Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. 3

І Бөлім. Әлемдік мұнай мен газ нарықтарының пайда болуы мен қалыптасуы

1. 1 Халықаралық еңбек бөліндісі -халықаралық нарықтарының қалыптасуының алғышарты ретінде. . 5

1. 2 Халықаралық мұнай мен газ нарықтарының пайда болуы. . 8

1. 3 Мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық нысандары . . . ………. 15

ІІ Бөлім. Халықаралық мұнай мен газ нарықтарының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы

2. 1 Қазіргі халықаралық мұнай мен газ нарықтарының сипаттамасы 21

  1. Халықаралық мұнай мен газ нарықтарының даму тенденциясы. . 27

2. 3 Қазақстан Республикасы халықаралық мұнай мен газ нарығында……… . . . 34

ІІІ Бөлім. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» -Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы

3. 1 Кәсіпорынның жалпы сипаты 43

3. 2 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі…… 46

3. 3 «СНПС-Ақтөбемұнагаз» ААҚ-ғы қаржылық есеп. . 52

Қорытынды. . 55

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 58

Қосымша беттер . . . 60

Кіріспе

Зерттеу пәнінің актуалдылығы. Әлемдік мұнай мен газ нарықтары тауарлы нарықтардың ең дамыған және табыстылығы жоғары түрі болып табы-лады. Мұнай мен газ қорларының әлемдегі орналасуы әркелкі. Мұнай қорын алатын болсақ, елдер бойынша келесідей: Сауд Аравия - 25 %, Кувейтте- 14 %, Иракта- 11 %, Біріккен Араб Эмираттарында- 10%, Иранда- 9%, Венесуэлада- 7%, Ресейде- 6%, Мексикада- 5%, Ливияда- 3%, Кытайда- 2%, АҚШ-та 2%, Ни-герияда- 2%, Қазақстанда- 2%, басқа елдерде- 2%. Сондықтан бұл нарықта да-мыған және дамушы елдердің мүдделері ұштасып келеді. Әрине мұнай нарығы-на қатысушылар, экспорттаушы не импорттаушы елдер өзі үшін тиімді жағдай қалыптастыруды мақсат етеді.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары дамушы елдердің әлемдік экономика-ға интеграциясының күшеюі байқалады. Бірақ осындай интеграцияның эконо-микалық салдарлары барлығына бірдей емес, өйткені дамыған елдер халықара-лық ынтымақтастықтан ұтысы, дамушы елдермен салыстырғанда анғұрлым көп. Бұны сыртқы қарыз көрсеткіші, экономикалық өсудің қарқыны, дамушы елдерден капиталдың ағылуы сияқты параметрлерден көруге болады. Дамушы елдерде экономикалық өсуді күшейтуге бағытталған халықаралық экономика-лық ұйымдардың әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді.

Көмірсутекті ресурстарды игеру әлемдік экономика дамуының басымды-лықты бағыты болып отыр және де бай энергетикалық ресуртары бар елдер әлемдік нарықта маңызды орын алады. Бұл көптеген дамыған және жаңа ин-дустриалды елдердің өз қорларын бітіруіне немесе жоқтығына байланысты. Әлемдегі ірі мұнай компаниялардың барлығы дерлік жоғары дамыған елдердің қолында. ( Бритиш Петролеум, Шеврон, Эни, Тоталь, Ройял Датч, Шелл, Стан-дард ойл т. б. ) Осы компаниялар мұнай өндірісін әлемнің түкпір түкпірінде, яғ-ни мұнай мен газдың шоғырланған жерлерде, жүзеге асырады. Сөйтіп дамыған және дамушы елдер ынтымақтасу нәтижесінде мұнайға деген қажеттілікті қам-тамасыз етіп отыр.

Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы орны күшеюде. Әрине бұ-ған себеп болған еліміздегі бай мұнай мен газ кен орындарының орналасуы. Бі-рақ егемендігін алуына дейін өзінің бай ресуртарын толық пайдалана алмады және осыған байланысты дербес экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ.

Қазақстан Республикасында ашық экономикалық моделін қалыптастыру кезеңінде мұнайгаз комплексінің маңыздылығы өсті. Қазақстан Республикасы-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев мұнай маңыздылығын келесідей анықтаған: «Мұнай отандық өнеркәсіптің маңызды саласына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіз мәртебесінің символына, жарқын болашақтың үмітіне ай-налып отыр». /1, 2 б/.

Қазақстан шетел инвестицияларды тартуда, UNCTAD мәліметі бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдер ішінде екінші орын алып отыр. Көптеген ірі мұнай компаниялары өз әрекетін жүзеге асырып отыр.

Біздің дипломдық жұмыстың мақсаты әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мін-деттер қойылған:

  1. Халықаралық мұнай мен газ нарықтары пайда болуының алғышартын көрсету;
  2. Әлемдік мұнай мен газ нарықтары қалыптасуының тарихын көрсету;
  3. Мұнайгаз саласында қолданылатын ынтымақтастық нысандарын анық-тау;
  4. Әлемдік мұнай мен газ нарықтарының қазіргі жағдайы мен даму тен-денцисын сипаттау;
  5. Қазақстан Республикасының халықаралық мұнай мен газ нарығына ену деңгейін айқындау;
  6. Халықаралық ынтымақтастық мысалы ретінде «СНПС-Ақтөбемұнай-газ» ААҚ-ның негізгі қызметіне сипаттама беру.

Дипломдық жұмыс 64 беттен, оның ішінде 13 кестеден, 12 суреттен, 4 қосымша беттен тұрады.

І Бөлім. Әлемдік мұнай мен газ нарықтарының пайда болуы мен қалыптасуы

  1. Халықаралық еңбек бөліндісі-халықаралық нарықтарының қалыптасуының алғышарты ретінде

Қазіргі экономикалық және ғылыми-техникалық қарым-қатынастардың даму заманында ХЕБ-не қатысу барлық елдерге қажет. Бұл мемлекеттер ара-сындағы бейбіттік және көршілес қарым-қатынастарын орнатудың құралы. Елдердің ХЕБ-де белсенді орын алуы көптеген кәсіпорындар мен бірлестік-тердің, корпорациялар мен салалық министрліктердің, фирмалар мен басқа да ұйымдардың шетел елдермен сыртқы экономикалық қатынастар орнатуда көрі-неді.

Кейбір экономистер ХЕБ-н жеке мемлекеттердің ұлттық шекараларынан шығатын қоғамдық еңбек бөлінісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Басқала-ры оны территориялық еңбек бөлінісінің бір нысанындай көреді. Үшіншілері ХЕБ территориялық еңбек бөлінісінің бір түрі деп есептейді. Соңында жекеле-ген мамандар ХЕБ-н елдер арасында қоғамдық территориялық еңбек бөлінісі дамуының маңызды деңгейі ретінде анықтайды.

ХЕБ-ң қызмет ету аясы тұрғысынан қарастырғанда, ол - еңбек бөлінісінің ерек-ше түрі, оның ерекшелігі әлемдік аренаға әр түрлі елдердің кәсіпорындары шығатынында. ХЕБ-не көптеген елдердің кәсіпорындары қатысады. Бұл кәсіпо-рындар өз тұрғындардың өндірістік немесе жеке қажеттіліктерін қанағаттан-дыратын өнімнен көп өнім шығарады және осы артық өнімін өздері шығармай-тын немесе жеткіліксіз көлемде өндірілетін тауарларға айырбастайды. Осын-дай құбылыс жекелеген тауарларға және оларды айырбастауға күшті шоғыр-ландыруды көрсетеді, бірақ жеке бір елде емес, әлемдік шаруашылық деңгейін-де. Басқа сөзбен айтқанда, ХЕБ - бұл бір-біріне тәуелді өндіріс ұйымдастыру-дың әдісі немесе жүйесі, бұнда әр түрлі елдер кәсіпорындары анықталған тауарлар мен қызметтер шығаруға маманданып, ал осыдан кейін айырбастай-ды. /2, 10 б/

ХЕБ мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және кезеңдерге бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық -өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Ең-бекті бөлудің түпкі мақсаты-өнім шығарудың әдісін, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруді шығару. ХЕБ - өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғам-дық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негіз-гі құралы.

ХЕБ - елдер арасындағы қоғамдық аймақтық еңбек бөлінісі дамуының жо-ғарғы көрінісі. Ол мемлекеттер арасында тұрақты да тиімді экономикалық бай-ланыс негізінде өндірістің мамандануына және де жекелеген өнім шығаруда сан және сапа жағынан нәтижеге жетуге ықпалын тигізеді.

ХЕБ өндірісті және айырбастауда кеңейтуде ерекше орын алады. ХЕБ -н дамытуға ықпал ететін бірнеше факторлар бар:

  1. Елдердің табиғи-географиялық орны:
  • табиғи байлықтың ерекшелігі және бөлінуі
  • елдің географиялық орны
  • еңбек ресурстарының әр түрлілігі
  • өндірістің тарихи дамуындағы әдет-ғұрып
  • топырақ-климаттық жағдайларындағы ерекшелік
  1. Ғылыми-техникалық прогресс;
  2. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар:
  • ғылыми-техникалық және экономикалық даму деңгейі
  • өндірістің табиғи дамуындағы ерекшелік, әдет-ғұрып және сыртқы экономи-калық байланыстағы әдет-ғұрыптар
  • ұлттық өндірісті ұйымдастырудың механизмі және оның әлеуметтік түрі
  • сытрқы экономикалық қатынастарды ұйымдастырудың механизмі және әлеуметтік орта

Еңбектің халықаралық бөлінуі әлем меншіктерінде кеңейтілген ұдайы өн-діріс процестерін жүзеге асыруда шешуші элемент болып табылады; ол процес-тердің өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; салалық теориялық жағынан халықаралық тепе-теңдікті қалыптастырады.

ХЕБ-еңбек бөлінісінің ең жоғарғы нысаны, яғни жекелеген елдердің ша-руашылыққа мамандануы, нақтылы өнім мен қызмет көрсетудің айырбасы, оның негізгі қызмет ету ортасы-дүниежүзілік нарық. Мұндай мамандану қа-лыптасу үшін қандай жағдайлар қажет десек, олар:

  1. елдің өзінің салыстырмалы ерекшелігі болуы (табиғи ресурс байлығы), басқа елдер алдында өндірістік өнім шығаруы қажет;
  2. сол шығарылған өнімге деген басқа елдердің қажеттілігі болуы керек;
  3. өнімге кеткен шығын оны сататын елге алып келгенде бастапқы бағасынан қымбат болу керек, яғни өнім өндірушіге табыс алып келу қажет.

ХЕБ уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Ол еңбек өнімділігін арттырады; экономикалық аудандарды қалыптастырады; өндіріс салаларын байланыстыра-ды және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарын нығайтады.

Экономикада, әлемдік өндірісте, саудада және де халықаралық экономи-калық байланыстардың басқа да формаларында әр елдің өз орны бар. Елдің да-му ерекшелігі, жалпы әлемдік шаруашылықтағы атаулы өзгеріске байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік байланыстар жүйесіне ай-тарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы және оның әрі қарай қалыптасуы ХЕБ-нің дамуы мен тереңдеуіне байланысты. Тарихи да-муына көз салсақ, оның қалыптасуы өндірістік капиталистік әдіспен басқару-дан басталып, әрі қарай дамуы обьективті бағытта кеңіп, халықаралық айырбас және территориялық еңбек бөлінісінде бүкіл дүние жүзі елдерін біртұтас мақ-сатқа жұмылдырып отыр. Еуропада капитализмнің қалыптасуы Еуропа халық-тарының әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың тарихи тағдырына ықпал етті.

ХVІ ғасырда дүниежүзілік нарық бірте-бірте қалыптаса бастады ( сауда-ның дамуы, теңіз саяхаты, құрлық ішіндегі байланыстар ) . ХVІІ ғасырда коло-ниялық тонаулар басталды. Сонымен, дүниежүзілік шаруашылық байланыста-рының дамуы өндіргіш күштердің дамуына ықпал етті. Нарықтың пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісі мен тауарлы өндірістің дамуымен байланысты. Тауар-лы өндірістің дамуымен нарықта өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін емес, сатуға арналған өнімдерді айырбастаудың әдісі дамыды. /3, 25-27/

Дамыған капиталистік тауарлы өндіріс жағдайында өнеркәсіп пен ауылша-руашылықтың әрбір саласы бір-біріне нарық болып табылады. Өндірістің ма-мандалған салаларға дифференциациясы қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңеюі мен тереңдеуін білдіреді. Еңбек бөлінісі тереңдеген сайын тауарлы өндіріс да-миды, ұлттық нарық пайда болады. Ал капиталистік өндірістің мамандануы же-ке елдердің шекарасынан шыққанда халықаралық айырбаспен толықтырылады, оның негізінде әлемдік нарық дамиды. Сөйтіп әлемдік нарық бір-бірімен тауар айырбасымен байланысқан жеке елдер нарығының жиынтығын білдіреді.

Әлемдік нарық - жеке елдердің халықаралық өндірістік мамандануына не-гізделетін және бір елдің өндірген өнімі екінші елдегі өндірген өніміне айыр-басталатын кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын сала. Әлемдік нарықтағы тауар айырбасы кеңейтілген ұдайы өнді-рістің үздіксіздігінен қамтамасыз етілетін процесс болып табылады.

Әлемдік нарықтың дамуына капиталистік өнеркәсіп әсер етті. Сөйтіп ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары әлемдік нарықтың айқындаушы белгісі басты дамы-ған капиталистік елдердің, әсіресе АҚШ пен Германияда, шаруашылық өмірін-де өнеркәсіптік капиталдың басымдылық орынға соңды бекітілуі болып табы-лады.

Қазіргі кезеңде әлемдік нарықтың қызмет ету ерекшілігіне байланысты ай-рықша белгілері бар. Бірінші белгісі капитализмнің тауарлы табиғатымен анық-талады. Оның мағынасы жеке елдер арасындағы экономикалық байланыс та-быстылық және тиімділік принципімен жүзеге асырылады. Әлемдік капиталис-тік нарық экономикалық артта қалған елдерге эксплуатациясын күшейту есебі-нен өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпорындардың табыс үлесін ұлғайтуда үлкен рөл атқарады.

Екінші белгісі өндіріс анархиясы мен бәсекелестік болып табылады, эконо-миканың әр түрлі салалары арасындағы өндіріс құралдарын үлестіру стихиялық түрде өтеді. Тауар өндірушілердің салалық орналастырудың айқындаушы фак-торы әрқайсысының табыс үлесі жоғары болатын қызмет аясына капитал салу мүддесі болады. Өндіріс құралдарын елдерде және жалпы әлемде әркелкі орна-ластыру өндірістің жеке сфераларында теңсіздікті туғыздырады.

Әлемдік нарыққа жеке елдер кәсіпорындары арасындағы бәсекелестік кү-рес әр уақытта тән болды. Қазіргі уақытта АҚШ, Жапония, Еуропалық одақтың елдері арасында бәсекелестік бар. Әлемдік капиталистік нарықта ұлттық үкі-меттермен немесе мемлекет блоктарымен қолдау алатын трансұлттық компа-ниялар басымдылық орын алып отыр. Әлемдік нарықтың келесі бір белгісі сыртқы сауда жүйесіне тауарлы өндіріс дамуының әр түрлі деңгейінде орналас-қан елдердің енуімен байланысты.

ХХ ғасырда әлемдік нарық бірнеше рет дағдарысты басынан кешірді. Бі-ріншісі 1914-1918 жж. болған әлемдік соғыспен байланысты, оның салдарлары әлемдік шаруашылықтың әрі қарай дамуына үлкен әсерін тигіздірді. Соғыс ұзақ мерзімге созылған халықаралық тауар айналымының бұзылуына алып келді. Тек 1924 жылы тауар айналымының көлемі соғысқа дейінгі болған көлеміне жетті.

Келесі дағдарыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, ол әлемдік на-рықтың құрылымына зор әсер етті. Бірақ 1945 жылдан кейін халықаралық тауар айналымының қалпына келуі бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бол-ған қалпына келуден тезірек өтті.

Соғыстан кейінгі жылдары әлемдік нарық империалистік державалардың отаршылдық жүйесінің күйреуімен байланысты қиындықтарға ұшырады. Со-ғыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгісі - оған дейінгі капитализм тарихында болмаған халықаралық сауданың дамуының жоғары деңгейіне жетуі. 50-ші жылдары экспорттың өсу қарқыны - 6%, 60-шы жылдары-8, 2%, 1973 жылы 9, 4% құрады.

Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтың айрықша белгісі өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тауарлар импортынан ұлттық нарықтарын қорғау және өз өнімін экспорттау күшеюінен сақтау шараларын жүргізуде маңызды орын алумен бай-ланысты. Төлем баланстарындағы теңсіздігінің өсуіне байланысты көптеген елдер протекционистік саясатты жүргізіп жатыр. Интеграциялық топтарға қа-тысушылар арасында бірте-бірте барлық сауда экономикалық кедергілер жойы-лады, бірақ үшінші елдерге қатысты кедендік баж және т. б. кедергілер унифи-кациясы жүргізіледі. Бұл шаралар әлемдік капиталистік нарығын монополиза-циялаудың жаңа түрін көрсетеді. Осы тендецияның нәтижесі өндірістің интер-национализациясы болып табылады. Осы уақытта айрықша монополиялық топ-тар пайда болды, олар шетел тауарладың өндірісі мен жеткізілуін монополия-ның қолына береді. /4, 60-68 б/ Осыған мысал ретінде мұнай жеткізілуін басшы-лыққа алған ОПЕК-ті келтіруге болады. Бұл мұнай нарығы жөнінде кейінгі бө-лімде толығырақ сөз қозғалады.

  1. Халықаралық мұнай мен газ нарықтарының пайда болуы

ХІХ ғасырдың орта шенінде мұнай әр түрлі медициналық ауруларды ем-деуге пайдаланûï, оның ішінде бас және тіс ауруларды, ас қазан ауруларын, ревматизмді åìäåäi. Сол кезде бұл дәріні «тау майы» деп атады. Ал енді осы мұнайды жарық көзі ретінде пайдалану мүмкіндігін Нью-Йорк зангері Джордж Биссел зерттей бастап, көптеген инвесторлардың көңілін аударды. Бірақ оған дейін Шығыс Еуропада кішігірім мұнай индустриясы өз жұмысын жасап жатты. Бұн-да тұрғылықты шаруалар өз қолымен құдық қазып, оның түбіндегі шикі мұнайдан керосин жасады. 1854 жылы керосин Венадағы ең басты тауар болды. Сөйтіп Бисселдің өз кәсіпорны ашылғанға дейін нарықта қымбат емес жарық майы - керосин пайда болды. Бисселдің мұнайды қазу арқылы емес, бұрғылау арқылы өндіру арзан және жеңіл екендігіне көзі жетті. Осы жолмен мұнай өнді-руге өз үлесін қосқан Эдвин Л. Дрейк болған. Кейін мұнай өндірісі кең дами бастады.

1883 жылы Рокфеллер Д. басымды мұнай каналдарына бақылау алды да Standard oil Trust ашты. 80-шы жылдары көптеген жеке ұсақ мұнай компания-лары пайда болды. 1871-72 жылдары Ресейде бірінші скважиналарда бұрғылау жасалды. Нобель ағайындылары мұнай өнеркәсібімен айналысып, Ресейде мұ-най сатуды өз қолына алды. Ротшильдер Бакуда батулық мұнай өндіру серік-тестігін құрды. Ресей мұнай өнеркәсібінің дамуы АҚШ-тың қорқынышын ту-ғыздырды. 1892-95 жылдары Нобельдер, Ротшильдер және Стандард мұнай өн-дірісінің ғаламдық жүйесін ұйымдастыру мен әлемді бөлу мәселесіне жақын келді. 1895 жылы АҚШ және Ресей мұнай өнеркәсібі атынан Стандард ойл Но-бельдер, Ротшильдермен келісім жасасты, келісім бойынша экспортталатын әлемдік мұнай сатудан 75% американдықтарға, 25%-ресейліктерге берілетін болды, бірақ бұл ресей жағының наразылығының салдарынын жүзеге аспады.

Голландиялық Роял Датч мұнай компаниясы өз бастауын 1890 жылы Шы-ғыс Азияда орналасқан Суматраның солтүстік-батысында Телага-Сайд деген концессияны иемденуден алды.

ХІХ ғасырдың соңында жарық керосин, газ және шаммен қамтамасыз етіл-ді. Жаңалық ашушы Томас Анва Эдисон электрэнергетиканы сала ретінде қа-лыптастырды. Сөйтіп мұнай нарығы сол кезде өте қиын жағдайда болды. Бірақ жаңадан шыққан іште жандырылатын двигательдер үлкен сұранысқа ие болды. 1905 жылы бензинді двигательдегі автокөлік индустриясы тез дами бастады.

Шелл және Роял Датч Шығыс Азия мен Ресей экспортын бақылап отыр-ды. ХІХ ғасырдың басында Роял Датч басшысы Детердинг «күш бірлікте» де-ген позициясымен өз қызметін бастады. Ол мұнай индустриясындағы тұрақты-лыққа үміттенді, Стандард ойл сияқты бағаның ауытқуларына бағынғысы кел-меді. Бірақ Детердинг Рокфеллердің бәсекелестіктің құралы ретінде баға төмен-детуін емес, бір-біріне бәсекелес болып келетін компаниялар арасында баға қа-лыптастыру жөніндегі келісім жасауға тырысты. Сөйтіп Шелл Роял Датчпен қосылып Бритиш Датч картелін, Бритиш Датч Ротшильдтермен қосылып «Эйншэтик петролеум» картелін құруды ұйғарып, 1902 жылы жаңа комиссия Ост Индияға мұнай өндірісін, Шығыс Азияға жеткізу және ост индиялық ке-росин мен бензинді Еуропаға жеткізуін бақылап отырды. Енді баға 60%-ке сұ-раныс пен ұсынысқа байланысты, ал 40% Шелл тарапынан бекітіліп отырды. 1910-1914 жылдары Роял Датч/Шелл Стандарт ойл бәсекелестігіне шыдау үшін олардың жерлеріне бет алды.

ХІХ ғасырдың басында Ресейде болған саяси, таптық тұрақсыздық ресей-лік мұнай өнеркәсібінің дамуын тежеп отырды. Мұнай өндіру және оны пайда-лану жүйесіз түрде қолдану нәтижесінде ашылған кен орындарының қорлары азая бастады, бұл мұнай экспортының төмендеуіне алып келді. Осы кезде Ру-мынияда жаңа мұнай кен орны ашылды. Бұл Стандарт ойл, Дойче банк, Роял Датчтың назарын аударды. /5, 32-96/

ХІХ ғасырдың басында Парсы шығанағында үлкен мұнай қорлары табыл-ған. Ағылшын «Берма ойл» көптеген қаражатын мұнай өндіруге құйды. Соның нәтижесінде «Ағылшын парсы мұнай компаниясы» құрылды. Ол кезде Парсы шығанағының солтүстігі ресейліктердің, оңтүстігі ағылшындардың ықпалында болды.

1914 жылы Британ империясының әскери-теңіз флоты түгелдей мұнай отынына көшті. Ал ағылшын-парсы мұнай компаниясының бақылау пакет ак-циялары ағылшын үкіметі қолында болды. І Дүниежүзілік соғыста қолданылған қарудың ерекшілігі Эрнест Свинтонның жасаған ішкі жану двигателі көмегімен танкті пайдалану болды. Ішкі жану двигательдерін тек жерде ғана емес, ауада да кең қолдану басталды. Мұнайды соғыста қолдану ең бірінші қажеттілікке айналғандықтан, одақтас мемлекеттерде мұнай жетіспеушілігі өріс алды. АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Италия 1918 жылы мұнай бойынша одақтастар-дың конференциясы өтті. Отын бойынша француз Бас комитетінің сенаторы Беранже кезінде айтқан: «Мұнай соғыс қаны ретінде, енді ол әлем қанына айналуда». Соғыс мұнайды кез келген ұлттық стратегияның басты элементіне айналдырды. Енді саясаткерлер мен бюракраттар соғыстан кейінгі әлем экономикасын тұрақтандыру мен ұлттық қуаттылығы үшін мұнайдың көп көлемдегі қа-жеттелігін түсініп, бір-бірінің арасында соқтығыстардың пайда болуына ұшы-рап отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР қаржы нарығы
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының қазіргі жағдайын талдау мен бағалау
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЕЙСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz