Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік құрылым: молшылық, кедейшілік және әлеуметтік мобильділік


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және

Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Тақырыбы: «Қазіргі Қазақстандағы молшылық пен

кедейшілік»

Орындаған: Сарбасов Қ.

Тексерген: Ержанова М.

Қазақстандағы молшылық пен кедейшілік.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлердің, мейрамханалардың, т. б. жеке меншік иелері. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстандағы әлеуметтік иерархияны үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады.

Жоғарғы тап

Орта тап

Төменгі тап

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлілігін қажет етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т. б. . Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әртүрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстанда ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкерлері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикалды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т. б. айырылып отыр.

Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т. б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процес дамыған Еуропа елдерінде 2-5 % -дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-20 %-ға дейін көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көтеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көтеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т. б. ) көлемі ұдайы өсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік үдерісі
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: теориялар, элементтері және әлеуметтік мобильділік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: теориялар, формалар және әлеуметтік мобильділік
Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы: теориялар, әлеуметтік топтар және мобилділік
Әлеуметтанулық зерттеулер: зерттеу әдістері, әлеуметтік құрылым, стратификация және әлеуметтік мобильділік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: таптар, әлеуметтік мобильділік және П. Сорокиннің теориясы
Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік: теориялар мен Қазақстандағы үдерістері
Кеңес кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік апаттар: жұмыссыздық пен кедейшілік және қазіргі әлеуметтік жағдай
Қазақстандағы қазіргі кедейшілік: әлеуметтік құрылымы, өлшеу әдістері және азайту шаралары
Қазақстандағы кедейшілік: әлеуметтік құрылым, себептері және жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz