Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ереже



1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы
2. Ядролық қаруға таптырмайтын плутоний Қостанайдың қоқысында жатыр
3. Үкіметке енді Қазақстанды радиоактивті қалдықтар моласы етіп заңдастырып алу ғана қалды
4. Қалдықтарды орналастыру полигондарын
жою қорларын қалыптастыру
ережесі
5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген ерекшеленген орталық ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергенідігі туралы хабардар етсін.
3. “Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 521-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2007-08-30:
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережелері
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22
наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды
аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса
беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-
тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген ерекшеленген орталық
ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергенідігі туралы хабардар
етсін.
3. “Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту
туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №
1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 521-
құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысымен
бекітілген
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу Ережелері (бұдан әрі – Ереже)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне,
Қазақстан Республикасының 1989 жылғы 22 наурыздағы Заңымен қосылған
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды жоюды бақылау
туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес
әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуді,
қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуді, сондай-ақ қалдықтарды
оның аумағымен транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Осы Ереже радиоактивтік қалдықтарға қолданылмайды.
2. Осы Ереже мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қалдықтар – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес
жойылатын, жойылуға арналған және жойылуға тиісті заттарды немесе
нәрселерді білдіреді;
2) бөлінген орталық – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны
қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және
іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
4) құзыретті орган – шекаралық, көліктік және кедендік бақылауды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет органдары;
5) рециклинг – қалдықтарды қайта пайдалану;
6) қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау – мұндай тасымалдар ең болмағанда
екі мемлекетке қатысты болған кезде бір мемлекеттің ұлттық заңи
құзыретіндегі қауіпті немесе басқа да қалдықтарды бір ауданнан басқа
мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі ауданға немесе аудан арқылы не қандай
да болмаса мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі емес ауданға немесе кез
келген аудан арқылы өткізу.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі
3. Қалдықтарды қайта өндеу, көму немесе сақтау мақсатында оларды әкелу
олармен жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болған
кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы
мүмкін.
4. Қауіпті қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, қайта өндеу, рециклинг)
және көму мақсатында Қазақстан Республикасы аумағына әкелу мемлекеттік
экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң
қорытындылары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен
жүзеге асырылады.
Трансшекаралық тасымалдануы мемлекеттік реттеуге жататын қауіпті
қалдықтардың тізбесі “Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге
әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық,
санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың,
нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының тәртібі туралы
хаттаманы бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16
қарашадағы № 1716 қаулысының № 6.2 қосымшасында көзделген.
5. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағымен) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1716 қаулысының № 6.1 қосымшасында
келтірілген қалдықтарды әкелуге (транзиттеуге) жүзеге асырыла алмайды.
Өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған
Базель конвенциясы тарапының мемлекеттеріне және дамушы елдерге не, егер
осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды
деп болжауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан
оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды әкету жүзеге
асырыла алмайды.
6. Қазақстан Республикасы аумағынан (аумағымен) қалдықтарды әкеткен
(транзиттеген) жағдайда Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар
әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы
қажет.
7. Осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген қалдықтарды Қазақстан
Республикасының аумағынан Базель конвенциясының тарапы болып табылмайтын
мемлекеттің аумағына әкету Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге
асырылады.
8. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде жеке және заңды
тұлғалар мүдделі мемлекеттерге қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық
тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған
орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты ұсынады. Мұндай ақпарат осы Ережеге
1-қосымшаға сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы хабарламада көрсетіледі.
9. Болжанып отырған қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Қазақстан
Республикасы бөлінген орталық болып табылатын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органдар арқылы мүдделі мемлекеттердің құзыретті
органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
3. Қалдықтарды әкелуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі
10. Өңдеу, сақтау, көму мақсатында қалдықтарды Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімін ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды
ұсынады:
1) өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен
куәландырылған, жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар
үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды әкелу туралы өтініш және қоса
беріліп отырған құжаттардың тізбесі;
2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің; жеке тұлғалар
үшін дара кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің
нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-
сату келісім-шартының (шарттың) немесе өзге иеліктен алу шартының
нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) экспорттаушы мен өндіруші немесе егер өтініш беруші делдал болған
жағдайда импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың нотариалды
куәландырылған көшірмесі;
5) тасымалдауға арналған келісім-шарттың (шарттың) және осы қалдықтарды
экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды
жоюға жауап беретін адам арасындағы келісім-шарттың нотариалды
куәландырылған көшірмелері;
6) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);
7) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау
туралы құжат;
8) қалдықтарды сақтау (көму) полигонының санитарлық паспорты;
9) әкелінетін қалдықтармен жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық)
мүмкіндіктері бар екендігі туралы ақпарат;
10) арнайы жабдықталған және арнайы белгілермен жарақтандырылған көлік
құралдарының болуы;
11) төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен
бекіткен және онымен келісілген ықтимал аварияларды жою жоспарының
көшірмесі;
12) қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қауіптілігіне байланысты
объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
жөніндегі сақтандыру полисінің нотариуспен куәландырылған көшірмесі.
11. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, сақтау, көму, рециклинг және кәдеге
жарату мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аймағына әкелуге рұқсат
беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ресімдеу үшін өтініш
беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 10-
тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың
алдын ала алынған оң қорытындыларын, сондай-ақ әкелінетін қалдықтармен
жұмыс істеу үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуын
ескеретін Қазақстан аумағындағы қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызмет
жобаларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы;
2) міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің нотариалды
куәландырылған көшірмесі;
3) қауіпті қалдықтардың паспорты;
4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде ықтимал төтенше және авариялық
жағдайларды оқшаулауға және жоюға тасымалданушының дайындығын қамтамасыз
ету бойынша растаушы құжаттар.
12. Қалдықтарды әкелуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін рәсімдеу
үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған
құжаттар көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып,
өтініш берушіге жіберілетін (тапсырылады) тізімдеме бойынша қабылданады.
13. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалдықтарды әкелу туралы
өтінішті алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіні
тасымалдауға рұқсат беруден бас тарту туралы немесе қосымша ақпарат беруге
сұрау салу туралы хабардар етеді.
14. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада
белгіленген тәртіппен барлық қажетті құжаттармен қоса қалдықтарды әкелу
туралы өтінішті алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қалдықтарды әкелуге рұқсат беру туралы шешімінің
жобасын дайындайды.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының аумағына
қалдықтарды әкелуге рұқсат беру жөніндегі шешімінде мыналар көрсетіледі:
1) өтініш берушінің атауы;
2) қалдықтардың атауы, мөлшері және СЭҚ ТН бойынша коды;
3) қалдықтарды әкелу жүзеге асырылатын кезең.
4. Қалдықтарды әкелу, әкету және оларды транзиттеу
кезіндегі оларды өткізуге қойылатын талаптар
16. Әкелу, әкету және транзиттеу объектісі болып табылатын қалдықтар
халықаралық талаптарға сәйкес буып-түйіледі, таңбаланады және
тасымалданады.
17. Қалдықтарды өткізу кезінде Базель конвенциясына сәйкес қалдықтардың
қауіптілігін жіктеу қолданылады.
18. Қазақстан Республикасында қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
кезіндегі бақылау құзыретті органдармен қамтамасыз етіледі.
19. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік тазартылуға, қажет болса
залалсыздандырылуға тиіс.
20. Тасымалдау жолында қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген нысандар бойынша көлік жүкқұжаттарымен бірге жүреді.
Тасымалдаушы қалдықтардың бағыт жоспары мен тасымалдау кестесін
қалыптастырады және белгіленген тәртіппен оларды көлік және коммуникация
саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
21. Қалдықтарды өткізу Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған сақтандыру шартымен жабылады.
22. Қалдықтарды өткізуді жүзеге асырған кезде жүк жөнелтуші немесе
тасымалдаушы жүру жолындағы ықтимал авариялық жағдайда көлік және
коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес осы жүкке авариялық карточканы
әзірлейді.
23. Қалдықтарды тасымалдаумен байланысты аварияның пайда болуы немесе қауіп
жағдайында тасымалдаушы бұл туралы тез арада мүдделі мемлекеттердің
құзыретті органдарын хабардар етеді және авария зардаптарын жою жөнінде
шаралар қабылдайды.
24. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан
қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру Қазақстан заңнамасына
сәйкес жүргізіледі.
25. Қалдықтарды тиеу-түсіру жұмыстарын бақылауды тасымалдаушы не жүк
жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті бірге алып жүретін алып жүретін өкілі
жүзеге асырады.
26. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде жүктің сақталуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың
талаптары орындалады.
27. Қалдықтармен жұмыс істеуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, еңбек қауіпсіздігі мен
қорғау жөніндегі нұсқау алған тұлғалар жіберіледі.
Қалдықтармен жұмыс істейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдармен
қамтамасыз етіледі.

Ядролық қаруға таптырмайтын плутоний Қостанайдың қоқысында жатыр

Қостанайда өз уақытында ең іргелі кәсіпорын саналған Котекс АҚ
дағдарысқа ұшыраған кезде қоймасында жатқан 400 мың дана құрамында аса
қауіпті сынап бар электр лампілерін жерлеу ешкімнің ойына келмеген.
Оның сыртында, ядролық қару жасауға итпен іздесе таптырмайтын аса
қауіпті электр тогын бейтараптандыру үшін пайдаланатын химиялық металл
– плутонийдің 239-шы изотопы да осы жерде көпке дейін көпе-көрнеу
сақталып келген. Оның бір грамының құны шамамен 4650 АҚШ долларына тең
келеді екен. Бейресми мәліметке сүйенер болсақ, қаланың ықшам ауданында
жатқан аталмыш химиялық элементтің көлемі бір тоннадан асып жығылады.
Залалды қалдықтардың зарын айтып, оның көзін жою үшін 10 миллион теңге
сұраған қостанайлықтарға еліміздің Экология министрлігі биылша 2
миллион теңге ғана беретінін айтып, қалған қаржы 2009 жылға дейін
жеткізіледі деп уәде етуде.
Бұл мәлімет Қостанай облысындағы қоршаған ортаны қорғау және
экологиялық проблемаларды шешу барысындағы қордаланып қалған
мәселелерді қопарған алқалы жиында айтылды.
Жалпы, бүгінгі күні облыс аумағында аса қауіпті қалдықтар төгетін
700-ге жуық полигон қалыптасқан. Оның сыртында осындай 56 нысан
жергілікті кәсіпорындар меншігіне берілсе, 660-қа тарта қоқыс көзі
қолында не ақшасы, не қоқысты тазартып отыратын техникасы жоқ аудандық
әкімдіктердің құзырына тапсырылған. Соның кесірінен болар, қазіргі
уақытта облыс көлемінде шамамен 2 мың гектар алқапты алып жатқан 5
миллион тоннаға тарта қоқыс жинақталып қалған. Жыл сайын қазынадан
бөлінетін 6-8 миллион теңге қаржы қоршаған орта үшін қауіп төндіретін
қалдықтарды жою былай тұрсын, жинақтауға да жетпейді екен.
Жергілікті экологтар мен қала мамандарының айтуынша, қоқыс қалдықтарын
құрту үшін тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысатын зауыттар салған
жөн. Осыған орай, Қостанай мен Рудный қалалары және Қостанай ауданында
тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама әзірленген. Жалпы
құны 6 миллион теңгеге түскен жобаны жүзеге асыру үшін республикалық
қазынаның 1 миллиард 350 миллион теңгеге тарта қаржымен қарасуы керек
болып отыр.

Үкіметке енді Қазақстанды радиоактивті қалдықтар моласы етіп заңдастырып
алу ғана қалды

Шерхан Мұртаза сияқты ақсақалдарымыз бастаған екінші сайланымдағы
Парламент сүрінбей өткен сынға енді қазіргі Парламент кез келіп отыр.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлеген Экологиялық Кодекс кеше
Мәжілісте тұсауы кесілмей жатып, жанжал туғызды. Тісқаққан тәжірибелі
депутаттар одан Үкіметтің Қазақ жеріне радиоактивті қалдықтар тасып, көмуге
қол жеткізгелі жатқандығын байқап қалып, жағаларын ұстады. Бір топ халық
қалаулысы көтерген шудың дабылы алда үлкен дауылға айналып кетуі ғажап
емес. Олар бұл мәселеде Үкімет жалпыұлттық тыңдаулар өткізу арқылы қалың
бұқараның пікірін біліп қана қорытынды шешім қабылдауға тиістігін айтады.
Егер бұған баратын болсаңдар, қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндеттісіңдер!
– деді депутат Тито Сыздықов. –Қоғам шешсін, улы қалдықтарды әкелу керек
пе? Сөйтіп, Қазақ жерін қалдықтар моласына айналдыруға халық разы ма? Мен
қарсымын! Елімізде онсыз да экологиялық ахуал ушығып тұр. Ендеше, мен
Экологиялық Кодекс жобасынан 304,311-баптарды жою туралы ұсыныс енгіземін!
Сендер нені көздеп, осы баптарды құжатқа кіргізіп отырсыңдар?! Тито
Уақапұлы айтқан баптар Үкіметтегі кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің
қоржынын жаңа құзырмен қампайтуды қарастырады. Мысалға, Кодекс жобасының
304-бабы қалдықтарды өңдеу, көму және сақтау үшін Қазақстан Республикасына
енгізуді тек қана Үкіметтің шешімімен жүзеге асатындығын белгілейді. Ал
311-бапта шенеуніктер өз ниеттерін бәлендей бүркемелемей-ақ, ашық жазып
қойған, пайдалану, зарарсыздандыру, қайта өңдеу және көму мақсатында
қауіпті қалдықтарды ҚР аумағына енгізу, Үкімет шешімімен жүзеге асады. Бұл
жерде егер мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық
сараптаманың оң қорытындысы жазылған бір парақ қағаз болса жеткілікті,
Үкімет әлгіндей қауіпті жүктердің елімізге ағылуына бас изей салады екен.
–Бұл баптар неге менің жанымды түршіктіріп отыр?–дейді депутат Тито
Сыздықов. – Өйткені кезінде, 2003 жылы біздің осы Мәжілістің бір топ
депутаты радиоактивті және қауіпті қалдықтарды Қазақстан аумағына енгізу
туралы заң жобасына бастамашы болғаны бар, сонда Мәжіліс жобаны қабылдаудан
толығымен бас тартты. Біз ол заң жобасын, тіпті қолымызға да алмай қойдық.
Ал енді сендер, жаңа Экологиялық Кодекстегі мына нормалар арқылы бар
болғаны Үкіметтің шешімімен қауіпті қалдықтарды әкеліп, көмуге мүмкіндік
бергелі тұрсыңдар. Мұның артында Еуропадағы улы, заһарлы, радиоактивті
қалдықтарды елімізге тасып, көме бастауға бұрыннан құлшынғандардың ескі
тілегі тұрғандай. Тіпті олардың тілегін енді бұрынғыдай заңнама жүзінде
емес, Үкіметтің шешімімен ғана қанағаттандыру бекітілгелі жатыр. Біз бұған
қарсымыз!
Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов жанжалдың қызуын төмендетуге
ұмтылыс танытты. Бұл жерде бірден мәселенің басын ашып алу керек! – деді
министр. – Мемлекетімізге шетелдік, бөтен радиоактивті қалдықтарды әкеп,
көму деген болмайды. Бұл жерде шет елде жиналатын біздің өзіміздің
қалдықтар туралы сөз болып отыр. Соларды әкеп, залалсыздандырамыз. Бұл
норма соларды кейін елге қайта әкелуге рұқсат береді. Жоғары лауазымды
шенеуніктің бұл жауабы халық қалаулыларын қанағаттандырмады. Өйткені Үкімет
күні бүгінге дейін осы заңдық нормасыз-ақ шығу тегі қазақстандық
қалдықтарды қалай жойып келгені, белгісіз қалып отыр. Күні бүгінге дейін ол
жойылмаған шығар деуге де негіз жоқ. Ешбір жатжұрттық ел қазақстандық
шенеуніктердің ондай еркелігін өз жерінде көтермесі даусыз. Ең қызығы,
шенеуніктер осы Кодекс арқылы қазақ елінің тарихында тұңғыш рет (!)
қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы өкілетті орган құруға бармақ. Ол – ол
ма, Үкімет елімізде алғаш жасалып отырған экологиялық басты құжатқа
елімізде алғаш рет иесіз қалдықтар деген ұғымды қолданысқа енгізбек. Біз
осылайша, тұңғыш рет осындай термин кіргіземіз,– дейді министр. – Енді иесі
жоқ немесе иесі кім екендігі анықталмаған қалдықтар иесіз қалдық деп
аталады. Түсініп отырсыз ба, бұл дегеніңіз – кезінде қызығын көріп,
қалталарын қалыңдатып алған соң, әлдебіреулер арттарында тастап кеткен
қалдықтар мен былықтарды бұдан былай мемлекет ел қаржысына тазалайды деген
сөз. – Егер біз осы Кодексті қабылдасақ, кез келген кәсіпкер өз бизнесін
жауып, өз кәсібімен мәңгілікке қоштаса беруіне болады, – деді депутат
Амангелді Таспихов. – Өйткені бұл құжат олардың тіршілігін қиындатады,
ахуалды ауырлатады және шенеуніктерге қосымша құзырлар әпереді. Оның үстіне
біздің заңнамамызда тұңғыш рет арнайы өкілетті органдарды дүниеге келтіру
бекітілмек. Ары қарай ол бизнесмендеріміздің көкесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Трансшекара
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Мәмілелер жайында
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Пәндер