Экологиялық бiлiм берудiң құқықтық тұрғыдан қажеттiлiгi


Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.
Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:
- табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.
- табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.
Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта - адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.
Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.
Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады.
Ашына айтсақ, бұл шiркiн экология проблемасы дегенiңiз сiз онымен айналыспасаңыз, түбi апатқа, құрдымға апарып соқтырары хақ.
Осыған орай, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы құқықтық нормасының орындалу барысы елiмiзде экологиялық проблеманың алдын алуға қызмет ете ала ма?
Қызмет ете алса, қандай дәрежеде? Қызмет ете алмаса, не үшiн ол заң қолданыста жүрiп жатыр? – деген орынды сұрақ туары даусыз.
Аталған нормативтiк құқықтық акт мазмұнында “жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып тозудан, ластанудан ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, жер қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер әлемi, жануарлар дүниесi, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердiң озонды қабаты қоршаған ортаны қорғау обьектiлерi ретiнде ерекше қорғалуға тиiс” екендiгiне салмақ түсiрiле отырып көрiнiс тапқан [1].
Бұл құқықтық норма елiмiзде қоршаған ортаның құрамдас бөлiгi ретiнде қоршаған ортаны қорғау обьектiлерiн кешендi түрде экологиялық қорғау сипатын берсе, аталған табиғи ресурстарды арнайы тиiмдi пайдалану мен оны ұтымды пайдалану арқылы құқықтық қорғау нысанын қамтитын жекелеген нормативтi құқықтық актiлер жүйесi де қалыптасқан.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге








Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Экологиялық бiлiм берудiң құқықтық тұрғыдан қажеттiлiгi туралы6 бет
"Құқықтық тәрбие"73 бет
Баланы рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға қажетті құндылықтар7 бет
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу123 бет
Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы22 бет
Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы6 бет
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушының математикалық білімін тереңдетуде, дамытуда пайдалану ерекшеліктері4 бет
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды теориялық тұрғыдан талдау және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау67 бет
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу11 бет
«көне қытай ойшылы конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау»4 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь