмір сүрген кезеңнің шежіре жазылуына арқау болу негіздерін анықтау;
- Жинақтың жазылу дәстүрінің ерекшеліктеріне тоқталу;
- Жинақ тілін зерттеу барысында шежіре тілінің лексикалық ерекшеліктерін ашу мақсатында архайстік, көнетүркілік элементтерді анықтау;
- Жинақ лексикасының өзге тілдік қабаттарын анықтау;
- Жинақ тіліндегі фразеологизмдер ерекшеліктерін айқындау арқылы шежіресінің өзіндік тілдік шеберлігін анықтау.
Зерттеу әдісі. Тақырып ерекшелігіне қарай тіл тарихын танып білудің ең бір басты құрамы болып табылатын салыстырмалы тарих әдіспен қатар сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері. Негізгі теориялық, ғылыми еңбектерімен қатар Қадырғали Жалайридің " Жами ат-тауарихының " қазіргі графикаға көшірілген 1975 жылы Т. Қордабаев 1991 жылы Р. Сыздықова даярлаған нұсқалары пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Мусабаев Г. Современный казахский язык. А., 1959
2.Сүлейменов Б, Өсеров Н. Шежіре - халық мұрасы - "қазақ
әдебиеті", 1974, 15 февраль.
З.Марғұлан Ә. Күміс сандық құтысы - "қазақ әдебиеті" 1981, қаңтар
4.Вельяминов. Зернов В.В. Исследование о касимовских царях и
царевичах. 2. СПТ, 1864.
5.Хисматуллин X. Татар теле һэм әдебиеты. Қазан, 1959
б.Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении. Т. I. А., 1961.
Т.Дела Тайного приказа т22, кн.2, СПБ, 1908
8.Жунисбаев К. Қадырғали Джалайри // великие ученые средней
Азии и Казахстана. А., 1965.
9.Хисалиева З.А. Язык дастанов Кадыр - Ғали - бека. Авторем. Конд.
Диссерт. Уфа, 1980.
10.Бартальд В.В. Сочинении. М., 1963 т.5.
11.Материалы по истории казахских ханств в в XV-XVIII в.в. А.,
1969.
12.Сыздықова Р., М. Қойгеледиев. Қ. Қасымұлы және оның
жылнамалар жинағы. А., 1991.
13. Тоқтағұл Б.С. Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнашытвистикалық сипаты. Диссертация, 2005.
14. Владимирцов Б.Я. Обшественның строй монголов. А., 1934.
15. Қазақ совет энциклопедиясы. Т /. А., 1972
16. Усманов М.А. Татарские исторические истогники XVIIXVIII. В.в Казань. 1972
17. Масанов А. Очерк истории этнографического изучение казахского народа СССР А., 1966.
18. Ертедегі әдебиет нұсқалары А. 1967
19. Боровков А.К. Лексика среднеазиатское тефсира. М. 1963.
20. Залеман К.Г. Легенда про Хаким - Ата. Известия Иомп. А.Н. 1898
Т.Іхғ
21. Исаев С Қазақ әдеби тілінің тарихы. А. 1993.
22. Сыздықова P. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А. 1996-2000.
23. Қордабаев Т. Томанов М. Тарихи громматика мәселелері А. 1975. 24.1. Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А. 1986.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 -тарау Қадырғали Қосымұлы шежіресінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Қосымұлы Қадырғалидің "Жами ат - Тауарих" еңбегінің алғаш
зерттелуі ... ...
1.2. Қадырғали би Қосымұлы және ол өмір сүрген
заман ... ... ... ... ... ... ..
1.3. "Жами ат -тауарих" еңбегінің жазылу
дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 -тарау "Жами ат - тауарих" шежіресінің тілі ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
2.1. Шежіре тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.2. Шежіре тілінің
лексикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
а) Шежіре тілі лексикасындағы әлеуметтік саяси терминология ... ... ...
э) Әлеуметтік ұғымды туыстық
атаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
б) ПІежіре тілі лексиканың өзге тілдік
қабаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3.Шежіре тіліндегі
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде әдеби тіл
тарихының арнайы зерттеу обьектісі болғанына онша көп уақыт өте қойған
жоқ.
Осы кезең ішінде бұл салада ғылыми негізде жазылып, жүйелі түрде
баяндалған курстардан бастап қазақ тілі тарихының жеке проблемалары,
белгілі бір кезеңдегі күй - қалпы туралы Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев,
С.Аманжолов, М.Балақаевтардан бастап Т.Қордабаев, Ә.Құрымжанов,
Р.Сыздық, С. Исаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Өмірәлиев, Ғ.Қалиев, Б.Әбілқасымов
т.б. ғалымдар өздерінің жүйелі зерттеу еңбектерімен елеулі үлес қосып
отыр.
Орта ғасырлардағы түркі әдеби тілдерінің қазақ халқын құраған ру -
тайпаларға да қатысты екендігін, кейінгі ғасырларда "шағатай тілі" деп
аталған ортаазиялық түркіні қазақ қауымы да өз қажетіне жұмсай
білгенін тіл мамандарының көпшілігі жалпы түрде айтқан болатын. Бұл
жазба тіл іс - қағаздары мен эпистолярлық жанрға, тарихи шығармалардың
бір үлгілері болып табылатын шежірелер жазуға, мұсылманша діни
әдебиетке қызмет етті.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдарда XVI-XVII
ғасырлардан бастап XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін қазақ
халқының әлеуметтік-мәдени дүниесінде қолданылып келген жазба тіл
дәстүрін "ескі жазба әдеби тіл" деп тануға болады деген де пікірлер
айтыла бастады. Ескі өзбек (староузбексеий) ескі татар
(старотатарский) жазба әдеби тіліне де арқау болған
шағатай(ортаазиялық түркі) тілі ескі қазақ жазба әдеби тіліне де арқау
болды. Бұл құбылыстың тарихи, әлеуметтік, мәдени негіздері де жоқ
емес. Ең алдымен, қазақ қоғамында, әсіресе XVI ғасырлардан бастап
жазба дүниелерді қажет ету фактісі болғандығы даусыз. Кейінгі
ұрпақтарға өсиет ретінде ата бабалардың шежіресін тарату дәстүрі
болған. Әсіресе, ру басы болып танылған "текті аталар" мен ел билеуші
хан сұлтандардың арғы бергі ата - тегі туралы шежіре жазып қалдыру
фактісін XVI ғасырда өмір сүрген жалайыр Қадырғали бидің "Жами ат -
тауарих" атты шежіресі дәлелдейді. Сондықтан бұл шежіренің тарихы мен
тілін зерттеу, оның әдеби тілімізді дамытудағы ролін айқындау, халық
игілігіне айналдыру таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Орта ғасырлық түркі
жазба мәдениеті үлгілерінің ерекше маңыздысы болып саналатын Қадырғали
би Қосымұлының "Жами ат - тауарих" ("жылнамалар жинағы") атты
шежіресінің тілін зерттеп, оның лексикалық және фразеологиялық
ерекшеліктерін танытуда диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты етіп ала
отырып, сол мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді шешуді
алға қойдық: Шежіренің деректік мәнін ашу мақсатында Қадырғали би
еңбегінің зерттелуі туралы деректерге назар аудару;
- Қадырғали би және ол өмір сүрген кезеңнің шежіре жазылуына
арқау болу негіздерін анықтау;
- Жинақтың жазылу дәстүрінің ерекшеліктеріне тоқталу;
- Жинақ тілін зерттеу барысында шежіре тілінің лексикалық
ерекшеліктерін ашу мақсатында архайстік, көнетүркілік элементтерді
анықтау;
- Жинақ лексикасының өзге тілдік қабаттарын анықтау;
- Жинақ тіліндегі фразеологизмдер ерекшеліктерін айқындау
арқылы шежіресінің өзіндік тілдік шеберлігін анықтау.
Зерттеу әдісі. Тақырып ерекшелігіне қарай тіл тарихын танып
білудің ең бір басты құрамы болып табылатын салыстырмалы тарих әдіспен
қатар сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері. Негізгі теориялық, ғылыми
еңбектерімен қатар Қадырғали Жалайридің " Жами ат-тауарихының "
қазіргі графикаға көшірілген 1975 жылы Т. Қордабаев 1991 жылы Р.
Сыздықова даярлаған нұсқалары пайдаланылды.

1 - тарау Қадырғали би Қосымұлы шежіресінің зерттелуі.
Қазақ тіл мамандары қазақ жазба әдеби тілі тарихын зерттеуде
тарихи шежірелердің орны орасан зор екендігін айтады. Диплом
жұмысымызда қарастырылып отырған XVI - XVII ғасырлар кезеңінде ресми
қағаздар мен эпистолярлық хат - хабарлардан басқа жазба дүниенің аса
маңызды түрі - шежірелер болған. Ол шежірелер құрамына, баяндау стильі
көлемі жағынан әр түрлі болып келген. Ата -бабалардың аттарын
хронологиялық тәртіппен түзген схема іспеттес қысқа түрлері де, тарихи
шығарма түрінде кездесетін күрделі туындылар да болған. Алдыңғы
топтағылардан өз кезінде жазылған
түпнұсқалардың сақталғаны жоқ. Ал тарихи жылнама түрінде
жазылғандардан бізге жеткені - қазақтың тарақ таңбасы Жалайыр руынан
шыққан Қадырғали бидің шежіресі. Бірқатар ғаламдар қазақ шежірелерінің
қатарына Әбілғазының "Шежіре түркі" (XVII - ғ) атты шығармасын да
қосады [2.1974] әйтсе де Қадырғали би Қосымұлының " жалпы ат - тауарих
" атты шығармасы қазақтың ескі жазба әдеби тілін танытатын бірден-бір
құнды ескерткіш. Оның тілін зерттеу арқылы XVI ғасырдың соңы XVII
ғасырдың бас кезеңіндегі қазақ жазба дәстүрін біршама сипаттауға
болады. Қадырғали би Қосымұлы қаламынан туған бұл "Жылнамалар жинағы"
ортағасырлық қазақ тарихы мен тілін зерттеуде алатын ерекше орнына
қарамастан соңғы жылдарға дейін бұл белгілі ескерткішті қазақ
мәдениеті мен тарихына байланысты арнайы зерттеу, сондай - ақ еңбектің
өзін қалың оқырман қолына ұстатып, насихаттау жұмыстары жан - жақты
жүйелі қолға алынбай келді. Толықтыру мақсатымен диплом жұмысымыздың
тақырыбын шежіре тілінің лексикалық сипатына арнадық.

1.1 Қадырғали би Қосымұлының "Жами ат - тауарих" еңбігінің алғаш
зерттелуі.

Он жетінші ғасырдың алғашқы жылдары жазылған (1602ж аяқталған)
Қадырғали бидің бұл тарихи еңбегі ғалымдар назарына алғаш XIX ғасырда
ілінді осы кезеңде өмір сүрген татар ғалымы Ибрагим Халфин 1819 жылы
бұл еңбектің көшірмесін Қазақ унңверситетінің кітапханаға тапсырған.
Көрнекті ғалым академик Ә. Марғұланның "И. Халфин Қадырғали би еңбегін
жақсылап оқып шығып, Абылғазының шежіресімен салыстырып шығады. Содан
"Ақуал Чингизхан уа Ақсақ Темір" деген кітап жазады деп көрсетуі
сондықтан (3.1981)
Бұл шежіремен Россияда алғапі танысқан ғалымдардың бірі
-шығыстанушы академик Х.Д. Фрей. Ол Тәуекел ханның немере інісі
Оразмұхаммедтің күміс сандығында сақталған И. Халфинге Абылғазы
еңбегін осы шежіремен салыстыра окуға кеңес берген.
Ғалымдар қауымын шежіремен таныстыруда зор еңбек сіңірген
ғалымдардың бірі белгілі шығыстанушы И.Н. Березин. Ол алғаш рет
шежірені Қазақ университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде көреді.
Ғалым бұл "Жылнамалар жинағы" туралы әуелі "Москвитянин" журналында
хабарлама жариялап, кейіннен оның жалғыз көшірмесін сол қазанда өзі
шығаратын "Библиотека восточных историков" атты көп сериялы басылымда
1854 жылы бастырып шығарады. Алғы сөзінде бұл ескерткіштің деректік
мәнін аса жоғары бағалайды.
Бұл "Жинақ" материалдарын өз еңбегінде кеңінен пайдаланған
тарихшы В.В. Вельянинов Зернов оның құнды жақтарымен қатар
кемшіліктерін де атап өтеді. Ғалым бұл еңбекті "Тарихи рашиди" сияқты
шығармаларымен өзектес, сабақтас деп көрсетеді (4.130). 7. Бертін
келе, яғни 1922 жылы тіл маманы Әли Рахым қазақ молласы Г. Галлеев
Барудидің қазақ кітапханасына сыйлаған кітаптарының арасынан Қадырғали
би еңбегінің жаңа, сапалы көшірмесін тауып алады. Мұнан басқа "Жинақ"
туралы тарихшы М. Г. Сафарғалиевтің, тіл маманы X. Хисматуллиннің
еңбектерін атауға болады. Демек, Қадырғали би шежіресін сақтап, жұртқа
танып - білдіруде татар ғалымдарының еңбегі орасан. Бірақ олардың бәрі
еңбекті XVII ғасйрдың бас кезіндегі татар мәдениетінің үлгісіне
жатқызады. (5.308) Әрине, еңбектің татар қоғамында өмірге
келгендіктен, оның белгілі дәрежеде сол қоғамға тәндігін жоққа
шығаруға болмайды, дегенмен автордың қазақ қоғамынан шыққандығын
ұмытпау қажет.
Қадырғали би еңбегін қазақ топырағында ғылыми тұрғыдан зерттеу
Ш. Уәлихановтан басталады десек қателеспейміз. Ғалым өзінің
"Киргизское радословие" атты мақаласында, И.Н. Березинге жазған
хаттарында, басқа да еңбектерінде кеңінен пайдаланып, ол туралы өте
маңызды ойлар түйген. "Жылнаманың" құндылығын терең түсіне отырып,
оның қазақ тарихына қатысты тұстарын орыс тіліне аударған (6.142.)
Кеңес дәуірі кезеңінде қазақ ғалымдары Қадырғали бидің еңбегіне
ХХғасырдың 50 жылдарынан бастап назар аудара бастады.
Қазақ ССР - і тарихының I томында (1957) "Жылнаманың" деректік
мәні жазылуы туралы түсінік беріліп, оның халқымыздың ортағасырлық
мәдениетіне тікелей қатысы бар құнды ескерткіш екендігі айтылды.
Сонымен бірге "Жылнаманың" тіл жағынан да ерекше шығарма екендігі
айтылды.
Қадырғали би еңбегін зерттеуде академик Ә. Марғұланның да зор
үлесі бар. Бұл еңбекке ғылыми көпшіліктің назарын аударып, ол туралы
1964 жылы Москвада өткен конгрессте тың ойларын жеткізген ғалым
Ә.А. Масанов. Дегенмен Қадырғали би Қосымұлының еңбегін жан-жақты
зерттеуде әлі де атқарылар істер көп. Мысалы: бұл жұмыстың
ортағасырлық Қазақстан тарихына байланысты деректік мәнін толық ашу,
еңбекті толық қазақ тіліне аударып бастыру т.б.

1.2. Қадырғали би Қосымұлы және ол өмір сүрген заман.

Нақты деректің болмауы Қадирғали би өмірбаяны жайлы шындық
деңгейіне жеткізілген жорамалдардың зерттеу еңбектерінде кең тарауына
негіз болды. Солардың ең бастысы "Жылнамадағы" қарашы мен шежіре
авторы Қадырғали бидің бір кісі екендігі туралы тұжырым. Бірақ
Қосымұлы Қадырғали би мен Тобылда тұтқынға алынған, кейін Сейтек
ханның қызметінде болған қарашы мырза екі бөлек адам.
Ал Қосымұлы өмір сүрген кезеңге келсек, сол тұста opыc үкіметінің
шығыстағы жаңа елдер мен аудандарды өзіне қаратуды жүргізген
саяхатының астарында және оның ерекшелігінде үлкен мән болатын. XVI
ғасырдың соңғы ширегінде Оралдың Шығыс бөлігін, Батыс Сібірде
бағындыру Рессей үшін аса қолайлы бола қойған жоқ. Соңдықтан Иван IV,
оның ізбасары Феодор Иванович, Борис Годунов Сібір саясатын аса абай
жүргізді. Ол саясаттың мәні барлық Сібір халықтарының қарсылығын
туғызатын, әрі ұзаққа созылатын қарулы күреске бармай, мүмкіндігінше
көп күш, шығын шығармайтын жолмен жүру болды. Міне осы мақсатпен
Сейтек, Оразмұхаммед және Қарашаның тұтқынға алынуы және оның
келісімін алу арқылы патша қызыметіне көндіру саясатын жүргізген кезең
болды. Жалпы бұл кезеңде Москвада олар сияқты хан тұқымдары аз емес
болатын. XVI-XVII ғасырдың іс-қағаздарында сақталған деректердің
бірінде: "При царе Борисе Феодоровичь в сел Русы служили: Царевич
Казахские (Казахские) орды Ураз магмет, Царевич Сибириской Маметкуль,
Царевич Ургелский Умамет" деп жазылған болатын.
Патша өзінің Сібірлік тұтқындарынан шекелекпен алған жоқ. Оларға
сый-құрмет көрсетіліп, туған-туыстарымен бірге тұрды. Мысалы; ол кезде
Сейтек вотчинаға иелік етсе, Оразмұхаммед Қасымов хандығын биледі.

1.3."Жами ат-тауарих" еңбегінің жазылу дәстүрі.

XVI ғасырдың соңына қарай бұрынғы түркі тілдес тайпалардың,
тайпалық одақтардың орнына өзбек, қазақ, қырғыз, татар т.б. халықтар
біржола қалыптасып, олардың қайсы бірі өзінің ұлттық мемлекетін құруға
әрекет жасады.
Халықтардың саяси және әлеуметтік тәуелсіздігі үшін күрес
барысында өз тарихын білуге ұмтылуы тек Орта Азия, Қазақстан ғана
емес, бұл өлкеге іргелес орналасқан басқа да Орта Азия елдеріне тән
құбылыс болатын. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанда Мұхаммед
Хайдардың Тарих-и-Рашиди, Шах Махмудтың Тарих, Шығыс Монғолияда
белгісіз авторлардың Алтан Тобни, Шара Туджи сияқты еңбектері
дүниеге келді.
XVI-XVII ғасырлар орталық идеясы "Әлемдік билік " болған
Шыңғыстық идеологияның әлі де болса өрлеу кезеңі еді. Міне, осыған
үстем тап өкілдері Шыңғыс тұқымы болмаса хан атануға құқысыз болды.
Сондықтан олар өз биліктерін шартты болса да хан сайланған Шыңғыс
тұқымдарының атынан жүргізді немесе өздерінің Шыңғыс ұрпағы екендігі
туралы лақаптар таратты.
Міне, осындай жағдайда хан сарайында, не оның төңірегінде
жазылған тарихи еңбектер Шығыс түқымдары билігінің мәңгілігін
уағыздап, оған құлдыққа шақыруға міндетті болды.
Осы кезеңдегі Орта Азия және Шығыс Түркістанда өмірге келген
тарихы еңбектерге тән тағы бір ерекшелік тарихты баяндауда бірнеше
дәстүрдің бас қосуы. Атап айтқанда, моңғолдың. араб-нарсылық және
түркі халықтарының дәстүрі болатын.
Демек, қазақ хандары мен сұлтандары сарайларында да шежірелер
оқылып, шежірелердің жазылуы-толық заңды құбылыс. Сонымен бірге хан-
сұлтандардың, дала ақсүйектерінің белгілі дәрежеде сауаттылықты
бағалауы, өз балаларына уақыт талабына сай білім беруі, сол мақсатта
араб, парсы тілдерін, шариғат заңдарын жетік білген мұсылманша сауатты
дін қызметіндегі адамдарды және шағын кітапханалар ұстауы дамыған
феодалдық қоғамға тән құбылыс. Себебі қоғамдық қатынастардың күрделене
түсуі, қоғамның жалры мәдени дәрежесінің өсуі жағдайында жалғыз күшке
сүйену өзін өзі толық ақтаудан болатын. Жаңа заман талаптарының бірі
мұсылманша сауаттылық болатын.
XVI ғасырда қазақ даласы ақсүйектері арасындағы сауаттылықтың
бірден-бір көрінісі Оразмұхаммедтің сандығы. Бұл сандықта кітап,
шежірелер сақталған.
Сонымен Қадырғали би еңбегі-Орта Азиялық тарихи шығармалар
дәстүрінде, сол арнада жазылған еңбек.
"Жинақ" өзінің композициялық құрылымы жағынан үш бөлімнен
тұрады:
1)Бориске арнау;
2) Рашид ад-дин еңбегінің қысқартылған аудармасы;
3) Ұрыс ханнан Оразмүхаммедке дейінгі Шыңғыс тұқымдарының
тарихы.
Сонымен Қадырғали би еңбегі - ортағасырлық түркі жазба тарихы
дәстүрі арқасында өмірге келген еңбек. Ал ол өмір сүрген тарихи
кезіңде көшпелі түркі қоғамдарында қоғамдық-мәдени құбылыс ретінде
ауызша тарих айту дәстүрінің гүлдеу дәуірі еді. Жинақта берілген
шежірелік материалдар түркі халықтары арасында кең тараған. Осы
тұрғыдан алғанда Қадырғали би еңбегі-жазба және ауыз екі тарих айту
дәстүрлерінің өзара ықшамының тамаша көрінісі. Сондықтан да еңбекке
осы белгілі бір тарихи кезеңде қатар даму алған екі дәстүрдің бірдей
үлгісі ретінде қарау оның деректік сапасын тура бағалауға септігін
тигізеді. Қадырғали бидің еңбегі - қазақ жазба мәдениетінің алғашқы
үлгісі. Оның артында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ шежіресі түсінігі
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Қазақ шежіре жырларының поэтикасы
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Адам генетикасының шежіре әдісі
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Пәндер