Эволюция


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Эволюция

Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңіненбелгіл Таралуы

Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.

Сипаттама

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады. Көбеюі

Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болу Қоректенуі

Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т. б. қоректенеді.

Жыртқыш аңдардан қорғау

Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.

Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata) ; тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata) . Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мыс., Тянь-Шань аполлоны, өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері - екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман ш-на зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т. б. ) . Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері) . [1] [2]

[өңдеу] Көбелектер де қиялдайды екен . . .

Бала кезде бір қызық әдет бар еді. Үй жарығы қосылғанда, көбелек біткен қаптап кететін. Содан кейін бір-бірінен өтіп, әлгі жарыққа барып соғысып жататын. Оның бәрі біздерге қызық болып көрінетін. Соқырлыққа жатқызайын десек, соқыр емес, соқыр емес дейін десек, неге соғысатынын түсінбей дал болатынбыз. Сөйтсек, ғылымда бұны фототактис деп айтады екен.

Бірақ, бұл фототактис керісінше болып та келе беретін болып шықты. Оны біз алыстан алмай-ақ қояйық. Күнделікті үйге барып, жарықты жаға қалғанда тарақан біткеннің зып беріп қашатын әдеті бар емес пе?! Міне, осы құбылыс та фототактис деп аталады.

Көбелектер жарыққа ұшады , әлде ұшпайды деген сұраққа ортақ түсінік таба қою да қиын. Мүмкін, олар Ай навигациясын (бірнеше обьектіні байланыстыру) пайдаланатын шығар. Сол үшін де Ай орнына жасанды жарықты айналып, өз-өздерін біраз шатастыруы мүмкін-міс. Бірақ, бұған қарсы контраргумент (қарсы пікір) бар болып шықты?! Навигация үшін арнайы жүйемен жүру керек көрінеді. Алайда, көбелектер белгілі бір жүйемен айналмай ұшады емес пе?! Олар тіпті айсыз түнедерге де бейімделген. Бұны қалай түсінсек екен.

Фототактис құбылысы адам баласына баяғыдан белгілі. Ол туралы " Көбелектердің жалын ішіндегі өлімі" атты Эсхилден (525 - 456 б. з. д. ) келе жатқан үзінділер де бар.

1960 жылдары Г. А. Мазохин-Поршняков шыбын-шіркейлерді ашық кеңістіктегі универсальды әрі тұрақты индикатор санап, олардың жарыққа ұшуын заңды деп бағалаған. Және де ультра-күлгін сәулеленудың қатты назар аудартатынына тоқталып өткен. Бұл дегеніміз жерден табылмас сәулеленуге шыбын-шіркейлер құмартады деген сөз.

Көбелектер бөлмеге кіріп кетсе , күннен келер УФ сәулеленуге қарай тырмысып, терезеге соғысатынын бәріміз білеміз. Сөйтсек, түнгі уақытты олар жабық кеңістік ретінде қабылдап, жарықтың айналасында мазасыздана ұшады екен. Тек қана жарық әрі бос кеңістікке жету үшін.

Әлі келіспей тұра тұрыңыз. Бұған қарама-қарсы да пікірлер бар болып шықты. Көбелектер жарықтан құтылып, қап-қара түнек белдеуіне ұшқысы келеді екен. Аталған белдеу жарық пен қараңғылықтың ортасында орналасқан көрінеді. Олардың осы бір оптикалық қиял, сағымы Маха белдеуі сияқты. (Адамдардың арасында да бұған сенетіндері бар) .

Фототактистің қайдан бастау алары әзірге белгісіз. Бір қызығы, бір түрдің әр түрлі тұқымдары жарықты басқаша сезінетін болып шықты. Кейбіреулері жарықты айналып ұшатын болса, кейбіреулері тіпті де ұшпайды екен.

БҰЛ ЖЕРДЕ 5 КҮН ӨМІР СҮРЕТІН КӨБЕЛЕКТЕР БАР: БҰЛ ЖЕРДЕ 5 КҮН ӨМІР СҮРЕТІН КӨБЕЛЕКТЕР БАР
24. 01. 2013 10:53: 24. 01. 2013 10:53
24. 01. 2013 10:53:

3-ші қаңтардан бері Шымкенттегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында шетелден әкелінген тропикалық көбелектердің көрмесі өтуде. Қалада оған келушілер қатары күн өткен сайын көбеюде. Өйткені қақаған суықта мұнда келген адам құдды ертегілер елінде жүргендей әсер алады. Экскурсовод Бағила Рахимованың айтуына қарағанда, көрмеде біз бұған дейін көріп-білмеген көбелектердің бірнеше түрі бар екен.
«Мысалы, мына көбелекті «Калинго» деп атайды, - дейді Б. Рахимова. - Оны ағылшын тілінен аударғанда «Жапалақ» деген мағынаны білдіреді. «Калингоның» өмір сүру ұзақтығы 1, 5 - 2 ай.

Ал Үнді елінде өмір сүретін «Көгілдір морфаны» халық қадір тұтады, оны көргенде әруақтар үйге келді деп сенеді. Негізінде «Көгілдір морфа» - достықтың символы. Биікте самғап ұшатын мұндай көбелектің қанатының үстіңгі жағы аспан түстес болса, асты жерге ұқсас. Сондықтан ол ұшқанда жарық жұлдызға қатты ұқсайды. Ал «Алтын көбелек» адамның иығына қонса, оның арманы орындалады деген сенім бар.
Жалпы, Амазонка елдерінде өмір сүретін тропикалық көбелектер жылы және ылғалды жерді ұнатады. Сондықтан оның тұратын жеріндегі ауа температурасы 25 - 30 градус жылылықтан төмен түспеуі тиіс. Көбелектер банан, алма секілді жеміс-жидектерді жақсы көреді. Бал қосылған суды да ұнатады. Бірақ оны күн сайын ауыстыру керек».
Мұндай көбелектер тірі кезінде жеміс-жидектерге «личинка» тастайды екен. Ал пайда болған «личинка» жапырақтармен қоректеніп, бірте-бірте құртқа айналып, кішкентай қауашақтың ішінде жатады. Содан кейін кезі келгенде осы қауашақтан ұшып шығады.
Біздің білгеніміз, көрмені ұйымдастырушы Игорь Холодарь деген павлодарлық азамат екен. Ол өзімен бірге Оңтүстікке Филиппин мен Коста-Рика мемлекеттерінен тропикалық көбелектердің 12 түрін ала келіпті. Олардың арасында небәрі 5 - 7 күн ғана өмір сүретін жыланбастысы, «Желкенді Тоас» және «Идея Левконоя» дегендері де бар. Көбелектердің ең кішкентайы «Ай көбелегі» деп аталады. Оның екі қанатының жайылғандағы ұзындығы 7 сантиметрге дейін жетеді. Екі қанаты 16 - 26 сантиметрге дейін жететін «Аттакус атлас» та осында. Оны жұрт көбіне «Азияның түнгі шатырқанаты» деп атайды.
Петропавлдан басталған бұл көрме осыған дейін еліміздің 12 қаласында аялдапты. Ал бізде ол 17-ші ақпанға дейін жалғасады. Сосын Алматыға жол тартпақ. Әзірге шымкенттіктер көрмеге ағылуда. Оған кіру бағасы зейнеткерлер мен балалар үшін - 500, ересектерге 700 теңге. Осы жерде көбелекпен бірге суретке түсу де 500 теңге тұрады. Көрмеге өз фотоаппаратымен барған адам тропикалық көбелектердің суреттерін қалауынша түсіре алады.
Көрме әр күн сайын, демалыссыз, сағат 10. 00 мен 18. 00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша анықтаманы 53-02-22, 8-771-172-10-81 телефондары арқылы білуге болады.

Шаң көбелектер

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

:
:
:
:
:

Female

:
:

Шаң көбелектер(лат. Euproctis chrysorrhoea) - қанат құлашы 26- 40 мм; құрсағының ұшында сарықызғылт бір шоқ қылтанақтары бар. Еуропа, Солтүстік Африка, Кіші Азия, Солтүстік Америкада таралған. ТМД, Еуропалық бөлігінің орталық және оңтүстік аймақтарында, Қырымда, Кавказда кездеседі. Маусымнан тамызға дейін ұшады. Жұмыртқаларын қылтанақтарымен жауып жапырақтарға салады. Жас жұлдыз құрттары топтапып, (200-300) жібек жіппен оралған жапырақ ұяларында қыстайды. Ересектерінің денесін түк басқан. Егер оған қол тисе ызылдап, ашытады. Қалың жылдары жеміс ағаштарының жапырақтарынан түк қалдырмай жеп қояды. [1]

[өңдеу] Күздік көбелек

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Герберт Спенсер
Эволюция және прогресс түсініктер қатынасы прогресс критерийлері
Спенсердің әлеуметтік ілімдері
Эволюциялык идеялар
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Ламарктың Зоология философиясы еңбегі
Даму заңдылықтары
Эволюция және Прогресс пен Регресс
Ғылыми білімнің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz