Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері



1.Педагогика тарихындағы ой.тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі.
2.Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
З.Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы
философия, әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, педагогика тарихы. Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты жетілдіру.
Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, ұстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақылес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
-"өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық қүндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және ұйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И. Гербарттын ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп анықтаған.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д. Ушинский жазғандаи. Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші "бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, елемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық" .- деп те түсінеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері.

Жоспар
1.Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының
мәселесі.
2.Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
З.Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.
Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны
әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты ұйлесімді дамыған жеке тұлға,
жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншілігі.
Пәнаралық байланыс: философия, әлеуметтану, әлеуметтік психология,
мәдениеттану, педагогика тарихы. Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы
тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі
дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі,
рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде
олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты-
заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты
жетілдіру.
Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп
ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, ұстемдік
етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу
деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы -
ақылес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа
жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой
тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің
негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
-"өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо
қоғамдық қүндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-
ұстанымынан айныған емес. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-
қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-
жақты және ұйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал
И. Гербарттын ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға,
қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген
тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді.
Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг "ақиқат, сұлулық және
мейірімділікке өз ынтасымен қызмет" ету деп анықтаған.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д.
Ушинский жазғандаи. Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты
етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші
"бақыт" дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, елемде бақытқа
ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа
адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық" .- деп
те түсінеді.
Осыған орай сұрақтуады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл
әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме?
Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бұгіні
мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесінш шешуге
дайындауға ынталану деп ұққан жоы,
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты
ұйлесімді дамыған, рухани байлығы - мол, моральдық қылықтары таза және дене
күшідамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция-тәрбиенің негізгі
мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті
тәжірбиеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама
ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социалдемократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын
әлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен
патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие
мақсаты - қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі
мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. "Біз ақыл-
ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым
маңызды"- деп, К.Д. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен
бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген
орынды.
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне
қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай
және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді.
Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің
мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие мақсаты бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына
қолжеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды
мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын
айқындаушы ретінде көрінедг Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара
қатынаста болады, жүйесі мен оны" компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда,
тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі (И.П.Подласый).
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы
болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп
келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие
жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр
алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік
себептер әсер етеді.
Олар, дененің физиологиялық жетілу зандылығы. адамнын психикалық
дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның
мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады.
Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның
тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның
объективті даму зандылығына сүйену қажет. Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды
себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа
негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен
бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен
мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жұруіне кепілдік
береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге
асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі
өндіріс тәсілі мен өндіріс кұші және өңдіріс түрі қатынасының даму
деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам
дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен
аныкталып отырады. Ойымызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие және оның мақсаттылығы
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
Тәрбие мақсаты түсінігі
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Ынтымақтастық педагогика
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Пәндер