Баға белгілеу және бағалар жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БАҒА БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАР ЖҮЙЕСІ

1. 1. Баға түсінігі және атқаратын қызметтері
1. 2. Ауыл шаруашылығындағы бағалар жүйесі
1. 3. Бағалардың қалыптасу ұстанымдары және әдістері

1. 1 Баға түсінігі және атқаратын қызметтері

Нарық механизмінің басты элементтерінің бірі баға болып табылады. Кәсіпорынның алатын пайдасы, өндірістің шығындарын өтеу бағаға байланысты. Ол ресурстардың нақты өндіріске бағытын реттеп отырады.
Бәсекелік нарық жағдайында тепе-тең бағалар қалыптастырылады. Ол ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Аз шығындармен өнім өндіретін кәсіпорындардың өнімінің бағасы төмен болады. Бағаның негізі шекті шығындарға байланысты болады. Еркін бәсеке мен шекті шығындардың тепе-теңдігі баға шартында орындалады. Бағаның шекті шығындарға байланысты болуы сұраныстың өсуіне әсерін тигізеді. Сұраныс төмендеген жағдайда баға төмендейді. Сұраныс белгілі бір факторларға тәуелді болады.
Тұтынушылар өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарын тұтынады. Ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ресурстарды өндіріс салаларына тиімді үлестіру арқылы баға тепе-тең қалыптасады. Бағаның тепе - теңдігі сұраныс пен ұсыныс сияқты бірнеше факторларға байланысты болады. Нарық жағдайының өзгерістері сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне әсерін тигізсе, сол сияқты жаңа тепе - тең мақсатты бекітуге де әсер етеді. Соңғысы тұрақты түрде ресурстарды тиімді қолдану бағыттары бойынша үлестіреді. Нарық тұтынушылардың төлем қабілеттіктеріне байланысты бір тауар түріне немесе қызмет түріне әр түрлі баға бекітуді ұйғарады.
Баға қалыптастыру шаруашылық қызметінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Өйткені нарықтық баға сапа, сұраныс, ұсыныс пен өнім өндіру шығындары қатынасының шартты орташаланған нормативі түрінде болады.
Өнімнің сапасы жоғары, ал шығындары төмен болса (сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде) шаруашылық қосымша пайда алады. Нарықтық нормативтерге сәйкес келмейтін шаруа шығындарға, тіпті банкротқа да ұшырауы мүмкін.
Белгілі бір өнім бағасына әсер ететін барлық факторларды терең талдап анықтау нәтижесінде шаруа оның мақсаттары мен тапсырмаларын нақты анықтаудан басталатын бағақалыптастыру стратегиясын жасау мүмкіндігіне ие болады. Баға қалыптастыру үрдісінде ол түрлі мақсаттарға ұмтылады. Шаруа неғұрлым осы мақсаттарды айқын білсе, соғұрлым бағаны бекіту оңайға түседі.
Шаруалар баға қалыптастырудың 3 басты мақсаттарын бөледі: өткізу, ағымдағы пайданы жоғарылату және қалыптасқан жағдайға негізделген мақсаттар. Алдына өткізуді арттыруға негізделген мақсатты қойған шаруа, сату көлемінің жоғары болуына немесе бәсекелестермен салыстырғанда өзінің сату үлесінің артық болуына бағытталады. Ол осындай мақсаттарды келесі себептерге байланысты таңдайды. Біріншіден, ол нарықтың тығыз болуына немесе нарықты және тұрақты табысты бақылау жолындағы маңызды қадамның бірі - өткізудің өсуіне мүдделі. Екіншіден, ол өткізу көлемін арттыруға тырысады және үлкен жиынтық пайда алу үшін өнім бірлігінен түсетін табысты төмендетуге дейін баруға дайын болады. Үшіншіден, ол сату көлемі жоғары болса, оған қатысты шығындардың мөлшерін төмендетуге болады деп тұжырымдайды.
Пайдаға негізделген мақсаттарға ие шаруа өз алдына ағымдық пайданың жоғары деңгейін мақсат етіп қояды. Ағымдық пайданы арттыру үшін ол бағалардың түрлі деңгейіне сәйкес шығындар мен сұранысты бағалап, олардың ішінен ағымдық пайданың жоғарғы түсімін және шығындардың максималды жабылуын қамтамасыз ететін бағаны таңдайды. Осындай жағдайлардың барлығында шаруа үшін ағымдық қаржылық көрсеткіштер ұзақ мерзімділерге қарағанда маңызды.
Ең жоғарғы баға сұраныспен, ең төменгі шығындармен анықталғанымен, шаруаның бағалардың орташа диапазонын бекітуіне бәсекелестердің бағалары әсер етеді. Егер нақты бір шаруаның өнімі басты бәсекелестің өніміне ұқсас болса, онда шаруа өз өніміне осы бәсекелес өнімнің бағасына жақын бағаны қояды. Әйтпесе ол өткізуді жоғалтуы мүмкін. Шаруа бәсекелеске қарағанда жоғары бағаны тек сапасы жоғары болған кезде қоя алады.
Негізінен шаруа бағаны бәсекелестердің ұсынысына қатысты өзінің ұсынысын жайластыру үшін қолданады. Өнімді бөлу мен өткізу арналарын талдау барысында осы арналардың әрбір қатысушысы сату көлемін жоғарлату, пайданың жеткілікті үлесін алу, қайта сатып алуды қамтамасыз ету және нәтижесінде қойылған мақсатқа жету мақсатында баға белгілеуде маңызды орынға ие болуға тырысады. Осылайша шаруа бағаны толығырақ бақылай алады: монополиялық тауар қозғалысы жүйесін пайдалана отырып немесе өнімді төмен бағамен сататын бөлшек сауда арқылы өткізуді төмендету негізінде; өнім бағасын алдын-ала бекіту арқылы; меншік бөлшек сауда дүкендерін ашу арқылы және т. б.
Нарық қатынастарының жағдайында баға өте маңызды бірнеше қызметтерді атқарады.
- бағалардың есептеу және өлшеу функциялары. Барлық бағалық көрсеткіштерді жоспарлау мен есептеу экономикадағы әр түрлі бағалар жүйесі көмегімен жасалады: жалпы және тауарлы өнім, өнімді өндірудегі материалдық - қаражаттарға шығындар сомасы, таза пайда мен табыс және т. б. ;
- бағаның ынталандыру функциясы. Өнім өндіруден пайда табу нақты тауар түрінің бағасы мен өндіріс шығындарына байланысты. Бағаның өсуі берілген өнім көлемінің ұлғаюын ынталандырады.
- бағаның үлестіру функциясы. Тауарлардың баға өзгерісі материалдарды басқа өндіріс пен салаларға қайта үлестіруді қажет етеді.
- бағаның реттеуші функциясы. Нарықта бағаның өсуі немесе төмендеуі сұраныс пен ұсыныс көлемін теңдестіреді, сонымен қатар нарық қызметтерін және тауар жабдықтауды қысқартады.
Баға қоғамда ресурстарды тұтынуда және халықтың әр топтарына кірістерді қайта үлестіруде бақылау құралы болып табылады.
Әр аймақ арасында өнімді алып келу мен алып кету жолымен бағалардың теңдестіру функциясы орындалады.
17-сызба

1. 2 Ауыл шаруашылығының бағалар жүйесі

Баға жүйесінің агроөнеркәсіп кешенінде құрылуы келесі кезеңдерден тұрады:
1. Материалдық-техникалық ресурстар мен қызметтерді сатып алу кезінде
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату кезінде
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде
4. Сату кезінде

Нарықтық қатынастарды дамыту тәжірибесінде нарықтық зерттеулердің негізгі объектісі ретінде әр түрлі бағаларды қолданады.

Нарық жағдайында сатушы мен сатып алушының арасындағы қатынастарды көрсететін негізгі бағалар келесілер:
- еркін және келісім - шарттық
- реттелетін баға
- көтерме баға
- бөлшек баға
- өзгермелі баға
- сатып алу бағасы
Еркін баға - бұл нарықта тауарды сатуда қалыптасатын баға. Сатушы мен сатып алушы арасында келісім-шарт болмаса да келіскен бағаның болуы. Сатып алушы мен өндірушіні экономикалық қызығушылықтарын есепке ала отырып, еркін және келісілген баға бекітіледі. Сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы нарықта еркін бағаның дәрежесі анықталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде еркін бағаның қалыптасу заң жүйелері табысты құрастыру және бағаны бекіту арқылы жасалады. Бұл халықтың тұрмыста қолданатын тауарларына қатысты. Еркін бағаның принциптеріне мемлекеттің бағаны реттеуші ролі әсерін тигізбейді.
Реттеуші баға - динамикасы, деңгейі мемлекетпен реттелетін баға түрі. Дамыған елдердің ауыл шаруашылығының шикізат тауарлары мен фермерлік шаруашылықтарда өндіретін тауарлардың бағалары мемлекеттің қатысуымен реттеліп отырады. Осыған сәйкес нарық жағдайын ескерумен бағаның төменгі және жоғарғы шегі анықталып, бағаның шекті дәрежесімен мемлекеттік бағалар бекітіледі. Бағаны реттеп отырудың ең негізгі әдістерінің бірі дәреженің шекті рентабельділігін анықтау болып табылады.
Тауардың өндірістік шығындары мен әр дананың коммерциялық шығынын есепке ала отырып көтерме баға қалыптастырылады. Нарықтық экономика шарттарында сауданы бекітуде бәсеке әсерін тигізеді. Егер бәсеке болмаса, көтерме баға қалыптасуын мемлекет қадағалауы тиіс. Ең алдымен, бұл энергетикалық тауарлар, транспорт және байланыс қызметтеріне бағалар бекітілуі тиіс. Мемлекеттік атқарушы органдардың көтерме бағаларды реттеуде басқа да әдістерді қолданады.
Бөлшек баға - сатып алушысына қатысты емес бағалар, бөлшек сауда тауарларының бағасы болып табылады. Бөлшек сауданың құрамына көтерме баға мен кәсіпорынның тауарды сатып алу бағалары кіреді. Бөлшек саудаға көтерме сауданың бағаларына шығындарды қосу арқылы бөлшек сауданың бағасы анықталады. Бұл бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар бағаларды өздері анықтайды. Кейбір тауар түрлерін жергілікті атқарушы органдар реттеп отырады.
Бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорын белгіленген баға шектерінен асыруға құқығы жоқ. Бұл баға шегіне қосымша бағаға салық және арнайы салық салынады.
Салыстырмалы баға - тауар айналысы мен басқа көрсеткіштерді өнімнің табиғи көлемде динамикасын өлшеуде қолданылатын бағалар. Тұрақты және өзгермелі бағалар бағалардың салыстырмалы динамикалық көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді. Сауданың инфляция жағдайында және бағаның өсуі жағдайында қоғам өндірісінің тұтыну тауарларын салыстырмалы бағалар көрсетеді.
Сатып алу бағалары - мемлекет өз қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан сатып алған өнімнің бағаларын айтамыз.
Сонымен қатар, нарықтық экономикада келесі баға түрлері кең қолданылады:
- әлемдік
- базистік
- анықтамалық
- трансферттік
- кепілдік
Тауарларды экспорт немесе импорт жағдайында сатып алуда әлемдік баға қолданылады. Олар әлемдегі алдыңғы қатарлы өндірушілер мен жабдықтаушыларға қатысты бекітіледі.
Базистік баға - келісім-шарт жасау алдында жеңілдік жасау үшін қолданылады.
Анықтамалық баға - өткен кезеңдегі нақты жасалған келісім-шарт бойынша бағаларды көрсетеді.
Трансферттік баға - халықаралық бірлестіктің, кәсіпорынның, трансұлттық корпорацияның аясында тауарларды жабдықтау және қызмет көрсету есептерінде қолданылатын баға түрі. Трансферттік бағаларды қолдану аясы: жартылай өнім, жабдықтардың бөліктері.
Бағалық қарым - қатынастардың қалыптасуы уақытқа байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, өсімдік шаруашылығының өніміне өзінің белгілі бір кезең аралығында сұраныс пен ұсыныс өзгеріп отырады. Бұл жағдай тек қана кезеңді түрде түсетін өнімдерге емес, жыл ішіндегі басқа да өндірістік шығындарға байланысты. Мысалы, сүт шаруашылығында өнімдерді өндіру кезеңдері әр түрлі болады. Олардың ең жоғарғы шегі қыста болса, жаз мезгілінде салыстырмалы төмен болады. Бағалық динамика аграрлық өнімдер үшін мезгіл факторларынан басқа циклдік немесе келеңсіз факторлар әсерін тигізеді. Бағаның бір жыл ішінде кезеңдік қайталануы бағаның циклдық динамикасын көрсетеді. Ол келесілерге байланысты :
- күрделі инвестициялардың қажеттілігінен, аграрлық салада машина алуда немесе ғимарат салуда көрінеді. Жаңа өндіріске көшу немесе мамандандыруды өзгерту бағаның өзгеруіне әкеледі.
- Бағаның өзгерісінен, ұсыныстың өзгеруі. Сыртқы факторлардың әсерінен өндірушілердің баға өзгертуіне алып келеді. Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді кезеңдерде тауарды жабдықтау кезінде баға өзгерістері.
- Нарық коньюнктурасы шартынан аграрлық саланың баға өзгерістері. Басқа салаларға қарағанда аграрлық сала нарық коньюнктурасының әсеріне түсе қоймайды. Басқа тауар түрлеріне қарағанда, азық - түлікке сұраныс баяу төмендейді. Егер аграрлық сала нарық коньюнктурасының әсеріне түсетін болса, ол баға өзгерісіне алып келеді. Егіс алқабының көлеміне байланысты бағалар өзгеріп отырады.
Өткізу арналары қатысушыларының баға жөніндегі шешімдер мен келісімін қамтамасыз ету үшін шаруа 4 факторды ескеруі қажет: арналар қатысушыларының пайда үлестері, бағалық кепілдемелер, ерекше келісімдер және баға көтерілуінің әсері. Көтерме және бөлшек саудаға өзінің шығындарын жабу үшін, сонымен қатар жеткілікті табыс алу үшін белгілі бір пайда үлесі қажет. Шаруамен олардан алынатын баға осыны ескеруі қажет. Көтерме және бөлшек сауданың қалыптасқан үлестерін төмендетуге тырысу олардың жағынан қарым-қатынастың жоғалуына немесе нақты өніммен жұмыс істеу мүмкіндігінің жойылуына әкелуі мүмкін.
Баға қалыптастыру стратегиясын жасаған кезде шаруа өзінің бекіткен бағасына мемлекеттің реакциясын мүмкіндігінше болжап ескеруі қажет. Мемлекет баға белгілеу үрдісіне келесідей жағдайларда араласады: шаруа қожалығы мен бөлшек, көтерме сауда арасындағы жоғары баға жөніндегі келісімі болған кезде; шаруалар мен көтерме саудагерлер бөлшек сауда бағасын қатаң бақыласа; ұсақ бөлшек саудагерлерді қорғау мақсатында бағалық алалау кезінде; бөлшек саудамен өндіріс шығындарынан төмен бәсекелестерді ығыстыру мақсатында орташа пайда қосылған бағамен өнім сату кезінде және т. б. Мемлекет баға саясатына әкімшілік, экономикалық әдістермен әсер ете алады.
Бағаларды мемлекеттік әкімшілік реттеу әдістеріне жатады:
1. бағаларды қалпында сақтап қалу және олардың шектен тыс өсіп кетпеуін болдырмау мақсатында белгілі бір деңгейде бекітудің басқа да әдістері;
2. тауар өндіруші бағаларын бақылау;
3. мемлекет пен тауар өндіруші арасындағы келісім;
4. бағалардың өзгеру шектерін және диапазонын белгілеу (шекті жоғары, шекті төмен баға өзгерістері, бағалардың ауытқу интервалы)
Бағаларды экономикалық (жанама) реттеу әдістеріне жатады:
1. несиелеу, субсидиялаудың түрлі нысандары, салық саясаты арқылы тауарөндірушілер өнімдері пайдалылығының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар;
2. өндірісте тұтынылатын өнімдердің бағасын өзгерту арқылы іске асырылатын (машина, шикізат, материалдар бағасы) жекелеген өнім түрлерінің өндіріс шығындарына әсер етуі;
3. жекелеген өнім түрлерінің ұсыныс пен сұранысқа, олар арасындағы анықталған сәйкестікті қалыптастыру мақсатында әсер етуі;
4. мемлекеттің өнімді жоғары бағамен сатып алуы.
Нарықтық бағаларды реттеу. Сұраныс пен ұсыныстың баға қалыптастыру саласындағы экономикалық функциялардың ерекшелігі - олар нарықтық бағалардың деңгейін емес, нарықтық бағалардың тауар құнынан ауытқуын реттейді. Сұраныс пен ұсыныс қатынастарының әсер ету сипаты мен механизмдерін зерттей келе, егер нарықта тауарлар саны, олардың сұранысынан үлкен немесе кіші болса, онда нарықтық бағаның нарықтық құннан ауытқуы байқалады.
Бірақ нарықтық бағалардың нарықтық құндардан ауытқуына сұраныс пен ұсыныстың әсер етуі бұл қатынастың басты баға қалыптастырушы фактор ретінде шығуын білдірмейді. Нарықта қалыптасатын баға негізінде өнім өндіруге қоғамдық қажет еңбек шығындарымен анықталатын құн жатыр. Еңбек шығындары ұсыныс пен сұраныс қатынасына тәуелсіз. Демек, сұраныс пен ұсыныс заңы және құн заңы бір-бірімен тығыз байланысты, диалектикалық қарым-қатынаста болады, бірақ анықтаушы заң құн заңы болып табылады.

1. 3 Баға қалыптастыру ұстанымдары мен әдістері

Нарықтық экономикадағы бағалық қатынастар келесі ұстанымдарға сүйенеді: еркін бағаның мемлекетпен реттелуін үйлестіру, сұраныс пен ұсынысқа байланысты тепе-теңдік баға құру, тауар өндірушілердің табыстылығын қамтамасыз ету, баға ұсынысы кезінде нормативтік әдістерді пайдалану, ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру, тиімділікті көтеру және өндіріс шығындарын төмендету, баға және қаржылық-несиелік қарым қатынастардың өзара байланысын оңтайландыру.

Нарықтық экономикада маңызды принциптердің бірі тепе-тең баға құру болып табылады. Ол тауарға сұраныс пен өндірушінің ұсынысына байланысты қалыптасады. Бұл жағдайда өнімге кеткен шығын көрсетіледі. Бірақ тәжірибеде мұндай сәйкестік бола бермейді тек тенденция ретінде көрсетіледі. Оған әсер етуші факторлар: монополияның болуы және бәсекелестіктің болмауы, инфляция және т. б. сонымен қатар ренталық фактор мен ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың төмендігі. Осының бәрі тепе-тең бағаның болуына кедергі жасайды. Баға салаларға қарағанда аграрлық секторда еркін баға құру шектелген. Бағалық қатынастар материалдық-техникалық ресурстарды сатып алғаннан бастап оның қолданылуына дейінгі аралықта болады. Осы үрдіс аралығында табыстың қайта бөлінуі болады.
Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешеніндегі бағалық және қаржылық-несиелік саясат келесі мәселелерге негізделуі керек:
- Мемлекеттің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуі мен оны сату, сатып-алу қауіпсіздігіне қол жеткізу;
- Монополияның ауыл шаруашылығына теріс әсерін төмендету;
- Ауыл шаруашылығының өндірісін қолдау;
- Ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру, өнім көлемін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату;
- Ел ішінде бірыңғай экономикалық аймақ құру, шетел және жақын елдердегі нарыққа шығу.
Ауылшаруашылық өнімдердің сапасын жақсарту, саудадағы тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыра отырып, шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарлатудың маңызды факторы болып табылады, көрсетілгеннің барлығына әсер етеді. Сондықтан өнім сапасын жақсарту - оның саны, ресурстарды үнемдеу, қоғамдық қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру мәселерін де қамтиды.
Баға белгілеудің кезендерінің бірі-бағаны қалыптастырудың әдісін таңдау. Қойылған мақсатқа сәйкес бағаны қалыптастырудың альтернативті тәсілдері қолданылады, оның жаңалағына, сапалық сипаттамасына, тауардың өмірлік цикл кезеңіне, өндіру түрі мен тәсіліне қатысты болады.
Баллдық әдісі бойынша бағаны қалыптастыру тұтынушыларға арналған бұйымдар сапасының параметрінің маңызын сарапшылардың бағалары негізінде жүргізіледі. Баллдық әдісі баға сапасының көптеген параметріне қатысты болғанда, сонымен бірге оларды сапалық өлшем бірлігімен санауға болмайтында қолданылады.
Бірінші кезеңде мұқият түрде берілген тауардың сапасын анықтайтын техника-экономикалық параметрлер таңдап алынады.
Екінші кезеңінде таңдалған параметр бойынша баллдар қойылады, оны сарапшы комиссия жүзеге асырады.
Үшінші кезең - бұйымның техника-экономикалық деңгейінің интегралдық бағасын анықтауға арналады. Егер өнімнің зерттеуші параметрлері жеке салмағы бойынша тең келсе, сапаның кешенді деңгейі баллдарды қарапайым қосу жолымен анықталады. Егер баға үшін таңдалған параметрлер тұтынушы үшін бірдей болмаса, онда әр параметрдің маңыздылығына қарай коэффициент белгіленеді.
Бағаны қалыптастыруды әдістерін топтаудың сызбасы төменде көрсетілген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға жүйесі әдістері параметрлік шығындар
Баға түрлері, жіктелуі
Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру
Əлемдік бағалар
Маркетингтің баға саясаты
Нарыққа ену стратегиясы
Нарықтық экономиканың баға жүйесі
Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі. Баға белгілеу факторлары
Нарықтық экономикадағы баға
Кәсіпорындардың өнім сапасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz