ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Қолжазба құқығында

Таукенова Луиза Нуржановна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

мамандығы

6N0301-«Құқықтану»

магистрлік диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Астана, 2011

Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің

Азаматтық құқық кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты,

доцент Г. Э. Абдрасулова

Ресми оппонент: заң ғылымдарының кандидаты,

доцент А. З. Каскеева

Жетекші мекеме: Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Диссертация 2011 жылдың «» сағат Мемлекеттік аттестациялық комиссияның отырысында Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 01, Қорғалжын тас жолы, 8

Диссертациямен Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 01, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.

Автореферат 2011 жылы «___» таратылды.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша комиссия шартының ерекшеліктері мен қазіргі таңдағы өзекті мәселелеріне қарастыра отырып, оларды шешу жолдарын тауып шешуге тырысқан.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі комиссия шартының негізінде қалыптасып жатқан қатынастар, бұрынғы кезеңдердегі қалыптасқан комиссиондық қатынастарға қарағанда өзгеріп, жаңарып отыр. Осыған байланысты азаматтық құқық ғылымында және тәжірибе жүзінде комиссия шартын қолдану аясында, пәніне, комиссиондық міндеттеме мазмұнына, комиссия шартының бұзылуына байланысты туындайтын тараптардың жауапкершілігіне немесе оларды жауапкершіліктен босататын жағдайларына, комиссия шартының түрі консигнация шартына, комиссия шартының негізінде туындайтын делдалдық қатынастарды құқықтық реттейтін құқық нормаларына қатысты туындап отырған бірқатар шешімін таппаған құқықтық мәселелер бар. Осы мәселерді шешудің тиімді жолын тауып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі комиссия шартын реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру осы тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымында бұл тақырыпты терең зерттеген ғылыми жұмыс жоқ. Тіпті кеңес дәуірінде де бұл тақырыпты зерттеуге жете көңіл бөлінбеген. Сондықтан қызмет көрсету шарты ретінде комиссия шартын ғылыми зерттеп, талдау жасау зерттеу жұмысының өзекті тақырыпқа арналғандығын көрсетеді. Бұдан қоса, комиссия шартының негізінде делдалдық қызмет жүзеге асады. Ал делдалдық қызмет кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде қоғамда жиі орын алып, жаңа түрлері пайда болып, өзгеріп, жандану үстінде. Қызмет көрсету шарттарының ішінде делдалдық қызмет көрсетуге бағытталған мәмілелердің орны ерекше, ондағы комиссия шартының негізінде жүзеге асатын делдалдық қызметтің ерекшеліктерін анықтап, қызмет көрсетудің заңды және экономикалық мағынасын зерттеу маңызды болып табылады.

Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт үлгісін комиссиондық қатынастарға қолдану ерекшеліктері мен комиссия шартының түсінігі, комиссия шартының жалпы сипаттамасы, элементтері, комиссия шартының түрі консигнация шарты мен оның түрлері, комиссия шартының мазмұнына қатысты туындап отырған құқықтық мәселелерді ғылыми зерттеу көлемі жағынан күрделі болғандықтан, бұл тақырып Қазақстан Республикасы азаматтық құқығындағы дербес, кең ауқымды зерттелмеген тақырыптардың бірі.

Сонымен Қазақстан Республикасы заңдары бойынша комиссия шартына қатысты туындайтын құқықтық мәселелерді зерттеудің өзектілігі мынада:

- мемлекеттегі экономикалық қатынастардың өзгеріп жаңа сипатқа ие болуы мен дүниежүзілік жаһанданудың ұлттық заңнамаға әсері;

- қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтердің бірі делдалдық қызметтің кеңінен тарауы мен жаңа түрлерінің пайда болуы;

- комиссиялық қатынастарды реттеуші азаматтық заңдар мен құқық нормаларын өзгертіп, жетілдіру қажеттілігі;

- комиссиондық міндеттемеге және комиссия шартының түрлеріне қатысты шешімін таппаған біршама құқықтық мәселелердің болуы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақстан Республикасында комиссия шартына қатысты туындайтын құқықтық мәселелерді кешенді түрде арнайы зерттеген ғылыми жұмыстар жоқ. Алайда комиссиялық қатынастарды реттеуге, комиссия шартының негізінде туындайтын делдалдық қатынастарға қатысты жазылған отандық ғалымдарымыздың ғылыми мақалалары, ғылыми түсіндірмелері мен жалпы ережелерге қатысты жазылған еңбектері бар екендігін атап өткен орынды. Бұл тұрғыда азаматтық құқық саласындағы белгілі қазақстандық заңгер цивилист-ғалымдар: И. В. Амирханова, Ю. Г. Басин, Б. Б. Базарбаев, М. А. Ваксберг, А. Г. Диденко, И. У. Жанайдаров, К. М. Ильясова, Г. А. Ильясова, Т. Е. Қаудыров, Ф. С. Қарағұсов, С. И. Меерзон, Е. Б. Осипов, Б. В. Покровский, В. А. Рясенцев, М. К. Сүлейменовтердің еңбектері аталған диссертациялық зерттеудің теориялық және ғылыми негізін құрайды.

Зерттеуде сонымен қатар азаматтық құқық саласындағы кеңестік және ресейлік заңгер цивилист ғалымдардың еңбектері негіздеме болды. Олар: А. В. Егоров, А. Г. Гойхбарг, О. А. Красавчиков, М. В. Кротов, Б. К. Комаров, В. А. Краснокутский, Д. А. Носенко, В. А. Рясенцев, Ю. К. Толстой, Г. Ф. Красавчиков, А. Ф. Сохновский, К. И. Скловскийде, А. Ф. Сохновский, Е. А. Суханов, А. П. Сергеев, В. А. Садовский, Ю. К. Толстой, Г. Ф. Шершеневич жариялаған еңбектері қолданылды.

Диссертациялық зерттеу комиссия шартының азаматтық құқықтағы орнын анықтауға арналғандықтан оның құқық теориясын, шарттық және міндеттемелік құқықтың жалпы мәселелерін зерттеген төмендегідей құқық саласындағы белгілі ғалымдардың еңбектерін қамтымай өту мүмкін болған жоқ: С. С. Алексеев, М. И. Брагинский, Ю. К. Толстой және т. б.

Ресей мемлекетінде комиссия шартының кәсіпкерлік қызметке қатысты қолданылуын зерттеген бірден-бір диссертациялық жұмыс С. И. Скороходовтың еңбегін атауға болады (Договор комиссии по законодательству РФ и практика его применения в предпринимательской деятельности, 2003) .

Жоғарыда атап өткендей, Қазақстанда комиссия шартын реттеуге қатысты монографиялар мен арнайы әдебиеттер жоқтың қасы. Ал делдалдық қызметке қатысты тек академик М. К. Сүлейменов жазған «Структура договорно-хозяйственных связей» Алматы, Ғылым 1980; Сулейменов М. К. Избранные труды по гражданскому праву. М. Статут. 2006., атты ғылыми еңбектерін атауға болады. Көрші ресей ғалымдарынан бұл тақырыпта еңбектер жазғандар: О. А. Красавчиков, М. В. Кротов, В. А. Рясенцев [1, 7 б. ], К. И. Скловский де [2, 4 б. ], А. Ф. Сохновский [3, 6 б. ], профессор О. С. Иоффенің міндеттемелік құқық оқулығында делдалдық мәміленің жалғыз түрі ретінде тек комиссия шартын көрсетеді [4, 521 б. ], М. И. Брагинский [5, 553 б. ], А. Г. Калпин [6, 390 б. ], Б. Д. Завидов [7, 96 б. ], А. П. Сергеев мен Ю. К. Толстой [8, 269 б. ] т. б. еңбектерін атауға болады. Комиссия шартына арналып жазылған қазақстандық, алыс-жақын шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдай келе айтарымыз, аталған тақырып әлі де болса толықтай ашылмағандықтан түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сондықтан жоғарыдағыларды айта келе, комиссия шартын ғылыми зерттеу маңызды ғылыми іс екендігін көрсетеді.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Жұмыстың зерттеу пәнін қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы заңдары бойынша комиссия шартын құқықтық реттеуге қатысты туындайтын құқықтық мәселелер мен делдалдық шарттардың ішінде комиссия шартының орнын анықтау, комиссионердің делдалдық қызметін құқықтық реттеуге бағытталған құқық нормалар жүйесі және комиссия шартының тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты туындайтын даулы мәселелерді шешу жолдарын анықтау, делдалдық қызметтерді реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру.

Зерттеу жұмысының объектісі азаматтық құқықтағы комиссия шартының негізінде туындайтын делдалдық құқықтық қатынастар, комиссионердің делдалдық қызметі, комиссионердің делдал ретіндегі рөлі танылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған ғылыми жұмыстың мақсаты: азаматтық құқықтық шарттардың бір түрі болып саналатын, қызмет көрсету шарттарында маңызды орынға ие болатын комиссия шартын түбегейлі зерттеп, оның маңызын және өзіне тән ерекшеліктерін тиянақты түрде ашып көрсету болып табылады. Оған қоса, комиссия шартына кешенді ғылыми-теориялық талдау жасау, тәжірибе жүзінде шартты қолдану барысында туындайтын құқықтық мәселелерді шешу, аталған тақырыптық мәселеге қатысты заңнама нормаларын талдау және оларды жетілдіру, заң ережелеріне ғылыми-тәжірибелік ұтымды ұсыныс жасау және түсіндіру болып табылады. Осыған сәйкес, зерттеу жұмысының міндеттері болып:

  • комиссия шартының даму тарихын зерттеп, делдалдықтың түсінігі мен түрлеріне, соның ішінде комиссия шартының негізінде туындайтын делдалдық қатынастарына талдау жасау;
  • қызмет көрсетуді комиссия шартының пәні ретінде қарастырып, оның анықтамасы мен ерекшеліктерін анықтай отырып, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін жасалатын шарт үлгісін комиссиондық қатынастарға қолдану, комиссия шартының түсінігі, комиссия шартының түрі ретінде консигнация шартының ерекшелігін анықтау, комиссия шартын өзімен ұқсас шарттардан ажырататын белгілерін анықтау;
  • комиссия шартының тараптары: комиссионер мен комитенттің құқықтық мәртебесін анықтау;
  • комиссия шартының нысаны мен жасалу тәртібінің ерекшеліктерін айқындау;
  • комиссия шартының елеулі ережелеріне, шарттың тоқтауына қатысты туындайтын құқықтық мәселелерді зерттеу;
  • комиссиондық міндеттеме мазмұны мен тараптардың жауапкершілігіне қатысты туындайтын құқықтық мәселелерге талдау жасау;
  • дүние жүзіндегі комиссиондық сауда институты мен оны құқықтық реттеуге салыстырмалы құқықтық талдау жасай отырып, біздің елдегі комиссиондық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларының тиімділігін арттыра отырып, қазіргі қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге ұсыныс жасау.

Бұл міндеттерді шешу арқылы аталған салаларға қатысты тәжірибе мен теорияда қалыптасып отырған қайшылықтарды шешу, комиссия шартының ережелеріне қатысты заңнамада енгізілген жаңалықтарды тәжірибеде қолдану тиімділігінің ақталғандығын анықтап, заңнаманы жетілдіру.

Зерттеудің әдістемелік- теориялық негізі және тәсілдері.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін белгілі ғалым-цивилистердің азаматтық құқықтағы қызмет көрсету шарты комиссияға қатысты еңбектері мен комиссия шартын құқықтық реттейтін нормативтік құқықтық актілер құрайды. Сондай-ақ, бұрынғы Кеңес Одағы мен шетелдік ғалымдардың монографиялары, оқу құралдары, ғылыми басылымдары жіне тағы басқа да еңбектері қаралған.

Зерттеу жұмысы диалектикалық, функционалдық, құрылымды-жүйелілік, салыстырмалы зерттеу сияқты танымның жалпы ғылыми және тарихи, салыстырмалы талдау, формальді-заңды кешенді зерттеу, құқықтық модельдеу, сот тәжірибесін анықтау және зерттеу сияқты арнайы заңды әдістерді қолдану арқылы орындалды.

Зерттеудің нормативтік негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілері, Президентінің заң күші бар жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері мен бірқатар шетел мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының құқықтық нормалары құрайды.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы Бірінші рет Азаматтық заңнамалар мен құқыққолдану тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасында комиссия шартының құқықтық мәселелерін оның ішінде комиссия шартының пәні мәміле жасаудағы комиссионердің қызмет көрсетуі ретінде нақтылау, бұндағы комиссия шартының пәні қызмет көрсетудің заңды және экономикалық ұғымын анықтау, комиссиондық міндеттеменің мазмұнына қатысты тәжірибе жүзінде шешімін таппаған сұрақтарды шешу үшін нақты ұсыныстар жасалған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне агенттік шартты құқықтық реттейтін құқық нормаларын енгізудің дәлелді негіздемелері көрсетілген, делькредере жағдайын қолдану арқылы жасалатын комиссия шарты мен комиссия шартының бір түрі ретінде консигнация шартының ерекшеліктері мен түрлері анықталған. Комиссионердің делдал ретіндегі рөлі мен комиссия шартының негізінде туындайтын делдалдық қатынастарды ғылыми зерттеуге басымдылық беріліп отыр.

Қорғауға келесі тұжырымдар ұсынылады:

1 Комиссия шартының пәні - комиссионер жасайтын мәміле емес, комиссионердің осы мәмілені жасауға бағытталған қызметі. Бұндағы, қызмет көрсету дегеніміз - тараптардың құқықтары мен міндеттерін өзгертетін, тоқтататын және пайда болдыратын комиссионердің мәміле жасауға бағытталған материалдық нәтижесі жоқ заңды сипаттағы іс әрекеттері.

2 Комиссия шартының бағасы комиссия шартының елеулі ережелерінің бірі. Бұндағы комиссия шартының бағасы дегеніміз - ол комиссиондық сыйақы. Сыйақыны анықтау әдістері мен сыйақының мөлшерін анықтау әдістері әртүрлі. Сыйақыны анықтау әдістері: а) тараптардың келісімімен; б) нормативтік құқықтық актілердің негізінде; в) сот арқылы; г) іскерлік айналым қызмет нормаларымен анықталса. Сыйақының мөлшері мынандай әдістермен анықталады: 1) комиссионер жасайтын мәміленің бағасына байланысты емес жағдайда нақты тұрақты сомма белгілеу арқылы; 2) комитент белгілеген баға мен комиссионер мәмілені аса тиімді жағдайда жасаған кездегі баға айырмасымен; 3) комиссионер жасаған мәміле бойынша пайыз белгілеу арқылы; 4) тұрақты сомма және белгіленген мәміле бағасы мен мәміле аса тиімді жағдайда жасалған кезде сатылған баға арасындағы айырмадан қосымша пайыз белгілеу арқылы көрсетуге болады.

3 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне 43-1 «Агенттік шарт» тарауын енгізу керек. Агенттік шартты енгізудің қажеттілігі мынада: агент шарты комиссия мен тапсырма шартының элементтерін қамтығанымен, ол өзінше дербес шарт болып табылады. Тәжірибе жүзінде өз атынан клиент есебінен, клиент атынан клиент есебінен, өз атынан өз есебінен әрекет ететін агенттер қызмет көрсетіп жүр және агенттік шарт тәжірибеде кездеседі. Екіншіден, делдал комиссионерге қарағанда делдал агенттің өкілеттілігі кең. Ол өйткені бір шарттың ішінде өз атынан, да клиент атынан да әрекет ете береді. Оған қоса, делдал комиссионер тек мәміле жасайды, ал агент мәміле де, нақты әрекеттерде жасай алады. Бұл тәжірибеде тәуелсіз, еркін қызмет көрсете алатын делдалдардың санының көбейіп, олардың қызмет көрсету аясының халықаралық деңгейде кеңеюіне және агенттің бір шарттың негізінде өз атынан да, клиент атынан да әрекет етуіне мүмкіндік беру азаматтық айналым субъектілеріне экономикалық жағынан тиімді болар еді.

Сонымен «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекске енгізілуге тиісті агенттік шарт дегеніміз - бір тараптан (агент) сыйақы үшін екінші тараптың (принципал) тапсырмасымен өз атынан принципал есебінен немесе принципал атынан және соның есебінен заңды және басқада әрекеттер жасауға міндеттенетін шарт» деп түсіну керек.

4 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 868 бабының 2 тармағындағы «түскен олжа» ұғымына мыналар жатпайды: Біріншіден: үшінші тұлғалармен жасалған мәміле бойынша түсетін тұрақсыздық айып төлемдері түскен олжа емес, себебі бұндай сомалар мәміледен түскен пайда емес. Оған қоса, комиссионер мәмілені комитент мүддесі үшін жасайды және үшінші тұлғаның міндеттемені орындамағаны үшін (делькредере және үшінші тұлғаны таңдағанда тиісті сақтық шаралар жасамаған жағдайларды қоспағанда) комитент алдында жауап бермейді, бұнда комитент міндеттеменің уақытында орындамағаны үшін қандай да бір зиян шегуі де мүмкін, ол осы шығындардың орнын толтыру үшінші тұлғамен төленетін тұрақсыздық айып (өсім) сияқты сомалардың есебінен толтыруы мүмкін. Сондықтан комиссионер үшінші тұлғаның міндеттемені орындауын өз мойнына алған (делькредере) жағдайын қоспағанда үшінші тұлғалармен жасалаған мәміле бойынша түсетін тұрақсыздық айып төлемдерін толықтай комитентке беру керек. Екіншіден: комитенттің мүлкі комиссия шартының негізінде ашық саудада сатылса саудадағы алғашқы белгіленген баға мен соңғы сатылым бағасы арасындағы айырма түскен олжа емес.

5 Комиссия шартындағы делькредере ұғымын үш түрлі мағынада түсінуге болады: Біріншіден, делькредере бұл комиссия шартының ережесі: а) егер комитент талабы бойынша бұл жағдайға қатысты келісімге келу қажеттілігі туындаса бұл комиссия шартының елеулі ережесі болып табылады; б) басқа жағдайда комиссия шартында делькредереге қатысты қолданылатын ережелері шарттың кездейсоқ ережелеріне жатады; Екіншіден, делькредере - бұл комиссионер мен комитент арасында үшінші тұлғаның міндеттемені орындауына қатысты жасалған келісім: а) бұл келісім комиссия шартының ішінде көрсетілуі мүмкін; б) комиссионер мен комитенттің арнайы жасаған келісімінде де көрсетуге де болады. Үшіншіден, делькредере - міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі емес, ол тек үшінші тұлғаның міндеттемені орындауын міндетін комиссионердің өз мойнына алатын және комиссия немесе агенттік шарттарда ғана кездесетін акцессорлық міндеттеме.

6. Консигнация шарты ұғымын Азаматтық кодекстің комиссия шартына берілген ережелерге 882-1 бабы ретінде енгізу керек. Консигнация шарты дегеніміз - тауардың иесі (консигнант) делдал (консигнатордың) тауар қоймасына тауарды беріп, белгілі бір уақыт аралығында осы тауарды сатуды тапсыра отырып сыйақы төлеуге міндеттенетін шарт. Консигнация шарты комиссия шартының түрі ретінде ерекшеліктері, біріншіден: консигнация кәсіпкерлік шарт, өйткені консиганция тек сауда саласында ғана қолданылады. Екіншіден, консигнатор кәсіпкер ретінде арнайы субъект, өйткені консигнатор өз қызметін тауар қоймасы негізінде жүзеге асыратын кәсіпкер. Үшіншіден, консигнатор консигнант тапсырмасын өзінің кәсіби орнында (тауар қоймасында, сауда нүктелерінде) сатады, бұнда комиссиондық тапсырманы орындау орны алдын ала белгілі. Төртіншіден, консигнация шартының негізінде тек ғана сатып алу сату шарты ғана жасалады. Бесіншіден, бұндағы тауар тек тектік белгілері анықталған заттар болуы керек. Әйтпесе, консигнант немесе үшінші тұлғаның мүлкі консигнатордың мүлкімен араласып кетпеуі керек. Алтыншыдан, консигнация мерзімді шарт, тауар иесі (консигнант) делдалдың (консигнатордың) тауар қоймасына немесе сауда нүктесіне тауарды береді және бұл тауарды сату уақыты (консигнация мерзімі) шектелген.

Зерттеудің тәжірибелік және теориялық маңызы. Диссертациялық зерттеудің нәтижесінде қорытынды тұжырымдар комиссиялық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған нормаларды жетілдіру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ішкі бірлігімен сипатталатын аяқталған ғылыми зерттеуді білдіреді. Диссертациялық зерттеуде шығарылған нәтижелер жалпы алғанда жүйелілігімен логикалық құрылымымен сипатталады. Комиссия шартына қатысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу мәселесін әдістемелік шешу өз еліміздің және шетелдік авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жүргізілген. Сонымен қатар, көптеген нормативтік құқықтық актілер мен тәжірибе деректеріне негізделген.

Диссертациялық зерттеу азаматтық шарттардың ішіндегі қызмет көрсету шарттарының бірі комиссия шартының құқықтық мәселелерін шешу мен дамыту және делдалдыққа қатысты білімді кеңейтеді. Оның үстіне бұл мәселенің төңірегіндегі отандық заң ғылымында бұрын-соңды арнайы ғылыми ізденістер түбегейлі қарастырылмаған. Сондықтан аталмыш ғылыми еңбектің нәтижелері осы мәселелердің төңірегіндегі болашақтағы ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау. Диссертация Қазақ гуманитарлық заң университеті азаматтық құқық кафедрасында орындалды және талқыланды.

Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі ұсыныстары мен тұжырымдары екі келесідей халықаралық және республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияларда баяндалды:

  • «Ғылым және оның қазіргі әлемдегі рөлі» атты «Болашақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағында «Комиссия шартының нысаны мен жасау тәртібінің ерекшеліктері» тақырыбында мақала жарық көрді;
  • «Қазақстандық даму жолы: Тәуелсіздікке 20жыл» атты Жас ғалымдар «PhD докторанттар, магистранттар және ізденушілер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағына «Комиссия шартының жарамсыздығынан туындайтын мәселелер» тақырыбында мақала жарық көрді.

Диссертация құрылымы және көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, он екі бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ 112 беттен тұрады. Диссертацияның құрылымы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, оның отандық және шетел ғылымында зерттелу деңгейі қарастырылады, зерттеу мақсаты мен негізгі міндеттері, диссертациялық жұмыстың теориялық, нормативтік - құқықтық, тәжірибелік және әдістемелік негіздері анықалады, қорғауға ұсынылған негізгі ережелер қалыптастырылады, олардың ғылыми негіздері, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы тәжірибеде қолдану, диссертация көлемі мен құрылымы жөніндегі мәліметтер беріледі.

Бірінші бөлім «Комиссия шартының жалпы сипаттамасы» деп аталып, комиссия шартының даму тарихы, делдалдықтың түсінігі мен түрлері, комиссия шартының негізінде делдалдықтың жүзеге асу ерекшеліктері, комиссия шартының түсінігі мен белгілері, комиссия шартының пәні, консигнация шарты - комиссия шартының бір түрі ретінде, комиссия шартының өзімен ұқсас шарттармен арақатынасын қарастырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Байқоңыр қаласы әкімшілігі қызметі, жалға берілген аумақтағы мемлекеттік билік органдары қызметтерінің келелі сұрақтары, ерекшеліктері мен негіздері
Әлеуметтік тепе -теңдік және еңбек нарығының құқықтық реттелуі
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Қазақстан Республикасында бұзылған еңбек заңнамасы бойынша туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Еңбек шарты
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz