Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуі



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуі
2. Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі жан.жақты жаңғыртуды жеделдету
3. Бөсекеге қабілеттілік . Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты ықпалдасуының кілті
4. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды серпінді бағыты

ІІІ. Қорытынды
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап Сіздер мен біздер барлық қажыр-жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайыннық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған данғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Енді бүгін Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалык, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық.
Бүгін мен Сіздерге еліміздін, және қоғамымыздын. алдағы дамуы жайындағы пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз.
Әңгіме еліміздін, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын қарышты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді.
1997 жылы Сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамымыздың кемел келешегі мен мемлекетіміздін, ұлық мұраты баяндалғаны мәлім.
Бұл әлі де толыққанды даму жолына түсіп үлгермеген жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы болатын. Сол кезде осы Стратегия турасында талай күмән-күдіктін, болғаны да маған белгілі.
Сол замаңда еңсемізді толып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардын, зілбатпап ауыртпалығы басып, қолымызда егеменді даму мен либералдық реформалардын, азын-аулақ алғашқы тәжірибссі ғана болғанын өздерініз білесіздер.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Ханымдар мен мырзалар!
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап Сіздер мен біздер
барлық қажыр-жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайыннық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған данғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр.
Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Енді
бүгін Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалык, әлеуметтік,
саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге
батыл қадам бастық.
Бүгін мен Сіздерге еліміздін, және қоғамымыздын. алдағы дамуы
жайындағы пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын
мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз.
Әңгіме еліміздін, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына
қарай жасайтын қарышты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы
Жолдауда да айтылған еді.
1997 жылы Сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының
Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамымыздың кемел келешегі мен
мемлекетіміздін, ұлық мұраты баяндалғаны мәлім.
Бұл әлі де толыққанды даму жолына түсіп үлгермеген жас тәуелсіз
мемлекеттің ұлы таңдауы болатын. Сол кезде осы Стратегия турасында талай
күмән-күдіктін, болғаны да маған белгілі.
Сол замаңда еңсемізді толып жатқан әлеуметтік-экономикалық
проблемалардын, зілбатпап ауыртпалығы басып, қолымызда егеменді даму мен
либералдық реформалардын, азын-аулақ алғашқы тәжірибссі ғана болғанын
өздерініз білесіздер.
Сонда, осыдан он жыл бұрын, жасаған тандауымызда біз жаңылысқан
жоқпыз.
Дәл осы уақыттан бастап, Қазақстан нарық экономикасы теоремасы мен
демократиялық даму акиқаттарынын, тар жол, тайғақ кешулерінен тайсалмай
өтіп, алған бағытынан таймай алға басты.
Біз мүлде жада экономикалық жүйенің демократиялық құқылық мемлекеттің
іргетасын нық қалап, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің
сапасы мен үстындарын да өзгерте білдік.
Біз ішкі тұрақтылыққа, дамудын, әлеуметтік іргесінін, беріктігіне қол
жеткізіп, өңірдегі ен, еңселі экономиканы сомдадық. Қазақстан халықаралық
қоғамдастықтың өңірдегі геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мүлтіксіз атқаратын толық құқылы әрі
жауапты мүшесінің тұғырына көтерілді.
Біз үшінші деңгейлі мемлекеттердін, қалпында қалғанымыз жоқ. Өткен он
жыл ішіндегі жұмысымыздың ең басты нәтижесі де, міне, осы.
Ендігі жерде алдағы он жылдықта атқаруға тиіс жұмысымызды айқындап
берейін.

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуі
Біз екі мыңыншы жылға қарағанда жалпы ішкі өнімді еселеу жөніндегі
міндетімізді келесі жылдын, өзінде-ақ іске асыра аламыз. Бұл көздеген
мақсатымыз да, экономикалық өсудін, көлденең тартар көрсеткіші де емес, бұл
- қазақстандықтардың тұрмысын жақсарта берудің қолымызда бар нақты
мүмкіндігі.

Өткен жылдары, оны өздерініз де білесіздер, біз өміріміздің сапасын
айтарлықтай жақсарта түскен көптеген аса маңызды әлеуметгік міндеттерді
шеше білдік.
Біз жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің
стипендияларын бердік, оларға білім алу гранттары мен кредиттер бердік.
Бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердін, жалақысын
үнемі көтеріп келеміз. Аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа толмаған балалары
үшін ай сайынғы жәрдемақылар, ал көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік
жәрдемақылар төлеудеміз. Балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір зәру
топтарын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде.
Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардын, мөлшері де үстеме арттырылып
келеді. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетакылық төлемдерді сараланған
түрде өсіру жүзеге асырылды. Бұл бір миллионнан астам адамды камтыды.
Сонымен қатар әлді құрылымдар ардагерлерінін, зейнетақылары көбейтілді.
Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер уақтылы — тиісті айында
төленіп келеді.
Бұрын уәде бергеніміздей, экономиканың тұрақты дамуы
қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарткан үстіне жақсарта беруге жағдай
туғызады. Бұл — біздін саясатымыздың әлеуметтік жемісі.
Мен бүгінгі күні Үкіметке халқымыздың әл-ауқатын жақсарта беру
жолындағы жұмысты ары қарай жалғастыра беруді тапсырамын.
Бұл үшін:
Біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере
отырып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланын, тууына байланысты біржолғы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34 740 теңгеге дейін немесе 2 есе
арттырылсын.
Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге теленетін ай сайынғы жәрдемақы:
Тұнғыш бала туғанда - 5790 теңгеге дейін немесе 177 пайызға; екінші
бала туғанда - 6369 теңгеге дейін немесе 167 пайызға; үшінші бала туғанда -
6948 теңгеге дейін немесе 159 пайызға; төрт және одан да көп бала туғаңда -
7527 теңгеге дейін немесе 153 пайызға көбейтілсін.
Балалы отбасыларын қолдауға қажетті қосымша қаражат 9,5 миллиард
теңгені құрайды.
Осыдан бұрын қолданылған шаралар еліміз халқының тұрақты өсуіне жағдай
жасады.
Егер 2000 жылы 220 мын, сәби дүниеге келсе, 2006 жылы олардың саны 290
мыңға жетті. Тек 2005 жылы ғана тұрақты халық өсімі жарық дүние есігін
ашқан сәбилер есебінен 121 мың адамды құрады.
Ендігі жерде аталған шараларды іске асыру бұдан да сындарлы
демографиялық ілгерілеуге жеткізеріне сенімдімін.
Екіншіден, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық
кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілсін. Бұл ретте декреттік
демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста
жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруге тиіс.
Бұл жәрдемақыларды төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен
құралған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен
жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9,2 миллиард теңге
бөлу талап етіледі.
Үшіншіден, іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы
жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40 пайызы денгейінде
сақталуы қамтамасыз етілсін. Демек, біз алғаш рет қазақстандық зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесін халықаралық стандарттар денгейіне сәйкестендірдік.
Мұның өзі 1 миллион 675 мың іргелік зейнетақы алушыларды қамтиды, әрі
оның мөлшері 2008 жылы шамамен бір мың тенгеге немесе 35 пайыздан аса
артады. Ең төменгі зейнетақылық төлемдер (іргелік пен ең төменгі ортақ
зейнетақы) 2008 жылы шамамен 1500 теңгеге немесе 15 пайызға көбейеді.
Төртіншіден, зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек өтіліне сүйеніп
анықтаған кезде әділдік орнату үшін зейнеттік занңамада көзделген
зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу өзгертілсін, ол 15
мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылсын.
Зейнетақыларды есептеу үшін алынған табыстарды занңамалық шектеу
салдарынан бұрын зейнетақылары кеміген жарты миллионға жуық (483 мың адам)
өздерінің зейнетақыларына әжептәуір үстеме алады.
Ортақ зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25 пайыз
артады. Ортақ зейнетақылар 2008 жылы 21285 теңгеге дейін немесе 76 пайыз
өседі.
Бесіншіден, зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілетін тұрақтандыру үшін
зейнетақы төлемдерін индекстеу сақталсын және ол тұтыну бағалары индексінің
болжамды өсімінен екі пайыз арттырыла жүзеге асырылсын.
Аталған шараларды жүргізуге жұмсалатын қаражаттың жалпы қажеттілігі
55,3 миллиард теңгені құрайды.
Алтыншыдан, бюджет саласындағы жалақы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 30
пайыз арттырылды. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін
одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыра беру қажет.
Жетіншіден, олардың мәртебесін арттыру, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты салаларда
кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығайту үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап, бір айлық
лауазымдык, жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілсін.
2008 жылы ғана бұл бюджетке 30,6 миллиард теңгеге түседі.
Сегізіншіден, алдыңғы жылдары 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және
ауыр еңбек жағдайында өтілін өткерген адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру
жайында талай рет мәселе көтерілген еді.
Кәсіпорындар жұмысшыларымен кездескен кездерімде де бұл мәселе менің
алдыма қойылды. Мен оларды түсінемін. Өзім бастан кешкен жағдай. Бұрын біз
мәселені № 1 Тізім бойынша шешіп келдік. Еңдігі жерде № 2 Тізім бойынша
шешу керек. Мұндай қазақстандықтар саны бізде шамамен 28 мыңдай адам. Менің
ойымша, қазіргі кезде осы проблеманы шешуге біздің қайтып оралуға нақты
мүмкіндігіміз бар.
Біз аталған санат үшін сегіз айлык, есепті корсеткіш мөлшерінде арнайы
жәрдемақылар еңгізе аламыз. Бұған жыл сайын үш миллиардтан аса тенге қажет
болады. Осындай қаражат тауып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бас-тап №2 Тізім
бойынша арнайы жәрдемақылардың төленуін қамтамасыз ету қажет.
Сайып келгенде, мен атап берген барлық әлеуметтік төлемдерді көбейтуге
жұмсалатын қаражатқа қажеттілік 2008 жылы шамамен 108 миллиард теңгені
құрайды.
Бүгінгі танда мемлекеттің қазақстандықтарды әлеуметтік-қамсыздандыруды
жақсарту үшін осындай үлкен қаражат жұмсауға мүмкіндігі бар. Ендеше біз бұл
мүмкіндікті пайдаланатын боламыз.
Тоғызыншыдан, үш жылдын, ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана салуды,
әрі оларды еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған
аудандарында салуды тапсырамын. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз
стратегиялык, міндет дәрежесіне көтеруіміз керек.
Мен мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің көмегімен әлеуметтік-
инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыру қажеттігіне жеттік деген ойдамын.

Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі жан-жақты
жаңғыртуды жеделдету
Қазақстан — 2030 Стратегиясын дәйекгілікпен іске асыру өзіміздің
алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негіз қалады. Біздің бұрынғыдан да қуатты
серпінмен алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи
мүмкіндікті уысымыздан шығармайтын боламыз.
Сол үшін де Қазақстанды жеделдете әрі жан-жақты жаңарту жолы тандап
алынды.
Бұл – біздің бұдан былайғы жылжуымыздың бірден-бір дұрыс бағыты.
Біз бүгінгі дүниеде Қазақстан мен қазақстандықтардың лайықты орын
алуын, еліміздің бүкіл халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс деңгейін едәуір
көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, онда мықтап орнығуға
міндеттіміз.
Бұл жолда Қазақстан мен осы өнірдін, нақты жағдайын ескеріп, әрі
әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып,
біздің:
біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен секторларды
жаңарту қарқының жеделдете түсуіміз қажет.
екіншіден, жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен
әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.

Бөсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа
табысты ықпалдасуының кілті
Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды
тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз.
Мұның өзі біздің әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елінің
қауымдастығына қарай жедел қарқынмен жылжуымызды және оның тұрақты мүшесі
ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайтуды көздейді.
Әлбетте, мұның қажетті шарты — Қазақстан тауарлары мен көрсететін
қызметін озық халықаралык. стандарттардың сапалық деңгейіне шығару.
Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз салмақты және салихалы тұрғыда экономиканың
барлық деңгейлеріндегі — бүгінгі әрі ықтимал келешектегі өзіміздің нақты
және кемел бәсекелестік артықшылыктарымызды анықтап, пайдалана білуіміз
керек.
Жүйелілік — біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға
жылжуымыздың басты қағидасы, міне, осы.
Бұл үшін бізде барлық алғы шарттар бар. Иелігімізде орасан зор аумақ
бар, үтымды географиялық және коммуникациялық-көліктік орналасуымызды
алыңыз, оған табиғи ресурстарымыздың молдығын қосыңыз.
Біз өңірлік экономикада алдыңғы шептерге шықтық, халықаралық
әріптестерімізбен сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және
әлеуметтік—экономикалык, тұрақтылыққа қол жеткіздік.

Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілетін қызмет, еңбек ресурстары,
капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде
ажырағысыз серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуіміз
керек.

Бірінші міндет - экономиканың түрлаулы дамуын қамтамасыз етіп, үстап
тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуін басқаруға қол жеткізу.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін түрлаулы сипатын қамтамасыз
ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның
орындалуына қатан, бақылау орнату кажет болады.
Бұл стратегия біздік экономикамыздың жекелеген секторлары мен
өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарына негізделуге және
әлемдік дамудың үрдістері мен сыртқы нарықтардағы сұранысты ескеруге тиіс.
Біз ендігі жерде қолымыз жеткен экономикалық есуді пайдаланумен
шектелмей, осы есуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны
сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға үластыруымыз керек. Біз
Қазақстанды индустриаландыруға халықаралық нарықтардың талаптары мен
шарттарына сай келетіндей түбегейлі жана тұрғыдан келуді қамтамасыз етуіміз
керек.
Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды
дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.
Экономиканың табиғи монополиялар сақталып отырған секторларында
салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде
елеулі жұмыс жүргізу міндеті де алдымызда түр.
Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің түрлаулылығы мен бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз.
Біздің тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Халықтың
бағалы қағаздардағы өздерінің жинақтарын инвестициялауға белсенді қатысуын
қамтамасыз етпеіунше, оны ойдағыдай дамыту мүмкін емес.
Үкіметтің халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне үйрету жөніңде
кең ауқымды жұмыс жүргізуі шарт.
Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруі жөніндегі мақсатымызға
біздің міндетгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
Экономикалық жүйелер сапасы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты және оның ерекшеліктері
Халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі
Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері
ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері, кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Экономикалық реформалар мен қатынастар
Қазақстан Республикасындағы адам қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер