XX ғасырдың басындағы іс қағаздар


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. XX ғасырдың басындағы іс қағаздар тілі
  2. Фонетикалық ерекшеліктер.
  3. 1920-30-жылдардағы ресми іс қағаздар тілі
  4. Грамматикалық ерекшеліктер.
  5. Синтаксистік ерекшелік.

Пайдаланылған әдебиеттер

XX ғасырдың басындағы іс қағаздар тілі

XX ғасырдың басында оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жандана түсті. Семей, Қызылжар (Петропавловск), Қостанай, Қызылорда, Торғай сияқты бірсыпыра қалаларда орыс-қазақ мектептері пайда бола бастады. Мұнымен қоса ауылдық мектептер көбейді. Осы мектептерде оқып шыққандардың козқарасы өз халқына, оның келешегіне бұрынғы мұсылманша оқығандардан әлде-қайда ілгері болды, олар қазақ халқының саяси, мәдени дамуына белсене ат салысты. XX ғасырдың басында қазақ тілінде баспа жұмыстары да қаулап өсті.

Бүгігі қазақ әдеби тіліндегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық нормалар бірден қалыптаса қалған жоқ. Өткен кезеңдегі сияқты, XX ғасырдың басында да қазақ тілінің өз табиғатына, өз ерекшелігіне лайық, ұлттық артикуляциялық базаға сәйкестелген арнайы алфавиті болған жоқ. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ тіліңдегі үлкенді-кішілі жазу нұсқалары татар баспасынан шығып тұрды. XX ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі сая си-әлеуметтік дамуға, ғылым мен жалпы мәдеңиеттегі әр алуан өнер, білім саласындағы өзгеріске байлзнысты, сондай-ақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік соз орамдары, аударма ыңғайында баламалар да пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің, оның ішінде ресми іс қағаздар тілінің жалпы қалыптасу барысында ізсіз қалған жоқ. Демек, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормалары біртіндеп дыму үстінде болды. Әрдайым екшеліп, үнемі сұрыпталып отырды.

Қазіргі қазак тілінің фонетикалык құрылымының, лексика, морфология және синтаксис жүйесінің XX ғасырдың бас кезіндегі дамуындағы негізгі процестер, әр түрлі өзгерістер белгілі дәрежеде сол кездегі ресми іс қағаздар тілінен де айқын керінеді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінде де біраз фонетикалық өзгерістер болды. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде ақыл, ақылдасу, әскер, айып, өмір, өнер, арыз түрінде қолданылып жүрген жекелеген сөздер бұл тұстағы ресми іс қағаздар тілінде ғ дыбысы арқылы, яғни араб тіліндегі формасында жұмсалады,

ғақыл - ақыл ғайып - айып

ғақылдасу - ақылдасу ғөнер - енер

ғаскер - әскер ғарыз - арыз

Тіл нормаларының бірте-бірте екшеленіп, келе-келе әбден тұрақталу барысында сөз басындағы ғ фонемасы түсіріліп, ғайып емес айып, ғарыз смес арыз т. б. түрінде қолданылып кетеді. XX ғасырдың бас кезінде қазіргі арыз сөзі ғарз түрінде де, кейде тіпті ғарза түрінде де жазылған. Мұндай өзгешелік х фонемасына байланысты да аңғарылады. Мысалы, қазіргі әзірлеу, әман, еш, әр создері хәзірлеу, хәман, хеш, һәр түрінде қолданылған.

Бұл қосар дауыссыз ст егістік сөздерден де аңғарылады. Ол-қазіргі әдеби тіліміздегі өсу сөзі. Бұл туынды түбір етістік ыңғайында өстіру түрінде қолданылады. Мысалы, заманөстіреді, мал өстіра туғын т. б.

Қазіргі жазба әдебиеттердегі раст, дост сөздеріндегі т дыбысыньщ жойылып кеткені сияқты өстіру егістігіндегі т фонемасы Да қолданылмайды.

Функционалдық стильдерді, оның ішінде біз қарастырып отырған ресми іс қағаздар стилін қалыптастырып отыратын негізгі база - баспасөз болып табылады. XX ғасырдьщ басында жарық көрген "Қазақ газеті", "Қазақстан" газеті (1911-1913), "Айқап'' журналы (1911-1915), "Садақ" журналы (қол-жазба 1915-1918) т. б. газет-журналдар қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамьггуда орасан зор қызмет атқарды. Ресми іс қағаздар тіліне тән көптеген создер мен грамматикалық бірліктердің тұрақталуына осы кезендегі баспасөз тілінің маңызы айтарлықтай болды. Кейінгі ресми іс қағаздар тілінен мықтап орьш алған жаңа сөздер мен соз орамдарының, кейбір грамматикалық тұлғалар мен тілдік үлгілердің көбі-ақ алғаш осы газет-журнал беттерінде қолданыла бастады. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметгік, қоғамдық-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты кіріп жатқан жаңа ұғымдарды дәл атауда, оәз тудыру амалдарын жетілдіруде, грамматикалық құрылысын икемдендіруде аталған мерзімді баспасөз орындары айрықша қызмет атқарды.

Қазақ әдеби тілін дамытуда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жазылған оқу-педагогикалық әдебиеттердің, қазақ тілі жайында жазылған еңбектердің де ролі болды. Бұл кезде оқу-ағарту ісінде жаңа бағыт басталса, оқу-ағартуға да жаңа әдіс "жәдид" немесе тоте оқу ене бастады. "Қадимде", яғни, ескі оқуда араб тілі дәстүрі сақталса, тоте оқуда ("жадидте"), әрбір дыбысқа әріп таңба белгілеу және жазуда сөздегі дыбыстардың таңбасы түсірілмей жазылу принципі сақталған.

Ілік жалғаулы сол жөне ол сілтеу есімдіктері мен үшін шылауы арқылы жасалған соның үшін, оның үшін конструкциялары ресми іс қағаздар тілінде керкем өдебиет тіліне қарағанда жиі қолданылған. Себебі соның үшін, оның үшін, өйткені, сол себепті, сондықтан тәрізді конструкциялар көркем шығармадан гөрі ресми іс қағаздар, баспасөз, ғылыми стильге көбірек жарасады. Бұл кезеңдегі соның үшін конструкциясы негізінен сондықтан жалғаулығының қызметінде жұмсалса, оның үшін конструкциясы өйткені жалғаулығының қызметін атқарады. Ал кей-кейде қазіргі әдеби тіліміздегі ол үшін конструкциясының мағынасын береді.

Оның сөзі жеке тұрып та, осы, ол есімдігінің орнына да қолданылады. Мысалы, Бұл кәсіблерді жақсылап істей алмайды деп айтуға болмайды, оның үшін бұларды жеті атамыздан бері үйреніп . . . ("Айқап") . Алты миллионнан артыққазақ халқына көз уа құлақ болсын деп, оның дүниеде есімі жоғалмасын деп ("Айқап") .

Соның үшін, оның үшін конструкцияларының әсерінен болу керек ара-тұра соның секілді, осының себеблі конструкциялары да қолданылады. Мысалы, соның секілді хазірде бес-алты миллион қазақ есіміне шығарылған жалғыз бір журнал аз көрінсе де . . . ("Айқап") .

Уә, һәм, ине жалғаулықтары жеке-жеке де, уа һәм, һәм ине, һәм дахы түрінде біріктіріліп те қолданылады. Уа ғайри жалғаулығы сирек қолданылады. Мысалы, Елдің шаруашылығы хакында болған һәр түрлі керек уа пайдалы хабарларды . . . ("Устав тургайского сельскохзяйственного общества") . Шаруашылыкка керек болған абзалдарды қолға түсіріп алуға

Сонымен қатар ауызекі тіл әсерінен сөйлемдегі сөздердің сөйлеу тіліңдегідей ыңғайда орналасуы байқалады, Мысалы; 0ны жер министрінің мәхкемесі министірлердің советіне кіргізеді, бекіту үшін ("Айқап") .

"Айқап" журналындағы материалдар қазақтың халық тілі байлығьшың негізінде жазылды, қазақ тілінің өз сөз байлығымен қоса өзге тіл элементгері де ара-түра кездесіп отырады. "Айқап" журналында аударылмай орыс тіліндегі күйінде қолданылған сөздер: Министр, положение, манифест, государственный, общество, школ, область, фирма, газета, номер, журнал, статья, учитель, писр, совет, депутат, антропология, лингвистика, член, совещание, пунктуездт. б. Мысалы, Ол положениенің қуаты бойынша . . . ("Айқап") . Манифестің куатынша государственни дума ашуға рұхсат болып . . . ("Айқап") .

Бұл кезенде орыс тілінің әсеріне байланысты туа бастаған терминдік мәндегі ұғымдар, балама атаулар әр алуан. Мысалы, Савет хәр бір істе опшестваның басы болады, опшестваның жиылыстары түзілген бітімдерді орнына келтіреді. ("Устав") . Бұл мысалда бітім сөзі қазіргі қаулы сөзінің орнына қолданылған түзілген бітім - қабылданған қаулы.

1920-30-жылдардағы ресми іс қағаздар тілі

Бұл жылдардағы маңызы айрықша, ең елеулі тарихи оқига - Қазақстанда совет өкіметінің орнауы, яғни 1920 жылы Қазақ АССР-і құрылуы. Осы жағдайға байланысты социалистік құрылыс барлық салада жаппай қолға алынды. Ауылда жаңа экономикалық саясат жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылыгын коллективтендіру ісі жүргізілді.

Сол шаралардың іске асу нәтижесінде аз жылдың ішінде мекемелерді қазақ кадрлармен қамтамасыз етуге, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге байланысты тиісті жағдайлар жасалды. Содан кейін ресми іс қағаздар стилі жедел дами бастады: әр түрлі қатынас қағаздар, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, протокол, өкім сияқтылардың әрқайсысының өздеріне тән құрылысы, терминологиясы т. б. стильдік ерекшеліктері жасалды. Солардың ішінде партия-совет органдарының қаулы-қарарлар, нұсқаулар, бұйрықтар, указдар стилі мен заңға қатысты құжатгардың стилі жүйеге түсіп әбден қалыптасқан осы күнгі ресми іс қағаздар стилінің басым жақтары деуге болады.

1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінің фонетикалық құрылымының, грамматика мең лексика жүйесінің дамуын, үнемі екшеліп, сұрыпталып отыру, бірте-бірте жақсару, қалыптасу процесін көруге болады.

Фонетикалық ерекшеліктер.

1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде қазіргі қазақ тіліндегі нормадан ауытқу XX ғасырдың басыңдағыға қарағанда әлдеқайда аз. Бұл ең алдымен кейбір сөздердің басында х, п, фонемаларының жазылуынан көрінеді. Мысалы,

һеш, хеш - еш

хәр - әр

һауа - ауа

ғаскер - әскер т. б.

Жауап, сауап, максат тәрізді жекелеген сездердің ара-тұра жұбап, сұбап, мақсұт болып қолданылуы да фонетикалық ауытқуға жатады.

Бұл кезеңде хүкім сөзінің фонетикалық деформацияға түсуі айрықша назар аудартады. Өйткені ол сөз дыбыстық өзгеріске түсуіне байланысты дербес мағыналы үш түрлі ұғымды білдіреді, үш сөз ретінде үш түрлі мағынада қолданылады. Бүл сөз 20 жылдарға дейін хүкім тұлғасыңда да, кейде алдыңғы дыбысы түсіріліп үкім тұлғасында да үкім айту, үкім ету (приговор) мағынасында қолданылып отырды. Ал жиырмасыншы жылдардан кейін ел өміріндегі әлеуметтік саяси құрылысқа байланысты үкім сөзі власть, правительство терминдерінің қазақ тіліндегі баламасына негіз болды.

Власть сөзінің баламасы ретінде өкімет сөзі, ал правительство сөзінің баламасы ретінде үкімет сөзі алыңды. Қолданыла келе олар бірте-бірте орнығып, дыбыстық сырт" өзгешеліктерімен әбден қалыптасып кетті. Сөйтіп бір ғана хүкім сөзі үш түрлі терминнің қалыптасуына негіз болды: үкім - приговор (соттың шешімі), үкімет - үкім (з. ес) + ет; (етістік) сөздері бірігіп правительство, өкімет - власть болған.

Грамматикалық ерекшеліктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Жеделхат мәтіні
Зерттеудің жетекші идеялары
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Қаржылық инвестициялық портфельді қалыптастыру және бағалау
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz