Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Кіріспе
1 Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс.шараларды ұйымдастырудың мазмұны мен міндеттері
1.1 Өндіріс саласында экологиялық іс.шаралар туралы түсінік
1.2 Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс.шараларды
ұйымдастыру
2 Қазіргі заманғы экологиялық және экономикалық проблемалар олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың
мазмұны
2.2 Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi
3 Қазақстанда өндіріс салаларында экологиялық қауіпсіздігін орнату
жұмыстары
3.1 Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты
ұтымды пайдаланудың құқықтық негізі
3.2 Қазақстандағы өндіріс саласынан пайда болған экологиялық
дағдарыстантан шығудың жолдарын ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану аса маңызды болып табылады,биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шаралар қолданып, сондай-ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжірибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады.
Қоршаған ортаның ластануы көп жағдайда шығынның артуына, жоғалып кететін немесе ортаның ластану нәтижесінде өндірілуі мүмкін болмайтын өнімді қайта өндіру (қалпына келтіру) үшін қажеттіліктердің өсуіне әкеледі. Басқаша айтсақ, су қоймаларын сауықтыру, балықтарды қайтадан өсіріп-өндіру, пайдалы жерлер, ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі және т.б. бойынша шараларды өткізу үшін қажеттіліктерге шығындар көбейеді.
Қолданылып отыран шараларға қарамастан республикадағы экологиялық жағдай күрделі күйіне қалып отыр. Қоршаған ораның ахуалы жалпылама шаруашылық жұмыстардың нәтижесінде экологиялық апат шегінде тұрған аймақтарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Олардың ішінде Арал мен Каспий жағалаулары, Балқаш көлінің бассейні және Шығыс Қазақстан т.б.
Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық даму процесін экологияның мүддесіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру деген сөз.
Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жаңадан экологиялық экономика саясатын жасауды талап ететіні белгілі жайт. Оның мақсаты – табиғатты пайдаланудың және оны меңгерудің экономикалық мүлдем жаңа жүйесін құру, әрине, ол жүйе табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологияға зиян келтірмейді, қоршаған ортаны бүлдіру ахуалынан, осы заманға сай әдісіне біттіндеп кезеңмен ауысуы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың мазмұны мен міндеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың міндеттерін жүзеге асыру жүйесі.

1. Назарбаев Н. Қазақстан -2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы, «Білім», 2000 ж.
2. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті. 7 ақпан, 2008 ж.
3. Қазақстан республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2007 ж7
4. Стратегия индустриально-инновационного развития РК на 2003-2015 гг. –Астана, 2003 г.
5. М.Б. Төреғожина. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы, экономика. 2008.
6. Н.К.Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев. Табиғатты пайдалану экономикасы. Алматы,Экономика. 2005.
7. Мамыров Н. К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика. 2005.
8. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., Саханова А.Н. Планово-финансовые механизмы государственного регулирования экономики. – Алматы: Экономика. 1998.
9.Даукеев С.Ж. Экологическая обстановка в Республике Казахстан // Информационный экологический бюллетень, 2000, №1-С. 6-11
10. Закон Республики Казахстан «Об экологической экспертизе» от 18 марта 2007 г.
11. Закон Республики Казахстан «Об охране здоровья граждан в Республике Казахстан» от 19 мая 2006 г.
12. Закон Республики Казахстан «Об охране окружающей среды» от 15 мая 2007 г.

Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды
ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды
ұйымдастырудың мазмұны мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы
түсінік ... ... ... ... ... .12
1.2 Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Қазіргі заманғы экологиялық және экономикалық проблемалар олардың
Қазақстандағы
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 16
2.1 Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық
негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3 Қазақстанда өндіріс салаларында экологиялық қауіпсіздігін
орнату
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1 Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың және
табиғатты
ұтымды пайдаланудың құқықтық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2 Қазақстандағы өндіріс саласынан пайда болған экологиялық
дағдарыстантан шығудың жолдарын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..35
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық
және аймақтық деңгейде экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ өтпелі кезеңде табиғи
ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану аса маңызды болып
табылады,биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті
сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан
денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы
негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шаралар
қолданып, сондай-ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық
бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжірибесінің
негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып
табылады.
Қоршаған ортаның ластануы көп жағдайда шығынның артуына, жоғалып
кететін немесе ортаның ластану нәтижесінде өндірілуі мүмкін болмайтын
өнімді қайта өндіру (қалпына келтіру) үшін қажеттіліктердің өсуіне әкеледі.
Басқаша айтсақ, су қоймаларын сауықтыру, балықтарды қайтадан өсіріп-өндіру,
пайдалы жерлер, ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі және т.б. бойынша
шараларды өткізу үшін қажеттіліктерге шығындар көбейеді.
Қолданылып отыран шараларға қарамастан республикадағы экологиялық
жағдай күрделі күйіне қалып отыр. Қоршаған ораның ахуалы жалпылама
шаруашылық жұмыстардың нәтижесінде экологиялық апат шегінде тұрған
аймақтарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Олардың ішінде Арал мен Каспий
жағалаулары, Балқаш көлінің бассейні және Шығыс Қазақстан т.б.
Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған
сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық
даму процесін экологияның мүддесіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни
экономиканы экологияландыру деген сөз.
Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жаңадан экологиялық экономика саясатын
жасауды талап ететіні белгілі жайт. Оның мақсаты – табиғатты пайдаланудың
және оны меңгерудің экономикалық мүлдем жаңа жүйесін құру, әрине, ол жүйе
табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологияға зиян келтірмейді,
қоршаған ортаны бүлдіру ахуалынан, осы заманға сай әдісіне біттіндеп
кезеңмен ауысуы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндіріс саласында
экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың мазмұны мен
міндеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндіріс саласында
экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың міндеттерін жүзеге
асыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстанда өндіріс экологиялық іс-
шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау жұмыстары .
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік;
- Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны;
- Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздері;
- Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың және
табиғатты
ұтымды пайдаланудың құқықтық негізі;
- Қазақстандағы өндіріс саласынан пайда болған экологиялық
дағдарыстантан шығудың жолдары ұйымдастыру.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша эколог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, экономистердің еңбектері; ҚР Қоршаған ортаны сақтау
туралы Заңы; ҚР экологиялық кодексі, Елбасшысының халыққа жолдаған
Қазақстан - 2030 үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары,
ұлттық өндірістегі экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру туралы ғылыми
зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған экономикалық
және экологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау
жасау, өндірістегі эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері
қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, өндіріс процесінің
бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы
қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері
әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

ұйымдастырудың мазмұны мен міндеттері деп аталатын бөлімде нарық
жағдайында өндірістегі экологиялық іс-шараларды ұйымдастырудың жұмыстары
қарастырылады.
Қазіргі заманғы экологиялық және экономикалық проблемалар олардың
Қазақстандағы ерекшеліктері деп аталатын бөлімде мемлекетіміздегі
экологиялық бағдарламалар, олардың мазмұны және Қазақстан Республикасы
орнықты дамуының экологиялық негiздерi. қарастырылады.
Қазақстанда өндіріс салаларында экологиялық қауіпсіздігін орнату
жұмыстары деп аталатын бөлімде Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны
қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың құқықтық негізі мен
Қазақстандағы өндіріс саласынан пайда болған экологиялық дағдарыстантан
шығудың жолдары ұйымдастыру қарастырылады.

1. Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік
Экологиялық орнықтылық. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін
және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін
жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына
келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
• Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
• қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
• табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
• мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ
экологиялық аудитті жетілдіру;
• қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
• жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының
алдын алу;
• Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
• биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-
ына дейін кеңейту;
• табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде
гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және
мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды
салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды
болдырмау;
• антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
• өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи
ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді
қолдану;
• экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ
кешендерін оңалту;
• Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының
алдын алу;
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін
біртіндеп ұлғайту;
• халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін
азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын
қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды
элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
• экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар
жасау;
• елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз
қамтамасыз ету;
• өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару
арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
• су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын
талаптарды қатайту;
• тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын
бақылау;
• экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық
орталықтар құру;
• қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына
әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол
жеткізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік
және еңбекті қорғау саласында орнықты дамуды қамтамасыз ету мынадай:
• өнеркәсіп орындарда халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен еңбекті
қорғауды енгізу;
• жұмыс берушілердің де, сондай-ақ жұмысшылардың да қауіпсіздік
талаптарын сақтауы үшін қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тарату мен
жауапкершілігін арттыру;
• тәуекелді бағалау мен оларды басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
• қауіпсіздік нормаларының сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды күшейту;
• өндіріс нысандарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің тәуелсіз
аудитін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

Өндiрiстiк экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары
1. Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2.Өндiрiстiк экологиялық бақылаудың мақсаттары:
1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткiштерiне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететiн
өндiрiстiк процестердi реттеу аспаптарына қатысты шешiмдер қабылдау үшiн
ақпарат алу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының
сақталуын қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушының өндiрiстiк процестерiнiң қоршаған ортаға
және адам денсаулығына әсер етуiн мейлiнше азайту;
4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн
арттыру;
5) тосын жағдайларға жедел кiдiрiссiз ден қою;
6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерiнiң неғұрлым
жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершiлiгiн
қалыптастыру;
7) кәсiпорындардың экологиялық қызметi және халықтың денсаулығы үшiн
қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;
8) экологиялық талаптарға сәйкестiктiң деңгейiн арттыру;
9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң өндiрiстiк және
экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру;
10) инвестициялау және кредит беру кезiнде экологиялық тәуекелдердi
есепке алу болып табылады.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу тәртiбi
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзiрлеген және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген өндiрiстiк
экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайдаланушы жүзеге
асырады.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында өндiрiстiк экологиялық
бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер тiзбесi, оның
мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi,
пайдаланылатын аспаптық немесе есептiк әдiстер белгiленедi.
3. Өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде өндiрiстiк процестiң
тиiмдiлiгiн экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды
өндiрiстiк факторлар деңгейiн, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де
ресурстарды тұтынудың нақты көлемiн өлшеу негiзiнде және (немесе) есептеу
негiзiнде жүзеге асырылады.
Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу
кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат
пайдаланушының:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап
отыру үшiн ең аз қажеттi көлемде өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыруға;
2) өзiнiң техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiн ескере отырып,
қабылданған талаптарға сәйкес өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын
әзiрлеуге;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылау қызметiнiң ұйымдық құрылымын және
персоналдың оны жүргiзу үшiн жауапкершiлiгiн дербес айқындауға;
4) кеңейтiлген өндiрiстiк экологиялық бақылауды ерiктi негiзде
жүргiзуге құқығы бар.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу кезiнде табиғат пайдаланушы:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге және оны
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсуге;
2) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын iске
асыруға және нәтижелерiн құжаттауға;
3) рәсiмдiк талаптарды ұстануға және алынған деректердiң сапасын
қамтамасыз етуге;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нәтижелерiн жүйелi түрде
бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының
талаптарына анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде қажеттi шаралар
қолдануға;
5) өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiктi
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен
ұсынуға;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға;
7) қауiпсiздiк техникасын сақтауға;
8) жүзеге асырылатын өндiрiстiк экологиялық бақылаудың сапасы мен
объективтiлiгiн растау үшiн мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың
бастапқы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;\
9) жұртшылықтың өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларына және
өндiрiстiк экологиялық бақылау жөнiндегi есептiк деректерге қол жеткiзуiн
қамтамасыз етуге;
10) мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың талап етуi бойынша
мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiк
экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерiн және өзге де
материалдарын ұсынуға мiндеттi.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге қойылатын
талаптар
1. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын табиғат пайдаланушы
әзiрлейдi.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:
1) өндiрiстiк мониторинг процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi
параметрлер тiзбесi;
2) өндiрiстiк мониторинг пен өлшеулердi жүзеге асыру кезеңi, ұзақтығы
және жиiлiгi;
3) өндiрiстiк мониторингтi жүргiзуде пайдаланылатын әдiстер туралы
мәлiметтер;
4) сынамаларды iрiктеп алу нүктесi және өлшеулер жүргiзу орны;
5) деректердi есепке алуды жүргiзудiң, талдаудың және хабарлаудың
әдiстерi мен жиiлiгi;
6) iшкi тексерулердiң жоспар-кестесi және олардың сақталмауына ден
қоюдың iшкi аспаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсiмi;
7) аспаптық өлшеулердiң сапасын қамтамасыз ету тетiктерi;
8) тосын жағдайлардағы iс-қимыл хаттамасы;
9) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу үшiн қызметкерлердiң iшкi
жауапкершiлiгiнiң ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы;
10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу
мәселелерi көрiнiс табатын өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.

ұйымдастыру.
2000ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге 2001-2004
жж. Тұрақты даму үшін институционалдық күшейту атты Қазақстандағы
халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді
бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты даму
институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді
болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты
даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.
Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін
жетілдіруге, экологиялық қызметтің зияткерлік әлеуетін және
ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде
талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі ХХІ ғасырға тұрақты
дамуын зерттеу, сектораралық ынтымақсатықтың кедергілерін жеңуі жөнінде
ұсыныстар дайындайды.
Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі : Әкімшілік шеңберде
қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық
басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау, реформаларды басқару бойынша
жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық
ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.
Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және
түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП,
Каспий экологиялық бағдарламасы), ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша
бағдарламасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарынан
арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар БҰҰ-ның Еуропа экономикалық
комиссиясы (ЕЭК) шеңберінде нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара
бірлестікте үйлестіріліп жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде экологиялық жобалар басымдылығымен көрінуде.
Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар
мен ұсыныстар дайындалды. Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. Дейінгі ұзақ мерзімді
дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. Дейінгі су қорларын пайдалану мен қорғау
бағдарламасы, 2003-2007 жж. Қазақстан ормандары мен т.б.
Бүкіл дүниежүзілік министрлер Саммитіне Алматыдағы субайиақтық
кездесудің дайындығы бойынша Орталық Азия елдерінің экономика, қаржы және
Қоршаған ортаны қорғау министрлері: Каспий экологиялық бағдарламасының
мәртебесін кеңейтуден, Каспий бассейніндегі тұрақты даму бағдарламаларын
интеграциялау мақсатымен жаңа технология мен бизнесті дамыту жобаларына
дейін атты шешім қабылдады. Қабылданған міндеттемелерді орындауда мұнай-
газбен ластану және Каспий проблемалары бойынша сектораралық комитет әрекет
жасайды. Оның мақсаты – Каспий экологиялық бағдарламасын дайындау.
Бағдарлама саны бойынша жобалардың мониторингі және үйлестірілуімен
Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесі (ТДҰК) атқарушы орган немесе жеке аясында 21-
кезектегі мәселемен шұғылдануы мүмкін.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметі ҚР Президентінің
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік-саясаттың басты мақсаты
атты дәстүрлі халыққа жолдауының қағидаларын, 2030 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспарын, ҚР Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын, облыстың 2015 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын,
өңірлік, аудандық бағдарламаларды орындауға бағытталды.
Ұзақ жылдар бойы аграрлық сипатта дамып, өндіріс көшінен қалыс
қалған Арал ауданы соңғы уақытта әлеуметтік-экономикалық жағынан
индустриялық-инновациялық өрлеу кезеңіне аяқ басуда. Бірқатар
қиыншылықтарға қарамастан Қызылорда облысының 2007-2010 жылдарға арналған
индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын іске асыру барысында
ауданда өндіріс саласын көтеру мақсатында жүргізілген бірсыпыра шараларымыз
нәтижесіз болған жоқ.
2008 жылы өндіріс орындарының өнім шығару көлемі ағымдағы бағамен
2609,1 млн теңге, яғни 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,4
пайызды құрады. Ал, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің нақты индексі 140,3
болып отыр. Осы кезеңде 111887 тн тұз өнімдері өңделіп, өндіріс
орындарында 1461 тн нан және нан өнімдері, 308 тн балық өңделіп, 88,05 мың
текше метр кварц топырағы өндіріліп, 496,5 дана тепловоз жөндеуден
өткізіліп,1515,5 мың текше метр ауыз су, 33166 мың квт сағат электр қуаты,
7886,5 Гкалл жылу энергиясы таратылды, ет, сүт өңдеу қолға алынып, бұл
тиісінше 341,2 тн, 98,7 тонна құрады.
Жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінің ішінде тау-кен өндірісінің
көлемі 22,0 пайызды құрап отыр, бұл көрсеткіш алдағы уақытта ұлғая түседі
деп күтілуде. Аудан ерекшеліктері таразыдан өткізіліп перспективалық (басым
бағыттағы - серпінді) инвестициялық-инновациялық жобалардың тізбесі
жасалып, инвестиция тарту жұмыстары іске асырылуда. Облыстық бюджет,
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ және екінші деңгейлі
банктердің бірлескен қаражаты есебінен аудан көлемінде 6 ірі жоба
қаржыландыруға ұсынылуда. Олар Қамбаш балық ЖШС-нің балық өңдеу
кешенін, Арал құрылысы ЖШС-нің железобетон өнімдерін өңдіру цехын
және жеке кәсіпкер С.Үмбетов наубайханасы мен асханасын жеке
кәсіпкер С. Құлмырзаевтың Балық аулауға қажетті құрал-жабдықтар алу, жеке
кәсіпкер Т. Ерімбетовтың Көкөніс, бақша, азық-түлік сақтайтын екі қойма
салу, Сексеуіл кентінен Г.Қозбақованың Мейрамхана салу жұмыстары.
Аралтұз АҚ-да экономикалық тиімділікке байланысты 2 жылда бір
жүргізілетін тұз қазу жұмыстары биыл басталып, есепті мерзімде 277,2
мың тонна тұз қазылып, заводқа жеткізілді. Кәсіпорында 680 адам жұмыс
жасайды.Кәсіпорынның өндірістік базасын нығайту, технологиялық өзгерістер
жасауға жұмыс жасалуда. Аталмыш кезеңде кент тұрғындары мен жұмысшы-
қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын қолдау мақсатында кәсіпорын тарапынан
3875,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Олар негізінен материалдық жағдайы
төмен жұмысшы отбасыларына көмек көрсетуге, ауыл ішінде мәдени,
спорттық шараларды өткізуге, әлеуметтік сала объектілерін ұстап
тұруға жұмсалды. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі есепті
мерзімде 4,0 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ 10 мыңнан астам халқы бар Сексеуіл қыстағы үшін экономикалық
және әлеуметтік маңызы бар Сексеуіл кентіндегі Тербенбес ЖШС-нің негізгі
атқаратын қызметі 4 түрлі тепловоз жөндеу. Кәсіпорында қазіргі таңда
436 адам жұмыспен қамтылып, олардың орташа айлық жалақысы 58031
мың теңгені құрайды. Есепті мерзімде кәсіпорында 496,5 дана
тепловоз жөндеуден өткен. Әйтседе депо заман талабына сәйкес жаңа
технологияны енгізіп, жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, кәсіпорынның
өндірістік қуатын арттыруды талап етеді. Тербенбес ЖШС-гі мекемесінің
Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу темір жолы салынып, пайдалануға берген жағдайда
келешегі зор болмақ.
Бұрында айтылып келгендей мұнай-газ және басқа да жер асты байлықтарын
қоспағанда аудан көлемінде құрылысқа қажетті 8 кен орны бар. Осы қазба
байлықтарды пайдалана білсек, кірпіш, кіші бетон зауытын салу, кварц құмын
өңдеп тауарлы өнім шығаруға ауданның мүмкіншіліктері зор.
Будан көлеміндегі алып құрылыстардың бірі Дүниежүзілік Банк пен
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Сырдария өзенінің арнасын реттеу
және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау жобасының І кезеңі аяқталуға
таяп, ІІ кезеңінің бастау алғаны белгілі. Екінші кезеңге сәйкес технико-
экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттар жасауға байланысты тендер
жеңімпаздары ауданда болып, тиісті мәліметтер алып, әрі қарай жұмыстарын
жалғастыруда.
Аралдықтардың ата кәсібі - балық шаруашылығын дамыту ешқашан да күн
тәртібінен түскен емес. Ауданда балық кластерін қалыптастыруға байланысты
бірқатар шаралар қабылданып, негізі қаланғанын білесіздер.
Жыл басынан бері 308 тн тауарлы балық өнімдері шығарылды. Әйтседе
түрлі себептермен жыл көлеміндегі өңделген балық көлемі салыстырмалы түрде
кеміп отыр. Сондай-ақ соңғы жылдары облыстық бюджеттен табиғатты қорғау
шараларына қаралған қаржыдан Арал теңізі бассейінінде бекіре тұқымдас
балықтардың тұқымдарын сақтау және Кіші Арал теңізінде арал қаязы
балығының қорын қалпына келтіру және гендік қорын сақтау үшін биотехникалық
шараларын жүргізуге қаржылай көмек жасалып келеді. Биылғы жылға осы қордан
аталған жұмыстарға 6,881 млн теңге қаржы бөлініп отыр.
2008 жылы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, республикалық бюджеттен
бөлінген 93 млн теңге қаржыға майда шабақтарды көбейтіп, өндірістік балық
қорын молайту бағытында Қамыстыбас балық тұқымдығы жұмыс жасауда. Жыл
көлемінде 14,8 млн майда шабақтар көлге жіберіліп, оған қосымша басқа да
балық түрлері өсірілуде.
Аймақтық бағдарлама аясында іске асырылып жатқан серпінді
инвестициялық жобалардың бірі – Балық өңдеу зауытының құрылысын салу
жобасы жалпы құны 10,0 млн. АҚШ доллары көлемінде жүзеге асырылуда, жақында
пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаның қуаттылығы жылына 6,0 мың тонна
балық өңделеді және келешекте 300 адам жұмыс істейді деп күтілуде.
Жыл сайын облыстық бюджеттен қоршаған ортаны қорғау
шараларына қаралған қаржылар көлемі артып келеді. 2008 жылы да
бұл шаралар жалғасын тауып облыстық бюджеттен 24,2 млн теңге қаржы
қаралды. Бұл қаржыға Арал теңізі бассейнінде сирек балықтар қорын
сақтау шараларын есептемегенде Беляев, Южная, Өтемісұлы, Әйтеке би
көшелеріндегі сор көлдерді көмуге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп,
Қасымов, Қызылордастрой көшелеріндегі сорлы көлдерді көму, өткен
жылдары жасалған жасыл белдеулерді күту, Ақбай елді мекенінде
жасыл белдеу жасау, елді мекендерді көгалдандыру үшін екпе
ағаштармен қамтамасыз ету жұмыстары жыл көлемінде атқарылды.
Арал өңірінің проблемалық мәселелерін кешенді шешудің 2007-2009
жылдарға арналған бағдарламасына ауданның қордаланған мәселелерін енгізуге
ұсыныстар берілді.
Экологиялық жағдайды жақсартуға бірқатар шаралар іске асырылып,
облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа (44,7 млн теңге) тиісті табиғат
қорғау жұмыстары жүргізіледі.
2006-2008 жылдар бойында облыста экологиялық тепе-теңдікті қалпына
келтіру және табиғи ортаның сапасын тұрақтандыру үшін табиғатты пайдалану
және қоршаған ортаны қорғау саласында іс-шаралар жүргізілді:
Ақтөбе қаласы үшін атмосфераға жіберілетін шегінде эмиссиялардың жинақ
томы әзірленді;
Метеорологиялық ауа-райы қолайсыз күндері өнеркәсіптік
кәсіпорындардың шығарындыларын төмендету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды,
іс-шараларға 19 ірі кәсіпорын енгізілді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен мынадай іс-шаралар
жүргізілді:
Шалқар, Байғанин, Қобда, Темір және Ойыл аудандарының ауылдары
айналасында 600 га алаңда санитарлық-қорғаныс аймақтарын құру;
Облыс орталығының айналасында санитарлық-қорғаныс аймақтарын
реконструкциялау жүргізілуде, 100 га алаңда жұмыстар жүргізілді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару және ҚТҚ жинау, есепке алу,
тасымалдау жүйесін құрудың ғылыми-негізделген облыстық бағдарламасы
әзірленді;
Ақтөбе қаласында ҚТҚ полигоны салынды, Шалқар және Алға шағын
қалаларында ҚТҚ полигоны құрылысы басталды.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес облыс кәсіпорындары
ластау көлемін қысқарту, ілеспе газды және өндіріс қалдықтарын пайдалану
бойынша техногендік жүктемесін төмендету жөніндегі шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні қоршаған ортаны ластағаны үшін түсетін төлемнің негізгі
көлемі (80% жуық) облыстың екі кәсіпорны СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ және
Қазақойл Ақтөбе ЖШС құрайды, олар факелдарда ілеспе мұнай газын жағу
есебінен төлейді.
Табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған қаражаттар
көлемі 2007 жылы 802,2 млн. теңгені құрады, бұл 25,5% құрады, 2008 жылдың
бағалауы бойынша 750 млн. теңгені құрайды.
2 Қазіргі заманғы экологиялық және экономикалық проблемалар , олардың
Қазақстандағы ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны.
Мемлекеттік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады.:
- Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.
- Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау
талаптарының орындалуын ынталандыруына негізделген экономикалық әдістер.
Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды
белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тиым
салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандарттар
жүйесін белгілеуді қарастырады.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мыналар болып
табылады:
1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және
қаржыландыру;
2) табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;
3) табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) экологиялық сақтандыру;
6) қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру барлық
деңгейдегі бюжеттерде жеке жол болып бөлінеді.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өндіруді қамтамасыз ету
үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың мына функцияларын
қарастырайық:
- табиғи ресурстарды басқару;
- қоршаған ортаны қорғауды және жақсартуды жоспарлау;
- экологиялық нормалау;
- қоршаған ортаға әсерді бағалау;
- экологиялық сараптама;
- экологиялық лицензиялау;
- экологиялық аудиттеу;
- экологиялық мониторинг;
- экологиялық бақылау;
- экологиялық тәрбие және білім беру.
Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін
қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау мақсатында, қоршаған ортаны
қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын
арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.
Экологиялық нормалау – ПДК қорғау саласында нормативтер белгілеу.
Экологиялық аудиттеу – кәсіпорындардың табиғатты ұтымды пайдалануын
қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жай-күйін тексеру.
Қазақстан республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында
мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге
асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін жауап беретін мемлекеттік органдар:
- ұйымдарға және меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан басқа
да нысандарға (қызметтік куәліктерін көрсетіп) кедергісіз кіруге, танысу
үшін құжаттаманы, талдаулардың нәтижелерін және бақылауды жүзеге асыруға
қажетті өзге де материалдарды сұратуға және тегін алуға;
- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтандыру жөніндегі жоспарлар мен іс-
шаралардың орындалуын тексеруне;
- мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге
және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;
- республика аумағына экологиялық қауіпті жүктерді (бұйымдарды),
қалдықтарды және қоршаған орта сапасының және экологиялық талаптардың
нормативтері бұзылып жүзеге асырылатын шикізат ресурстарын әкелуге, сондай-
ақ транзиттеуге тыйым салу жөнінде ұйғарымнама шығаруға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу нәтижесінде
келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға және осының нәтижесінде кінәлі
тұлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеуге талап қоюға немесе сотқа талап
табыс етуге;
- экологиялық сараптама жөнінде қорытынды жасауға тиісті қаржы-кредиттік
ұйымдарға экологиялық талаптар бұзылып немесе экологиялық сараптаманың
жағымды қорытындысыз жүзеге асырылып жатқан шаруашылық немесе өзге қызмет
нысандарын салуды және пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы
ұйғарымнама табыс етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы
1.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының
арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген
бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи
ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық
және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына
келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы
қатынастар реттеледi.
2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны
қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану
саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы
Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi
принциптерi
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;
5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал
келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылықтан бұлтартпау;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;
8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу
тәртiбi;
9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде
неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң
өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға,
азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде
ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық
принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;
15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық
қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған
кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау
мiндеттiлiгi болып табылады.
Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың мiндеттерi
Мемлекеттiк экологиялық бақылау мынадай мiндеттердi:
1) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершiлiкпен қарауын
қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы
бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшiн қызмет етедi
2.2 Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi
Қазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20-30 жыл ішінде едәуір
шиеленісті. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын,
шаруашылық кешендер жұмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым
жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай тұрақсыз экологиялық жағдай
қалыптасты. Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған
стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді
ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиғи
ортаның қауіпті азуы әлі де жалғасуда.
Ең жағымсыз жағдай Ертіс өзенінің бассейнінде қалыптасты. Жекелеген
учаскелердің ластану деңгейі жол берілетін шекті шоғырлануынан (ЖШШ алты
валенттік хром бойынша 5-7 есеге, органикалық қоспалар бойынша – 1,3-3,5
есеге, мұнай өнімдері бойынша 20-30 есеге асады. Зиянды заттар Балқашқа да
молынан тасталады: Балқашмыс ӨБ жылына мыс, қорғасын, сынап тастайды.
Мұнымен бірге, өзен салалары Балқашқа органикалық заттарды көптеп әкеледі.
Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның
деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны, коммуникациялар,
елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий
теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай
қырылу жағдайлары орын алды.
Арал теңізі – экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан
бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында
зиянды заттардың молаюына әкеп соқтырды. Жыл сайын Қазақстанның аумағына
және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз
көшірідеді. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын
процестері күшеюде.
Қазақстанның жайылымдары – республиканың ұлттық байлығы. Олар 182 млн
га ауданда орналасқан және сонымен бірге республика аумағының 67%-ын және
бүкіл ауыл шаруашылығы жайылымдарының 81%-ын ала отырып, республиканың
негізгі экологиялық ортасы болып табылады.
Жердегі барлық тіршілік континенттерді жабатын жұқа, берік емес
қабатқа байланысты. Осы бағалы қабат өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады,
алайда бүлінуі де тым жылдам болуы ықтимал.
Әлемдік қорғаушы институтының деректері бойынша жыл сайын
континенттер топырақтың сыртқы құнарлы қабатының 24 млрд тоннасын (АҚШ-ң
бүкіл жыртылатын жеріндесоншама) жоғалтады және жағдай одан әрі нашарлауда.
Африкада 1 млрд га-дан астамы, Азия да 1,4 млрд га аздап немесе тұтастай
шөлейттенген, ал Солтүстік Америкада қуаң жерлер 74%-ды құрайцды; ЕО-ның 15
елі де шөлейттенуден зардап шегуде.
Шөлейттену неден пайда болады және оны не шиеленістіреді? Адам
қызметінің мына төрт түрі оған тікелей себебкер болады:
- топырақты тым аздыртуға әкеп соқтыратын жерді шамадан тыс пайдалану;
- малды топырақты бүлінуден қорғайтын өсімдік жабынын шамадан тыс
құртатындай жаю;
- жер бетіндегі топырақты ұстап тұратын ағаштарды жойып
ормансыздандыру;
- суармалы жерлерді тұздандыруға әкеп соқтыратын суландырудың қате
әдістері.
Өзіміз көргендей, шөлейттену - әлемді шөлдердің басуы емес, бұл
биологиялық және экономикалық өнімділікті жоғалту мен қоса қуаң жерлердің
азуы.
Негізінен шөлейттену жер ресурстарын ұқыпсыз пайдаланудан (481,1
млн.га) және техногендік факторлардан (6 млн. га) пайда болады.
Қазақстанда БҰҰ-ң қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының
қолдауымен 1996 жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың
ұлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі.
Жерлердің одан әрі азуының алдын-алу; егістіктердің құнарлығын қалпына
келтіру; орман көлемін кеңейту; ерекше қорғалатын аумақтар желісін құру;
жер қойнауын ұтымды пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу; жерлердің
техногендік бүлінуінің алдын алу және оларды қайтадан өңдеу сияқты іс-
қимылдар қарастырылған.
Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:
1. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу және көму
мәселелері.
Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz