Валюталық нарық және валюталық операциялар
КІРІСПЕ
I ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Валюталық құндылықтар , валюталық курстар және аса бағалы
металдардың тезаврациясы.
1.2 Валюталық операцияларының мәні мен ерекшеліктері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ
ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің қаржылық дамуын
талдау.
2.1 Коммерциялық банктің шет ел валютасымен қызметінің
қаржылық көрсеткіштерін талдау..
ҚОРЫТЫНДЫ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынастар қатынасады. Олар келесі нысанда болады:
- халықаралық сауда;
- капитал экспорты және халықаралық несие;
- халықаралық валюта қатынасы;
- халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы;
- ғылым мен техника аумағындағы халықаралық айырбас;
Елдер арасындағы экономикалық байланыс валюта алмастыруды да қажет етеді.
Валюта (баға,құн)- мемлекеттің ақша бірлігі. Ұлттық экономикалық өзара тәуелділігінің күшеюі валюта экономикалық қатынастарын қалыптастырды. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып , ұлтық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды. Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.
Нарыққа өту кезеңінде ҚР-сы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі қажет . Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру , оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері
тұрды.

1. ҚР ''Банк және банк қызметi туралы'' Заңы 31 тамыз 1995 ж.
2. ҚР ұлттық Банкiнiң заң және нормативтiк актiлерiнiң жинақтары Алматы т.1-т.5.
3. Қазақстанның ұлттық Банкi 2004 жылғы есебi.
4. 2002 жылдағы Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң жылдық есебi. Алматы 2000 г.
5. Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң статистикалық бюллетенi 1996 год А.2000 г.
6. Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Жаршысы 2003 г.
7. Банковское дело. В.И.Колесникова. Л.П.Кроливецкая М.Финансы и статистика 1996 г.
8. Банковское дело. Справочное пособие лод редакцией Ю.А.Бабичевой М.Экономика 1993 г.
9. Долан Э.Дж.Кемпбелл К.Д.Д. Банковское дело и денежно-кредитная политика М.-Л.1991 г.
10. Егоров А.Е. «Проблемы деятельности коммерческих банков на современном этапе развития экономики //Деньги икредит //1995 г.6.-с.4.
11. О.И.Лаврушин . «Банковское дело ң Москва 2000г.
12. Банки Казахстана 1-12.Алматы 2000г.
13. Новейшие банковские технологии.1-12 .Москва 2000г.
14. Нысанбаев К.Тулембаева Ж. «Банки Казахстана и маркетингң. А.2001г
15. Каржы каражат .9-10.Алматы 2000г.
16. Тимоти У.Кох. «Управлени банкомң.-Уфа . Спектр.Часть 5.1993.
17. Парамонова Т.В. «Принципы регулирования банковской сферың //Деньги и кредит //б.-с.IО 1995.
18. Усоскин В.М. «Современный коммерческий банк управление и операций ңМ ИПЦ Вазар-ферро 1994г.
19. Банковские технологии 2002г.
20. Банковские технологии 2003г.
21. РЦБК 11.2003г.
22. Марченко Г.А. «Развитие банковского сектора в Казахстанең //Деньги и кредит //2000г.
23. Спицын Банковский маркетинг М.1993г.
24. «Банки и кредитная политика в условиях переходной экономики А.1995г.
25. «Основы банковского менеджмента под редакцией О.И.Лаврушина М., Инфра М.2002г.
26. Алехин Б.И.Рынок ценных бумаг ''Введение в фондовые операции'' М.Финансы и статистика ,1991г.
27. Миловидов В.Д. Современое банковское дело Опыт США М.Изд.-во МГУ ,1992г.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I Валюталық нарық жӘне валюталық операцияларДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Валюталық құндылықтар , валюталық курстар және аса бағалы
металдардың
тезаврациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2. Валюталық операцияларының мәні мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ
ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің қаржылық дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Коммерциялық банктің шет ел валютасымен қызметінің
қаржылық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған Әдебиеттер ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық
шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта
халықаралық экономикалық қатынастар қатынасады. Олар келесі нысанда
болады:
- халықаралық сауда;
- капитал экспорты және халықаралық несие;
- халықаралық валюта қатынасы;
- халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы;
- ғылым мен техника аумағындағы халықаралық айырбас;
Елдер арасындағы экономикалық байланыс валюта алмастыруды да қажет
етеді.
Валюта (баға,құн)- мемлекеттің ақша бірлігі. Ұлттық экономикалық өзара
тәуелділігінің күшеюі валюта экономикалық қатынастарын қалыптастырды. Әр
елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып , ұлтық заң негізінде
қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды. Халықаралық
валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін
реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.
Нарыққа өту кезеңінде ҚР-сы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы
кезеңінде валюталық саясат жүргізуі қажет . Қазақстанның алдында
шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын
қайта құру , оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері
тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап
өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары
мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда . Валюта қатынастарын
ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы
заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен
жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз
өзін ұллтық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта
резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң
бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір
жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы
болуы. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы”
жаңадан заң қабылданды.
ҚР-ның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі
элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған . Олар жоғарыда
айтылған заңға қоса “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” 1993 жылдың 13
желтоқсанындағы заң; “ҚР Ұлттық банкі туралы” 1995 жылдың 30 наурызындағы
заң; ”Банк және банк қызметі туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы заң;
“Бағалы қағаздар рыногы туралы” 2003 жылдың 16 шілдесіндегі заң; сонымен
қатар ҚР Президентінің жарлықтары , Үкімет қаулылары мен Ұлттық Банк
басқармасының нормативтік актілері (1994 жыылдың 24 қарашасындағы ҰБ
басқармасы бекіткен “ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі”).
Қазақстан заңдары бша валюталық реттеудің обьектісі болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар,
аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып
кету және жіберу тәртібін белгілеу б.т. Валюталық қатынастардың
субьектілері болып “резиденттер” және “резидент еместер” саналады.
ҚР-да негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық Банк саналады. Ол:
-шетел валютасының және шетел валютасындағы б.қ. айналысының сферасы мен
тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті
шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне де енгізеді;
-резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және
б.қ.-мен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді.
-резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды, беру, тіркеу
ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді.
-ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағасымен
белгілейді.
-алтын валюта активтерін құрап,солармен операциялар жүргізеді т.б.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттері жүргізеді. (Ұлттық банк және ҚР үкіметі). Бақылау
агенттері болып заң бша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар,
атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер
есептеледі.
Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
- жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған
қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы.
- резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін
орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын
сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру.
- шетел валютасымен жүргізілетін төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары
бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және обьективтілігі тексеріліп,
сонымен бірге резидент еместердің теңгемен жүргізген операциялары бша
бақылау жүргізіледі.
I Валюталық нарық жӘне валюталық операцияларДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
18 Валюталық құндылықтар, валюталық бағамдар және аса бағалы металдардың
тезаврациясы
Валюталық операциялар валюталық құндылықтардың қозғалысына байланысты.
Валюталық құндылықтарға шетелдік валюта, бағалы қағаздар, аса бағалы
металдар (алтын, күміс, платина т. б.), табиғи құнды тастар (алмаз, рубин,
изумруд т.б.) жатады.
Шетелдік валюта – бұл банкнот, қағаз ақша және монета
түріндегі шетелдік ақша белгілері. Валюта бір мемлекеттік және халықаралық
ұжымдық валюталарға бөлінеді.
Халықаралық ұжымдық валюта – бұл халықаралық ақшалай есептелген бірлік
және төлем құралы ретінде пайдаланылатын валюта. Ол әлемдік сауданың
жекелей аумақтарында ерекше дамыды. Мәселен, халықаралық валюталық қорға
кіретін елдер есеп айырысу үшін СДР; Еуропалық Одаққа кіретін елдер Евроны
қолданады.
Қолдану ортасы мен ретиміне байланысты валюта еркін айналыстағы,
жартылай айналыстағы және тұйық (айналмайтын) болып бөлінеді.
Еркін айналыстағы валюта (СКВ) - өзге шетелдік валюталарға еркін және
шексіз айырбасталатын валюта.
Жартылай айналыстағы валюта – бұл айырбастау операциялардың жекелеген
түрлері бойынша және белгілі ұстаушылар үшін валюталық шектеулер
қолданылатын елдерге тән валюта.
Тұйық валюта – бұл бір мемлекет шеңберінде жүзеге асырылатын және өзге
валюталарды айырбасталмайтын валюта.
Валюта ұлттық және резервтік деп екіге бөлінеді.
Ұлттық валюта – белгілі бір елдің ақша бірлігі болып табылады. ҚР-да
ақша бірлігі ретінде теңге табылады.
Резервтік валюта – халықаралық есеп айырусыларда қолданылатын әлемдік
саудада жетекшілік ететін елдерге тән валюта түрі. Бұл валютаны өзге
елдердің орталық банктері халықаралық есеп айрысуларды және несие бойынша
төлемдерді жүргізу үшін резервтік қор ретінде жинақтайды.
Қазіргі таңда резервтік валютаға ағылшын фунт стерлингі ,АҚШ доллры , неміс
маркасы,шейцария франкі , жапон иенасы кіреді.
Қазіргі уақытта әлемде ұлттық банктердің валюталық резервтерінде алтын
қызметіне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Көптеген елдер өзінің банктік
резервтерінде алтынды сатуда. Бұл жағдай алтын котировкасының күрт
төмендеуіне алып келеді. Мәселен, 1997- 1999жж. 1тройский унцияның бағасы
350-ден 260 долларға дейін төмендеді. Сондықтан көп елдер ұлттық банктің
қорындағы алтынның орнына басқа бағалы қағаздарды , валюталарды
айырбастауды қарастыруда.
Бір валюта бағасының басқа валютаға ара қатынасы валюталық бағамды
білдіреді , яғни валюталық бағам бір елдің валюталық құны, басқа елдің
валютасында бейнеленуі.
Валюталық бағамдар тұрақты және қалқымалы болады.
Тұрақты валюталық бағам заң тәртібімен бекітілген екі валютаның арасындағы
ресми қатынас.
Қалқымалы валюталық бағам саудада, валюталық биржаларда қалыптасады.
Яғни бұл жерде валюталар сауда нәтижесі негізінде жүзеге асырылады, валюта
бағамдарының ара қатынасы бекітіледі.
Мысалы 1 АҚШ доллары 139,80 тнг.
Кросс-бағам-екі валюта арасындағы ара қатынас бағытының,осы
валюталардың негізгі бағытын белгілеуде үшінші валютаға қатынасын анықтау.
Сондай-ақ валюталық бағамдық ағымды және форварды болып бөлінеді.
Ағымдағы бағам (ағыл. SPOT-қолма-қол)- қолма-қол бағам яғни кассалық
мәміле . Бұл бойынша екі күн ішінде есептеу жүргізіледі.
Форварды бағам (ағыл. Forward-алға) немесе жедел мәміле-бұл келісім
жасалған соң белгілі уақытта валюталық келісім бойынша есептеу үшін
қолданылатын валюталық бағам.
ҚР-да аса бағалы металдар мен тастар биржалары құрылған. Бұл биржада
шаруашылық субьектілер мен азаматтар аффинирленген аса бағалы металдардың
стандартты және өлшемді құймаларын,өңделмеген аса бағалы тастардың ,
құрамында аса бағалы металдар бар жартылай фабрикаттар мен монеталарды
айналысқа түсірумен байланысты келісімдер жүргізіледі . Бұл инвестициялық
құндылықтарды, яғни болашақ ақшаны жинақтауға көмектеседі.
Ақша қаражаттарын жинақтаудың бір әдісі, яғни капиталды шоғырландыру ,
аса бағалы металдардың (алтын мен күміс) тезаврациясы болып табылады. Алтын
тезаврациясы (грек. Thesaurus- қазына)-бұл жеке иеленушілердің алтынды
қазына немесе сақтандыру қоры ретінде жинау болып табылады.
Жеке иеленудегі алтын 2 негізгі формада: алтын монеталар және құйма
түріндегі негізінен банктерде сақталынады. Бұл құймалар несие капиталы
түрінде құрылмайды. Қазіргі таңда алтын тезаврациясы Вьетнамда ерекше
дамыған. Валюта тұрақсыздығы және инфляция кәсіпкерлер мен азаматтардың
баға өсімі, валюталық бағамның ауытқуы және т.б. жағдайларды алтыннан
сақтандыру қорын құруды тудырады.
Жеке иеленушінің алтынды жинау тенденциясы дамыған елдерде 70-
жылдардың ортасында күшейді. Бұл 1976ж. Ямайка валюта жүйесіне өтуден
бастау алды, яғни алтынға ресми бағаны өзгерту, алтынды нарықтық бағада
сату және сатып алуға рұқсат беру, орталық банктер мен үкіметттік ұйымдар
үшін долларды алтынға айырбастауды тоқтату жүзеге асырылды. Алтын тауар
ретінде нарықтық баға бойынша аса бағалы металдар биржаларында сатылады.
Алтын құны тек оның көлеміне байланысты болды.
Монеталар немесе құйма түріндегі алтын ыңғайлы салмақтың құраммен
иеленеді(тройская унция) 1 тройская унция 31,1034807 гр. құрады.
Аса бағалы металды монеталар жаппай тиражбен өндіріледі және құйма
металдар бағасына жақын баға бойынша сатылады.
Қазіргі уақытта көптеген тезавраторлар нақты металды өзінде
ұстамайды, олар банкте депокирленген алтынның орнына алтын сертификаты
куәлігін алады. Онда көрсетілген алтынның мөлшері нарықтық баға бойынша
еркін айырбасталмайды. Алтын сертификаттары оның иеленушісіне айтарлықтай
ыңғайлы басымдық береді: алтынды сақтау,сақтандыру бойынша қосымша
шығындардан және басқа да қиындықтардан арылуға мүмкіндік береді.
Металдық шот –бұл заңды не жеке тұлғалармен арнайы құзіретті
банктерде ашылатын шот болып табылады. Бұл шотта белгілі тұлағаға тиеселі
аффинирленген аса бағалы металдардың саны бейнеледі.
Афинирленген аса бағалы металдар – бұл тазалау дәрежесінен өткен және
халықаралық стандарттарға, ҚР стандарттарына жауап беретін бағалы металдар.
Ал бағалы металдарды лас қоспалардан тазалау немесе олардан ажыратып алу
процесі аффинаж деп аталады.
Аса бағалы металдармен операциялар Валюталық реттеу туралы ҚР
заңдарына және өзге де нормативті-құқықты актілерге сәйкес ж.а.
ҚР-да валюталық реттеудің негізгі органы ҚР-ның Ұлттық банкі б.т. және
ол өз құзіретін ҚР заңдарына сәйкес ж.а.
Арнаулы құзіретті банк – бұл Ұлттық банктен аса бағалы металдармен ,
шетел валюталарымен операцияларды ж.а. үшін лицензия алған банк.
Арнаулы құзіретті банктер жеке мен заңды тұлғаларға металдық шоттарды
ашады аса бағалы металдармен операциялар бойынша қаржылық бақылау агенттері
б.с. Заңды тұлғалар бағалы металдармен операцияларды жүргізу үшін лицензия
алуы қажет.
Арнаулы құзіретті банктер аффинирленген аса бағалы металдармен келесідей
операцияларды жүргізеді:
- Бастапқы саудада металдарды сатып алу бойынша;.
- Екінші нарықта металдарды сату-сатып алу бойынша;.
- Клиент тапсырысы арқылы металдарды сату-сатып алу бойынша;.
- Шетелге металдарды өткізу бойынша;.
- Өзге банк депозитіне металдарды орналастыру бойынша;.
- Металдың құнын қайта бағалау бойынша;.
Металдық шоттың 3 түрі бар : атаулы шот, иесіз қалған шот металдағы
шот , жауапкершілікті сақтау шоты.
Атаулы металдық шот тек жалғыз металды есептеу үшін қолданылады.
Иесіз қалған металдағы металдық шот – бағалы металдардың түрлеріне
тәуелсіз оның нақты мөлшерін есептеу үшін пайданылады.
Жауапты сақтаудың металдық шоты- жеке қасиеттерді сақтай отырып аса
бағалы металды банкке жауапты сақтауға беруді есептеу үшін клиент шоты.
Металдық шот- аса бағалы металдардың таза салмағымен анықталатын оның
саны көрсетілген банк шоты . Бұл шот депозитариде ашылады және оның
мазмұнында тек жалғыз сан – химиялық таза аса бағалы металдық грамм мөлшері
көрсетіледі. Демек металдардың шотта металл саны, ал банк қоймаларында
берілген метао эквиваленті сақталады .
Сату-сатып алу бша мәміле мерзімінде (жедел мәміле) не спот
жағдайында , яғни қолма-қол мәмілелер арқылы ж.а. мүмкін.
Сатып алушы нақты аффинирленген аса бағалы металдарды ставка бша ҚР-да
әрекет етуші заңдарға сәйкес сатушыға төлейді. Ал сатушы республика
аумағында металдарды сертификатталған қоймаға жеткізу шығындарын өз мойнына
алады.
Арнаулы құзіретті банк металдық шотты ашу металдық шотты ашу жөнінде
клиенттің тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Бұл кезде клиент банкке келесі
құжаттарды ұсынады:
ـ Шаруашылық субьектілер иеленушілердің шоттарындағы ақша шоттарының
толық ревизиттері көрсетілген нотриалды тіркелген карточка;
ـ металдық шот иеленушісінің карточкасында енгізілген жарғы тіркеу
туралы куәлік, лауазымды тұлғалардың бұйрықтарының көшірмелері;
ـ соңғы есептік мерзімдік баланс;
ـ азаматтар, төлқұжаттар немесе тұлғалылығын дәлелдейтін өзге құжат.
Шетелдік валюталарды сату-сатып алу бойынша операциялар мәмілесінің
2түрі бар: қолма-қол(спот) және жедел (форвардты). Спот (ағыл. Spot- қолма-
қол , бірден төленетін) мәміле жасасқан күнді есептемегенде екі жұмыс күн
ішінде валюта айырбасы жасалатын мәміле түрі. Валюталық ағымды бағамы “спот
бағамы” деп аталынады. Жедел не форврдты операция келісім ба жасасқан
төлемдер бекітілген мерзімде (1 аптадан 5жылға дейін) жүзеге асырылатын
мәміле түрі. Форвардты бағамның спот бағамынан ерекшелігі – оның форвардты
маржаның көлеміне бты. Маржа сыйақы түрінде болуы мүмкін, бұл кезде
форвардты бағам спот бағамынан төмен болады. Форвардты валюталық мәміле
негізінен төлемдерді сақтандыру үшін пайдаланылады.
Капиталдың еркін қозғалысы мен тұрақты экономика жағдайында форвардты
нарықтағы бағалар пайыз ставкасының айырмашылығына байланысты болады.
Форвардты бағам банктік несие бша пайыз ставкалар қатынасының спот
бағамының көбейтіндісіне тең.
С(1+а)
Ф= ------------
(1)
(1+Л)
Мұндағы, Ф-валютаның форвардты бағамы.
С-валютаның (спот) ағымды бағамы.
а- банкаралық несие бша пайыз ставкалары.
ЛИБОР ставкасы (банкаралық дкпозиттер бша Лондондық
ставка).
Спот пен форвард мәмілелерінің комбинациясы , сондай-ақ валюталық пен
депозиттік операциялардың үйлесуі, своп операциясы , валюталық арбитраж,
пайыздық арбитраж, валюталық спекуляция негігізінде болады.
Валюта конверсисы . Бұл әрекеттегі валюталық бағам бша бір валютаның
басқаға айырбасталуы б.т. Валютаны есептеумен бты бағамдық айырмашылықтар
иеленушінің шотына жатқызылады. Валюталық бағам – бұл бір валюта бағасының
басқа валютаға қатынасы. Валюталық бағам валютаны сатып алу қабілеттілігіне
сәйкес бекітіледі. Ол өте қозғалмалы. Оған төлем баланс жағдайы, инфляция
деңгейі, әрбір валютаға сұраныс пен ұсыныс ара қатынасы және т.б факторлар
әсер етеді.
ҚР Ұлттық Банкінде бекітілген теңгенің валюталық бағамы ресми бағам
б.т. Ұлттық Банк сондай-ақ шетелдік валюталар бағамының АҚШ долларына және
евроға ара қатынасы туралы ақпаратты жариялайды.
Мысалы, фунт стерлинг бағамының долларға шаққандағы бағамы 1,4330 .
Қолда 200 ф.ст. бар , ал бұл 286,6 долл. Құрайды.(200*1,4330)
Құзіретті банктер және айырбас орындары шаруашылық субьектілер мен
азамттарға валютаны сатып алуға-сатуға құқы бар. Валютаны сату-сатып алу
бағамдары жеке дара бекітіледі. Бұл жағдайда ҚР Ұлттық Банкі валюталарды
сату-сатып алудың арасы 10%-дан аспауы керек деп тұжырымдады.
Бұл маржа көлемі тоқсан сайын орташа құн ретінде не сол күні сатып
алынған валютаны сату арқылы анықталады.
Валюталық позиция- бұл шетелдік валюталардағы келісім арқылы
контрагенттердің талаптары мен міндеттері ара қатынастарының өзгерісі.
Банктің валюталық позициясы- бұл банкте қандай да бір валютаға деген
талаптарының бар болуы. Ал оның валюталық позиция белгілі валютаға талаптар
мен міндеттемелерінің үйлеспеуі, яғни валютаны сату-сатып алудың сәйкес
келмеуі б.т.
Валюталық позицияның 2 түрі болады : ұзын және қысқа. Ұзын позиция
сатып алудың сатудан асып түсуін білдірсе, қысқа позиция валютаны сатудың
сатып алудан асып түсуін білдіреді.
2. Валюталық операцияларының мәні мен ерекшеліктері
Своп (ағыл. Swap-айырбас,ауыстыру) екі субьектінің құрылымынжақсарту
және шығындар мен тәуекелділікті төмендету мақсатында олардың
міндеттемелері не активтерін айырбастау арқылы жүргізілетін валюталық
операция . Бұлардың ең кеңінен тарағаны валюталық своп және пайыздық своп,
сондай-ақ валюталы-пайызды және нольдік купонды своп.
Валюталық своптың 3 негізгі түрі бар:
1. валютаны бірқалыпты форвардты сату,сатып алу;
2. екі түрлі валютада бір уақытта берілетін несиелер;
3. бір валюта міндеттемелерін басқа валюта міндеттемелеріне айырбастау.
Валюталы своптың 1-түрі спот жағдайында валютаны сатып алу және сол
мезетте сол валютаны бір уақытта форвардты сатуды білдіреді және керісінше.
Своп операциясы халықаралық есептер, ағымды шотта белгіленген
қалдықтарды қолдау , валюталық қорларды диверсификациялау үшін, яғни
қорларды бір валютадан басқаға аудару үшін қажетті валютаны иелену
мақсатында ж.а. Своп операциясының негізгі мәні мынада , яғни бастапқы
валюта келісімдерінің аяғында белгілі уақытта бір-біріне екі валютаны
қайтаратын 2 банк арасындағы айырбас б.т. Айырбас екі қарама-қарсы
валюталық келісім түрінде жүргізіледі, яғни бір мерзімде жасалынады, бірақ
валютаны жеткізу мерзімдері әртүрлі: спот- бір мәміле арқылы, форвард-
басқа арқылы. Нәтижесінде банктер жедел мәміле бша сатып алған валютаны
сату мерзіміне дейін өздеріне алады.
Своп операциясы репорттың және депорттың 1-бөлігі б.т. Яғни валютаны
жедел сатып алу және қолма-қол сату комбинациясы б.т.
Валюталық своптың 3-түрінің мәні мынада: шаруашылық субьектінің неміс
маркасымен бейнеленген марксы бар. Валюталық тәуекел дәрежесін төмендету
мақсатында ол бұл облигацияны АҚШ долларымен бейнеленген облигацияға
айырбастайды.
Репорт- бағалы қағаз не валютаны иеленуші оларды банкке сатып ,
белгілі уақыттан кейін жаңа не жоғары бағаға оны қайта сатып алуды
көздейтін мәміле. Сату мен сатып алудың арасындағы айырма несиеге нақты
төлемді құрайды. Бұл айырма да репорт деп аталады.
Қайта сатып алу туралы келісім (РЕПО) бағалы қағаздарды қысқа мерзімді
кепілге ақша қорларын үлестіру әдісі ретінде туындады. Қор нарығының дамуы
репорт мерзімінің бірнеше айдан 1 күнге дейін қысқарылуына алып келді.
РЕПО келісімінде күрделі салымнан алынатын пайыздық табыс келесі
формуламен анықталады :
K*n*t
Д= ----------
(2)
100*360
Мұндағы, Д-пайыздық табыс сомасы, тг.
К- капитал сомасы,тг.
n- РЕПО келісімі бша пайыздық ставка.
t- репорт бша келісім уақыты.
360- қаржы жылындағы құн саны.
Депорт репортқа қарсы жедел мәміле б.т. Депортың мәні, бағамдық
айырымдар түрінде пайда алу мақсатында бағалы қағаздар бағамдарының
төмендеуіне бағытталады.
Пайыздық своптың мәні заемдық қорлар арқылы пайыздық ставкалармен,
айырбастаулармен сипатталады. Заемдық қорларды алған шаруашылық субьект
оларға пайызды төлеуі тиіс. Несиелеудің әртүрлі сызбалары бар. Яғни
несиелер былай берілуі мүмкін :
1. тұрақты пайыздық ставка арқылы;
2. қалқымалы пайыз ставка арқылы;
3. ЛИБОР-ға сүйенген ставка арқылы;
Өзгермелі ставкалы несие пайыздық ставка көлемінің өсуінен жоғалту
қарызданушыны тәуекелге тартады. Қарызданушы бұл тәуеклден айналып өту үшін
тұрақты пайыздық ставкалы несиені алуға тырысады. Алайда несиелік нарықта
заемдық құралдардың ұсынысы жеткіліксіз салдарынан қарызданушы тұрақты %
-дың ставкаға несиені таба алмауы мүмкін. Сондықтан қарызданушыға қалқымалы
ставканы міндеттемені тұрақты ставкалы міндеттемеге айырбастауына тура
келеді.
Екі жақтың негізгі несие сомаларының және пайыздың төлемдерінің
айырбасы туралы келісімі кезінде параллельдік насиелерді пайдалану
пайыздық своп атты операцияның пайда болуына әкелді. Пайыздық своптың
мәні мынада, яғни екі жақ бір – біріне келісілген сома негізгі сомадан
пайыздық ставкалардың айырмасына ғана аудару болып саналады. Бұл келісілген
сома негізгі сома деп аталады. Ол қолма – қол өтпейді, тек пайыздық ставка
сомасын есептеу үшін база ретінде қолданылады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz