Шылау


Шылау.
Шылау сөздер туралы түсінік.
Тілімізде толык лексикалық мағынасы жоқ, бірак сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге косымша мән үстеп тұратын кемекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек ушін. (А. ) Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып туір. (Г. Мүст. ) Абай қажымай, жалықпай, ылги ғана ынтыгып тыңдайтын. (М. Ә. ) Бүл мысалдардағы цшіп, мен, ғана деген сездердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқа-рып тұр. Бірінші сейлемде ушін шылауы ермек және (ертегіні) термек сездеріне мақсат мөнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабақтастыра) байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген создерді ыңғай-ластық мәнде бір-бірімен салыстыра байланыстырып, олар сейлемнің бірыңғай мүшесі екенін керсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
- Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
- Сәйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Шылаулар сөз бен сәзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
- Шылаулар тұрленбейді.
Шылаулар - лексикалық мағынасынан айырылу нәтижесінде пайда болған сөздер.
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне карай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадагы толык мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған косымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық, т. б. мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен байланыстырады. Бүл тұргыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын кызметіне үқсайды. Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бурын, бірге, соң, кейін, т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.
Септеулік шылаулар сөйлемде екі тұрлі кызмет атқарады.
Біріншісі - түбір белгілі бір септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік, заттанған сәздермен (сын есім, есімше, түйык етістік, т. б. ) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабактастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттык катынастағы сез тіркесін тудыруға дәнекер болады. М ы с а л ы : Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті. Ескі ақынша мал ушін тцрман зарлап. Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым. Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс - осы. Мысалдағы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін өмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін турман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік қатынаста, кейін шылауы жұмыстан сезін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.
Екіншісі - септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас қүрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемдегі мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. М ы с а л ы: Қорғана жүрерлік кунәсі болмаган соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр. Жел қатайган сайын, лебі мұздаған сайын, зымраган пойыз көрдей қараңгы түнге сүгіген сайын, вагон цстіндегілер бір-біріне жабыса тусті. (С. М. ) Мысалдағы соң, сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр
Септеуліктер орыс тіліндегі "предлогтар" деп аталатын кемекші сәздерге жақын.
Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жүмсалып тұрған сөзге қосымша мән үстейді әрі оны екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырып сөз тіркесін қүрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.
Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердің шылауында айтылады.
- Түбір (кейде көптік, төуелдік) тұлғадағызат есім, есімдік, түйық етістік, есімшементіркесетін септеулік-тер:арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, т. б.
- Барыс септіктегі сөздерментіркесетін септеуліктер:дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т. б.
- Шығыс септіктегі сөздерментіркесетін септеуліктер:кейін, соң, гөрі, бері, бцрын, әрі, т. б.
- Көмектес септіктегі сөздерментіркесетін септеуліктер:қатар, қабат, бірге.
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулык шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б.
Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр тұрлі мағыналық катынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
- Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық-тар:
мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.
- Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулық-тар:
бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да
- Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар:
әлде, біресе, бірде, не, не-месе, я, яки, болмаса, кейде.
- Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар:
себебі, өйткені, сондъщтан, т. б.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі "союзы" деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.
Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өз шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдык, күмән сиякты қосымша мағы-на үстейді, бірак септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды. М ы с а л ы: Алдымда толган мақсат, толган таңдау. Алайын мынасынба, анасынба? (С. Т. ) Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті. (М. Ө. )
Бірінші сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Екінші сөйлемде -ақ демеулігі бүгін, қазір сөздерінің шылауында колданылып, ол сөздерге күшейткіш мән үстеген. Үшінші сөйлемде де демеулігі бәрі сөзіне күшейткіш мән үстеп, ғана демеулігі ццман-дай сезінің шылауында жүмсалып, оған шектік мөн үстеп тұр. Бірак олардың бірде-бірі сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орыс тіліндегі "час-тицы" деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.
Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағы-насына қарай бірнеше тұрге белінеді.
- Сұраулық демеуліктер:ма(ме, ба, бе, па, пе), ше.
- Күшейткіш демеуліктер:-аң, -ау, -ай, әсіресе, да (де, та, те) . Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлем-дерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. М ы с а л ы:Сен де бір кірпіш дуниеге, Кетігін тап та, бар, қалан. (А. ) Бүл сөйлемдедешылауы - демеулік, олсенсозіне күшейту мөнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Алташылауы - жалғаулық, олтапжәнебар, қаландеген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.
- Шектік (тежеу) демеуліктері:ғана (цана), тек, кейде, -ақ.
- Болжалдық демеуліктер:-мыс (міс) жәнекейде, -ау.
- Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстырудемеуліктері:тугел, турсын, турмац.
- Нақтылау мәнді демеуліктер:қой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) .
Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін шылау тұрлері төмендегідей:
- тегі(дейін, шейін) :темір қапыгқа тегі(темір кақпаға дейін) ;
- үчүн (үшін) :Теңрі үч бертужрчрн (Тәңрі күш бергені үшін) ;
- өтру(соң, үшін, сондықтан) :Анта өтрц цаганыма өту(Содан соң қағанымнан өтіндім) ;
- бірле(бірге) :Інім Күлтегін бірле сөзлешдіміз(Інім Күлтегінмен сөйлестім) ;
- кісре(соң) :Анта кісре біліг тертуж учун(Одан соң білім бергені үшін) ;
- сайу(сайын) :йір сайу (жер сайын), будун сайу(халық сайын) ;
- йеме(және) :Іл йеме іл болты(Ел және ел болды) ;
- да, де, та, те: Оглы да қаган болмыс ерінч(Үлы да қаған болған еді) .
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады. Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді. Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздердің әуеніне түсіп, үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылады. М ы с а л ы : мен (бен, пен), қана (ғана), қой(ғой) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің соңғы дыбысына, -ды (-ді), -мыс (-міс) демеуліктері өзінен бұрынғы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің әрі соңғы дыбысына, өрі соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай тұрленіп отырады. М ы с а лы: Шығанақ пенОлжабек соңынаала кірді. (Ғ. Мүст) . Толқын да, агыс та кцшейген. (Ғ. М. )
Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, кай-таланбай колданылады. Сондыктан бүл жалғаулыктар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. М ы с а л ы : Жомарттың бцгін журе қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмайды. (Ғ. Мүст. ) Шортанбай Дулатпенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі жырау.
Мен (бен, пен) жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан түбірге косылып жазылатын көмектес септік жалғауымен үксас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір койылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. М ы с а л ы : Жақсымен жанас деген сейлемді жақсы жанас деп -мен тұлғасынсыз (кәмектес септігінсіз) айтуға болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан қайтады деген сейлемді Жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, Жақсылық және жамандық кейін алдыңнан қайтады немесе Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан қайтады деп те айтуға болады.
Мен (бен, пен) жалғаулығы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді. М ы с а л ы: Алыс пен жақынды жортқан білер (макал), Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа деген сейлемдерде алыс сөзі табыс септікте (алысты), әке сөзі ілік септікте (әкенің) тұрғаны белгілі.
Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңғы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі-екіден топтап барып байланыстырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz