Балаларда санау әрекетін дамыту туралы


Балаларда санау әрекетін дамыту туралы
Балалардың жиын жөніндегі әрекетін зерттей және бақылай отырып, олардың бірыңғай нәрселерден тұратын жиындыққа үлкен ынта қоятынын байқауға болады. Балалар жиынтықтағы нәрселерді столдың үстіне, еденге көбінесе горизонталь қалыпта, қисық сызық түрінде, гүл тізбегі тәрізді етіп қойып шығады. Олар нәрселерді, мысалы, түймелерді, тарелкаларды, кеселерді және басқа да ұсақ нәрселерді жиі-жиі бір-біріне тіркестіріп тақап қояды. Балалар екі жасында біркелкі нәрселердің жиындығына өте ұмтылғыш келеді, бірақ мұндайда олар жиынның барлық элементтері бір түсті ме және мөлшерлері бірдей ме, оған селқос қарайды. Нәрселерді бірінің соңынан бірін қойып отырып, олар жиындықты бөлшектеген сияқты болады және дәл осының өзі балалардың назарын аударады. Мысалы, олар пирамидаларды дөңгелекке шашып жіберіп, оларды бір қатарға тізіп шығады немесе матрешкаларды бірінен соң бірін шығарып, оларды да онша дәл емес қатарға қойып шығады.
Осы жастағы балаларды, сондай-ақ дыбыстар мен қозғалыстардың біртектілігі көңіл қояды. Олар бір қозғалысты қайталай беруді ұнатады: қасықпен немесе басқа бір нәрсемен тықылдатады; қораптың, қант сал ғыштың, қақпағын бірнеше рет ашып, жабады; бөлменің есігін бірнеше рет ашып, жабады; нәрселерді бірінің соңынан бірін тастап, олардың жерге түсуін байқайды; ересектердің оларды бір жақтан екінші жаққа тербелткенін, жоғары лақтырып, қағып алып тұрғанын және т. б. жақсы көреді.
Жиындармен осылай айлалы әрекет жасауды сана әрекеті дамуының бірінші кезеңі ретінде қарауға болады.
Бұдан әрі қарай шамалар мен жиындарды салыстиыруға деген ынта пайда болады. Мұндай жағдайда негізінен бала өмірінің үшінші жылын сипаттайды және санау әрекеті дамуының екінші кезеңі ретінде қаралуы мүмкін.
Балаларда салыстыруға деген тенденция түрліше пайда болады. Мысалы, бөбектер өздері қолына алған пряниктерініқ мөлшерін салыстыруға әрекеттеніп көреді, ол үшін пряниктерді бірінің үстіне бірін қояды, бірақ әрине, бұл әлі дәл емес. Кейбір жағдайларда олар үйде қайсысына үлкен доп сыйлағанын айтып өзара таласады: олар доптың көлемін көрсету үшін құшағын кең жаяды. Бұл нәрсенің көлемін өлшеу мен көрсетудің алғашқы, әлі жүйеге түспеген әдістері.
Санау әрекеті дамуының үшінші кезеңінде салыстырылатын жиындардың элементтерін салыстыру сан есім-сөздерін атауға келіп қосыла бастайды. Мұндай оқыту болмаған немесе дұрыс оқытылмаған жағдайда балалар жиын объектісімен сан есімдердегі арақатынас тәсілдерін меңгере алмайды (жиынның элементтерін қалдырып кетеді немесе, керісінше, бір сан есімді бірнеше объектімен белгілейді және, әдетте, барлық саналып шыққан жиынды жинақтай алмайды. “Қанша?” деп сұрақ қойғанда, олар жиынды кайтадан санай бастайды да, жалпы санды тары да жинақтай алмай, бұл сұраққа жауап бермейді. Бұл сол үлкендер сан есім-сөздердің көмегімен санауға үйретуге асыққан жағдайда, нақты жиынды элементтік салыстыруға үйретпеген кезде және салыстыру негізінде олардың теңдігі мен теңсіздігін анықтау, яғни санға дейінгі кезеңде жиынға қатысты жаттығулармен толық қамтамасыз етпеген жағдайда жиі кездеседі.
Балалар санға дейінгі кезеңде жиынның теңдікте, теңсіздікте болатынын меңгеріп алып, санау әрекетіне, жиынды санмен атауға ұмтыла бас-тайды. Санау кезінде қорытынды санның мәнін ұғынуды балалар тез меңгереді. Олар санау қорытындысын санау процесінен дифференциялайды, бұл осы кезең үшін өте маңызды. Балалар тең сандағы жиындарды оңай меңгеретін себебі олар әрқашан бір ғана санмен аталады.
Санау әрекеті дамуының төртінші кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалар (бес-алты жаста) сан есімдерді ретретімен атауды айқын меңгереді, жиынның әрбір элементінің санын (оның орналасу формасына және оның элементтерінің сапасына тәуелсіз) дәл белгілеп бере алады; олар қорытынды түріндегі соңғы санның мәнін меңгеріп қана қоймайды, сонымсн бірге сан жиындардың кеңістіктік-сапалық ерекшеліктеріне тәуелсіз олардың тең сандылығын көрсететінін, ол әрқашан санның көрсеткіші қызметін атқаратынын түсіне бастайды.
Сандардың бірінен соң бірі қатаң түрде келіп отыруы натурал қатардары сандар өзара байланыста болуын қамтамасыз етеді; әрбір келесі сан өзінің алдындағы саннан 1 бірлік артық және әрбір алдыңғы сан өзінің соңындағы саннан 1 бірлік кем. Сонымен бұл кезеңде балалар санның сандық мәнін (оның бірлікке қатынасын) және натурал қатардағы көршілес сандардың арасындағы өзара-кері қатынастарды білуді игереді.
Бесінші кезеңде балалардың білімдері мен дағдыларына сүйене отырып, алты-жеті жастағы балаларға бірліктері әр түрлі негізден тұратын жиынды санауды үйретуге болады, бұл кезде жекелеген нәрселерді емес, бірнеше нәрседен (үштен, бестен, - оннан) тұратын топ саналады. Балалар санау бірлігі жеке нәрсе ғана емес, бүтін бір топ болуы мүмкін екенін меңгереді. Осындай топты санау бірліктің мәнін түсінуді тереңдете береді. Санау әрекеті жаңа, неғұрлым биік деңгейге көтеріле түceді.
Санау әрекеті дамуының алтыншы кезеңі негізінен мектептің 1 класықа түседі. Бірліктері әр түрлі негізден тұратын жиынды санауға (мысалы, 10 заттан тұратын топты санауға) жаттыға отырып, балалар ондықтарды санауды (бір ондық, екі ондық, үш ондық және т. б. ) меңгереді, яғни есептеудің ондық системасынық негізін қарапайым түсінуге жақындайды. Бұдан ары қарай ондықтардың атын (он, жиырма, отыз және т. б. ) үйрене келіп, балалар олардың мәнін түсінеді және мұны нақты материалда көрсетіп дәлелдеп бере алады.
Санау әрекетінің өсу процесінде балаларда бірқатар түсініктер қалыптасады, сондай-ақ әрекеттің жаңа түрі - өлшеу пайда болып, дамиды.
Санау әрекеті әр түрлі анализаторлар арқылы қабылданатын нақты жиынмен (заттармен, дыбыстармен, қозғалыстармен, ұзындықтармен, көлемдермен, және басқалармен) әрқашан байланысты болса: есептеу әрекеті абстракциялық ұғым ретінде санмен байланыста болады.
Санау әрекеті мен оның даму процесін меңгерудегі бірқатар ұғымдар өз-өзімен емес, ересектердің ұйымдасқан түрде оқытуының нәтижесінде іске асады.
Бөбектердің көру арқылы алған түсініктері әлі ете аралас күйде болады. Сондықтан ең алдымен санау әрекетінін айқын бейнесін жасаудың маңызы ете зор, мысалы, сызықты орналасқан үлгідегі жиынтыққа нәрселерді беттестіру мен тақау тәсілдерін қолданған кезде қозғалысты оң қолмен солдан оңға қарай бағыттау; сандық фигура түрінде берілген жиынды көзге елестету кезіндегі әрекет тәсілдері. Оқытудың келесі сатысында да, мысалы, көрсетілген сан бойынша заттарды санап шығу кезінде де, дыбыстарды, әр түрлі қозғалыстарды және т. б. санау кезінде де әрекет сипатын дәл көрсету соншалықты қажет.
Санау әрекетін дебарлық қозғалыстардың ең басынан бастап дұрыс орындалуының маңызы зор. Ал бұл үшін санау әрекеті өзінің құрылымы жағынан жеке әрекеттердің бір-біріне бағыныңқы болып келетін күрделі жүйесі екенін есте сақтау керек. Ол балаға әлі таныс емес бірқатар жеке операциялардан тұрады. Бала оларды білмей тұрып-ақ көбінесе үлкендерге еліктеп, санаудың кейбір сыртқы әрекеттерін ұстап қалады, мысалы, заттарды кәдімгі “санап тұрған” сияқты сан есімдерді аралас күйде атайды және мұндайда қолын да қозғайды.
Балаларды санау операциясына үйрету
Келесі міндет - балаларды санау операциясына үйрету - және санау жөніндегі адамға тән іс-әрекет ретіндегі олардың түсініктерін тереңдете түсу. Адам неге санайды, ол не білгісі келеді? Шешей дүкенге барудан бұрыс өзінің ақшасын санап алады, ол сатып алмақшы болған затына ақшасы жететін-жетпейтінін білгісі келеді. Тәрбиеші кәмпиттерді санап шығып сонан соң оларды балаларға тең бөліп берді т. с. с. Күнделікті тұрмыстан алынған осындай мысалдармен, балалар санау іс-әрекетінде әрқашан мақсат - не бары қанша екенін білу мақсаты көзделетінін, ал санаудың өзі сол максатқа жетудегі процесс қана деген тұжырымға балалар өздерінің бақылаулары негізінде келе алады. Санал үйрену - бір заттардың жалпы санын анықтай білу деген сөз, мысалы, түскі тамаққа дастархан әзірлеу үшін даяшы бір топ тәрелкенің ішінен неше тәрелкені үстел үстіне таратып қоюы тиіс, серуенге барарда неше доп алып шыққандарын балалар бақшасына қайта оралғанда түгел қайтып әкелу үшін, олардың санын білулері керек.
Санау операциясына жаттықтыру.
Оқыту процесінде балалар бірдей (бір) санмен өрнектелген заттар жиындары түрліше орналасуы мүмкін екендігін ұрынып алулары тиіс. Мәселен, екі жағдайда да элементтер саны бірдей болғанмен, бір карточкада жиын элементтері бір-бірінен едәуір алыс, ал екіншісінде - біршама жақын орналасқан. Санай отырып, балалар олардың тең екенін анғарады.
Мәселен, бөлменің әр жеріне саны әр түрлі топ-топ ойыншықтар қойылады. Бірнеше балаға заттардың немесе геометриялық фигуралардың суреттері салынған карточкалар беріледі. Оларға карточкадағы заттарды санап шығып, сан жағынан сәйкес заттар тобын табу және оған сәйкее карточканы тауып, заттардың астыңғы тұсына қою, сонан соң бұлар қандай заттар және сол топта олардың нешеу екенін айтып беру ұсынылады.
Нәрселерді санап алу әдістерін үйрету
Бұл топтағы маңызды міндеттердің бірі балаларды заттың ішінен заттардың белгілі бір санын санап ала білуге үйрету болып табылады. Кішкентай бала үшін санау мен санап алу бір нәрсе емес.
Санағанда баланың өзі-ақ тежейді, ал берілген сан бойынша заттарды санап алғанда жиынды баланың өзі құрастыруы, яғни әрі қарай санап алуды жай тоқтатуы керек. Санап алуға басқа нәрсеге алаң болмайтын, әдептемесі жағдайда үйрету қажет. Санап алу әдісін балаларға көрсету, сондай-ақ заттарды сайлап алуда сан есімді қай кезде атау керектігін айту қажет.
Балалардың алдындағы кубиктер көп-ақ солардың ішінен төрт кубикті санап алу керек. Тәрбиеші санап алу тәсілін көрсетеді: бір кубикті алып, оны үстелдің екінші басына қояды да былай дейді: “Біреу”, екінші кубикті алады да біріншінің жанына қойып: “Екеу”, - дейді т. с. с. Кубиктерді сайлап алған соң, тәрбиеші сан есім-сөзді атайды. Кішкентайларға осы тәсілді үйрету қажет, өйткені олардың көпшілігі сан есім-сөзді қолына алып жатып атайды және затты қойып жатып келесі сан есімді атайды, яғни заттарды санамай, өздерінің жасаған қимыл-қозғалыстарын санайды.
Жаттығу үшін балаларға көптеген ұсақ ойыншықтар үлестіріп беріледі де осы жиыннан ойыншықтардың керекті санын дәл сайлап алу ұсынылады. Балалар сан есім-сөздерді дауысын қатты шығармай атап, ойыншықтарды сайлап алады. Қатар отырған балалар бір-бірінің тапсырманы қалай орындағандарын тексереді де кім қанша және қандай ойыншықтар сайлап алғандарын тәрбиеші шақырған балалар айтады. “Леша бес әтеш сайлап алды, өйткені сіз бес ойыншық алуды тапсырдыңыз, ал мен қателестім, бес кубик емес, алты кубик сайлап алдым”.
Екі түрлі заттарды бір мезгілде санап алуға берілген тапсырма да едәуір күрделі болады: екі күшік пен үш балық алып кел немесе қораптан төрт сары және үш көк деңгелекше санап алып, оларды алып кел (ал қорапта деңгелекшелер көп, әр түсті) . Әрине, белгілі бір түсті дөңгелекшелерді қажетінше санап алу, әр түрлі заттарды санап алуға қарағанда, қиынырақ өйткені түсін ғана ескеріп отырып санап алуда заттардың са-нын дифференциялау өте шебер орындалуы тиіс. Сондықтан бұл тапсырманы орындаранда балалар әр түсті бірнеше заттар алып келуге тура келетін жағдайдарыдан алғашқы кезде көбірек қателеседі.
Санауды және үлкен жиындардан заттарды санап алуды балалар бірте-бірте игеріп алады, яғни берілген топтарды санап шығуды үйреніп қана қоймай, сондай-ақ саны берілген топтарды өздері құрастырып та үйренеді. Санап алура тапсырма берген кезде тетелес сандарды балаларға ататқан дұрыс, бұл болса, оларды санаура машықтандырумен бірге, алып келген жиын элементтерін салыстырура жаттықтыруға мүмкіндік турызады; балалар ненің көп екенін айтумен бірге, сандардың қайсысы үлкен (кіші) екенін айтуы және оны дәлелдей білуі тиіс. Дәлелдеу қажеттілігі балаларда мынадай ой турызады: “Мен екі күшік пен үш балық алып келдім”. - “Қайсысы көп: күшік көп пе әлде балық көп пе?” - “Балық көп, олар үшеу, ал күшік екеу ғана”. - Қайсы сан қандай саннан үлкен (көп?”- “Үш саны екі санынан үлкен (көп) ”. - “Ал мұны қалай көруге, үш кішкене балықтың екі үлкен күшіктен көп екенін қалай тексеруге болады? Бала бір қатарға балықтарын жайып қояды да әр балықтың астыңғы тұсына бір күшіктен қойып шығады.
Бірдей заттардың өздерінін де үлкендігі әр түрлі болуы мүмкін екендігіне, алайда заттардың санын анықтауда олардың үлкендігі ешбір роль атқармайтындырына балалардың бара-бара көзі жетеді. Заттардың санының олардың үлкендігіне тәуелсіз болатынына балалардың назарын аудару қажет, үйтпесе балалардың өздері бұл фактіні байқамай, санды абстракциялау қиындап кетуі мүмкін. Тіпті бірінші класс оқушыларының арасынан да, былай қарағанда санай білетін, алайда сапалық ерекшеліктері түрліше екі жиынды салыстырғанда қайсысы көп - аз екенін көрсетуге біршама қиналатын, мысалы, заттар үлкен (ірі) болғанда, олар қалай да кеп болуы тиіс т. с. с. деп түсінетін бала-лар кездеседі.
Нәрселерді санына қарай топтарды жинақтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz