Топырақ жүйесін ауыр металдардан заласыздандыру жолдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ -ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Топырақ жүйесін ауыр металдардан заласыздандыру жолдары»
Аннотация
Бұл жұмыс топырақ жүйесіне қалпына антропогенді факторлардың әсерін зерттеуге арналған. Топырақ жүйесін таңдау себебі. Топырақ табиғи ландшафттың ажырамас компоненті болып табылатындықтан, биогеоценоздар мен биосфераның өміріне қатыса отырып, биогенді элементтердің айналымы мен бірге байланыстырады. Табиғаттағы тепе-теңдікті ұстап тұру мен қамтамасыз етудің маңызды шартына. Жердің топырақ жамылғысын және оның тазалығын қалай сақтап қалуға болатындығы жатады.
Эксперименттік мәліметтердің негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының топырақтарының физикалық, химиялық және басқа да қасиеттеріне техногенездің ықпал етуімен болатын өзгерістер көрсетілген.
Алынған мәліметтер алдағы уақытта табиғатты қорғау іс-шараларын дайындау үшін пайдаланылатын болады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫНА
ӘСЕРІ . . . 7
1. 1 Қоршаған ортаны ластаушы ауыр металдардың
физикалық - химиялық сипаттамacы . . . 12
1. 2 Топырақтың ластануының негізгі жолдары . . . 20
2 ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 28
3 АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚ ЖҮЙЕСІН
ЗАЛАСЫЗДАНДЫРУ . . . 29
3. 1 Топырақтың гранулометриялық құрамына техногенз
әсері . . . 29
3. 1. 1 Техногенді ластанудың қарашірік заттардың табиғаты
мен құрамына ықпалы . . . 31
3. 1. 2 Техногенді топырақтың қышқылдануын қалпына келтіру . . . 33
3. 1. 3 Шымкент қаласының территориясының ауыр
металлдармен ластану деңгейін бағалау . . . 35
.
3. 2 Топырақтың қасиетіне техногенді әсер етудің ықпалы . . . 38
3. 3 Қорғасынның транслокация процесін гуматты-карбонатты -
бентонитті геохимиялық тосқауыл арқылы тежеу . . . 42
4 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ . . . 47
4. 1 Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық
зияндылықты анықтау . . . 47
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . . 50
5. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар . . . 50
5. 2 Өндірістік шу, ультрадыбыс және діріл . . . 50
5. 3 Электр қауіпсіздік және ғимарттар мен үйлерді найзағайдан қорғау . . . 50
5. 4 Найзағайдан қорғану . . . 53
Қорытыныды . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ, СИМВОЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ТІЗІМІ
АҚ- акционерлік қоғамы
БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЖШС- Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігі
ТМД- Тәуілсіз Мемлекеттер достастығы
АЭС- атом электр станциясы
ЖЭО- жылу электр орталығы
ГК- гумин қышқылы
ШКЗ- Шымкент қорғасын зауыты
ТЖВ- теміржол вокзалы.
Фз- фосфор зауыты
ШРК- шектік рауалы концентрация
ШРД- шектік рауалы деңгейі
ОҚО- Оңтүстік Қазақстан облысы
рН- орта реакциясы немесе қышқылдық көрсеткіші
КІРІСПЕ
Өндірістік прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зияңды заттардың түсуімен және қалыптаскан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Біздің республикамыздын казіргі экологиялық жағдайы күрделі - барлық жерде өндірістік қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлері мен мутациялардық өсуі, су мен тамақ өнімдерінде нитраттардың, пестицидтердің, ауыр металдардың мөлшерінің өсуі етек алуда. Соңғы кезде металлургия өндірісі дамыған, өндірістен және автотранспорттан бөлінген зиянды қалдықтармен ластану дережесі жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық мөлшерінің қоршаған ортаға және адам организміне түсуіне олардың зияны мен биологиялық ролін зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Түсті металлургия өндірісі орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлі химиялык қосылыстар түседі, олардың ішінде негізгілерінің бірі - ауыр металдар. Ауыр металдардың 80% микроэлементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің тіршілік ортасында, оның ішінде ауыз су мен тамақ өнімдерінде жетіспеуі немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырады. Ал өсімдіктерде артық мөлшерде жиналуы олардың организмінде өтетін тіршілік үшін маңызды процестерге кауіп төндіретін белгілі. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттігін көрсетеді.
Қоршаған ортаның өндіріс орындарының бөлінген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесі, олардың адам денсаулығына әсері және санитарлық-гигиеналық маңызы көп ғылыми еңбектерде келтірілген. Қазақстанның бүтін облыстары мен өлкелері экологиялық апат аймағына айналып отыр. Осыны ескере отырып, біздің алдымызға қойған мақсатымыз, ауыр металдармен ластану денгейін анықтап, олардың трофикалық тізбек арқылы тасымалдағанда улылығын кеміте отырып, тірі организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына әсерін азайту. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, казіргі жағдайдың биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады. Қазіргі кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплексті зерттеуді талап етеді.
Өндірістік қалдықтардың қоршаған орта объектеріне түсуін жиналуы мен миграциясын кемітіп қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау.
Жұмыстың мақсаты техногенездің топырақтың құрымы мен қасиеттеріне әсерін зерттеу болып табылады.
1. АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫНА ӘСЕРІ.
Әлемдік қоғамда казіргі көкейкесті мәселелердің ішінен адам өмір сүріп отырған орта сапасының төмендеуі ерекше орын алып отыр. Айналадағы ортаның ластану дәрежесі күннен күнге өсіп келеді.
Өндіріс орындарынан бөлінетін негізгі ластауыш заттарға өндірістік шаң, күкіт ангидриді, көміртек оксиді, азот оксидтер, фтор сутегі, күкіртті сутек, көмірсутектері, ауыр металдар жатады.
Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың әсерінен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне, т. б. байланысты. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда байқалып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі - ауыр металдар.
Ауыр металдар - тығыздығы темірдің тығыздығынан артық болатын түсті металдар тобы: оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий, т. б. жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе тұздары, организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы организмге түскенде ыдырамайды, кейбір органдарда жиналып денсаулыққа қауіп төндіреді /1/. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады /3/.
Үздіксіз әсер етуші химиялық заттардың аз мөлшерінің өзі өсімдіктер, жануарлар және адам организміне канцерогенді, мутагенді, токсикологиялық әсер етеді /2/.
Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын; кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жататыны белгілі. Олар тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Бұл заттардың тірі организмдердегі концентрациясы қоршаған ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары /3/.
Ауыр металдардың топырақта төмен қарай таралу тереңдігі негізінен 20 см шамасында, ал қатты ластанған жағдайда 160 см дейін өтеді. Мұндай ластанудың қауіптілігі, ортаның қышқылды реакциясы кезінде улы металдардың суда ерігіш қосылыстарға айналып жер асты суларына қосулуында. Әр түрлі факторлардың әсерінен ауыр металдар миграцияланады. Кейбір әдебиеттегі мәліметтерге сүйенсек мырыштың миграциялану қабілеті басқа металдарға қарағанда жоғары. Мырыш топырақтың 0 - 20 см қабаттарында біркелкі таралады. Қорғасын негізінен беткі қабатта (0-2, 15см) жиналады. Өндірістік территорияларда топырақтың гумустық қабаты ауыр металдармен көп мөлшерде ластағаны анықталған /4/.
Ауыр металдардың гумустық қабатта жинақталуы олардың органикалық қышқылдармен комплекс түзуінде. Адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортада атап айтқанда топырақ, су, атмосфера, тірі организмдер құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемді қамтиды. Атмосфераның өздігінен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлігі өндіріс орнының айналасына шөгеді немесе жауын-шашынмен бірге құрылық пен мұхиттарға қайтып оралады. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, қорғасын массасының құрлық пен әлемдік мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайда: судың құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1 мкг/л болатын өзен суы мен мұхитқа жылына суда еритін қорғасынның шамамен 40
10
3
т қосылады, өзен суының түйіршікті фазасында жылына 2800
10
3
т, жұқа органикалық дентритте 10
10
5
т қорғасын кездеседі. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек қана өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседі. Континенталды шаң арқылы мұхитқа жылына (20
30)
10
3
т қорғасын түседі. Жаңбыр суы арқылы түскен мөлшері жылына (400-2500) -10
3
т болып бағаланады. Аса улы ауыр металдардың бірі кадмий. Оның 70-ші жылдардағы әлемдік өндірісі жылына 15
10
3
т жеткен. Атмосфераға бөлінген кадмийдің көлемі жылына (1, 7-8, 6) -10
3
т құрайды /5/.
Адам өз әрекеті нәтижесінде химиялық элементтердің табиғи ағымын түбірімен өзгертті. Антропогенді көздерден атмосфераға түсетін қорғасын қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18, 3 есе, кадмий- 8, 8 есе, мырыш - 7, 2 есе жоғары /6/.
Балхаш суының ластану коэффициенті соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан. Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлігіне қарай) ластану коэффициенті 2-ден 9 : ға дейін өскендігі байқалады. Бұл көл суының сапасының қалыпты деңгейден 3-10 есе төмендігін көрсетеді /7/.
Судағы ауыр металдар концентрациясының төмендеуіне оларды су түбіндегі гидробионтардың шөгінді компоненттердің сіңіруі және комплексті қосылыстармен байланысып кетуі (мысал, гуминді заттармен) әсер етеді. /8/.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердің топырағының құрамын тексергенде қорғасынның мөлшері 400 мг/кг (20 ШРК), мыс - 200 мг/кг (20 ШРК), мырыш - 2000 мг/кг (40 ШРК), мышьяк - 100 мг/кг(50 ШРК), марганец - 1000 мг/кг, титан - 5000 мг/кг, фосфор - 2000 мг/кг, ванадий - 1500 мг/кг(300 ШРК), стронций - 400 мг/кг жеткендігі байқалған /9/.
Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен ластану етек алған. Техногенді саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшері жылжымалы түрде кездеседі, олар: сульфатты (2%), оксидті (6%) және қарапайым күйдегі сынап (20%) /10/. Сынаптың қоршаған ортаға тасталуы өте қауіпті. Осыған байланысты 1950 жылы Жапониядағы Минамата шығанағында сынаптың қөректік тізбекке енуі. Ол балдырларға сіңірілді, ал олармен молюскалар қоректенді, молюкаларды балықтар жеді, ал балықтар сол жердің тұрғындарының тамағына қолданылды. Балықта сынаптың мөлшері соншалықты жоғары болғандықтан, бұл іштен кем туған балалардың пайда болуына және өлім жағдайына әкелді. Бұл ауру Минамата ауруы деп аталды /11/. 1- кестеде ауыр металдардың биогеохимиялық сипаттамалары келтірілген.
Текелі қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелі қорғасын-мырыш комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшері жылына 4 тонна құрайды. Атмосферадағы мөлшері қалыпты деңгейден 33 есе жоғары. Текелі қаласының және оған жақын аудандардың топырағындағы қорғасынның мөлшері 160-170 мг/кг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары /12/.
Соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында кейбір өндіріс орындары үзіліспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс істеуде. Осыған байланысты атмосфераға бөлінетін өндірістік қалдық заттардың мөлшері де біршама төмендеді. Әйтседе кейбір зиянды заттардың мөлшері шекті рауалы концентрациядан (ШРК) артып кеткендігі байқалды. Атмосферадағы қорғасынның мөлшері орта есеппен ШРК-дан 1995 ж. - 2 есе, 1996ж. - 1, 5 есе, 1997 ж. - 2, 7 есе жоғары. Көміртек оксидти 1995-1997 жж. - 1 есе, азоттың қос тотығы 1995 ж. - 1, 2 есе, 1996 ж. - 1 есе, 1997 ж. - 1, 25 есе артқан. Аммиак 1995-1996 жж. - 1 есе, 1997 ж. - 0, 75 есе жоғары. Формальдегид 1995 ж. -2, 33 есе, 1996 ж. - 2 есе, 1997 ж. - 1, 66 есе артқан. 1995-97 жж. атмосфераға бөлінген өндірістік қалдық заттардың жиынтық мөлшері мынадай мәліметтермен сипатталады:
- "Шымкентмұнайоргсинтез" акционерлік қоғамынан: 1995 ж -
10279. 97 т, 1996 ж - 7743. 01 т, 1997 ж - 8011. 8 т;
- "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлік қоғамынан: 1995 ж -
4451. 49 т, 1996 ж - 2039. 43 т, 1997 ж - 4410 т:
- жылу электр орталықтарынан: 1995 ж - 3079. 8 т, 1996 ж -3410. 6 т,
1997 ж - 2367 т;
- "Шымкент цемент" акционерлік қоғамынан: 1995 ж - 1031. 12 т,
1996 ж - 837. 52 т, 1997 ж - 277. 58 т зиянды қалдық заттар бөлінген /13/.
1 -ші кесте. Ауыр металдардың негізгі биогеохимиялык
сипаттамалары
Ескерту: Ж- жоғары, О - орташа, Т - төмен.
1. 1 Қоршаған ортаны ластаушы ауыр металдардың
ф и з и к алық - х и м и я л ы қ с и п а т т а м a c ы
Д. И. Менделеевтің периодты кестесіндегі 40-тан астам химиялық элемент - ауыр металдар болып есептеледі. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластауына, азық-түлік өнімдерінде жинақталу қабілетіне және улылығына қарай ерекшеленетіндерді қатарына - қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтері жатады.
Қорғасын - элементтердің периодты системасында IV- топта орналасқан химиялық элемент. Атомдық нөмері 82, атомдық салмағы 207, 2. Қосылыстарында +2 және +4 тотығу дәрежелерінде кездеседі.
Қорғасын - көгілдір-сүр түсті жұмсақ, пластикалы ауыр метал. Қатты күйдегі тығыздығы 11, 336 г/см 3 , ал ерітілген кезде (балқу температурасына жақындағанда) 10, 686 г/см 3 тең. Балқу температурасы 327, 4°С, ал қайнау температурасы 1745°С.
Ал қорғасынның политропты улы элемент екендігі, оның барлық жағдайда адаммен жануарлардың ағзасында күрделі биохимиялық ауытқулар тудырытыны және олардан күрделі зардаптар бар екендігі белгілі.
Химиялық қосылыстарының көпшілігінде қорғасын 2 валентті. Мұндай қосылыстары негізінен тұздар. Олар Рb
2+
катионын түзе диссоцияциаланады, бірақ
анионды плюмбит - тұздар да кездеседі (Na
2
Pb0
2
) . 4 валентті қорғасын қосылыстары өте сирек кездеседі. Олар Рb0
3
2-
жөне Рb0
4
4-
аниондарын түзетін плюмбаттар (CaPb0
3
) және кейбір комплексті қосылыстар. Рb
4+
катионы РbС1
4
, Pb(S0
4
)
2
және т. б. бірқатар тұздардың құрамына кіреді.
Ауада қорғасын тез тотығып жұқа жарғақпен қапталады. Рb -коррозияға өте төзімді металл. Ол кейбір қышқылдарда (НСІ, H 2 S0 4 ), сілтілерде, тұздарда, аммиакта аз мөлшерде ериді. Сұйытылған қышқылдарда мүлдем ерімейді. Қорғасынңың мұндай беріктігі оның сыртында жұқа жарғақ ретінде ерімейтін тұздар - қорғасын хлориді, қорғасын сульфаты және негізгі қорғасын карбонатының 3РbС0 3 РЬ(ОН) 2 түзілуімен түсіндіріледі. Алайда қорғасынды азот қышқылы, сірке-қышқылы, борфторсутек қышқылы (НВF 4 ) және т. б. бірқатар заттар ерітуге қабілетті. Концентрациясы жоғары күкірт қышқылымен қыздыра отырып қорғасынды интенсивті түрде ерітіп Pb(HS0 4 ) 2 қышқылды тұзды алуға болады.
Азот қышқылында қорғасын жылдам ериді:
3Pb+8HN0 3 →3Pb(N0 3 ) 2 +2NO+4H 2 0
Қоршаған ортада қорғасынның артуы әсересе, өнеркәсіптік басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қанқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бойы өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700- 1200 есе артық.
Мыс рудаларының құрамына кіретін минералдарға халькозин Cu 2 S, халькопирит немесе мыс колчеданы CuFeS 2 , малахит (СuОН) 2 С0 3 жатады.
Сu - ашық қызғылт түсті созылғыш металл. Сu химиялық элементтердің периодты таблицасында V- топта орналасқан, реттік нөмері 29, атомдық салмағы 63. 54, тығыздығы 8. 93 4 г/см 2 , балқу температурасы 1084°С, қайнау температурасы 2585°С. Жылу мен электр қуатын өте жақсы өткізеді. Құрғақ ауада мыс өзгермейді, себебі оның беттік қабатында түзілген жұқа мыс оксиді оны ары қарай тотығудан қорғайды. Бірақ ауадағы ылғалмен көміртегі қос тотығының әсерінен мыс көгілдір түсті гидроксокарбонатын түзеді (СuОН) 2 С0 3 . Ауада 200-375°С температура аралығында қыздырса мыс қара түсті мыс оксидіне СuО (ІІ) дейін тотығады. Одан жоғары температурада екі қабатты жарғақ түзіледі, ішкісі -қызыл түсті оксид Сu 2 0, сыртқысы - мыстың (ІІ) оксиді (СuО) .
Мырыш - II топтың элементі, атомдық нөмері 30, атомдық салмағы 65, 39. Мырыш - көгілдір ақ түсті ауыр метал. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсімдіктердің хлоропласттарында АТФ-тің түзілуі баяу жүретіні анықталған. Өсімдік неғүрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғүрлым изоляцияланған хлоропласттарда АТФ көп түзіледі /6/.
Қорғасынның әсерінен өсімдіктердің клеткалары жоғалтып, нәтижесінде жапырақ солып қалады, тамыр клеткалары бүлінуін тоқтатады. Кейбір нашарлайды. Қоршаған ортаны қорғасынмен ластайтын өндіріс орындарына жақын себілген мәдени дақылдардың өнім беруінің төмендеуі де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнімнің сапасы да төмен болады. Әшкөк өсімдігіне жүргізілген тәжірибе қорытындысы көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсірілген өсімдікте каротин мен аскорбин қышқылының мөлшері 200 метр қашықтықта өсірілген есімдікпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета-каротиннің мөлшері жол бойындағы өсімдіктерде 55% кем екендігі анықталған /6/.
Кадмийдің көп мөлшері автомобиль жолдары бойында өскен өсімдіктерде анықталған. Осындай жағдай қоршаған ортаны осы токсикантпен ластайтын өндірістердің жанында өскен өсімдіктерде де байқалады. Кадмийдің артық мөлшерінің жиналу белгілері: өсімдіктердің жапырақтарының ұшы мен өркені қызыл-бурыл түске боялады. Жапырақтар жиырылып немесе түсіп қалады, өсімдіктердің өсуі баяулайды. Оның 20 мг 1 кг топыраққа енгізгенде өсімдіктің өнімділігі 50% кемиді. Өнім мөлшерінің осылайша төмендеуі бидайда кадмийдің 15 мг/кг топыраққа енгізгенде байқалған. Өзінің әсер ету күшіне қарай кадмий көптеген ауыр металдармен салыстырғанда улы. Топырақта кадмий мөлшері 30 мг/кг-нан артса өсімдіктер тіршілігін жояды. Кадмийдің көп мөлшері топыраққа мырыш рудаларын өндіру және өндеу кезінде түседі.
Кадмийдің әсерінен өсімдіктердің өсуінің тежелуі - фотосинтез процесінің әлсіреуіне байланысты. 1 кг жапырақта 96 мг кадмийдің болуы фотосинтез қарқындылығын 50% төмендетеді. Алайда бұл кадмийдің өсімдікке улы әсерінің біреуі ғана /6/.
Химиялық заттардың жыныс клеткаларының гинетикалық аппаратына әсер етуінен мутантты гендер мен хромосомаларды тасымалдаушылардың жиілігі артады. Соматикалық клеткалардың гендері зақымданған жағдайда рак ауруларының пайда болуы жиілейді /14/.
Ауыр металдар иондарының жоғарғы концентрациясы, хромосома ішіндегі жеке органикалық байланыстардың поляризациясын тудырады. Бұл жағдайда барлық "ионды" мутациялар хромосомалардың үзілуімен
сипатталады .
Мыс - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті микроэлемент. Бірақ, мыстың өсімдіктер организмінде артық мөлшерде жиналуынан тамыр системасының дамуы мен өсуінің тежелуі, өсімдіктердің жер үстіндегі бөлімдерінің баяу өсуі және жапырақ ұштарының ағаруы байқалады. Мыстың артық мөлшерінен туындайтын патологиялық өзгерістердің нәтижесінде, мәдени өсімдіктердің өнімі құрт төмендейді /9/.
Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуына олардың топарақтағы ауыр металдардың мөлшері (концентрациясы), топырақ рН, топырақтың гранулометриялық құрамы, органикалық заттардың мөлшері, катиондардың сіңіру сиымдылығы тікелей әсер етеді . Ғылыми деректерге сүйенсек қылқан жапырақтыларға жасалған тәжірибелер, топырақтағы қорғасын негізінен өсімдіктер тамырыда және шоғырының ұштарында, т. б. транспираторлық ағымда аяқталатын құрлымда жиналады, ал атмосфералық қорғасын жапырақ ұлпасының ішкі қабатындағы клетка қабырғаларына жиналатынын көрсеткен.
Мырыш та өсімдіктер тіршілігіне қажетті микроэлемент қатарына жатады. Алайда мырыштың жоғары концентрациясы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Бұл металдың улылығының бір себебі, өсімдіктерде өте интенсивті жиналуына байланысты. Әсіресе веймутов қарағайы, қызыл емен және кәдімгі шырша мырышты өте жылдам сіңіретіні сонша, тіпті бұл процестің жылдамдығы мен қөректік ортадағы мырыш мөлшері арасында тікелей байланыс орнайды. Өсімдіктерде мырыштың көп жиналуынан некроз пайда болады, тамыр мен жер бетіндегі мүшелерінің өсуі баяулайды, жапырақтар солып қалады және ерте түседі /9/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz