ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы

Бітіру жұмысы

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Орындаған 4-курс студенті

Ғылыми жетекші

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

1. 1 Екі ел арасындағы қатынастардың кейбір тарихи астары . . . 10

1. 2 Қазақстан мен Ресей өзара қарым-қатынастарының құқықтық

негіздері . . . 18

ІІ ТАРАУ ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

2. 1 Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен мүдделері . . . 24

2. 2 Екі елдің қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастығы . . . 32

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

3. 1 Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қарым-қатынастарының дамуы . . . 38

3. 2 Инвестиция - экономикалық қатынастарды нығайтудың кепілі . . . 41

3. 3 Ресей мен Қазақстан қатынастарының қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

ҚОСЫМШАЛАР . . . 63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бастап тұрақтылықты және қауіпсіздікті, өзара сыйластық пен егемендікті сақтау, басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті сақтау механизміне, еуразиялық кеңістікте интеграция құру қағидаларына негізделген сыртқы саясат жүргізуде.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері белсенділік, көпжақтылық, прагматизм, диалог және көпжақты ынтымақтастық қағидалары болып қала береді. Бұл ең алдымен өзара достық, ынтымақтастық орнататын және республика қауіпсіздігін нығайтуға кепілдік бере отырып оның әрі қарай дамуына ықпал ететін әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастар орнату болды. Сол ретте Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі - көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастығын дамыту еді.

Тіпті, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар өздерінің бастауын сонау XVI ғасырдан алып бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Екі халықтың тарихы және түрлі саладағы ынтымақтастығы тығыз байланыста дамуда.

Екі ел де өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін бұл байланыстар ауызбіршілік пен нағыз достыққа негізделген дәстүрлі байланыстарға айналды, өйткені екі елдің серіктестіктің түрлі саласында мақсаттары мен мүдделері бір.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Қазақстан-2030 бағдарламасында Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтың біртұтастығын сақтаудың бірден-бір маңызды жолы - «ол өзімізге жақын, әрі көршілес ірі держава Ресеймен өзара сенімділікке және тең құқықты қағидаға негізделген қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту екендігін» атап көрсетсе [1], ал, Ресей бұрынғы Президенті В. В. Путин де «екіжақты қатынастардағы қол жеткізген табыстарды саралай отырып, Ресей-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қалыптасып, дамуына аса үлкен мән беретіндігін» айтты [2] .

Сол себепті де, екі ел арасындағы қатынастар мәселесін зерттеу, бүгінгі таңда тек ғылыми жағынан ғана емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін саяси-экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды.

Жаһандану жағдайында адамзатты қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ақпараттық орталар өзгеріске түседі. Бір жағынан мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділіктің артуына, олардың ұлттық мүдделерінің тәжірибе жүзінде барлық өлшемдерінің жүзеге асуына, ал екінші жағынан өзінің көп қырлы сипатына, әлемдік қауымдастықтағы теңсіздіктің дамуына бастайды.

Халықаралық деңгейде болып жатқан өзгерістер Қазақстан мен Ресей халқының арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемде дами түсуіне түрткі болғандай. Халықаралық жағдайды түсініп, еркіндіктің, қауіпсіздіктің, бейбіт ынтымақтастықтың және екі ел арасындағы, екі елдің азаматтары арасындағы достық байланысты күшейту үшін Қазақстан мен Ресей ел басшылары мемлекетаралық қатынастағы бір-біріне деген сенімділікке жағдай жасаудағы барлық шараларды қолдауға тырысуда.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сан-саладағы екіжақты қатынастың нығая түсуі, еуразиялық қауымдастық келешегінің беки түсуіне жағдай жасайтындығы күмән тудырмайды.

Қорытындылай келе, тақырыптың өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан ғаламдық және аймақтық өзгерістер жағдайында, сондай-ақ екі мемлекеттің екіжақты қатынастарға стратегиялық тұрғыда назар аударуының күшеюі жағдайында РФ мен ҚР арасындағы қатынастардың басты бағыттарын, ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын зерттеудің қажеттілігіне негізделген.

Зерттеудің нысаны ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары: мәселелері мен келешегі болып табылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ынтымақтастығының даму деңгейін анықтып, екі ел арасындағы байланыстардың тарихи дамуынан көріністер, саяси-экономикалық, қауіпсіздік саласындағы байланыстарын ашып көрсете отырып, екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағына көңіл бөлінуінде болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қалыптасқан ынтымақтастықты жан-жақты зерделей отырып, екіжақты қарым-қатынастардың даму мүмкіндіктеріне, туындап отырған мәселерге, олардың шешілу жолдарына және келешегіне сараптама жасау.

Осы мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер қойылды:

  • Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының қалыптасу тарихына, қазақ халқы мен орыс халқының ортақ тағдырының қалыптасуына және тарихи себептерге байланысты пайда болған ұлтаралық мәселелерге талдау жасау;
  • Екі ел арасындағы қатынастардың құқықтық негізіне сараптама жасау;
  • ҚР мен РФ ынтымақтастығының екі елдің саяси және экономикалық дамуына ықпалын және екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара стратегиялық мүдделерін анықтап, сараптама жасау;
  • Сауда-экономикалық салада Қазақстан мен Ресей қатынастарының шеңберін нақтылап, оның тиімділігін анықтау;
  • Инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастықтың тиімділігіне сараптама жасау;

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХІ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері пайдаланылды.

Деректердің бірінші тобын екіжақты және көпжақты сипаттағы дипломатиялық құжаттар, мемлекет деңгейіндегі заңдар құрайды [3-18] . Бұл құжаттардың көмегімен қатынастардың қағидалары анықталып, байланыстардың жағдай мен дамуы туралы мәліметтер алуға болады. Ресей мен Қазақстан арасындағы тәуелсіздік жылдарынан бүгінгі күнге дейін қол қойылған жекелеген екіжақты келісімдер мен декларациялар саяси және экономикалық қатынастардың даму барысын қадағалауда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат көздері болып табылады. Аталған дипломатиялық құжаттарды зерттеу ресми құжаттар деңгейінде Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қатынастарының сипаты мен даму барысын сараптауға үлкен мүмкіндіктер тудырды.

Деректердің екінші тобына Ресей мен Қазақстан президенттерінің еңбектері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатқызылды. Бұл дерек көздерінде мемлекет басшыларының аймақтық саясаттағы ұстанымдары мен түрлі мәселелерге қатысты саясаттарының өзіндік көзқарастары көрініс тапқан. Сонымен қатар жұмыстың мақсатын ашу барысында елдердің сыртқы істер министрлері мен елшілерінің сөйлеген сөздері мен еңбектері де қолданылды [19-31] .

Деректердің үшінші тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары [32-50] құрайды. Жұмыста әсіресе қазақстандық және ресейлік басылымдардағы ақпараттардың кең қолданысы орын алады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі . Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы саясаты кең ауқымды саяси қызығу нысанына айналды. Оның ішінде бұрынғы аймақ мемлекеттерімен тарихы ортақ және тағдырлас Ресей мемлекетінің Кеңес Одағы күйрегеннен кейін Орталық Азияда жүргізген саясаты мен ынтымақтастық мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды. Қазақстан-Ресей қатынастарына арналған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа қазақстандық авторлар: М. Шайхутдиновтың [51], М. Лаумуллиннің [52], Т. А. Тұрсынбаевтың [53], К. Сыроежкиннің [54] еңбектерін жатқызуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынастарына, Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының даму барысына, бүгінгі күнгі жағдайына, Қазақстанның сыртқы саясатының және қауіпсіздік мәселелеріне жан жақты талдау жасаған. Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастарына арналған ғылыми зерттеу диссертациялары қорғалған. Атап айтқанда Б. Сомжүрек [55], Т. А. Тұрсынбаев [56], Р. М. Тұрарбекова [57] .

Т. Мансұровтың [58] еңбектерінің Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастарының даму барысын, сауда-экономикалық және саяси байланыстардың сипатын, екіжақты қатынастарда орын алған мәселелер мен олардың шешілу процесі кеңінен талқылауда маңызы зор болды. Еңбектерде екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастардың құқықтық негізіне толық сараптама жасалып, маңызды шешімдердің қабылдануына әсер еткен жағдайларға талдау берілген.

Қазақстандық ғалым М. Шайхутдиновтың [59] жұмысында ресейлік орталық азиялық бағыттағы саясатының қалыптасу барысына сыни көзқарастар жазылған. Еңбекте автор Орталық Азия аймағында қалыптасқан саяси шындық пен қазіргі таңда белең алған көзқарастар мозаикасының арақатынасы сарапқа салынған. Ұсынылған жұмыста Ресейдің тарихшылар, саясаткерлер, шығыстанушылар мен мәдениеттанушылар арасында кеңінен тараған түрлі түсті көзқарастардың көрінісі болып табылатын соңғы жылдардағы мақалалар мен еңбектерге шолу жасалған.

Қазақстан-Ресей арасындағы қатынастары мәселелерін, Орталық Азиядағы Ресей мүдделерін түсінуге Ж. Ибрашевтың [60], Ф. Кукееваның [61] еңбектері мүмкіндік береді.

Отандық зерттеуші М. Ашимбаевтың [62] еңбегі Орталық Азиядағы әлемдік державалардың геосаяси, экономикалық мүдделері мен стратегияларын ашуға бағытталған. Әсіресе күштер орталығы арасында шиеленісе түскен бұл аймақтағы Ресейдің ықпал етуін сақтау мақсатында құрған стратегиясының негізгі бағыттары анықталады. Сонымен қатар Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы жолында кедергі келтіруші нақты мәселелер жұмыста жан-жақты сарапталып, Ресейдің сыртқы саяси басымдылықтары Орталық Азия мемлекеттерімен тұрақты қарым-қатынастар орнатуға бел байлауының басты себептері айқындалған.

Соңғы жылдары Қазақстан-Ресей қатынастарының проблематикасына көп көңіл бөлінуде: 2006 жылы ҚР тұңғыш Президенті жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында қазақстандық және ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық конференция болып өтті және Е. Булегенованың [63], А. Смирнованың [64] еңбектері басылып шықты.

Сондай-ақ қазақстандық туындылардың ішінде Б. Сұлтановтың [65] басқаруымен басылып шыққан Орталық Азиядағы саяси үрдістерге, ортаазиялық ғалымдардың халықаралық жағдайға берген бағалары туралы баяндалған туындыны атап өтсе болады.

Халықаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастық тақырыбына қалам тартқан ғалымдардың да ғылыми мақалаларын зерттеу жұмысын жазу барысында пайдаландық. Атап айтқанда, К. Н. Макашева [66], С. Ж. Сапанов [67], И. А. Черных [68], А. Р. Әліпбаев [69], Б. М. Балаубаева [70] және т. б.

Әдебиеттердің екінші тобына ресей авторларының туындылары жатады. Зерттеу тақырыбын ашуда бірқатар ресейлік авторлардың еңбектерін пайдалану Ресейдің Қазақстандағы мүдделері мен өзара байланыстардың тиімділігін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан-Ресей қатынастарына ресейлік авторлар да өзіндік баға береді. Атап айтар болсақ, И. В. Вовк [71-72] еңбектерінде посткеңестік бірінші онжылдықтағы Қазақстан-Ресей қатынастары, сондай-ақ Ресейдің Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері баяндалған.

Ресейдің бұрынғы президенті В. В. Путиннің Шығыс бағыттағы саясаты және «Үлкен Шығысқа» Ресейдің қайтып оралуына С. Г. Лузяниннің [73] еңбегінде талдау жасалынған.

Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастық тақырыбына Э. Ивановтың [74] еңбегі арналған. Жұмыста Ресейдің Орталық Азия мемлекеттері арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуының тарихи алғышарттары мен ерекшеліктері анықталған. Сонымен қатар автор жекелеген аймақ мемлекеттеріндегі экономикалық мүдделерін ашуға және Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарының динамикасы мен құрылымына назар аударады. Еңбекте көрсетілген посткеңестік кезеңде әлсіреп кеткен экономикалық байланыстарды белсендіру жолдары мен экономика саласындағы ынтымақтастыққа жағымды әсер етуші факторларды сараптаудың маңызы зор болды.

Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын С. Луневтің [75] еңбегінен табуға болады. Автор еңбегінде посткеңестік кезеңдегі аймақта орын алған қайшылықтар мен қақтығыстарға және елдердің экономикалық дамуы мен Ресеймен байланыстарына тоқталады. Автордың Қазақстан Республикасындағы Ресейдің жекелеген сыртқы саясатының даму барысын сарапқа салуы мен өзгерістерін нақтылауы зерттеу тақырыбын ашуда көмегін тигізді.

Ресей авторларының бірі А. Грозиннің [76] еңбегі Ресейдің Орталық Азиядағы және Қазақстанда болуын, оның мақсаттары мен мүдделерін жан-жақты зерттеуге арналған. Оның еңбегі екі жақты саяси қатынастарға Ресейдің Қазақстанда ұстанған мүдделеріне сараптама жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, В. Евсеевтің еңбектерінің екі ел қатынастарын зерттеуде маңызы зор. Автор еңбегінде Ресейдің Қазақстандағы мүдделеріне, оның стратегиялық мақсаттары мен Қазақстанның геосаяси маңыздылығына тоқталады. Автордың еңбегі зерттеу тақырыбын ашуға, Ресейдің Орталық Азиядағы ролініне сараптама жасауға үлкен мүмкіндік береді [77] .

Әдебиеттердің үшінші тобына шетелдік авторларды жатқызуға болады.

Атап айтар болсақ, посткеңестік Орталық Азия мәселелерін зерттеумен айналысатын американдық маман М. Олкоттың [78] ғылыми тұжырымдамалары этникалық мәселені түсінуде пайдасы зор болса, С. Хантингтонның [79] еңбегі жалпы халықаралық қатынастар жүйесіндегі геосаясат және геостратегия ұғымын түсінуге мүмкіндік береді.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі.

  • Екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және гумнитарлық салаларда дамып-өрбуінің деңгейін, өсу динамикасын, факторлық сипатын, нәтижесін, болашағын анықтаудағы, саралау, талдау әдісі;
  • Қазақстандық-ресейлік байланыстардың халықаралық аренадағы орны мен аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін анықтайтын салыстырмалық тәсілі. Бұл тәсіл Қазақстанның басқа елдерге қарағанда сыртқы саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді;
  • Күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан Республикасының жекелеген елдермен қарым-қатынасының орнауы, дамуы және екі жақтағы қатынастардағы келеңсіз жағдайлар тудыратын факторларды анықтап, мәнін ашуда бақылау және қадағалау әдісі;
  • Екі жақты қатынасты зерттеуде негізінен деректік сипаттағы мемлекет қайраткерлерінің сөздерін, олардың саяси мәні бар баяндамаларын және екі ел арасында жасалған келісімшарттардың, хаттамалардың мазмұндарын саралауда қолданылатын контент анализ әдісі.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың жаһандану жағдайында қалыптасуы мен даму барысы, мәселелерінің болашағы жүйелі түрде талқыланды. Қазақ-орыс халқының екі ел қатынастарында алатын орны мен маңызы зерттелді.

Екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, сипаты мен ерекшеліктері, болашақтағы мүмкіндіктері анықталды.

Екі мемлекеттің арасындағы саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласындағы байланыстың негіздерін көрсететін кең көлемді құжаттар мен материалдар ғылыми айналымға енгізілді.

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы оның өзектілігі мен қолданбалы сипатымен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысының материалдары ҚР сыртқы саясатын зерттеушілерге, РФ-ның ҚР-дағы саясатын зерттеуге қызығушылық танытқан мамандарға маңызы зор. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының негізгі жағдайларын «халықаралық қатынастар», «аймақтану» мамандықтарының оқу процесінде, жоғары оқу орындарында оқу курстарын жасауда пайдалануға болады.

Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:

  1. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы ерте кезеңнен бастау алады. Бастауын ерте заманнан алып отырған екі ел арасындағы қатынастар түрлі кезеңнен өтіп, қазіргі кездегі мәселелердің себебі болып отырған үрдістер сол кезеңде қалыптасты. Екіжақты қатынастардағы тарихи қалыптасқан мәселелердің бірі - орыс және қазақ диаспораларының бүгінгі күнгі жағдайы.
  2. Қазақстан Республикасы батыс пен шығысты байланыстыратын «көпір» болып табылады. Аталған елде көптеген әлемдік державалардың мүдделері түйіскен. РФ-ның мұндағы позициялары келесі факторларға негізделген: тауар шығаратын нарық, Орталық Азиядан (ланкестік, діни экстремизм, сепаратизм және т. б. ) төнген қауіпке қарсы плацдарм, шикізат көзі, аймақтағы ықпалын сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде қарастырады. Ресей үшін бұл аймақтың маңыздылығы мұнаймен емес, Каспийде үстемдік орнатуға негізделген. Ал, Қазақстан үшін РФ қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден бір жолы.

3. Ресей Федерациясының билігіне В. Путин келгеннен кейін Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. В. Путиннің Қазақстан-Ресей қатынастарына деген көзқарасын зерттеу барысында үш негізгі кезеңді қарастыруға болады.

4. Екі мемлекет арасында еркін сауда қатынастары қалыптасқан. Оны екі ел арасындағы тауар айналымының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығынан көруге болады. Екі жақтың да мүдделері ортақ сауданы кеңейтуге бағытталған. Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде Қазақстанның экспорт пен импорттағы басты серіктесі болып отырғандығын атап өту керек.

Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өсіп жылдан-жылға өсіп келеді. Оған төмендегідей факторлар өз әсерін тигізеді: екі мемлекеттің кәсіпорындарының салааралық байланысының дамуы, ортақ кәсіпорындар ашу және қазақстандық, ресейлік компаниялардың филиалдарын ашу және т. б. Сондай-ақ экономикалық қатынастардың жеткілікті түрде дамымауына кейбір жағдайлар кедергі келтіруде: өзара саудада антидемпингтік және қорғау шараларын қолдану, екі мемлекеттің өзара сауда қатынасындағы экспорт пен импорттың тиімсіз құрылымы және т. б.

5. Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық қатынастарын одан әрі терең дамыту, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудегі маңызды фактор екі елдің инвестициялық ынтымақтатығының дамуы болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық белсенділік қазіргі таңда энергетика, энергия тасымалдаушыларды өндіру және оны тасымалдау саласында ерекше дамып отыр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың дамуына келесі факторлар өз әсерін тигізді: шетел инвестицияларын тартылуын қадағалайтын нормативті-құқықтық базаның құрылуы, банк саласында екі мемлекеттің байланысының артуы, экономиканың нақты саласында өзара жобаларды іске асыру және т. б.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

  1. Екі ел арасындағы қатынастардың кейбір тарихи астары

Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар түрлі тарихи кезеңдерден өтті. Егер бастапқыда Қазақстан-Ресей қатынастары Ресей империясының құрамында дамып келсе, кейін КСРО ның біртұтас-федеративті саяси-административті құрылым жағдайында болды, қазіргі таңда екіжақты қатынастардың деңгейі - екі тең тәуелсіз мемлекеттер ҚР мен РФ ынтымақтастығы болып табылады.

Осы орайда, XVII-XVIII ғасырлардан бері қарайғы Қазақстан мен Ресей қатынастарын, яғни қазақ жеріне Ресей империясының кіруінен бастап қарастырып көрейік. Себебі дәл осы кезеңнен бастап Ресей Федерациясының территориясының Мәскеуден Тынық мұхитқа дейін қазақтар қоныстанған жерлермен жанаса кеңеюі басталады. Бұл өз кезегінде, Ресей Федерациясының шеткі аймақтарға қатысты сыртқы саясатының қалыптасу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен бұл кезеңдегі Ресейдің мүддесі - Каспий теңізінде өз ықпалын сақтап қалу болды (1813 жылғы Гулистан келісімі Ресейдің Каспий теңізінде әскери флот иеленуіне мүмкіндік берді), осыған орай Қазақстан шекаралық зона және табиғи ресурстардың көзі ретінде стратегиялық маңызға ие бола бастады. Сол кездегі Ұлыбританияның әлемдегі ірі отарлы империя болуы, оның Ресеймен бақталас жағдайында болуы Ресейді ықпал ету территориясын кеңейтуге, яғни оңтүстікке Қазақстан территориясына жылжуына итермеледі.

Патшалық Ресей тек құрлықтағы отарлық держава болғандықтан, оның территорияны кеңейтудегі мүдделері «шеткі» территориялар есебінен қанағаттандырылды. Ресей империясы жаулап алған территорияларға жергілікті билікті басқару жүйесінде қалдыру арқылы ықпал етті. Алайда, олардың қайшылыққа толы мүдделері үнемі соғыс жағдайына алып келіп отырды. Мұндай жағдай қазақ хандарына да тән болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Франция мемлекеті жайлы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz