Палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің алғаш табылған тұрақтары


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің алғаш табылған тұрақтары
2. 2 Ашель дәуірінің ескерткіштері мен мусьте дәуірінің ескерткіштерінің бір - бірінен айырмашылығы.
2. 3 Мусьте дәуіріне жататын Өнежек тұрағының ерекшелігі
Қорытынды
Қазақ жерінен табылған ескерткіштердің бізге беретін үлкен мұрасы.
Әуелгі палеолит
Ертедегі палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2, 6 млн. т-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себепті де біз ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдарды табамыз, ал неолитик тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдар да кездеседі. Адамзат тас қасиетін жете білген. Материалды таңдап алу көп жағдайда құралдың неге арналатынына байланысты болған. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір ж. б. бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғышы ең ескі еңбек құралдары қатарынан орын алады, бұл құрал Қаратау қыратының оңтүстік-батыс жоталарынан өтетін Арыстанды өзені алқабының төменгі төрттік дәуіріне жататын ең биік сөресін құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Клектон тұрпатты деп аталынатын осынау ең ежелгі құралдардың кейінгі сондай құралдардан бір айырмашылығы - оның күллі сындырғыш тұрқының жартысынан көбін алатын, рабайсыз үлкен сокқыш дөңесі бар. Бұлармен бірге ол арадан кремнийлік дөңбектастар: кедір-бұдырлы дөңгелек тастар да табылған, әлгі сындырғыш осы тастардан бөлініп алып жасалған. Ашель дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегіс заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысының Талас ауданының Ленин атындағы колхозының оңтүстік-шығыс жағында. Бұл тұрақтарда: еңбек құралының таралуы дәл шектелген, бслгілі шекарадан басқа жерден өңделген кремний бұйымдар өте сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолит заттарын X. А. Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі-ірі кедір-бұдыр домалақ тастарга бөледі. Мұның бірінші тобы көбірек. Шапқыш құралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель дәуірінің олжасы табылған жерлердегі дөкір тас мүліктерінен айырмасы шамалы. Олардың түрі әманда дөңбектасқа келеді, бұйымдардың бір ұшын өңдеп-жөндеп үшкірлейді, ал екінші ұшының малтақабығы сақталып, аздап қана өңделеді.
Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған - оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді жарық түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары қажетке асырылған.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Мұнда құралдар қара және сұрқай-жасыл түсті кремний жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі - Құдайкөл Сарыарқаның теріскей-шығыс шетінде орналасқан. Құралдар арасынан бифастарды яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терілерін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады, соңғысынан сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылған. Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жел-құздан мүжілген шапқыш құралдар айрықша назар аударады.
Бүгінгі таңда автор 1989 жылғы маусымда тапқан Қозыбай атты олжалы жер - Шығыс Қазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында, Күршім ауданының Қаратоғай ауылына таяу бір бүйірде: Алғашқы қауым адамының қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелінген сындырғыштар бар - осының бәрі Қозыбай өндірістік учаскесінің биік сөресінен табылған.
Келесі мустье кезеңінде тас өңдеудің өзге тәсілі пайда болды, бірақ кей жерлерде малтатас техникасы да бұрынғыша тірлік етіп жатты, Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерлерінде мұндай ескерткіштердің көп екені белгілі, олар әртүрлі жарияланымдарда сипатталған.
Осындай ескерткіштердің бірі 1958 жылы Х. А. Алпысбаев тауып, кейін қазақтың ағартушы-ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың атымен аталған, көп қатпарлы тұрақ, Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, әртүрлі жануарлардың - жылқы мен қодастың, ақбөкен мен бұғының сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің оң жағалауындағы осынау тұрақ қатпарлары жердің қәзіргі бетінен әртүрлі тереңдікте көлденең жайғасқан. Бұл - әзірше тасбұйымдары мен мәдени-тұрмыстық қалдықтар әу бастағы күйінде яғщ мустье доуіріндегі адамның тастап ксткен күйінде сақталып қалған Қазақстандағы бірден-бір тұрақ. Оны қазудың бір қиындығы, мәдени қатпарлар 2, 30-7, 20 м. дейінгі тереңдікте жатыр. Алайда бүл қиындыққа қарамастан, алғашқы қауым аңшыларының өмір-тіршілігі жайлы жаңа деректер таптық. Еңбек құралдарын жасайтын ісмерхана орнын қазып аршып көргеннен кейін, соның негізінде адамдар бұл тұрақты ұзақ замандар бойы, шын мәнінде мустье дәуірінен жоғары палеолит дәуірінің аяғына дейін үздіксіз мекен еткен деп қорытынды жасауға мүмкіндік алдық.
Мустье кезеңінің жаңа ескерткіштерін біз 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан таптық. Олар - Өгізтау I және II, Үлкен Ақмая тұрақтары. Тас бұйымдары бұлақ-жағасындағы дөңестер қойныңда жатыр. Адамдардың бұл араны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен.
Бір жағынан да, екі жағынан да өңделген балталар, қырнауыштар, оймалы құралдар мен домалақ тастар жергілікті шикізат - сұр кварциттен дайындалған. Көптеген артефактілер - жасанды тастар кейінгі дәуірлерде екінші рет пайдаланылған, тас бүйымдардағы көптеген «соны» шұқырлар мен кетіктер мұның куәсі секілді.
Дөңгелск іспеттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық нуклеустердің, сол сияқты шет-шеті симметриялы келетін қалақтардың, үшбұрыш секілді сындырғыштардың болуы тас өңдеу техникасының жетіле түскенінен хабар береді. Тас бұйымдарға типологиялық талдау жүргізу нәтижесі осынау тұрақтар коллекциясын ертедегі мустье бұйымдары немесе ашель дәуірінің бұйымдары деп мерзімдеуге болады.
Өнежек тобы тұрағының алқабынан бір-біріне жақын жатқан жеті олжалы орын табылды, бірақ олардың тас бұйымдарында айырмашылықтар бар. Бұл орындардың қай-қайсысында болса да құралдардың ертеректегі және кешірек кезеңдегі түрлері араласып жатады, сол себепті де оларды бірден жіктеп бөлу өте қиын. Осынау ескерткіштер Өнежек тауы-жарларының басынан қоныс тепкен. Ол арада сыртқа шығып жатқан кремний жүлгелері көп-ақ, тұрақтардың іс-әрекеті де соған бейімделе жүргізген. Тас бұйымдар ішінен нуклеустер, қырнауыштар, бифастар, сүңгі ұштар, толып жатқан сындырғыштар, леваллуа тасының қомақты сынықтары бөлініп қойылған. Нуклеустер арасында левеллуаның ұзындығы 30 см қалақтарын алуға арналған дайындамалар бар. Өнежек өндірісінің іс-әрекетіне тән бір нәрсе - одан бетті нуклеустер, әртүрлі симметриялық қалақтар (үшкіл, тік бұрышты), аздап та болса, жақсы өңделген құралдар да кездеседі. Еңбек құралдарының көлемі мен өңдеу сипаты жағынан әрқилы болып келетіні - дайындаушы кісілердің палеолиттің әртүрлі кезендерінде өмір сүргенінен.
Кейінгі палеолит
Кейінгі палеолит бұдан бұрынғы 35-30 мың жылдан 12-10 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл - адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.
Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылуымен, рудың, адамдар ұжымының ең алғашқы қоғамдық ұйымының өзгеше бір түрі ретінде пайда болуымен тура табысып жатыр.
Кейінгі палеолит дәуірі адамының дүние танымы күрделілене түседі. Аңшылық жадысына илану-елігу сенімі кең жайылады, оның түп-төркінінде хайуанның рух-бейнесін игеру арқылы оны билеп-төстеуге мүмкіндік алу сенімі жататын. Алғашқы қауымның со кездері пайда болған жарқын өнері жадылықтын бесаспап құралы қызметін атқарған деген де болжам бар.
Адамның жаны оның өлгеннен кейінгі, бақидағы өмірі - пәнидегі өмірінің жалғасы деген ой-түсінігі оны жерлеу рәсімін күрделі етіп қиындатып жібереді. Өлген кісінің мәйітіне жоса ұлпасын сеуіп, тесілген бақашанақтары мен жыртқыштардың тістерінен тізілген моншақты кеудесіне әспеттеп қойып, бақайларына мамонттың сойдақ-сойынан бұршақ салып, кебенегін ортүрлі жылтырақ моншақтармсн ошскейлеген. Жерленген кісінің мәйіті қасына кремний мен сүйектсн жасалған бұйымдар қойылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz