Ландшафт геохимиясы
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1. Ландшафт геохимиясы ұғымының түсінігі.
1.2. Географиялық ландшафт.
1.3. Геохимия пәнінің салалары, міндеттері.
Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ландшафт геохимиясы— географиялық ландшафтарда химиялық элементтердің химиялық құрамын және миграциясын (көшуін) зерттейтін геохимия мен физикалық географияның бөлімі. 20 ғасырдың 40-жылдарында пайда болған. Ол ландшафттағы химиялық элементтердің көшуін, жиылуын зерттегенде геохимияның, әсіресе, биогеохимияның тәсілдерін қолданады. Жеке ғылыми бағыт ретінде Ландшафт геохимисының негізін қалаған орыс ғалымы — Б.Б. Полынов. Геохимиялық тұрғыдан қарағанда ландшафт — атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы химиялық элементтердің күн энергиясы әсерімен алмасып отыратын жер бетінің бір бөлігі. Жердің терең қабаттарымен салыстырғанда ландшафтта қысым мен температура төмен болғанымен, атомдардың алмасуы көп түрлі әрі жылдам болады. Ландшафттағы химиялық элементтер миграциясының химиялық құрамын, зандылықтарын зерттейтін геохимияның тарауы
1. «Геохимические основы типологии и методики иследований природных ландшафтов» М-1964г. М.А.Глазовская
2. «Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы» Н.Молдағұлов
3. «Геохимия ландшафта. Географгиз» М-1962г. Перельман.А.И
4. Учение о ландшафтах «Вопр. Географии» 1953г. сб-33. Полинов.Б.Б

Жоспар
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Ландшафт геохимиясы ұғымының түсінігі.
2. Географиялық ландшафт.
3. Геохимия пәнінің салалары, міндеттері.
Қорытынды
II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ландшафт геохимиясы— географиялық ландшафтарда химиялық элементтердің
химиялық құрамын және миграциясын (көшуін) зерттейтін геохимия мен
физикалық географияның бөлімі. 20 ғасырдың 40-жылдарында пайда болған. Ол
ландшафттағы химиялық элементтердің көшуін, жиылуын зерттегенде
геохимияның, әсіресе, биогеохимияның тәсілдерін қолданады. Жеке ғылыми
бағыт ретінде Ландшафт геохимисының негізін қалаған орыс ғалымы — Б.Б.
Полынов. Геохимиялық тұрғыдан қарағанда ландшафт — атмосферадағы,
гидросферадағы, литосферадағы химиялық элементтердің күн энергиясы әсерімен
алмасып отыратын жер бетінің бір бөлігі. Жердің терең қабаттарымен
салыстырғанда ландшафтта қысым мен температура төмен болғанымен, атомдардың
алмасуы көп түрлі әрі жылдам болады. Ландшафттағы химиялық элементтер
миграциясының химиялық құрамын, зандылықтарын зерттейтін геохимияның тарауы

Геохимиялық ғылымның дамуына байланысты ландшафт геохимиясына қатысты
мәселелер таныла бастады. Ландшафт географиялық қабықты құрайтын заттардан
түзілетін болғандықтан, олардың құрамындағы химия-лық элементтер
литосферадан, атмосфсрадан, гидросферадан және биосферадан жиналады. Осы
геосфералардағыдай, ландшафтының химиялық элементтері негізгі және қосалқы
элементтер топтары болып белінеді. Негізгі элементтер тобына жататындар: О,
Sі, Аl, Fе, Ca, Na, K, Mg, C, H, N, S, P, Cl. Бұл аталған элементтер
ландшафт құрамындағы тау жыныстарының, топырақ қабатының судың, ауаның және
– тірі ағзалар массасын құрайды, ландшафтының геохимиялық ерекшеліктерін
анықтайды. Менделеев кестесіндегі жоғарыдағы аталғандардан басқалары
қосалқы элементтер тобына жатады. Бұлардың да_ландшафтының түзілуіне
қосатын үлесі зор. Мысалы, йод жетіспеген жерде адам тамақ ісігі (зоб)
ауруына шалдығады. Кобальт жегіспеген жерде мал ет ала алмайды. Мұндай
құбылыстар ертеден-ақ қазақ арасында "жері-суы жақпаған" деген түсінік
қалыптастырған.
Ландшафтының химиялық элементтері белсенділігіне қарай екі топқа
жіктеледі. Біріншісі, бір ландшафтының екіншісіне тез өтетіндері, яғни орын
ауыстыру жағынан белсенді элементтер тобын құрайды. Бұларға кальций,
натрий, магний, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, хлор, калий, марганец,
темір, цинк, кобальт, никель, ванадий, стронций, оттегі, көміртегі, азот,
сутегі элементтері жатады. Бұл аталғандардың әрекетіне байланысты ланд-шаф
өзгеріп, түлеп, бірінен-бірі туындан отырады. Ландшафт геохимиясының мұндай
қасиетін табиғат процестерін басқару барысында (мониторингте) орынды
пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
Топырақтану ғылыми-зерттеу инсти-тутының ғалымдары цинк реагенттерін
пайдаланып, Ақдала өңірінде топырақ құрамындағы тұз түзілу процесінің
қарқынын кемітіп, ландшафтының құнарын арттырды. Екінші топқа орын ауыстыру
әрекетінің белсенділігі шамалы элементтер жатады. Олардан цирконийді,
гафнийді, ниобийді, танталды, торийді, рутенийді, радийді, палладийді,
осмийді, иридийді, платинаны, гелийді, неонды, криптоңды, аргонды, ксенонды
атауға болады. Бұлар басқа элементтермен химиялық қосылыс құрамайды,
сондықтан ландшафтының түзілуі мен дамуында айтарлықтай рөл атқармайды.
Ландшафтыдағы химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекеттері көптеген
факторларға байланысты. Оның ішінде негізгі фактор - нақты элементтің өзіне
тән химиялық қасиеті, әсіресе оның химиялық реакцияға түсіп, тұз, қышқыл,
оксид, т.б. түзуі. Оған қоса химиялық элементтің қандай зат құрамында
болатыны және географиялық таралуы маңызды факторлар қатарына жатады.
Мысалы, шақпақ тасты жыныстар мен өсімдіктер құрамында натрий бар. Ол
шақпақ тасты жыныстарды құрайтын минералдардың кристалдық торында берік
орналасқандықтан, шамалы орын ауыстырады, ал өсімдік қалдықтарынан тез суға
шайылып кетеді. Осы сияқты химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекетінің
гсографиялық ортаға байланыстылығы таудағы тундра мен шөл зоналарындағы
ландшафтының ерекшеліктерінен көрінеді. Таудағы тундра ландшафтысында темір
белсенді түрде орын ауыстырады, ал шөл ландшафтысында бұл құбылыстың
белсенділігі шамалы. Бұл келтірілген мысалдардан химиялық элементтердін,
орын ауыстыруы бір жерде көп мөлшерде, екінші бір жерде жетімсіз болып
қалатынын көруге болады.
Ландшафтының химиялық элементтсрінің орын ауыстыруы, негізінен,
механикалық, биологиялық жолмен және су, ауа арқылы жүреді. Осылардың
әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Химиялық элементтердің механикалық орын ауыстыруы құрлық бетіндегі ағын
су, жел, мұздык, т.б. сыртқы күштер мен жанартаулардың, гейзерлердің
атқылаулары сияқты ішкі күштердің әрекетіне байланысты болады.
Жалпы жер беті ландшафтысын түзетін химиялық элементтер, жоғарыда аталған
күштсрдің әрекетіне байланысты, үздіксіз механикалық орын ауыстыруға
ұшырайды. Алайда олардың қарқыны жыныстардың
литологиялық, минералдық құрамына, үгілгіштігіне, шайылғыштығына, т.б.
байланысты болады. Көптегсн зерттеу нәтижесіне қарағанда грунттық жыныстар
мен топырақтың саз балшықты құрамында: Fе, Al, Mn, Mg, K, V, Cr, Ni, Co, Cu
көg, SiO2 аз болады. Құмдарда Si көп те, Fe, Al, Mg аз. Осылай механикалық
орын ауыстыру жолмен химиялық элементтердің топтасуына байланысты жер беті
ландшафтысы түрленіп, олардың құрылымы
күрделене түседі.
Химиялық элементтердің биогендік орын ауыстыруы екі түрлі процестің
нәтижесінде жүреді. Біріншіден, фотосинтез бен хемосинтездің нәтижесінде
қоршаған ортадағы элементтерден органикалық қосылыстар түзіледі. Екінші-
ден, тірі заттар тіршілігін тоқтатқан соң, олардың қалдықтары шіріп,
органикалық қосылыстары ыдырап, минералдық заттарға айналады.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосин-тездеуші
бактериялардың хлорофилл және басқа да фотосинтездік пигменттер арқылы күн
сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл
газы, су) өздерінің және басқа ағзалардың тіршілігіне қажетті күрделі
органикалық заттар түзуін фотосинтсз деп атайды. Жасыл өсімдік
фотосинтезінің реакция-сын төмендегіше кестелеуге болады :
CO2+H2O--------------- C(H2O)+O2+120 ккалмоль, яғни көмір қышқыл
газының бір молекуласының көмірсу дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос
энергиясы 120 ккалмоль болады. Фотосинтез нәтижесінде көмірқышқыл газы мен
суды құрайтын химиялық элементтерден күрделі органикалық заттар түзіледі
де, бос оттегі бөлініп шығады. Бос оттегінің геохимиялық әрекеті орасан
зор. Ол көптеген химиялық элементтердің орын ауысуы мен концентрациясын
анықтайтын "геохимиялық диктатордың" рөлін атқарады.
Микроорганизмдердің тотығу барысында бөлінген энергияны пайдаланып, көмір
қышқыл газынай, судан, минералдық заттардан органикалық заттар түзуін
хемосинтез дсп атайды.
Фотосинтез бен хемосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттар жалпы
биологиялық зат айналымына қосылады да, химиялық элементтердің биогенді
орын ауыстыру механизмін күрделендіре түседі.
Биологиялық зат айналымы кез келген ландшафтта болып тұрады. Биологиялық
зат айналымында биогендік аккумуляция мен тірі ағзалар қалдықтарының
минералдану процестері қатар жүреді. Басқаша айтқанда, тірі ағзалардың өніп-
өсу, жетілу, көбею кезінде олардың бойларына қоршаған ортадан көптеген
минералдық қосылыстар ассимиляцияланады. Ал тіршілік ету әрекеті тоқталған
соң олардың қалдықтарынан қайтадан минералды қосылыстар түзіледі. Мұндай
зат айналым циклі спираль бойымен жүреді, алғашқы ландшафтының жай-күйі
соңғысында қайталанбайды. Өйткені кейбір химиялық элементтер суға шайылып,
желмен ұшып орын ауыстыру процесінен шығып қалады, оның орнын басқалары то-
лықтырып отырады. Осылай биологиялық зат айналымы барысында ландшафт
жаңарып жетіледі. Олардың дамуы эволюциялық сипатта өтеді. Көптеген зерттеу
нәтижесіне қарағанда биологиялық зат айналымының қарқыны ландшафтының
жетімсіз және артық өлшемдегі элементтерге байланысты болады. Ландшафтының
жетімсіз элементтеріне: O, N, P, K, Ca, Mg, Cu, Co, J, F, Mo, Zn, Mn т.б.
жатады. Бұларды екі түрлі жолменен: біріншіден, ландшафтыға минералды
тыңайтқыштар сіңіру немесе өсім-діктер мен жануарларды минералды
элементтермен қоректендіру; екіншіден, ландшафтыны суарып, құрғатып және
тағы басқа жолмен олардың құрамындағы инертті элементтердің орын
ауыстыруының қарқынын арттыру арқылы толықтыруға болады. Ландшафтының артық
өлшемді элементтері: Cl, S, Na, Cu, Ni, Fe, F, және басқалар.
Биологиялық зат айналымы ландшафтысының химиялық элементтердің
жетімсіздігі мен артық өлшемін теңестіруші рөл атқарады. Сөйтіп,
ландшафтының тірі заттар қоры неғұрлым мол болған сайын, ол орын ауыс-
тыратын атомдарға соғұрлым қарқынды түрде әрекет етеді. Демек, химиялық
элементтердің биогендік орын ауыстыруын танып-білу ландшафт геохимиясындағы
өзекті мәселелердің бірі.
Химиялық элсменттердің сумен орын ауыстыруы булардың суда еру қасиетіне
байланысты. Судың ерігкіштік қасиетіне байланысты ландшафтының грунт және
топырақ қабаттарындағы минералды заттар ұдайы химиялық үгілуге ұшырайды.
Сонда олар суда еріп, өсімдік тамыры арқылы сабағына, сабағынан жапырағына
тарайды. Жануарлар мен адам денесіндегі минералды заттар да суға еріп, осы
сияқты орын ауыстырады. Оның қарқыны химиялық қосылыстардың ерігіштік
қасиетіне байланысты келеді. Ал ерігіштік - өте күрделі құбылыс. Ол
химиялық элементтердің иондары мен атомдарының радиустарына,
валенттілігіне, т.б. байланысты болады. Бұлармен бірге ерігіштікке
температура жағдайы, қысым өлшемдері, ерітіндінің концентрациясы, грунт,
тонырақ және құрлық беті суының рН көрсеткіштері сияқты жағдайлар үлкен
әсер етеді. Бұл аталғандардан судың рН көрсеткішін білу өте қажет. Өйткені
ол бойынша химиялық элементтердің орын ауыстыру қарқыны, ал оған байланысты
ландшафтының даму бағыты, сапалық өзгерістері, т.б. анықталады.
Зерттеулерге қарағанда судың рН көрсеткіші 6-дан төмен болатын қышқылды
ортада кальций, стронций, ба-рий, радий, мыс, мырыш, кадмий, үш валентті
хром, екі валентті марганец, темір, кобальт, никель сияқты элементтер
пәрменді орын ауыстырып отырады. Судың рН көрсеткіші 7-ден жоғары болатын
сілтілі ортада кешенді қосылыс құрайтын элементтер ғана ауысады.
Табиғатта топырақ, грунт және өзен суының рН көрсеткіші бірдсй болып келе
бермейді. Олар жыл мезгілдері мен ландшафтының даму сатысы ауысқан сайын
өзгеріп отырады. Атап айтқанда, ландшафтының алғашқы даму сатысында калий,
натрий, кальций, магний басым келеді. Кейіннен ландшафтының кемелдену
шағында, бұлар суға тез еритін қосылыстардың (ас тұзын, әктасты, гипсті)
түзеді де, сумен шайылып кетеді. Мұндай құбылыс, әсіресе климаты ылғалды,
жер бедері сәл еңіс, үгілу процесінің, өнімдері тез шайылып кететін тайга
зонасы мен ылғалды субтропиктік және тропиктік ландшафт тараған
территорияларда жиі байқалады. Ал үгінді жыныстары сыртқа шайылып шықпайтын
құрғақ климатты аймақтардың топырақ пен грунттық жыныс қабаттарында
катиондар көп болады (мысалы, СаСО3 күйінде Са қорланады), суының рН
көрсеткіші сілтілік ортаға дейін көтеріледі. Демек, химиялық элементтердің
сумсн орын ауыстыру механиз-мін зерттеп білу арқылы ландшафтының құнарлығын
арттыру жолдарын анықтауға болады. Мысалы, топырақ қабатының рН көрсеткіші
бойынша оған сіңірілетін минералды тыңайтқыштардың түрлері анықталады. Атап
айтқанда, рН көрсеткіші төмен қышқылды ортамен сипатталатын ландшафтылы
топыраққа әктас сіңіріледі де, сортанды жерлер дренажды әдіспен суға
шайылып тұщыланады.
Ландшафтының құнарлылығын арттыру жолында сумен орын алмасатын
элементтердің реакцияға түсу, бір сападан екінші сапаға өту, бір жерден
екінші жерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz