Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
1. 1 Дене жаттығулары ұғымының қоғамдық және ғылыми сауығу мәні . . . 5
1. 2 Адам ағзасының гигиеналық және физиологиялық көрсеткіштер әсері ретінде қарастырылуы . . . 15
2. ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ ӘДІСТЕМЕСІН ТАЛДАУ
2. 1 Дене жаттығулары физиологиясының қызметтер жүйесі . . . 23
2. 2 Дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдану барысындағы физиологиялық көрсеткіштер әсері . . . 38
2. 3 Дене жаттығулары кезіндегі физиологиялық көрсеткіштер әсері ерекшеліктері . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген .
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып, оның басты міндеті - еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру- деп көрсетті [1] .
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі- білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу маңызды, алған білімі мен біліктілігі негізінде өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең алғаш рет әр баланың интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту мәселелері сөз болады. Жеке адамды тек жеке тұлғаның өзі ғана тәрбиелеп өсіретіні айдан анық. Осыған орай бүгін педагог кадрларын дайындау жүйесінде болашақта терең мағыналы, жан-жақты ойлау, білу қабілеті бар, болашақты толық сезінетін, өз жұмысына соншалықты берілген, алда тұрған міндетін атқара білетін мамандарды тәрбиелеп өсіру жұмысының маңызы зор. «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады», - делінген [2] .
Білім беру мазмұнына оны ұйымдастыру, құрылымы, бағдарламасы енгізіледі. Білім беру қызметінің ұйымдастырылуы оқу-тәрбие процесі мен білім мазмұнын жоспарлау және оларды жүргізу тәсілдерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.
Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.
30%-ға дейінгі Қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Осындай жағдайда ғана біз дамуды көреміз.
Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс» деп атап көрсетілген .
Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде физиологиялық көрсеткіштеріне әсері проблемасының шешімін табу және тиімділігін көрсету.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдаулар көрсеткендей, ғалымдарымыздың еңбектеріндегі тұжырымарды ескере отырып, мектеп оқушыларына дене шынықтыру сауықтыру әрекетінде физиология мүмкіндіктерін дамыту мәселесі арнайы зерттелініп, жүйеге келтіру қажеттілігі туындап отыр.
Зерттеудің нысаны - Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері үдерісі.
Зерттеу пәні - Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері.
Зерттеудің мақсаты - Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау.
Зерттеу міндеттері:
1. Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу.
2. Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері әдістемесін көрсету.
Дипломның құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
1. 1 Дене жаттығулары ұғымының қоғамдық және ғылыми сауығу мәні ретінде
Дене мәдениеті (ДМ) - дене дамуы, сауықтыру және адамдар тәрбиесі аясында басымырақ өткенді меңгеру және жаңа құндылықтарды жасау бойынша шығармашылық қызмет болып табылатын қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Спорт - қарсыластық (сайыстық) жағдайда қозғалыс мүмкіндіктерін ашуға (айқындауға) бағытталған адамның және қоғамның мәдени қызметінің спецификалық формасы.
Дене мәдениетінің құндылықтары - әлеуметтік және кәсіби бағдарланған, сол сияқты жеке тұлғаның міндеттерін шешуге бағытталған дене мәдениетінің іс жүзіндегі маңызды негізі.
Дене жетілдірілуі - адамға дене мәдениетінің ерекше әсер етуінің барынша көрінуі.
Денені тәрбиелеу - спецификасы адамның дене сапаларын дамыту және жетілдірілуін басқару, сол сияқты қозғалыс әрекеттерін үйретумен қорытындыланатын тәрбие үрдісінің түрі.
Дене дамуы - өмір сүру барысындағы адам ағзаларының табиғи құрылымдық-қызметтік (морфофункциялық) қасиеттерінің өзгеру процесі.
Психологиялық дене дайындығы - мақсатты бағыттағы процесс, арнайы шұғылдану жүйесі, яғни оның іргетасы адамның психологиялық жағдайы мен оның денінің саулығы арасындағы өзара байланыстылық және өзара тәуелділік болып табылады.
Психологиялық дене жаттығуы - негізінде белгілі дене жүктемесі мен реттеу әдістері үйлесімділігін пайдалану әдістемесі бар оқу-жаттығу үрдісі.
Дене және қызметтік даярлық - адамның мақсатты қызмет әрекеті түрлерін орындау немесе меңгеруі үшін қажетті ағзаның жұмыс қабілеттілігі деңгейін арттыру және білгілі бір қозғалыс дағдыларын меңгерудің соңғы нәтижелері.
Денеге білім беру - адамға әртүрлі өмір жолдарында және қызмет түрлерінде дене мәдениеті құралдарын пайдалану бойынша теориялық білімдерді меңгеру, белгілі уақыт аралығында және кеңістікте өз денесінің қозғалысын басқару, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын оқытып, үйрету үрдісі.
Қозғалыс белсенділігі - адамның салауатты өмір режімінің маңызды компоненттерінің бірі, яғни оның негізінде жынысына, денсаулық жағдайына сәйкес, дене мәдениеті мен спорт құралдарын жүйелі пайдалануы.
Қозғалыс біліктілігі - қозғалыс әрекетінің әдістерін сапалы түрде меңгеру (ми қабығындағы кешенді қозғалыстың, белгілі әрекеттің үлгісі), яғни жаттығу құралдары мен әдістерін пайдалану барысында дағдыға айналдыру.
Қозғалыс дағдысы - қозғалыс әрекетінің әдісін санадан тыс меңгеру деңгейі, яғни қозғалыс әрекетін басқару іс-жүзінде автоматты түрде жүзеге асады. Бұған қозғалысты орындаудың жоғары сенімділігі тән.
Дене тәрбиесінің кәсіби бағыттылығы - мәдениеттің негізгі жүйелерінің тармағының бірі ретінде кәсіби-қолданбалы дене даярлығы түрінде жүзеге асырылады, яғни адамның тиімді кәсіби қызметіне нақтылы даярлыққа жетуіне мүмкіндік туғызатын оның міндеттеріне арнайы қолданбалы білім, сапа, біліктілік, дағдыларды қалыптастырады.
Н. Г. Чернышевский: «Адамның денесін жетілдіру табиғат сыйлығы емес, бұл оны мақсатты бағытта қалыптастыру нәтижесі», - деген болатын.
Адамның дамуы мен жетілуі барысында дене және рухани күштері, олардың адамгершілік, интеллект құндылықтарымен жүйелі үйлестірілуі жоғары бағаланып келді. Ұлы ойшылдар мен ғалымдар жастардың жан-жақты дамуы қажеттілігін, олардың денені немесе рухани тәрбиелеу приоритетін бөліп қарамай дененің қандайда бір сапасын басымырақ дамытып қалыптастыру, артық бағалау жеке тұлғаның үйлесімді дамуының бұзылуына әкелетінін терең түсініп, өз еңбектерінде атап көрсетті. Сонау адам қоғамының қалыптасу кезеңінде қолданысқа енген «мәдениет» термині бір мағыналы емес, яғни «жерді өңдеу», «тәрбиелеу», «дамыту», «қадірлеу» сияқты ұғымдармен тығыз байланыста. Бұл термин қазіргі заманғы қоғамдағы қайта құру қызметі аясында және оның нәтижелері сәйкес келетін құндылықтар, соның ішінде «өзінің жеке жаратылысын қайта құру» түрінде кең аясын қамтиды[3] .
Дене мәдениеті - адамдарды тәрбиелеу, сауықтыру және дамыту аясындағы басымырақ жаңа құндылықтарды жасау және бұрынғыларын жетілдіріп, меңгеру бойынша шығармашылық қызметі болып табылып, жалпы қоғамдық мәдениеттің бір бөлігін құрайды.
Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында жеке тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, әскери істердің және т. б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.
Дене мәдениеті адамдардың кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық миссияларын атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жоғарғы оқу орындары жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.
Академик Н. И. Понаморев дене тәрбиесінің пайда болу және алғашқы кездегі даму тарихы үшін негізге алынатын кең ауқымдағы материалдардың нәтижелеріне сүйене отырып, «адам тек еңбек құралдарын дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге өзінің денесін үнемі жетілдіру барысында адам болды, адам ағзасы басты өндіргіш күш», - деп тұжырымдады. Мұнда аң аулауды дамыту жұмыс түрі ретінде шешуші рөлді ойнады. Атап айтқанда, адам осындай жаңа біліктілік пен дағдылардың, өмірде қажетті қозғалыстардың, күш сапаларының, төзімділіктің, шапшаңдықтың қажеттілігін басымырақ бағалады.
Археология мен этнография ежелгі дәуірден бастап адам дамуын, оның ішінде, әрине дене мәдениетінің дамуын зерттеуге мүмкіндік туғызды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытынды жасауға мүмкіндік берді, яғни еңбек қимылдарынан келіп, өмірде қолданыста қажетті дене мәдениеті б. д. д. 40-25 мың жылдар бұрынғы кезеңде адам қызметінің дербес түрі ретінде бөлініп шықты. Лақтырғыш қарудың, одан кейінгі садақтың пайда болуы аңшыларды, жауынгерлерді дайындау, дамыту және жетілдіру қажеттілігін туындатты. Сонау тас дәуірінде дене тәрбиесі жүйесінің пайда болуымен қозғалыс-қимыл саласы табысты аңшылық, жаудан қорғану және т. б. кепілі болды. Көптеген халықтардың салты мен дәстүрлерінде бір жас ерекшелігі тобынан екіншісіне өткендегі дәстүрінде дене мәдениетінің тәрбиелеу компонентін пайдалану ендірілді. Мысалы, ер балаларға белгілі бір сынақ жаттығуларын орындамайынша үйленуге, ал қыздарға дербес өмір сүру қабілеттілігін дәлелдегенше ерге шығуға рұқсат етілмеді.
Жаңа Гибридтер аралдарының бірінде жылма-жыл дәстүрлі мереке өткізіліп, оның шарықтау шегі мұнарадан құрғақтау жерге секіру болған (Л. Кун) . Бұл сайысқа қатысушы аяқтың қызыл асығынан лиан (шырмауық түрі) жібімен бекітіліп басымен төмен қарай 30 м биіктіктен ұшады. Басы жерге сәл жетпей серіппелі лиан жібі тартылады да адамды кері серпеді, содан кейін ол аяғымен жерге жайымен түседі.
Алғашқы қауымдық кезеңде дене мәдениеті тайпаның әрбір мүшесінің дене даярлығын, қатаң ерік-жігер, орнықтылық, батылдықты дамыта отырып, өз тайпаластарының мүдделерін қорғауы бойынша бірлестік сезімін тәрбиелейді.
Ежелгі Грецияда дене мәдениетіне ерекше назар аударылған, яғни кім оқи, жаза және жүзе алмаса сауатсыздыққа санаған (В. У. Аиевец, 1983 ж. ), ежелгі гректің Спарта және Афина мемлекеттерінде гимнастика, семсерлесу, ат спорты, жүзу, жүгіру 7 жастан, күрес пен жұдырықпен сайысу 15 жастан оқытылады.
Бұл мемлекеттердегі дене мәдениетінің даму деңгейін сипаттаудың маңызды мысалы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Бүкіл әлемге танымал ежелгі дүниенің ұлы адамдары, атақты спортшылар болды: философ Платон - жұдырықтасушы, математик және философ Пифагор - жұдырықтасудан Олимпиада чемпионы, Гиппократ - жүзгіш, балуан.
Қиялдағы батырлар, орасан зор күш иелері барлық халықтарда болған: Геракл мен Ахиллес - гректерде, Гильганес- вавилондықтарда, Самсон - еврейлерде, Рүстем - сақтарда, Илья Мурамец, Добрыня Никитин - славяндарда. Адамдар олардың ерлігін, сайыстардағы жеңістерін, зұлымдықпен және жаратылыс күштерімен сайысуын дәріптеу арқылы өздері де денсаулығы мықты, күшті, епті және еңбек сүйгіш, болуға ұмтылды, яғни бұлардың тәрбие ерекшеліктерінде, дене тәрбиесінде көрініс табуы табиғи құбылыс.
Ойшыл-философ Ұлы Аристотельдің: «Адамды дененің ұзақ әрекетсіздігінен артық ешнәрсе бұзбайды», - деген дене мәдениетінің маңыздылығы туралы гректер үшін айтқан мағыналы сөзінің мәні зор.
Дене тәрбиесі туралы ғылым жаттығуларды орындауда, еркін қозғалыс табиғаты мен негізгі қозғалыс дағдылары туралы, белсенді демалыс, сыртқы орта күштері туралы, «белгісіз» бұлшық ет сезінуі мен жаттығуларды орындаудағы басқа сезім мүшелерінің рөлі жайлы академик И. М. Сеченовтың ережесін одан әрі дамытады. Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамытуда көрнекті орыс педагогтары К. Д. Угинский, П. Ф. Лесгафт, кейінірек И. П. Павловтың, А. И. Крестовниковтың, Н. Н. Яковлевтердің еңбектері үлкен әсерін тигізді.
Дене тәрбиесі туралы ғылымның үлкен нәтижесі дене жаттығуларын емдік мақсатында пайдаланудың ұйымдастыру және әдістемелік формаларын жасау болып табылады.
Осыған байланысты дене мәдениеті құндылықтарының әртүрлілігі және көп компоненттілігі академик М. Я. Виленскийдің еңбектерінде айқын мазмұндалған.
1. Әлеуметтік маңыздылығы - қоғамда жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша білім беру - тәрбиелеу іс тәжірибесін уақытпен белгілейтін мақсаттар, ұсынылымдар, талаптар, ережелер, яғни оның дамыған дене мәдениетінің деңгейінің мүмкіндігі бар, жалпы мәдени дамуы және оның әлеуметтік рөлінің орындалуы үшін қажетті және өзінің мәдениетті салауатты өмір сүру бейнесінің қызметін ұйымдастыруы болып табылады.
2. Кәсіби маңыздылығы - кәсіби қызмет үрдісін және жағдайларын «мәдениеттендіретін» идеяларды, концепцияларды, ережелерді «инструментальды» білімді, практикалық біліктілікті, қажетті сапалар мен қасиеттерді жинақтау және дамыту, оларға табысты бейімделудің, адамгершілік мораль және психологиялық дене күшін жұмсамай-ақ орындаудың алғы шарттарын жасайды.
3. Жеке тұлғалық - жеке тұлғаның мақсатты бағыттығы және мотивациялық бағытын, яғни оның дене жетілуін, валеологиялық мәдениетін, сана сезімін, әлеуметтік-психологиялық сапалары мен қасиеттерін дамыту, бірегейлік және жеке тұлғалықты сезінуін қалыптастыру, өзара қарым-қатынас қабілеттерін ояту.
Осылардың негізінде ЖОО мамандарды даярлау негізінде оқу-ғылыми, практикалық бағдарланған пәндердің мазмұнды компоненті ретінде дене мәдениеті құндылықтарының өзара байланысты топтарын одан әрі жүйелеуге болады.
Олар келесі топтарға бөлінген:
1. Мақсатты-құндылықтары - маманның әлеуметтік-кәсіби қызметінде дене мәдениетін пайдаланудың мағынасы мен мәнін ашады: студент-кәсіпкердің жеке тұлға ретіндегі негізгі ой-пікірі оның әртүрлі қызмет аясында көрінуі, «Мен - кәсіпкермін», яғни кәсіби өздігінен жетілгендігі ретіндегі концепциясы.
2. Құрал-құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметін іске асыруда дене мәдениетін пайдаланудың әдістері мен құралдарының мағынасы мен мәнін көрсетеді: өз денесін дамыту, сана сезімі, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау үшін әдістемелік-практикалық білім мен біліктіліктің қажетті технологияларын меңгеру.
3 . Қарым-қатынас құндылықтары - өзіне, кәсіби қызметінде, жақын социумыне және т. б. қатынастардың жиынтығы ретінде дене мәдениетіне қатынастардың мағынасы мен мәнін сипаттайды. Олар дене мәдениетінен өмір жолдарында пайдалану, іске асырудың пәндік бағдарын береді.
4. Білім құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызмет үрдісінде дене мәдениеті бойынша білімнің маңыздылығы мен мәні: жеке тұлғаның дене мәдениетінде, оның дүние танымдық ұстанымы мен сенімділігін, өздігінен сенімділігін дамыту үшін қажетті ой өрісін айқындайтын теориялық, әдістемелік білім.
5. Сапа құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметі үшін болашақ маманның маңызды сапалары мен қасиеттерінің маңыздылығы мен мәнін ашады: жеке тұлғалық, кәсіби-қызметтік, сыртқы жүріс-тұрыстық, психологиялық дене сапалары.
Дене мәдениетінің ерекше маңыздылығы кәсіби бағыттағы оқыту үрдісінде кәсіби қолданбалы дене дайындығы түрінде берілген, оның мақсаты нақтылы еңбек, рекреациялық үрдістерде және әрекеттерде оңды нәтижесін беретін сапаларды, біліктілікті, дағдылар мен арнайы білімдерді дамыту болып табылады.
Оқу-жаттығу сабақтары үрдісінде, жарыстарға дайындалу және жарыс барысында дене жаттығулары, жүктемелер қайталанады, шаршау, шалдығу басылады, спецификалық еңбек үрдісі жүреді. Шұғылданушыларды болашақта басқа әрекеттеріне және кәсіби қызметіне кіретін еңбексүйгіштік, дене сапалары қалыптасады. Осындай бейнеде кәсіби еңбекке тәрбиелеуде оңды әсер етеді.
Ұжымдық, қызықты көріністік ағымда өткізілетін жарыстарда, оқу-жаттығу сабақтарында мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге олардың негізінде азаматтық, отан сүйгіштік сезім, өз қылық істеріне, мінезіне, отбасына, жұмысына қатысты жауапкершілік қалыптасады. Әсіресе жарыстарда алға қойған мақсатқа жету үшін қажетті шешімшілдік, батылдық, ерік-жігер күшін, тәртіптілік, берік ұстаным, сабырлылық және көптеген басқа сапаларды тұрақты көрсете білу қажет.
Сонымен, дене тәрбиесі, адамгершілік ой, сананы тәрбиелеумен тұтас байланыста адамның және азаматтың жоғары жеке тұлғалық сапаларын қалыптастырады.
Адамның үйлесімді дене дамуы, яғни зерде, назар аудару, орнықтылықтың, жоғары деңгейін, түйсігін, байқағыштығын, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі сияқты сапаларының жақсы дамитынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Дене тәрбиесі бойынша шұғылдану қатарында жеке тұлға тіршілік ету қызметінің ұтымды әдістерін, үйлесімді әрекеттерді, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, шынығу және т. б. меңгереді, яғни ақыл, ой дамуына, ақыл-ой тәрбиесі үрдісіне, интеллектіге оңды әсер етеді.
Адам ағзасы - барлық органдар өзара тығыз байланысты және өзара күрделі қарым-қатынаста болады, бұл жүйе өзін-өзі реттеуге, гомеостазды сүйемелдеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті (И. П. Палов) .
Гомеостаз (грекше - тұру, тұрып қалу) - тұрақтылықты бұзатын сыртқы және ішкі қозғаушы күштерді жоюға бағытталған, бейімделген реакциялар есебінен ағзаның ішкі ортасының (қан, сары су) динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеу.
Рефлекс (латынша - қарсы жауап беру, тойтарыс) - орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның әсер етуге жауап беру реакциясы.
Адаптация (латынша - бейімделу) - қоршаған ортаның өзгеруіне ағзаның немесе органның бейімделуін қамтамасыз ететін ағза реакциясының жиынтығы.
Адинамия - іс жүзінде нөлдік қозғалыс белсенділігі.
Гиподинамия (грекше - күшке байланысты қатынастағы төмендеу) - қозғалыс күшінің азаюы нәтижесінде қозғалыс қимылының төмендеуі.
Гипокинезия (грекше - қозғалыс қимылдың төмендеуі) - аз қозғалыстың нәтижесінде қозғалыс көлемінің амалсыздан төмендеуі, бірқатар ауру құбылыстарын туындатады.
Гипоксия (грекше - төмендеу, латынша - оттегі) - оттегі тапшылығы ұлпадағы оттегі құрамының төмендеуі.
Оттегіні максимальді қолдану (ОМҚ) - тыныс алу және қан айналу жүйелерінің функциональдық жағдайының өлшем бірлігі (критериі) .
Қозғалыс біліктілігі мен дағдылары - сәйкес келетін жаттығулармен шартты рефлекс механизмі бойынша қалыптасқан қозғалыс стереотиптерінің формалары.
Онтогенез, филогения (грекше - тайпа, тек, түр, пайда болу) - әртүрлі типтердің, класстардың, топтардың, жанұялардың, тектердің және түрлердің, яғни органикалық әлемнің немесе тарихи дамуы. Қайсібір органдардың филогенезі туралы айтуға болады. Оттогенезбен бірлікте және өзара сәйкестікте қарастырылады.
Р. Декарт: «Егер сіздің ақыл, ойыңыз дұрыс жұмыс жасасын десеңіз өз денеңізді бақылаңыз», - деген екен.
Тыныс алу (респирацио) немесе дем алу деп тірі организм тіндерін оттегімен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаруға бағытталған физиологиялық құбылыстар жинағын айтады.
Газ алмасуы - көп сатылы күрделі құбылыс. Оның негізгі кезеңдері: сыртқы тыныс - сыртқы орта мен өкпе альвеолары ауасының алмасуы; - өкпе альвеолары мен өкпе қылтамырлары арасындағы газ алмасуы; оттегі мен көмірқышқыл газдарын тасымалдау; - қылтамырлар мен тіндер арасындағы алмасу; - тін тынысы, не жасушалардағы (клетка) тотығу құбылыстары.
Сыртқы орта мен өкпе альвеолары ауасының алмасуы сыртқы тыныс деп аталса, тін қылтамырлары мен жасушалар арасындағы газ алмасуын тін тынысы дейді[4] .
Тексеру әдістерінің спорттық тәжірибеде қолдануға қолайлығынан спорттық медицинада көбінесе сыртқы тыныс ұлпаларының қызметтік мүмкіншілігі анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz