Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау



Жоспар

Кіріспе

І. Несиенің құрылымы.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз
алушы.

ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім
шарттар.
2.1. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара
қатынасындағы қарыз пайызы.
2.2. Алынған несиелерді өтеу ережелері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арықылы анықтау керек. Қарыз мәмлесі несиені жкономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәмле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмлесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмлесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуына бұл мәмлелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәмле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» - бекітіледі, біркақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез –келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шураушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоқққа шығаушы болып табылады.
Несие мәмле типті ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бұл дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әртүрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: Әртүрлі шаруашылықта әртүрлі түрде кездесетін экономикалық қатынас, соның бірін бүгінгі менің курстық жұмысымда айқындап көрсетпекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Кушербаев Б.П. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу. Автореферат / Б.П. Кушербаев – Караганда, 2002 -30 б.
2. Мақыш С.Б. Банк ісі: оқу құралы / С.Б.Мақыш, А.Ә. Ілияс. – Алматы: Қазақ Университеті, 2004 – 240 б.
3. Ақша, несие, банктер: оқулық / Жем.ред Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001 – 464 б.
4. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер: оқу құралы / М.С. Саниев. – Алматы – 166 б.
5. Кошенова Б. Ақша, несие, банктер: Валеология қатынастары: оқу құралы. – Алматы: экономика 2000 -328 б.
6. Бахаева А. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару // Экономика негіздері – 2005 - №3 – 29 б.
7. Қарымсақов М. Банктің несиелік саясаты. // Экономика негіздері. -2005-№ 2 – 30 б.
8. Банктер- экономикадағы ахуалдың барометрі. // заң газеті. – 1998 -25 ақпан.
9. Жандосов О. Ұлттық банктің ақша және несие, валеология саясаты. // Ақиқат – 2005 - № 3- 67 -71 б.
10. Аманжолов С. Қазіргі кездегі ақша – несие саясаты және банкі жүйесін реформалау //Ақиқат - 2004 № 7 – 31 – 36 б.
11. Ақша – несие саясаты // Оңтүстік Қазақстан – 2005 – 30 қаңтар – 4 б.
12. Қаржы нарығы // Банкы Казахстана – 2005 - № 8 – 2-7 б.
13. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. // Оңтүстік Қазақстан .- 2006 . – 4 наурыз (№ 33-34) – 1 – 4 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қаржы және несие кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жоспар

Кіріспе
І. Несиенің құрылымы.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз
алушы.
ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім
шарттар.
2.1. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара
қатынасындағы қарыз пайызы.
2.2. Алынған несиелерді өтеу ережелері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
[Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы]
Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап
тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит – акция саясатының, өндірістің
негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін
пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп
отыруға міндетті - деп елбасы экономика саласына байланысты екінші
басымдықта (тарау). Елбасының жолдауының тек осы тарауын ғана көрсетіп
отырған себебім менің курстық жұмысым кредит – акция саясатының бір факторы
болып табылады.
Әрі қарай елбасы акция – кредит (несие) саясатына қатысты мынадай
тұжырымдама жасады: Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту
мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса
көңіл бөлу керек деп санаймын.
Акция – кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
Акция – кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын
төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін
нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс. Үкімет Қор
қаражатының анықтығын және ұтымды құралуы мен пайдалануын қамтамасыз етуге
тиіс деп санаймын.

Кіріспе.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арықылы анықтау керек. Қарыз
мәмлесі несиені жкономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны
осы мәмле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу
формасы – қарыз мәмлесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Қарыз мәмлесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуына бұл мәмлелер жиілейді, ұлғаяды,
жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәмле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен – несие - бекітіледі, біркақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез –келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шураушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоқққа шығаушы болып табылады.
Несие мәмле типті ретінде, тауар айналысының формасы, құн
қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына
өткен уақыттан бұл дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік
байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана
емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де
қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік
қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісімі
арқылы жүзеге асатын әртүрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: Әртүрлі шаруашылықта
әртүрлі түрде кездесетін экономикалық қатынас, соның бірін бүгінгі менің
курстық жұмысымда айқындап көрсетпекпін.
І. Несиенің құрылымы.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады.
Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы айтылғандарға қосымша
анық құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәмледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар
айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу – сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың
ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып
алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бұл тауар иленуші
қолма- қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы
ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады.
Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор
және қарыз алушы бір немесе эквивалентті мерзімінің ұзартылуы, ал
басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды.
Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор –
саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан
бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті.
Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну
мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы.
Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болу керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор – банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы
тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды
орналастыру арқылы жинақтаған қаражаттар есебінен де бұл алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өнімі болды. Банкирлер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатуға жататын тауарлдарды
қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факты, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төлеушінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек.
Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу – сату, тауарды
жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факті тудырмайды, оны
төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі
бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімді қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады. Қарыз алушылар мен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттың шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады.
Несиенің мерзімі өз кезінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы жәнее алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы бір-біріне
жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес.
Борыш – міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік
мәмлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.Тарихи
жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар
болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар,
қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы –
ақсүйектердің көбіне жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуы
мен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекетттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығ ол несиелік мәмледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден,
ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың
уақытша иесі ретінде болады; Өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен
жұмыс істейді.
Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында
да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай
–ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитор мен
жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы
өндіріс процесін өркендете түсу керек.
Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана
қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз
алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз
алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар
шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: Кредитор,
қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастардың қатысушылары ретінде
кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор –
қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ; Бүтіннің
шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше
жағдайларына байланысты өз мүддлері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз
пайызына мүдделі болса, қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім –
шарттар.
Банктің клиентпен экономикалық жұмысы
- банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әртүрлі банктік
оперцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын
қамтиды. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен
пассивтерін басқару қызметі мен тығыз байланысты.
- Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет,
бірлескен қызмет, кассалық және несиелік қызмет депозиттік шоттарды
ашу және жүргізу, т.б. әртүрлі келісім-шарттар жасасу негізінде
құрылады.
- Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша
операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу – кассалық
қызмет көрсету туралы келісім-шарт негізінде жасалады.
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында есеп айырысу
немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жүргізу шарттары
көрсетіледі. Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім –шартта
бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімді өтуі
кепілдемесін қамтамасыз ету керек.
Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің
материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайында банкпен
клиенттер Қазақстан Республикасының Парламенті мен бекітілген Қазақстан
Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысуды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін
экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылады.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі жақтың
құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында
табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім – шарт
жасалады.
Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік
келісім – шарт негізінде жүргізіледі және де ол қарыздың мерзімі, шарты мен
беру тәртібін және оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқықтарымен
міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық мөлшерлемелерді
реттейді.
Кейбір банктерде несиелік келісім-шарт пен бірге несиелік хаттамада
қолданылады. Соңғысы ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер
нақтыланады, мысалға, несиенің және түрлерін берудің шарттары мен
тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.
Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім-шартта депозиттің
ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі. Осы депозиттік шоттан
қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.
Барлық айтылған келісім –шарттар клиентпен қарым-қатынасының сипатын
анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын-ала, жан-
жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы
мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе
көрсеткіштердің төрт табына негізделеді: өтімділік, айналымдылық,
қаражаттарды тарту және табыстылық.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұл
пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол
банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің
неғұрлым өнімдірек топтарынан соғұрлым өтімді топтарына қатысты өткізгіштік
мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем
тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі.
Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған
жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып –
клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұң-мұқтаждығын
анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдірілуі жатады.
Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының
балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің тәртібі мен мерзімін,
қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытнда қайтарылыуын қамтамасыз етілуі ретінде
кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылданған формадағы
міндеттемелерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы заңның 36
бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтаруы бойынша міндеммелері
мен басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Несиелік қаблетті бағалау
Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау негізі
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Пәндер