Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет


ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ: ИСАТАЙ, МАХАМБЕТ
Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары - билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады.
Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса - қара халықтың көңілі тыныш болды.
Ел билеген ақсақалдар да елдің тілеген тілеп, елдің жоқшысы болды. Ақсақал болу, би болудың өзі елдің сайлауынан болғандықтан, бұлар елден бөлініп кете алматын еді.
Сонымен қазақтың бұрынғы дәуірінде қара халықтың арасында бөлек таптар болмады.
Руларды біріктіру үшін «Ақсүйектен» қазақ халқы хан сайлайтын еді. Ханды ру басылары - билер сайлайтын еді.
Хандардың мақсаты - өздерін күшті қылу, халыққа айтқанын істету еді. Хандарға салтанатты болуға елден алым - салғырт керек болды; күшті болуға әскер керек болды; атақ үшін жауласу керек болды, тағы тағысын. Ханның табиғаты қара халықтың тілегіне қарсы болды.
Қазақтың ескі тұрмысында алғашқы кезде таптықты хандық туғызды. Хандар, төрелер, бұлардың нөкерлері, төлеңгіттері бір тап еді. Өңге халақ бір тап еді. Бірінші таптың тамағы, атақты болуы, күшті болуы секілді тіршілігінің бәрі екінші таппен байланысты болды. Сондықтан таптың мақсаты қара халықты қойдай қылып жусатып алып, қосақтап сауу еді, құрай, құрайлап суғарып, кішиттеп оттатып, соғым қылу еді.
Қара қазақта мұны жақсы білетін. Сондықтан қазақтың хандары күшті бола алмады. Қара қазақтың жоқшысы болған билер қара бұқараны хандарға ерттеп мінгіздірмеді. Бұлар хандарды жүгендеп ұстады.
Жүгенделуге хандықтың табиғаты қарсы. Хандар жүгенді үзуге түрлі тәсілдер құрды.
Ру ара дауларды бітірмей, барымта, жанжалды көбейтіп, руларды алжастырып, атыстырып, шабыстырып, өзіне жүгіндіретін болды.
Олжаға қызықтырып, қазақтың қанындағы ескі ауруын қоздырып, айналасындағы көршілерімен елді жау қылып қойып отырып, елді биледі.
Ар - намысты сатып, күшті көршіге сүйеніп, қара бұқараны қорқытып биледі.
Осының бәрі қолынан келмеген күйде елге бағынып, билердің айтқанын істеп отыратын еді. Елді тәсіл мен ұстауға қолынан келмеген, бірақ билерге бағына алмаған хандарды «хан талау» деп, ел талап алып, қуып жіберетін еді не өлтіретін еді (Бұрындық, Тайыр, Нұралы, Есім, Арыстан) .
Біздің білуімізше, елді көршілермен жауластырып ұстаған Еңсегей болы Есім хан, Салқам Жәңгір.
Бөтендерге бағынып, күштіге сүйеніп, елді қорқытып ұстаған Сығай хан, Әбілқайыр хан, Әбілқайырдың тұқымынан шыққан хандар, Абылайұлы Уали хан, Әлмәмбет хан. Билердің дегеніне көніп елді ұстаған Әз Тәуке хан. Жоғарыдағы әдістердің бәрін қатар жұмсап, ел ұстаған Абылай хан.
Қалмақтан жеңіліп ақтабан шұбырындыға тап болған елдің бөтендермен жауласуға күші көп келмейтін болды. Қалмаққа бағынған қазақ бағынып қала берді де, құлдықтан құтылғандардың өз арасында күшті бүліншілік пайда болды. Ұлы хан қалмақтың қол астында қалған соң, қалған елге ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке ұлы хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауыздан елді тегіс соңына ерте алмады.
Әбілқайырға елді қорқытып алып хан болудан басқа жол қалмады.
Елді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс патшасына бағынбақшы болды.
Осы уақытта елдің билері екі айырылды. Бір бөлек билер басы арғын Жәнібек, табын Бөгембай болып соңына ерген елдермен хан жағына шығып кетті.
Ел бөлініп қоныс аударған уақытта күшті рулардың аз руларға жәбірі көбейеді. Қоныстың да жайлысы күштілерге тиеді.
Орта жүзден бөлініп кеткен аз ғана арғынға бүліншілік заманда теңдік аз тисе керек, қоныстың жайлысы екі бастан тимейді.
Кіші жүздің ішінде аз болған жетіру да, жетірудің ішінде табын да Жәнібектің арғыны секілді күйде еді. Бұларға Кіші жүзді билеу үшін, еліне жайлы қоныс алып беру үшін Кіші жүздің билерінен сырт бір күш керек болды.
Орыс үкіметі жәрдем беріп, Әбілқайыр айбарлы хан болса, бұларға іздегені табылғандай болды.
Сондықтан бұлар бастан - аяққа дейін Әбілқайырды, Әбілқайырдың тұқымын сүйеп кетті.
Бұлар дегеніне жеті. Әбілқайыр айбарлы хан болды. Жәнібек пен Бөкембай Кіші жүзді биледі. Арғын мен жетіру (табын) жайлы қоныс та алды, орысқа, ханға арқа сүйеп, күшті рулардан жарытып жәбір де көрмеді … Бірақ Кіші жүз еркінен айырылды.
Әбілқайырдан бастап хан табы күшейе бастады. Патша үкіметі ханға зор сүйеу болды. Орыстың әскері елді ханға бағындыруға үлкен құрал болды. Ханға қарсыларға «өбежек» болды.
Сый - сыяпатқа батқан Жәнібек пен Бөкембайдың үлгісі басқа билердің көзін қызықтырып, көңілін бөлді. Хан жақтаған билер көбейе бастады. Қара халықтың тілеуін тілеуден гөрі ханның тілегін тілеген билерге үнамды келді.
Патша үкіметі жақындаған сайын, хан күшейген сайын қара халықтың күйі нашарлана бастады. Салық көбейді, ел аралаған әскердің, төрелердің, билердің жәбірі көбейді. Бұлардың көбі елдің қамын жемеді, ханның не өзінің қамын жеді.
Билерді хан тағайындай бастаған соң, қара бұқараның күйі тіпті нашарлады.
Хан төреге, хан жақтаған билерге көніп, қара бұқара да қарап тұрмады, бұларға қарсылығын күшейтті. Таршылықтың түбі патша үкіметінде екеніне түсініп, қара бұқара орысқа қарсы шықты. 1731 - інші жылдан 1870 - інші жылға дейін екі таптың күресі болды. Бірі - әуелі хан, кейін патша үкіметі, бұларды жақтаған төрелер, билер. Екіншісі - қара халық. Ақырында қара халық жеңіліп қалды.
Қазақтың хандығы ресім он тоғызыншы әсірдің ортасына дейін созылса да, шынында Әбілқайырдан бастап қазақтың хандары патша үкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан 1731 - інші жылдан бергі Кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерлістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерлістер деп атау керек.
* * *
Он сегізінші, он тоғызыншы әсірлердің қазақтың қозғалысына ең күштілері - Сырымдікі, Исатайдікі, Кенесарынікі.
Үш қозғалыстың бас мақсаты - қазақты орыстың жәңгірлік құшағынан құтқару. Сырым мен Исатай хандардың патша үкіметінің құралы болғанына түсініп, әуелі орыс үкіметі арқылы хандарды жойып, сонан соң орыс үкіметінен құтыламыз деген саясат жүргізді.
Хандар мен патша үкіметін бірінен берін айыруға мүмкін емес екендігін бұл екеуі тез - ақ түсінді. Сондықтан ақырында хандарға да, орыс үкіметіне де қатар қарсы болды.
Сырым он бес жылдай (1782-1797) күресті. Сырымның уақытында орыс үкіметі қазақ ішінде күшті емес еді. Саясатын ойдағыдай қылып ел ішіне жүргізе алмайтын еді. Бір қолмен хандарды сүйесе, екінші қолымен елді алдау үшін сипайтын еді. Патша үкіметі Сырымды әуелгі уақытта сипады. Сырымның арғы сырына түсінген соң - ақ, үкімет жалт беріп, Сырымға теріс айналды.
Сырым патша үкіметінің сипағанына иланып қалды. Осы илануы елден айырылуға себеп болды. Әуелгі уақытта Кіші жүз Сырымға тегіс - ақ еріп еді. Ақырында Сырым Үргенішке жаңғыз барды десе болғандай болып барып, дұшпандарының қолынан құрметсіз өлім тапты (удан өлді) .
Исатай заманы патша үкіметінің қазақты әбден меңгеріп алуға жақындаған заманы. Бөкейліктің елін меңгеріп алып та еді. Хан орыс үкіметінің қарауылшысы болып қалып еді.
Бөкейліктің елі әуелі Исатаға тегіс ерді. Исатай ханмен, Орынбордағы үкіметпен бітім сөйлесе бастап еді, біріккен ел ыдырай бастады. Бірақ Исатай қатасын тез түсінді де, тез түзетті. Үкімет пен ханды бір депсанап, екеуіне де қатар соғыс ашты. Ел Исатайға тағы ерді. Қара күштен жеңіліп, аз ғана жолдастарымен алақандай жерде қамауда қалғанда да, ел Исатайды ұстап бермеді, Жайықтың берғы бетіне өткізіп жіберді.
Кеңшілікке шығып алып, патша үкіметінен, оған ерген хандардан қазақтың арын алыңда деп жар шашқанда Исатайға қазақ малын да берді, басын да берді.
Бөкейліктен қашып келген салт атты, салбыр қамшы бір қашқынның қасына ауыр әскер қол жинады. Әлімұлы бас болып, Кіші жүз Исатайға ерді.
Исатайдың қозғалысы екінші дәуірінде екпінді басталды. Патша үкіметі де мұны сезді. Сарыарқаға әскер төкті. Бірақ Исатайдың қимылы аяқталмай қалды.
Он екінші әсетте Қиыл бойында Исатай арманда кетпегене, бұл қозғалыстың қандай қанат жаятындығы белгісіз еді.
Қасымұлы Кенесары қазақты орыстан құтқарам деде де, патша үкіметіне, хандарға қарсы болды. Ел соңына ерді. Хан көтеріп, қара қазаққа хан көзімен қарап, ханның саясатын жүргізе бастап еді, көп қазақ соңынан ермеді, қысылған жерде тастап кетті.
Кенесарының Кіші жүзге ешбір әсері болмады. Кенесары заманында Кіші жүз хандардан әбден күдер үзіп болған еді. Кенесарыға Кіші жүз ермеді. Қорқытып бағындаырамын деп, Кенесары 1843 - інші жылы алтын - жаппасты шапты, Көбекұлы Алтыбай биді өртеді, сол жылы Ойыл бойындағы шектіні шапты. Кіші жүзбен жау болып, ақырында тұра алмай, ауып кетті.
1843 - інші жылы шектінің назар деген бөліміне Кенесары мынандай әмір жазған: «Біздің адамдарымыздың сендерде қаны бар. Кінәлеріңді мойындарыңа алыңдар, мені хан деп таныңдар, мендік болыңдар, менің сендерге жақын болғым келеді.
Құдайдан қорықпай сендер маған қарсы болдыңдар, әруақты сыйламадыңдар. Кінәлеріңді мойныңа алсаңдар, ішіңдегі жақсыларың маған келсін. Мен сендерге қайырымды боламын, келмесеңдер, сендерді отыз жыл күтемін де, сендерді отыз жыл аямай шабамын» деп22.
Кенесары мен Кіші жүздің арасының қандай болғаны осыхаттан - ақ көрініп тұр.
Кенесарының Ойылдағы елді шапқанда орыс, қазақ аралас көп әскермен Кенесарыға қарсы Баймағамбет төре шығады. Кенесары қашады. Баймағамбет қуады. Бір жерге келгенде, «Кенесарының жіберген елшісімін, Баймағамбетпен сөйлесемін» деп, әскерге жақын Наурызбай төре келеді. Баймағамбет қорқып өзі шыға алмай, біреуді жібереді. Барған адамға Баймағамбетті боқтап - боқтап кейін қайтсін, қумасын деп, Наурызбай сәлем айтады. Байеке ашуланып, атыңдар дейді. Мергендер атуға ыңғайланады. Дегенмен Наурызбайды қимай кідірістейді. Көптің ішінде Исатайдың жолдасы Махамбет батыр бар екен, о да оқталады. Махамбеттің атса оғы бос кетпейтінін білетін қасындағы жолдастары қолынан ұстай алып, «а … батыр саған не болды, бұлар орысқа қарсы ғой» дейді. Сонда Махамбет «Тас бауыр төрені қазаққа болысып, орысқа қарсы болды дегенге кісі нанар ма? Ел бұзар екені бетінен - ақ көрініп тұр ғой, мылтығымның тауын қайтардыңдар енді атпаймын» дейді.
Махамбеттің осы сөзін біреу Баймағамбетке жеткізеді. Махамбеттің өліміне осы сөзі себеп болыпты - мыс деп айтысады.
Қоныстың тарылуы, жердің азаюы, елдің түрлі таршылыққа қалуы, үкіметтің (билеуші таптың) зорлық - зомбылығы қара бұқараны көрген күніне наразы қылып, түрлі қимыл туғызады. Адастыратын соқпатарға түспей, көдеген нысанаға жеткізетін дұрыс жолмен жүргізе алса ғана осындай қимыл жемісті бола алады.
Елдің қимылын жолға салып, ұйымдастырып отыратын көсем керек. Бұндай уақытта құрастырушы көсем шықпаса, елдің қимылы бытырап, шашылып, ұлы мақсаттың орнына уақ пайда туып, ұлы қимыл аяқсыз қалады. Қимылдың көсемі бас пайдасынан баз кешіп, жан - тәнімен көптің тілегін орындау керек. Ұлы қимылдардың уақытында көптің әлеумет сезімі өте күшті болады. Ел бастаған көсемнің ізі бағулы болады. Көсемнің басқан қадамы, жүрген бағыты көпке жақпаса, халық теріс айналып кетеді. Кешегі мыңды бастаған серке, ертеңгі күні жалғыз маңырап қалады.
Сырым да, Кенесары да ақырында көптен айырлып, жалғыз қалды. Тағдыр Исатайды қаңғыртып қалудан сақтады. Патшалар заманында өлгенінше көпті соңынан ертіп кеткен - жаңғыз Исатай.
Кім біледі, көбірек жүрсе Исатайда қаңғырып қалар ма еді, қайтер еді? Бұл - бимағұлым.
Бірақ тарихқа қарағанда, елдегі әңгімелерге қарағанда да, Исатайдың көпті ертетін ұраны болған.
Исатайдың көпке шашқан ұраны Махамбет батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен ап - анық көрініп тұр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz