Жалпы тарихтан дәрістер
1. тақырып. Кіріспе.
1. «Өркениет» ұғымы
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
I . БӨЛІМ. ЕЖЕЛГІ ӨРКЕНИЕТТЕР
2. тақырып. Ежелгі Шығыс өркениеті .
1. Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ерекшеліктері .
2. Ежелгі Шығыс қоғамындағы билік және қоғам.
3. тақырып. Ежелгі Грек өркениеті.
1. Крит. Микен өркениеті.
2. Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің ұлы жетістікері
4. Ежелгі грек өркениетінің көркеюі.
4. тақырып. Ежелгі Рим өркениеті.
1. Ерте Рим.
2. Рим империясы дәуірі.
3. Рим өркениетінің ерекшеліктері.
II . бөлім. Орта ғасырлық өркениеттер
5. тақырып. Византия өркениеті.
1. Византия .Рим империясының мұрагері.
2. Византиядағы әлеуметтік.экономикалық даму ерекшеліктері.
3. Византияның рухани өмірі.
6. тақырып. Орта ғасырлардағы батысеуропалық өркениет
1. Батысеуропалық өркениеттің негіздері.
2. Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктері.
3. Орта ғасырлардың рухани әлемі.
4. Ренессанс пен Реформация.
7. тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыс өркениеттері.
1. Шығыстағы орта ғасырлар дәуірінің хронологиялық шекаралары.
2. Қытай өркениеті және Жапон өркениеті.
3. Үнді өркениеті.
4. Араб. мұсылман өркениеті
III . бөлім. Жаңа дәуір және қазіргі заман өркениеттері
8. тақырып. Жаңа дәуірге өту кезеңі
1. Батыс Европа және АҚШ.та капитализмнің орнығу жолдары.
2. Ресейдің даму ерекшеліктері.
3. Жаңа дәуір адамы
9. тақырып. Индустриалды өркениеттердің қалыптасуы
1. Модернизация жолдары.
2. Индустриалды қоғамның рухани мәдениеті.
3. Жаңа дәуірдегі Шығыс өркениеттері және отарлық жүйе.
10. тақырып. ХХ ғасырдағы постиндустриялдык өркениет
1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
2. Индустриялды өркениетті елдердін әлеуметтік.экономикалық дамуы.
3. Ғылыми.техникалық прогрестің нәтижелері және салдарлары.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кеңес дәуірінде мән берілмейтін немесе қатты сынға алынатын әлемдік тарих ғылымындағы жаңа бағыттардың соңғы жылдары үлкен нәтижелерге жеткені белгілі. Олардың арасында, әсіресе, ХХ ғасыр тарихнамасындағы жетістіктер айтарлықтай. Атап айтқанда М. Вебердің «идеалдық типтер» және О. Шпенглердің «мәдени-тарихи» концепциялары, А. Тоинбидің «локальдық өркениеттер» және К.Ясперстің «осьтік уақыт» теориялары, «Анналдар» мектебінің ментальдық методологиясы тарихи процесті талдауда жаңа әдістерді ұсынады. Тарих ғылымының қазіргі заманғы мәселелерінің арасында тарихи зерттеудің өркениеттік теориясы айрықша маңызға ие.
Өркениет туралы түсінік алғаш рет антикалық дәуірде "Мемлекеттік", "Азаматтық", "Қалалық" деген мағынада қолданылып, "Варварлық", ""Жабайылық", "Дөрекі" түсініктеріне қарсы мағынада қолданылды. Антикалық тарихшылар үшін өркениетті дүние Жерорта теңізімен шектелді, ал оның сыртындағы халықтарды олар «варварлар» деп атады. Бұл орасан кеңістіктегі халықтардың көпшілігінде, ақиқатында да, алғашқы қоғамдық құрылыс сақталып қалған еді.
Ал өркениет теориясының қалыптаса бастағанына бір-неше ғасырлар болды. Бұл процесс қазірге дейін жалғасуда. XVIII ғасырдың француз ағартушылары қолдана бастаған «өркениет» термині дәл сол кездің өзінде тарих ғылымына оның маңызды түсінігі ретінде енді. А. Фергюсон "Тек жандылар ғана өсіп-өніп қана қоймай адамзат баласы да дөрекіліктен өркениетке қарай өсуде" деп өркениеттің маңызын белгіледі. Алғашқы қоғам кезіндегі жабайлық жеке меншіктің шығуымен заңсыздық пен жалпы дұшпандыққа жол берді. Бұл туралы ХVІІ ғ. ағылшын философы Т. Гоббс "Адамзаттың әлемге қарсы соғысы" деп танымдап, сол кезеңдегі ағартушылардың негізгі көзқарасын білдірді. ХVІІІ ғ. аяғында ілгерілеу туралы түсінік өзгеріске ұшырай бастады. Ж. Ж. Руссо (1712-1772ж.ж.) "Адамзаттың дамуы мен өркениетке қол жеткізуі қоғамды жақсылыққа апармайтындығы" туралы өз пікірін білдірді. Өркениет адамдар арасындағы қарапайым қатынасқа зиянын тигізіп, теңсіздікті ұлғайтады. Ж. Ж. Руссоның көзқарасы бойынша "өркениет – бұл жамандық, адамзаттың қартайған шағы" деп саналды. Руссоның теориясы тек философияға ғана емес сонымен қатар әдебиетке де ықпалын тигізіп, өркениетті адамға қарама-қарсы мейірімді жабайы адам туралы түсінік қалыптастырды.
Бүкіл XIX ғасыр бойы батысеуропалық тарихшылар өркениет тарихы бойынша іргелі тарихи еңбектер жазып шығарды. Олардың арасында Франсуа Гизоның «Европадағы өркениет тарихын» және «Франциядағы өркениет тарихын», Джордж Бокльдің – «Англиядағы өркениет тарихын» атап өтсе болады. Француз тарихшысы Жорж Кондорсэ де өзінің «Адамзат санасы дамуының тарихи суретінің эскиздері» кітабында осы методологияны қорғауға тырысты.
Солай етіп, өркениет теориясымен ағарту дәуірінен бастап қазірге дейін ірі тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар айналысып келуде. Жаңа теориялар ескілерін бүтіндей ығыстырып шығармастан, көбірек бірін-бірі толықтырып немесе қатар өмір сүріп келуде. Олардың арасында екі негізгісін айыру мүмкін: өркениеттің сатылық дамуы теориясы және локальды өркениеттер теориясы.
Сатылық теория өркениетті белгілі бір кезеңдерге бөлінетін адамзаттың прогрессивтік дамуының біртұтас процесі деп зерттейді. Бұл процесс өте көне заманда, алғашқы қоғам ыдырай бастаған уақытта, адамзаттың бір бөлімі өркениеттік жағдайға өткенде басталды. Ол бүгін де жалғасуда. Осы уақыт ішінде адамзаттың өмірінде үлкен өзгерістер болып өтті. Олар әлеуметтік - экономикалық қатынастарды да, рухани және материалдық мәдениетті де қамтыды.
Ғалымдар әдетте бүкіләлемдік өркениеттік дамуды үш негізгі сатыға бөліп қарайды: индустрияға дейінгі, индустриялық немесе машиналық және постиндустриялық. Бұл сатыларды «өркениеттер» деп атау қалыптасқан: «Индустрияға дейінгі өркениет», «Индустриялық өркениет» т.б. Онша қолайлы атама болуына қарамастан, қазіргі кезде осындай терминология қалыптасқан.
Адамзат тарихының бұлай кезеңдестірілуі, әрине, мінсіз емес және біраз нақтылауды талап етеді. Бұл, бірінші кезекте, индустрияға дейінгі, бірнеше мыңжылдықтарды қамтитын сатыға тиісті.
Локальды өркениеттер теориясы белгілі бір аймақта орналасқан, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың өзіндік ерекшеліктеріне ие тарихи қалыптасқан үлкен бірлестіктерді зерттейді. Локальды өркениеттер - бұл тарихтың жалпы ағымын құрайтын бірлестіктер. Әдетте локальды өркениеттер мемлекеттің шекарасымен сәйкес келеді. Бірақ барлық уақытта олай емес. Мысалы, Батыс Еуропаны ғылымда бір өркениет деп қарау қалыптасқан. Себебі, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшелігінің болуына қарамастан оларды басқа өркениеттерден айырып тұратын көп санды жалпы белгілері бар.
Локальды өркениеттер күрделі жүйелер болып, оның ішінде әр түрлі «компоненттер өз ара бір- біріне әсер етеді: географиялық орта, экономика түрі, әлеуметтік құрылым, заңгерлік, шіркеу, дін, философия, әдебиет, өнер, адамдардың тұрмысы, олардың әдет-ғұрып қағидалары және тағы басқалар». Әрбір компонент өзінде сол локальды өркениеттің ерекшелігін алып жүреді және ол ерекшелік айтарлықтай бекем болады. Әрине уақыт өтуімен өркениеттер өзгереді, сыртқы әсерге ұшырайды, бірақ оның негізі сақталып қалып, бір өркениет басқа өркениеттен бәрібір айырмашылық етеді.

Негізгі:
1. Бадак А.Н. с.
2. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 1. Цивилизации Древнего Востока. М.,2006.
3. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 2. Античная цивилизция.М.,2006,
4. Гребенюк А.В. Курс лекций по истории мировых цивилизаций. Часть 3. Цивилизации средневековой Европы. М., 2006,
5. Древнейшие цивилизации. Под ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., Мысль, 1989
6. Яковец Ю.В. История цивилизации. М., Владос, 1997
7. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М., Политиздат, 1992
8. Ле Гофф Ж. Цивилизация средневекового Запада. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992
9. Лернер М. Развитие цивилизации в Америке. Образ жизни и мыслей в современных Соединенных Штатах. М., Радуга, 1992
Қосымша:
10. Беляев Е.А. Арабы, ислам и Арабский халифат в раннее средневековье. М., Наука, 1965
11. Большаков О.К. История халифата. Т.1. М., 1989
12. Бонгард-Левин Г.М., Ильин Г.Ф. Индия в древности. М., Наука, 1985
13. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. ХI-ХIІІІ вв. Пер. с фран. М., Прогресс, 1992
14. Всемирная история до ХХ столетия. Систематический справочник. М., 1997
15. Громыко А.А. Внешняя экспансия капитала: история и современность. М., Мысль, 1982
16. Гумилев Л.Н. Хунну. М., 1994
17. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т. 1-4. М., Наука, 1989
18. История средних веков. Под ред. С.Д. Сказкина. т. 1-2. М., Высшая школа, 1977
19. История Китая с древнейших времен до наших дней. Учебное пособие. М., Наука, 1974
20. Качановский Ю.В. Рабовладение, феодализм или азиатский способ производства? Спор об общественном строе древнего и средневекового Востока, доколониальной Африки и доколумбовой Америки. М., Наука, 1971
21. Ковалев С.И. История Рима. Курс лекций. Л., ЛГУ, 1986
22. Матошко И.В. Жизненные ресурсы земли. Минск, 1989
23. Массон В.Н. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976.
24. Мец А. Мусульманский ренессанс. М., ВиМ, 1973
25. Миронов Б.Н. Социальная история России. (ХIІІІ-начало ХХ в.). Генезис личности демократической семьи, гражданского общества и правового государства. М., 1999
26. Никифоров В. Восток и всемирная история. М., Наука, 1977
27. Очерки истории арабской культуры I-ХI вв. М., Наука, 1982
28. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., Высшая школа, 1977
29. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М., Наука, 1966
30. Сергеев В.С. История древней Греции. М., 1963
31. Шнирельман В.А. Возникновение производящего хозяйства. М., 1989.

12.ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1- тақырып. Кіріспе.
1. Өркениет ұғымы
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Кеңес дәуірінде мән берілмейтін немесе қатты сынға алынатын
әлемдік тарих ғылымындағы жаңа бағыттардың соңғы жылдары үлкен нәтижелерге
жеткені белгілі. Олардың арасында, әсіресе, ХХ ғасыр тарихнамасындағы
жетістіктер айтарлықтай. Атап айтқанда М. Вебердің идеалдық типтер және
О. Шпенглердің мәдени-тарихи концепциялары, А. Тоинбидің локальдық
өркениеттер және К.Ясперстің осьтік уақыт теориялары, Анналдар
мектебінің ментальдық методологиясы тарихи процесті талдауда жаңа әдістерді
ұсынады. Тарих ғылымының қазіргі заманғы мәселелерінің арасында тарихи
зерттеудің өркениеттік теориясы айрықша маңызға ие.
Өркениет туралы түсінік алғаш рет антикалық дәуірде "Мемлекеттік",
"Азаматтық", "Қалалық" деген мағынада қолданылып, "Варварлық",
""Жабайылық", "Дөрекі" түсініктеріне қарсы мағынада қолданылды. Антикалық
тарихшылар үшін өркениетті дүние Жерорта теңізімен шектелді, ал оның
сыртындағы халықтарды олар варварлар деп атады. Бұл орасан кеңістіктегі
халықтардың көпшілігінде, ақиқатында да, алғашқы қоғамдық құрылыс сақталып
қалған еді.
Ал өркениет теориясының қалыптаса бастағанына бір-неше ғасырлар
болды. Бұл процесс қазірге дейін жалғасуда. XVIII ғасырдың француз
ағартушылары қолдана бастаған өркениет термині дәл сол кездің өзінде
тарих ғылымына оның маңызды түсінігі ретінде енді. А. Фергюсон "Тек
жандылар ғана өсіп-өніп қана қоймай адамзат баласы да дөрекіліктен
өркениетке қарай өсуде" деп өркениеттің маңызын белгіледі. Алғашқы қоғам
кезіндегі жабайлық жеке меншіктің шығуымен заңсыздық пен жалпы дұшпандыққа
жол берді. Бұл туралы ХVІІ ғ. ағылшын философы Т. Гоббс "Адамзаттың әлемге
қарсы соғысы" деп танымдап, сол кезеңдегі ағартушылардың негізгі көзқарасын
білдірді. ХVІІІ ғ. аяғында ілгерілеу туралы түсінік өзгеріске ұшырай
бастады. Ж. Ж. Руссо (1712-1772ж.ж.) "Адамзаттың дамуы мен өркениетке қол
жеткізуі қоғамды жақсылыққа апармайтындығы" туралы өз пікірін білдірді.
Өркениет адамдар арасындағы қарапайым қатынасқа зиянын тигізіп, теңсіздікті
ұлғайтады. Ж. Ж. Руссоның көзқарасы бойынша "өркениет – бұл жамандық,
адамзаттың қартайған шағы" деп саналды. Руссоның теориясы тек философияға
ғана емес сонымен қатар әдебиетке де ықпалын тигізіп, өркениетті адамға
қарама-қарсы мейірімді жабайы адам туралы түсінік қалыптастырды.
Бүкіл XIX ғасыр бойы батысеуропалық тарихшылар өркениет тарихы бойынша
іргелі тарихи еңбектер жазып шығарды. Олардың арасында Франсуа Гизоның
Европадағы өркениет тарихын және Франциядағы өркениет тарихын, Джордж
Бокльдің – Англиядағы өркениет тарихын атап өтсе болады. Француз
тарихшысы Жорж Кондорсэ де өзінің Адамзат санасы дамуының тарихи суретінің
эскиздері кітабында осы методологияны қорғауға тырысты.
Солай етіп, өркениет теориясымен ағарту дәуірінен бастап
қазірге дейін ірі тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар айналысып
келуде. Жаңа теориялар ескілерін бүтіндей ығыстырып шығармастан, көбірек
бірін-бірі толықтырып немесе қатар өмір сүріп келуде. Олардың арасында екі
негізгісін айыру мүмкін: өркениеттің сатылық дамуы теориясы және локальды
өркениеттер теориясы.
Сатылық теория өркениетті белгілі бір кезеңдерге бөлінетін
адамзаттың прогрессивтік дамуының біртұтас процесі деп зерттейді. Бұл
процесс өте көне заманда, алғашқы қоғам ыдырай бастаған уақытта, адамзаттың
бір бөлімі өркениеттік жағдайға өткенде басталды. Ол бүгін де жалғасуда.
Осы уақыт ішінде адамзаттың өмірінде үлкен өзгерістер болып өтті. Олар
әлеуметтік - экономикалық қатынастарды да, рухани және материалдық
мәдениетті де қамтыды.
Ғалымдар әдетте бүкіләлемдік өркениеттік дамуды үш негізгі
сатыға бөліп қарайды: индустрияға дейінгі, индустриялық немесе машиналық
және постиндустриялық. Бұл сатыларды өркениеттер деп атау қалыптасқан:
Индустрияға дейінгі өркениет, Индустриялық өркениет т.б. Онша қолайлы
атама болуына қарамастан, қазіргі кезде осындай терминология қалыптасқан.
Адамзат тарихының бұлай кезеңдестірілуі, әрине, мінсіз емес
және біраз нақтылауды талап етеді. Бұл, бірінші кезекте, индустрияға
дейінгі, бірнеше мыңжылдықтарды қамтитын сатыға тиісті.
Локальды өркениеттер теориясы белгілі бір аймақта орналасқан,
әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың өзіндік ерекшеліктеріне ие
тарихи қалыптасқан үлкен бірлестіктерді зерттейді. Локальды өркениеттер -
бұл тарихтың жалпы ағымын құрайтын бірлестіктер. Әдетте локальды
өркениеттер мемлекеттің шекарасымен сәйкес келеді. Бірақ барлық уақытта
олай емес. Мысалы, Батыс Еуропаны ғылымда бір өркениет деп қарау
қалыптасқан. Себебі, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшелігінің болуына
қарамастан оларды басқа өркениеттерден айырып тұратын көп санды жалпы
белгілері бар.
Локальды өркениеттер күрделі жүйелер болып, оның ішінде әр
түрлі компоненттер өз ара бір- біріне әсер етеді: географиялық орта,
экономика түрі, әлеуметтік құрылым, заңгерлік, шіркеу, дін, философия,
әдебиет, өнер, адамдардың тұрмысы, олардың әдет-ғұрып қағидалары және тағы
басқалар. Әрбір компонент өзінде сол локальды өркениеттің ерекшелігін алып
жүреді және ол ерекшелік айтарлықтай бекем болады. Әрине уақыт өтуімен
өркениеттер өзгереді, сыртқы әсерге ұшырайды, бірақ оның негізі сақталып
қалып, бір өркениет басқа өркениеттен бәрібір айырмашылық етеді.
Өркениет термині де бірнеше мағынада қолданылады. Л.Морган,
Ф.Энгельс, А.Тоффлер оны адамзат ілгерілеуінің тарихи даму сатысы деп
түсіндірсе, А.Тойнби мәдениет дамуының синонимі немесе жекелеген аймақтар
мен этностардың даму көрсеткіштері деп топшалайды; О.Шпенглер Батыстың
сөнуі деген еңбегінде жекелеген мәдениеттердің дамуы мен бірте-бірте
жойылуы деген қорытынды жасайды; П.Сорокин өркениетті мәдени супержүйе
деп те атайды және мәдениетті сапалық жүйесіне қарай үш типке бөледі.
Курстың негізгі мақсаты- студенттерді әлемдегі ең ірі
өркениеттердің ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың аяғына дейінгі тарихы туралы
ұғым беру, дүниежүзілік өркениеттік процесстің заңдылықтары және
бағыттарымен таныстыру. Осы пән барысында олар әлемдік өркениет, оның
даму сатылары, локальдық өркениеттер, олардың түрлері және ерекшеліктері,
қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары сияқты көптеген маңызды мәселелер
бойынша ғылыми мәліметтермен танысуға мүмкіндік алады.
Курстың пререквизиті (оқылып отырған курсты меңгеру үшін қандай
білім мен дағды керек). Әлемдік өркениет тарихы курсы - әртүрлі
бағдардағы тарихшы мамандар дайындаудағы таңдау компонентіне қарасты оқу
пәндерінің бірі. Бұл курсты оқып – үйрену үшін студенттер философия,
әлеуметтану, әлем тарихы, Қазақстан тарихы пәндері бойынша белгілі
деңгейде білім қорына ие болуы қажет.
Курстың постреквизиті (курсты меңгергеннен кейін қандай білімге ие
болады). Курс соңында студенттер әлемдегі ең ірі өркениеттердің ежелгі
дәуірден ХХ ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, дүниежүзілік өркениеттік
процесстің заңдылықтары және бағыттары туралы ғылыми факттерге негізделген
кең ұғымға ие болады
I – БӨЛІМ. ЕЖЕЛГІ ӨРКЕНИЕТТЕР
2- тақырып. Ежелгі Шығыс өркениеті .
1. Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ерекшеліктері .
2. Ежелгі Шығыс қоғамындағы билік және қоғам.
Біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықтан бастап адамзат алғашқы
қоғамнан өркениетке өте бастады. Бұл процесс өте ұзаққа созылды әрі
біркелкі болмады. Дамудың әртүрлілігі табиғи жағдайларға байланысты болып,
бірінші өркениеттер алып өзендер алқаптарында пайда болды. Ніл, Тигр,
Евфрат, Үнді, Янцызы сияқты өзен бойларында егіншілікпен қатар су
жолдарының болуы өркениеттің дамуына әсер етті. Ыстық ауа егістікке ыңғайлы
болғанымен батпақты алқаптардың көп болуы, бұл жерлерді құрғатудың ұзақ
мерзімге созылуы, бірнеше ұрпақтың тер төгуіне себепкер болып, аграрлық
төңкерісті тудырды.
Б.з.д. III мыңжылдықтың басында Мысыр және Қосөзен, б.з.д. II
мыңжылдықта Үнді мен Қытай өркениеттері қалыптасты. Шамамен осы уақыттарда
Батыс Азия алқаптарында Хет, Финикия, ежелгі еврей өркениеттері пайда
болды. Б.з. I- мыңжылдығында Ежелгі Иран өркениеті туындады.
Географиялық орналасуына қарай ежелгі өркениеттердің өзіне тән
шаруашылықтары қалыптасты. Ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің тұжырымдауы
бойынша "бұл өркениеттер сұраныс пен жауаптан тұрды" яғыни орналасқан
жеріне байланысты күнелтті.
Жазудың ойлап табылуы, ғылыми білімдердің жиналуы, қала мәдениеті және
мемлекеттің қалыптасуы, алып сәулет құрылыстарының пайда болуы Ежелгі Шығыс
өркениеттерінің барлығына ортақ құбылыстар.
Жергілікті өркениеттердің қаншалықты әр түрлі болуына қарамастан,
Шығыс пен Батыс елдері арасындағы негізгі өзгешелік о бастан-ақ байқалды.
Шығыс елдеріне тән суармалы егіншілік шаруашылығы көпшілікті бір мезгілде
егіншілік жұмыстарына ұйымдастыру қажеттілігін тудырды. Сондықтан да бұл
жерде басқару жүйесінің ерекше түрі-деспотия қалыптасты. Деспотияның
ерекшелігі-ел билеушісінің толық билікпен қатар бүкіл мемлекет жерінің иесі
болып саналуында. Олардың билігі шексіз болып, құдай қатарына да
жатқызылды. Ежелгі Мысыр перғауындары билікті құдайдан алған және өздері де
құдайдың жердегі көлеңкесі болып саналса, Қытайда ел билеушілері "Аспан
ұлы" деп сипатталған. Веда жазбаларында раджалардың құдайлардың денесінен
жаралғандығы туралы айтылады. Бұл билік түрі пирамидаға ұқсас болып
ең жоғарғы жағында деспот, одан төменірек абыздар мен ақсүйектер, ал ең
төменгі жағында құлдар мен шаруалар орын алған.
Солай етіп, ежелгі Шығыс өркениеттерінің пайда болуы және дамуы
барысында олардың көптеген жалпы белгілерін байқаймыз. Оларға
монументалдық сәулет құрылыстарының, қалалардың және қала мәдениетінің
пайда болуы, ғылыми білімдердің жиналуы, жазудың пайда болуы, заңдар және
мемлекет жүйелерінің қалыптасуы және т.б. жатады. Сонымен қатар бұл
өркениеттер өзіндік ерекшеліктерге де ие.
Алғашқы заңдар өркениетті елдердің ішінде шығыс халықтарында ұзақ
мерзімге созылған даму сатысынан соң ғана қалыптасты. Ежелгі Шығыс
елдерінің заңдары қазіргі кезеңдегі құқықтың іздерін де тасыды. Мысалы
Вавилон билеушісі Хамураппи (б.з.д. 1792-1750ж.ж.) заңдарында "құдайдың
берген билігіне сүйене отырып өз қоластымдағылардың жағдайын ойлауым керек"
деген. Заңдарды қабылдай отырып билеушілер қол астындағы адамдарына сенім
мен қорғаныш берді. Бұл заңдар көбінесе заманына сай қанға-қан, жанға-жан
негізінде жазылды. Шығыс заңдарына тән әйелдердің ерлерден төмен тұруы
ежелгі заманда-ақ белгілі болған.
Ежелгі дүниеде орталықтанған ірі мемлекеттер әлдеқайда өміршең болып,
ұсақтары тез жоғалып кетіп отырды. Б.з.д. II мыңжылдықта абыздар билікке
таласа бастады. Бұл құбылысты Мысырда, Қытай мен Үндістанда байқаса
болады. Құлдық психологияның әсерінен Шығыс елдерінде басқару ісіне тек
абыздар мен ақсүйектер ғана араласа алды. Кедейлер тек баю арқылы ғана өз
балаларына жеткілікті білім беру және мемлекеттік іске көтерілу
мүмкіндігіне ие бола алды.
Б.з.д. IV ғасырда Қытайда Шан Ян реформасы ақсүйектерге қарсы жай
халықтарды шығаруға тырысқанымен бұл өзгеріс тек уақытша жетістіктерге ғана
жеткізді. Жеке тұлғалардың жетістіктерін шыққан тегіне қарамастан бағалау
Шығыс елдерінде байқалды. Мемлекет ішіндегі қатаң сақталған иерархиялық
жүйе билеушілердің кепілі болды. Бұл алаңда ерекше көзге түскен ежелгі
өркениет Үндістан болып, касталық жүйенің (4 басты каста: Брахман, кшатрий,
вайши, шудра) қатаң қадағалауы нәтижесінде ғасырларға созылған мемлекеттік
жүйе қалыптасты.
Ежелгі Шығыс өркениеттері адамдарының өмірінде дін ерекше орынға ие
болған. Шығыс діндері аңыздардан бастау алады. Бізге дейін жетіп келген
аңыздар сол кездегі адамдардың өздерін қоршаған ортаның бір бөлігі деп
сенгенін, табиғатты құдай дәрежесіне көтергенін көрсетеді. Табиғат күштері
құдай бейнесіне енген кезде түрлі көріністер алды. Ең көп тараған тотемизм
сенімі болып, Мысырда құдайлар түрлі жануарлар түрінде бейнеленді. Олардың
о дүние туралы түсініктері де түрлі болып, өлімнен кейінгі өмірге сенді.
Мысырлықтар сенімі бойынша батыста өлілер патшалығы орын алып, ол жақта да
өздері сияқты өмір сүріп жатқандығына сенді. Дінге сену арқылы адамдар
өздері байқамастан кейбір ғылымдармен де шұғылдана бастады. Ғылым дінге
қарсы келмегендіктен екеуі қосарласа дамыды. Бұл жағдай б.з.д. ҮІІІ-ІІ
ғасырларда өзгерді. Даму барысында ғылым аңызға негізделген дінді
ығыстыра бастады. Енді дін этикаға негізделіп, белгілі бір даму сатыларынан
өте бастады. Өркениеттанушы ғалымдар діннің бұл түрін құтқарушы деп
атайды. Үндістандағы буддизм, Қытайдағы конфуциандық, Ирандағы зороастризм,
Палестинадағы иудаизм осы діндер қатарына жатып, өркениеттің бұдан кейінгі
дамуына тікелей әсер етті.
3- тақырып. Ежелгі Грек өркениеті.
1. Крит- Микен өркениеті.
2. Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің ұлы жетістікері
4. Ежелгі грек өркениетінің көркеюі.
Б.з.д. III м.ж. ақыры- II м.ж. басы Еуропа тарихында ең маңызды кезең
болып саналады. Өйткені дәл осы уақытта Крит аралы мен Балқан түбегінің
оңтүстік бөлімінде алғашқы өркениет қалыптасады. Оны әдетте Крит- Микен
өркениеті деп атайды. Крит аралында бірінші мемлекеттер осы уақытта пайда
болады. Алғаш олар төртеу болған. Кносс, Фест, Маллия және Като – Закро сол
мемлекеттердің орталықтары болған. Крит -Микен қоғамының өмірінде сарайлар
маңызды рөл ойнаған. Олардың арасында Кносс және Тиринф сарайлары жақсы
зерттелген. Археологиялық қазба жұмыстары тас төселген көшелер, бір- неше
қабатты сарайлар және үйлерді, түрлі зергерлік және қыш бұйымарды табуға
мүмкіндік берді. Сарайлар сумен қамтамасыз ету және лас суды шығару
жүйелеріне ие болған. Ең ежелгі Крит жазуының пайда болуы да осы кезеңмен
байланысты (сызықты А жазуы). Кейінірек Балқан түбегі гректері бұл жазуды
өздерінің тілдеріне бейімдестіріп алған (сызықты Б жазуы ). Крит
өркениетінің көркею кезеңі б.з.д. XVI – XV ғ. бірінші жартысына, ал Микен
өркениетінің көркею кезеңі б.з.д. XV – XІІІ ғ.сәйкес келеді. Б.з.д. XV ғ.
аяғында Крит өркениетінің жойылуына себеп болған апатшылық жүз береді.
Солтүстіктен келген грек дорий тайпалары шапқыншылығы нәтижесінде б.з.д.
XІІІ ғ. аяғында Микен өркениеті де жоқ болып кетеді.
Б.з.д. VIII-VI ғасырлар грек тарихында архаикалық кезең деп аталады.
Ғалымдардың пікірі бойынша бұл – антикалық қоғамның қалыптасу кезеңі. Осы
үш ғасыр барысында антикалық қоғамның техникалық негіздерінің сипатын
анықтап беруші көптеген аса маңызды ашылымдар жасалды, антикалық қоғамға
өзіндік ерекшелік беруші әлеуметтік- экономикалық және саяси құбылыстар
дамыды. Бұлар: классикалық құлшылық, ақша айналымы және нарықтық жүйе;
саяси ұйымның негізгі түрі – полис; халық суверенитеті концепциясы және
басқарудың демократиялық формасы. Антикалық мәдениеттің негізгі феномендері
– философия мен ғылым, әдебиеттің басты жанрлары, театр, ордерлі
архитектура, спорт пайда болды. Бұл дәуірдегі грек мәдениетінің ең ұлы
жетістігі жазудың қарапайым әдісі - алфавит жазуының жаратылуы болды.
Өркениет шекаралары Балқан түбегінің оңтүстігінен бастап Кіші Азияға
дейінгі жерлерді қамтыды. Б.з.д. 500 жылы Грек колонизациясы басталып, олар
Жерорта теңізі аймағына қоныстана бастады. Алғаш қоныс аударғандар
экономикалық жағдайына көңілі толмағандар болып, Грецияның әлеуметтік
жағдайын әлсіретіп кетті. Ең маңыздысы гректер теңіз саудасына ден қойды.
Теңіз саудасы кеме жасау мен қолөнердің дамуына әсер етіп қана қоймай,
халық арасында табиғаттың алапат күшіне қарсы күресуге деген құлшынысты
оятып, бәсекелестіктің туындауына себеп болды. Олимпиада ойындарының
Грецияда туындауы бәсекелестіктің нәтижесінде болған еді.
Ежелгі Грециядағы қоғам Шығыспен салыстырғанда әлдеқайда өзгеше
болатын. Тек ауылдық емес, бұл жерде полистік жүйе қалыптасты. Полис -
қалалар өз ішінде жеке мемлекет статусын қолданып, қала азаматтары
өздерінің тең құқықты екендігіне, әрі жеке меншіктерінің қорғаулы
екендігіне сенімді болды. Олардың тек Грецияда пайда болуының негізгі
себебі бұл елдің географиялық орналасуына байланысты бір орталыққа бағынған
мемлекеттің және билеушінің болуы мүмкін еместігінде болды. Алғашқы
кезеңдерде тек жалғыз билеушілер болған (тирания). Тирания тек халықты
шектеп қоймай, сонымен қатар аристократияны да биліктен ұзақ ұстауына
байланысты, ақсүйектер өз үстемдігін орнатып, "олигархия" аталған билік
түрін орнатты. Аристократия мен демос арасындағы күрестің нәтижесінде
Афинадағы соңғы билік түрі "Демократияның" туындауына себепкер болды.
Грециядағы ең төменгі әлеуметтік топ-құлдар болып, Шығыспен
салыстырғанда олардың жағдайлары әлдеқайда нашар, әрі қатал бақылау астында
болды. Өйткені Грецияда қарызы үшін құлдыққа айналдыруға тиым
салынғандықтан тек соғыс тұтқындары ғана құлға айналдырылды. Полистік жүйе
ежелгі грек өркениетінің негізгі қозғаушы ядросы болды. Экономикалық өмір
теңіз саудасы нәтижесінде тез дамып, Афина Солтүстік Африка және Жерорта
теңізі жағалауларымен сауда жасады.
Қалалардың арасындағы бәсекелестік, айтыс-тартыс философияның софизм
ағысының туындауына себепкер болды. Софизм адамдар арасында келісушілікті
күшейтті. Мәдениеттегі ілгерлеушілік әдебиет саласына да әсер етті. Біздің
заманымызға дейінгі VII-VI ғасырларда ерекше ағым лирика пайда болды.
Театрда негізгі тақырыптардың бірі жеке тұлға еді. Трагедияларда адамзаттың
өзінен күшті табиғат немесе құдайлармен күресі баяндалды. Грек мәдениеті
керемет дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдегі ғылымдардың алғашқы
баспалдағы осы кезде құрылды. Ежелгі грек философтары әсіресе Сократ
алғашқы этикалық өлшемдерді құру арқылы адамзаттың қоғамға қажетті
өлшемдерін жасауға тырысты. Сократтың шәкірті Платон Афинада алғашқы
академияны (философиялық мектепті) құрды. Өзінің "Мемлекет" атты
трактатында қоғамның ролін соғысқа дейінгі деңгейге жеткізуге тырысты.
Б.з.д. VI - V ғасырларда грек полистері шарықтау шегіне жетіп, барынша
гүлденді. Олардың ішінде екеуі - Афина мен Спарта ерекше көзге түседі.
Афина қаласы-балқан түбегінің оңтүстігінде Аттика жерінде орналасып,
ең күшті флот құрып, ғылым мен білімнің барынша дамыған орталықтарына
айналды. Атақты Аристотель, Платон өз мектептерін осы жерде ашты. Афинаның
көркеюі антикалық дәуірдің ең ірі тұлғаларының бірі Периклдің атымен
байланысты.
Қала демократиялық жүйемен дамып, жеке меншік барынша қорғалды. Халық
жиналысы ең жоғарғы ұйым болып, жылына 40 рет жиналған жиналыста қаланың
барлық азаматтары өз ойын білдіруге мүмкіндік алған. Бірақ Афина
демократиясы азшылыққа арналған демократия болып, әйелдер, метектер және
құлдар саяси құқықтарға ие болмады.
Пелопонесте Лакония аумағында құрылған Спарта қаласының тұрғындары
солтүстіктен келіп, жергілікті тұрғындарды құлға айналдырды. Спарта
қаласының тұрғындары дамудың өзге жолын таңдады. Қатаң түрдегі әскери
тәртіп, жеке меншіктің болмауы, барлық жерлердің қоғамдық болуы-қолөнердің,
сауданың әлсіз болуына себеп болды. Ақсақалдар жастардың бұзылмауы үшін
басқа қалалармен байланысқа тиым салып, полистің жабық түрде болуын
қамтамассыз етті. Әлсіз туылған балаларды сол кездің өзінде ақ өлтіріп
тастап отырған, ақсақалдар қала тұрғындарының бірдей киінуін де қадағалады.
Жеке тұлғаларды тек мемлекетке қажеттілік жағынан ғана қарастырған
ақсақалдар, баланы кішкене кезінен бастап, тек әскери іспен шұғылдануға
жаттықтырды. Спарта қаласы үлкен бір әскери казармаға ұқсайтын. Спарта
мемлекетінің басында 2 патша болып, бұлар бір мезгілде қазылық, абыз, әрі
әскери қолбасшы болып саналды.
Ежелгі грек өркениетінің соңғы кезеңі – эллинизмді Македониялық
Александрдің Шығыс жорығы және эллиндердің жаулап алынған жерлерге шұбырып
көшуі бастап берді. Грек полистері өзара соғысып жатқан кезеңде,
солтүстікте жаңа мемлекет- Македония бой көтерді. II Филипп патша күшті
армия құрып, грек қалаларына бірнеше күшті соққы берді. Б.з.д. 338 жылы
толық талқандап, полістік жүйені біріктіріп, өз қолына жинақтады.
Б.з.д. 336 жылы Александр таққа отырып, Парсы патшалығына шабуыл
жасады, Үндістанға дейінгі жерлерді жаулап алды. Оның зор империясына
Мысыр, Балқан түбегі, Сирия, Палестина, Орталық Азияның батыс бөлігі кірді.
Бұл империя б.з.д. 323 жылы Александрдың қайтыс болуымен бірнеше ірі
патшалықтарға бөлініп кетті. Бұл патшалықтардың барлығында жергілікті
мәдениеттер мен грек мәдениетінің өзара әсері нәтижесінде жаңа мәдениет
қалыптасты. Бұл мәдениетті ғылымда эллинизм деп атайды. Оның қалыптасуында
эллиндердің тұрмыс салты және білім алудың эллиндік жүйесі белгілі рөл
ойнады. Полистерде және полис статусына ие болған Шығыс қалаларында
гимназиялар, театрлар, стадиондар және ипподромдар пайда болады. Әлемдегі
ең үлкен Александрия кітапханасының қалыптасуы (700000 папирус орамасы)
III ғасырдай өмір сүрген осы өркениетпен байланысты.
4- тақырып. Ежелгі Рим өркениеті.
1. Ерте Рим.
2. Рим империясы дәуірі.
3. Рим өркениетінің ерекшеліктері.
Рим бастапқы кезеңде Апенин түбегіндегі ең жоғарғы мәдениеті бар
Этрускілерге бағынды. Этрускілердің шығу тегі туралы бірнеше қарама- қайшы
пікірлер бар. Олардың шығыстан келгендігі, әрі грек алфавитін қолданғандығы
туралы пікірлер басым. Бүгінгі таңдағы Тоскана аумағында құрылған
этрускілер қоғамы б.з.д. ҮІ ғасырда күшті династиялық жолмен басқарылып,
б.з.д. I ғасырда римдіктерден бірнеше рет жеңіледі.
Ежелгі римдіктерді б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғасырларда патшалар биледі. Тибр
өзенінің төменгі ағысындағы Лацияда орналасқан халықтар руларға бөлініп,
басшысы әрі патша, жоғарғы абыз, басқолбасшы, сот істерін басқарды.
Ақсақалдар кеңесі (сенат) жоғарғы үкімет органы болып, қоғамда маңызды рөл
ойнады. Рулық қоғам біртіндеп тарап, фамилиялар (жанұялар) күшейді.
Фамилияларда ет жақын туыстармен қатар құлдар да кіріп, маңызды рөл ойнады.
Фамилия басшысының билігі шексіз деуге болатын дәрежеде болып, өз
туысқандарын өлтіруге құқықты болды. Рим қоғамындағы ерекше орын алатын
басқа бір топ - патрицилер болып, ежелгі тұрғындардан тараған ұрпақтар
ерекше құқықтарға ие болды.
Жеке басы бос тұрғындар - плебейлер (латынша - жай халық) халық
жиналыстарына қатыса алмай, патрицилермен некеге тұруға тиым салынды. Бұл
кезеңде күшейген Рим құрамында 47 тайпа бар латын одағын басқарды. Ішкі
құрылыстағы шиеленіс әрі плебейлердің күресі, әрі патшаның билігіне деген
наразылықтың артуымен күшейді. Соңғы патша Тарквини Өркөкіректі сенаттың
қуып жіберуімен (б.з.д.509ж) республика жарияланып, патрицилерден
сайланатын 2 адамнан тұратын консул пайда болды. Бірақ сенатқа және
консулдыққа тек патрицилердің сайлануына наразы болған плебейлер ұзақ
мерзімге созылған күрес нәтижесінде сенатқа өз өкілдері "халық трибундарын"
кіргізді. Алғашқы жазба заңдардағы "әдетке сүйенген" бабтардың орнына енді
плебейлерді қорғайтын заңдар орын алды. Патрицилердің шексіз деуге болатын
жерге иелік құқығына шектеулер келтіріп, енді азаматтар байлығына сәйкес
қоғам үшін салық төлеуге мәжбүр болды.
Тоқтаусыз жүргізілген соғыстар нәтижесінде Рим б.з.д. III ғасырға
дейін бүкіл Апеннин түбегін бағындырып бітірді. Түбек тысында алғаш рет
Римдіктер маңызды арал Сицилия үшін Жерорта теңізі жағалауындағы күшті
мемлекет Карфагенмен қақтығысып, ұзаққа созылған Пуни соғыстарын жүргізді.
(б.з.д. 264 - б.з.д. 146 жылдар). Сол жылдары Грецияны да бағындырған Рим
Жерорта теңізі бассейніндегі күшті державаға айналды.
Жаулап алынған аса зор аумақтар рим өркениетінің өсуіне де себеп
болды. Сауда жанданып, тоқтаусыз ағылған құлдардың көбеюі нәтижесінде жер
қатынастары өзгеріп, ірі жер иеленушілер қатардағы шаруаларды ығыстырды.
Жай шаруалар батраққа немесе арендаторға айналды. Империяның үлкеюі бұрынғы
қоғамға арналған жер қатынастарының игере алмауына себеп болды.
Бұл жер қатынасындағы ыдырауды тоқтатуға тырысқан халық трибуны
Тиберий Грах б.з.д. 133 жылы әр азаматқа белгілі жер тілімін беру туралы
реформалық қозғалыс бастаса да, ірі жер иеленушілерінің ұйымдасқан түрде
жүргізген қарсылығы нәтижесінде Тиберий Грах өлтірілді. Оның інісі Гай
Грахтың ісі де ілгерлемей соңында қала ішінде шайқас басталып, Гай Грах
өзінің 3000 жақтасымен өлтірілді. Баяғы жер қатынастарын қайта жаңғырту
мүмкіндігінен айрылған Римде б.з.д. 90 жылы көтеріліс шығып, үкімет бүкіл
Италия тұрғындарына азаматтық беруге мәжбүр болды. Бұл қоғамдағы
азаматтардың роліне әсер етіп, бай римдіктер Греция мәдениетіне ден қоя
бастады (филэллиндер). Ұжымдық түрде өсуге негізделген ерекше Рим
өркениетіндегі қоғамның бір бөлігінің Грецияға ден қоюы оның дамуына кері
әсерін тигізді.
Азамат соғыстарының толассыздығы, құлдар көтерілісі (Спартак
көтерілісі б.з.д.74-71) мемлекетті әлсіретіп, орталықтануына нұқсан
келтірді. Римдіктер соғыс кездерінде "диктатор" атағын жеке тұлғаларға беру
арқылы мемлекетті күшейтуге талпынса дағы, бұл атақты алушылардың билікке
деген құмарлықтары нәтижесінде өмір бойы осы атаққа ие болуға ұмтылушылықты
туындатты. Алғаш рет бұл атаққа қол жеткізген Сулла өз қалауымен кетсе,
қолбасшы Цезарды өз қарсыластары өлтірді. Б.з.д. 27 жылы билікке келген
Цезардың жиені Октавианға сенат "Август" (қасиетті) деген атпен өмірбақилық
императорлық атақ берді. "Алтын ғасыр" аталған Октавиан билігі кезеңінде
сенат өз ықпалын сақтап қана қоймай, сонымен қатар келешекте республикалық
жүйеге оралуды да қарастырды. Бірақ бұл жағдай императордың жеке тұлға
ретінде жақсы болуына байланысты еді. Енді даму билікке келген "жақсы"
немесе "жаман"императорларға байланысты еді. І-ІІ ғасырларда империяның
құлдырауы онша байқалмады. Бұрынғысынша ірі құрылыстар салынып, жылына 180
күндік мейрамдар жасалынды.
Иудей жерінде туындаған жаңа дін "Христиандық" тез арада империя
тұрғындарының арасында жайылды. Христиандық "жердегі мен аспандағы"
арасындағы жікті ашып көрсетті. Адамшылдыққа шақырған христиандық империя
түрғындарының негізгі сүйенішінен айырды. Баста қатты қуғындауға ұшыраған
христиандықты 313 жылы император Константин ресми түрде тануымен, өз
жақтастарын ашық түрде ғибадат етуге мүмкіндік берді.
Римдегі құлдырау ашық көріне бастап, бұрынғы ірі қалалар өз рөлдерін
жоғалтты. Константиннің өз астанасын Босфорға көшіруімен жағдай толығымен
нашарлай бастады. Бұл 395 жылы империяның екіге бөлінуімен бітті. Әлсіреген
империяға III ғасырдан бастап, варвар шапқыншылығының басталуы, бұл
шабуылдардың ІVғасырда күшеюімен 476 жылы Батыс Рим империясы құлады.
Ежелгі Рим өркениеті көп жағынан грек өркениетіне ұқсастығымен көзге
түседі. Кейбір зерттеушілер екеуі бір өркениет десе дағы, мамандардың
көпшілігі Рим өркениетінің айырмашылықтары болды деп санайды.
Римнің тарихи дамуының ерекшеліктерімен байланысты оның азаматтық
қауымында қалыптасқан айрықша құндылықтар жүйесіне шоғырланған өзіндік Рим
өркениеті жаратылды десе болады. Мұндай ерекшеліктерге патрицийлер мен
плебейлердің ортасындағы күрес нәтижесінде басқарудың демократиялық түрінің
орнатылуы және Римді кішігірім италиялық қаладан орасан үлкен державаның
астанасына айналдырған тоқтаусыз ұрыстар жатады. Осы факторлердің ықпалы
астында Рим азаматтарының құндылықтар жүйесі, идеологиясы қалыптасады. Оны
бірінші кезекте римдіктердің Римге ең жоғары құндылық ретінде қарауы, оған
бар жігерімен күшін және өмірін аямастан қызмет етудің азаматтық борыш
екені туралы патриоттық ұғымы айқындады.
Құлшылық тарай бастаған кезде идеологияда құлдар мен еркін
азаматтың арасындағы қарама қайшылық айтарлықтай рөл ойнай бастады. Еркін
азамат үшін құлдарға тән ақаулар да (өтірік сөйлеу, жарамсақтық, арамдық)
немесе құлдық кәсіптерімен (қолөнер, сценада ойнау, пьесалар жазу,
мүсіншілік немесе суретшілік) айналысуда айыпталу масқара саналған.
Римдіктерге, әсіресе, ақсүйектерге тек саясат, ұрыс, егіншілік, заңдар
жарату, тарихнама лайықты істер деп мойындалды. Римнің ерте мәдениеті
осындай негізде қалыптасты.
Рим державасының құрылуымен Рим қоғамы мәдениетінде үлкен өзгерістер
болып өтті. Экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі білімді адамдарға,
провинциялардың басшылары- құдіретті гистраттарға, көбейіп кеткен қолөнер
ұстаханаларын басқаруға мұқтаждықты тудырды. Бұл мұқтаждықтар білімді
құлдар- гректердің есебінен қандырылды. Жерорта теңізі обылыстарының
барлығымен байланыстар кеңейді және күшейді. Алайда гректер римдіктерді
іштен жек көрді, оларды қатыгез варварлар деп санады. Ұзақты болжағыш
саясатшылар бұның римдіктердің абыройын түсіретінін түсінді.
Римдіктер Греция мәдениетіне ден қойып (филэллиндер), грек тілін,
әдебиетін, философиясын үйрене бастады. Гректер үшін грек тілінде Рим
тарихы жазып басталады. Римнің ұлы миссиясын насихаттауда Полибий көп еңбек
сіңірді. Ол Бүкіләлем тарихын жазды. Гректердің әсерімен халық
жиналыстары мен соттардағы тартыстарда жеңіп шығу үшін қажетті болған
шешендік өнері жетілісті. Осыған байланысты логика және психология
білімдері дамыды. Заң шығару дамыды және күрделенді.
II - бөлім. Орта ғасырлық өркениеттер
5- тақырып. Византия өркениеті.
1. Византия -Рим империясының мұрагері.
2. Византиядағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.
3. Византияның рухани өмірі.
Батыс Рим империясының құлауымен антикалық дүние дәуірі аяқталды және
осы 476- жылдан бастап оның тікелей мұрагері ретінде Византия империясы
қалыптасты. Византия атауы Қайта өрлеу жылдарында пайда болған, ал
жергілікті халық өздерін - Ромей патшалығы, Константинопольді-"Жаңа Рим",
өз билеушілерін болса Рим императорларының тікелей мұрагерлері деп санады.
Империяның орналасқан жері Шығыс пен Батыс арасында орналасқандықтан әрі
сауда, әрі өркениеттердің түйіскен жері болды. Византия өркениетінің алып
жатқан жері орасан зор болып, Балқан түбегі, Кіші Азия түбегі, Кавказддың
бір бөлігі, солтүстік Африканы қамтып, шамамен 750 млн шаршы метрді қамтып,
30-35 милион халқы болды. VІІ ғасырға дейін негізгі тілі латын тілі болып,
араб шапқыншылығы қарсаңында грек тілі белең алды. Византия территориясында
шикізат қоры мол болып, антикалық дүниеден қалған ірі қалалар
орналасқындықтан мәдениет деңгейі өте жоғары болды.
Шығыс мәдениеттерінен де қорек алған Византия өркениетінің өзіне тән
әрі шығыстық, әрі батыстық ерекшеліктері болды. VІ ғасырда шығыс жағындағы
көршісі Парсы мемлекетімен ұзаққа созылған қанды соғыс жүргізіп, артынша
VІІ ғасырларда жаңадан қүрылған Араб халифалығымен соғыс нәтижесінде
Византия территориясы үш есе кішірейді. Солтүстіктен славян тайпаларының
шапқыншылығы нәтижесінде күшті Болгар патшалығы құрылды. IX ғасырда
Византиядағы жағдай тұрақтанды.
Византия тарихының алғашқы кезеңдерінде құл иеленуші мемлекет
болғанымен феодалдық қатынастар қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері болды.
Европа елдерінде феодализм варвар шапқыншылығы нәтижесінде туындаса,
Византияда басқыншылық соғыстарының болмау себебінен баяу дамыды. VІ
ғасырға дейін Византияда құл еңбегі кеңінен қолданылды.
VІІ-ІХ ғасырларда ғана Византияда феодализм орнай бастады. Батыстағы
варварлар ролін Византияда славян тайпалары атқарды. Бұл жердегі
феодалдардың құқығы Европадағыларға қарағанда әлдеқайда төмен болатын.
Мемекет бүкіл ел территориясындағы жерді өз ықпалында ұстады. Бұл жағдай
крестшілердің шабуылы нәтижесінде өзгерді. 1204 жылы империя бірнеше
бөлікке бөлініп, феодалдар мемлекет "қамқорлығынан" құтылады. 1261 жылы
Константинопольдің қайтарылуымен феодалдардың үстемдігі күшейгендіктен
мемлекет бұрынғы беделін қайтара алмады.
Биліктегі жағдай Византияда Батыс пен Шығыс элементтерінің екеуін де
қамтыды. Империя түсінігі, императорға табыну Шығыс деспотиясына өте ұқсас
болғанымен, римдік дәстүр мығым болатын. Христиан дінінің тарауымен
империяның қасиеттілігін дәріптеді. ІV ғасырда император Константиннің
үзеңгілесі, Евсевий, христиан дінін мемлекетке ыңғайлап, өзгертті. Оның
пікірінше саяси билікпен бірге діни билік те бір адамның қолына жинақталуы
тиіс болатын (симфония). Император қос билікті де өз қолына жинақтап, қоғам
үшін "қасиетті әке" ролін атқарып, Шығыс билеушілеріне ұқсады. Бірақ жай
халықтан шыққан адамдардың да император болуына жол ашық болды. Билікте
шектеусіз деуге болатын ықпалға ие императордың өз міндеттері де болды. Ең
басты міндеті қол астындағы халқының жағдайын ойлауы керек болды.
Императордың күшті билігі, өркениетті ел болуы мемлекетті күшейтумен
қатар әлсіреуіне де себеп болды. Өйткені мемлекеттің хабарынсыз жаңалықтар
халық арасында тарап, үкімет оны тоқтатамын дегенде жаңалары кірді. Яғни
мемлекеттік аппарат даму сатысына жетісе алмады. Мемлекеттің аристократия
мен шіркеу қызметкерлерімен байланысы нашар болды. Аристократия тек
императордың сыйлықтарымен күнелтуге мәжбүр болып (Батыс Европадағы сияқты
сословие болмады), сол үшін де сарайда әрқашан жанжалдар мен өсек аяң
болды. XII ғасырда шіркеу қызметкерлері мемлекеттік биліктен аластатылды.
Византия шіркеуі Европадағы тәріздес жеке күш бола алмады. Көпестер мен
қолөнершілердің статусы белгілі болмай, мемлекет ешқандай қорғамай,
қалағанынша қанап отырды.
Қалалар өз тәуелсіздіктері үшін күресе алмады, өйткені қалаларда күшті
орталықтанған басқару жүйесі болмады. XII ғасырдан бастап Византияның
саудадағы басты бәсекелесі италян көпестеріне ерекше жеңілдіктер берілуімен
империядағы сауда құлдырай бастады. Жалпы империядағы қатаң түрдегі бір
орталыққа бағындыру процесі әлеуметтік топтардың өзіндік іс-әрекеттеріне
шектеулер қойып тастады.
Византия діннің әр алуандығы және жан-жақтылығымен өте бай мұра тастап
кетті. Ол славян тайпаларына дінді үйретуші болумен қатар дамыту жолында да
ірі жетістіктерге жетті. Европа елдеріне де құрылыстарын үйретті. Рим
империясында христиан діні 313 жылы заңды түрде кірсе де ҮІ ғасырға дейін
жартылай пұтқа сенуші мемлекет болып қалды. Өйткені империя территориясында
пұтқа сенушілікке тиым салынбады. 361-363 жылдары билік еткен император
Юлиан Жолдан тайған пұтқа сенушілікті мемлекеттік дін ретінде қайта
жандандыруға тырысты. Бірақ шіркеу жеңіске жетіп, император тағынан
айрылды. Осы оқиғадан соң христиан діні қатаң түрде жүргізіліп, 415 жылы
Александриядағы пұтқа сенушілердің орталығы Серапеум талқандалып, атақты
кітапхана өртеліп, философ әйел Ипатия фанат тобыр тарапынан өлтірілді.
Пұтқа сенушілікке тиым салынғанымен антикалық дәуірдегі ғылымдар өз
маңыздылығын жоғалтпады. Қызықтысы Византияда мектеп Батыстағы тәріздес
шіркеу үстемдігінде болмады. Антика дәуіріндегі ғылымдардың көптеген
түрлері мектептерде кеңінен оқытылды.
Шіркеу бұл жерде де еретиктермен күрес жүргізіп, негізгі тартыс алаңы
қасиетті жазбалар болды. Түрлі Інжілдердегі жазбаларға сенушілер арасында
қиян кескі күрес жүрді. Ең маңызды тартыс Иса адам ба әлде құдай ма деген
мәселе төңірегінде болды. Католик шіркеуі Исаны әрі адам әрі құдай іздерін
тасушы деп сенсе, Византиялықтар оны жоғарғы әлем мен жердегі әлем арасын
жалғастырушы, адамдардың езілгендерін сезінуші ретінде таныды. ІV-V
ғасырдың өзінде-ақ Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында айырмашылықтар
пайда болды. Бұл тартыс ықпал алаңы үшін болып, тереңінен үңілсе
Батыс пен Шығыс арасындағы әдет-ғұрып арасындағы қайшылықтардан
қалыптасқан болатын. 1054 жылы христиан шіркеуі заңды түрде екіге бөлінді.
Католик шіркеуі адамды абсолютті түрде басқарып, о дүниесі үшін де барлығын
өзі шешті. Ал шығыс шіркеуі адамға көптеген таңдаулар берді: яғни адамның о
дүниесін өзі құтқаруы тиіс болды.
1204ж Константинопольді крестшілердің жаулап алуымен империя бірнеше
бөлікке бөлініп кетті. Латын империясы католик дінін қабылдап, ішкі
қырқыстардан әбден әлсіреді. 1261 жылы Трапезунд империясы (Бұрынғы
Византия) крестшілерді Константинопольден қуып шықты. Бірақ империя байырғы
күш қуатын қайтара алмады. Сыртқа деген тәуелділік өте күшті болып, Италия
қалалары Жерорта теңізіндегі сауданы өз қолдарына алып, бүкіл товарларды
өздері шығарды. Сонымен шығыстан күшті түрік-османдардың шапқыншылығы
нәтижесінде Византия 1453 жылы құлады. Астана Константинопольді түріктер
Стамбул деп өзгертіп, өздеріне астана етіп жариялады.
Византия өркениетінің құлау себебі мәселесі бойынша ғалымдар әлі де
тартысып келуде. Кейбір зерттеушілер оны шығыс пен батыс ортасында
орналасқандықтан құлады десе, кейбіреулері шіркеудің бөлінуінен болды деген
көзқараста. Бұл көзқарас өте күшті болып, католик шіркеуі түрік қоршауы
кезінде бірігуді ұсынып, қарсыласына әскери көмек ұсынды. Император бұл
көмекті қабылдауға дайын болса да, католиктермен өштескен империя халқы сол
кездегі флот қолбасшысының "Кардиналдың шапкасын көргенше, түріктің сарығын
қабылдағаным жақсы деген" пікірін қолдады. Алайда Византияның құлау себебі
мемлекеттің даму сатысына ілесе алмауында болуы керек.
6- тақырып. Орта ғасырлардағы батысеуропалық өркениет
1. Батысеуропалық өркениеттің негіздері.
2. Батысеуропалық қоғам мен биліктің ерекшеліктері.
3. Орта ғасырлардың рухани әлемі.
4. Ренессанс пен Реформация.
Орта ғасырлардағы Еуропа елдері өркениетінің негізі Рим империясы
кезінде-ақ құрылған болатын. Өркениеттің қалыптасуында маңызды орын алған
ІV-VІІ ғасырлардағы халықтар көшу болып, варвар тайпаларының жергілікті Рим
империясы халықтарының өзара мәдени әсері нәтижесінде жүзеге асты. Алғашқы
байланыс Цезарьдың кезінде болып, 418 жылы Галияда алғашқы варвар корльдігі
- Вестготтар Батыс Рим империясының территориясында құрылды. Артынша
замандастары "құдай қамшысы" атаған Атилла басшылығындағы ғұндар
шапқыншылығы басталды. 457 жылы Бургундия аумағында варвар корольдігінің
жаңасы құрылды. VІ ғасырда Англия территориясында жеті бірдей варвар
корольдіктері құрылды. Бұл жаңадан құрылған корольдіктер Европада
тұрақтылықты орната алмады. Тез құрылған мемлекеттер тарих сахнасынан
жоғалып, тоқтаусыз ағылған варвар тайпалары шекаралар мен мемлекеттердің
өзгеріп отыруына себеп болды.
Варварлар қалайша Еуропа өркениетіне әсер етті? Деген сұраққа мамандар
әр түрлі жауап береді. Варварлар бүкіл өркениетті жойып жіберді дегенге
Остгот королі Теодорихтің (493-526ж.ж.) билігі кезінде сарайда философтар
мен ғылым адамдарының өз еңбектерін жазғандығын баяндауға болады. Барлық
варварлардың деңгейі бірдей ме еді? Әр тайпаның даму ерекшеліктері әр
деңгейде болды. Ең жабайы тайпаның өзі Рим өркениетінен қалған қалалар мен
тұрғындарға қосылу нәтижесінде синтез болды. Герман тайпаларының заңдары
бойынша жерді сатуға, сыйлыққа беруге, арендаға беруге болатындықтан ірі
жер иеленушілік тез қалыптасты. Осылайша орта ғасырларда маңызды роль
ойнайтын екі тап-феодалдар мен шаруалар пайда болды. Бұл феодалдық
құрылыстың қалыптасуы Еуропаның барлық жерінде бірдей дамымады. V ғасырда
басталған процесс XII ғасырға дейін жекеленген аймақта жалғасын тапты.
Еуропаның бір орталыққа бағынуы туралы ойлар VІІІ-ІХ ғасырлардың өзінде бой
көтере бастады. Алғаш барлық елдерді бір орталыққа бағындыру процесін
жүзеге асыруға тырысқан адам Ұлы Карл (768-814ж.ж.) болып, Барселонадан
Ютландияға дейінгі аймақты өзіне бағындырып, 800 жылы папа Лев III оны "Рим
императоры" етіп жариялады. Бірақ 843 жылы Верден қаласындағы шартпен
держава үш мемлекетке бөлініп кетті. (Франция, Германия, Италия.) Герман
королі Оттон I 962 жылы Италияны жаулап алып, "Қасиетті Рим империясын"
құрды. Бұл мемлекет соншалықты мықты болмаса да Үлы Карл екеуінің
державалары өркениеттің құрылуына әсер етті.
Батысеуропалық өркениеттің бірігуі идеясын күшейткен ұйым-католик
шіркеуі болды. Тек рухани алаңда емес сонымен қатар саяси лидерлікке
ұмтылған шіркеу, Еуропада өз үстемдігін орнату үшін жалғыз ағартушылық
орган монатырьларды VІ ғасырдан бастап қолданды. Монастырьларда тек діни
әдебиет емес сонымен қатар барлық қолжазбаларды көшірумен айналысып,
күнімізге жетуіне көмегін тигізді. Шіркеу мен саяси биліктің бірігуі туралы
пікірлер ғасырлар бойы созылған айтыс-тартысқа себеп болды. Христиан
жазушысы Аврелий Августиннің (354-430) "Жаратқан қала" еңбегінде құдайдың
билігінің жер мен көкте болатындығын баяндап, шіркеудің де билікке
араласуын қамтамассыз етті. Бұл еңбек батыста қолдау тапқанмен шығыс
шіркеуі өзіне тән ерекшелікпен жақындады.
Шығыс пен Батыс шіркеулерінің арасындағы айырмашылық догматикалық алаң
мен әдет-ғұрыптарындағы айырмашылықпен басталды. Рим қаласы өздерін апостол
Петрмен байланыстырып, жұмақтың кілтінің өздерінде екендігін алға тарта
отырып, "папа" (шіркеу басшысы) деген атақ алды (ІҮ-Ү ғасырлар). Ұлы Карл
кезеңінде шіркеуге арнайы "ондық" салық бүкіл Еуропа аумағын қамтыды.
Шіркеудің билігін саяси билеушілер де мойындап, қолданып отырды. Шіркеу мен
билеуші арасындағы "одақ" билікке келгенде алауыздықтарға себеп болды. ХІ-
ХІІІ ғасырларда билік үшін күресте шіркеу үстем болды. Рим папалары тек
мемлекет істеріне араласып қана қоймай, сонымен қатар монархтардың жеке
өміріне де араласты. 1096-1270 жылдар аралығында шіркеудің "қүдай табытын
құтқару үшін" ұйымдастыруымен 8 крест жорығы жасалынды. Рим папаларының
барлығы дерлік рухани өмірге ұмтылмай, арасында өз қамдарын, байлығы үшін
жүргендер де болып, сол кезеңдегі әдебиетте орын алды. ХІП-ХІҮ ғасырларда
шіркеу билігі саяси алаңца бітті. Күшейген билеушілер өз мемлекеттерінің
нағыз қожайынына айналды. Шіркеу мен билеушілердің арасындағы күрес
нәтижесінде "диалог" болып, келешек үшін маңызды болды.
Европа елдеріндегі әр түрлі даму болғанына қарамастан, жаңалыққа
ұмтылушылық нәтижесінде бүгінгі тандағы демократияның негізі сол кезеңде
қалыптасқандығы туралы мамандардың пікірі бірдей. Иерархиялық саты барлық
Европа елдерінде бірдей болды деуге болады. Жоғарғы билеуші-король,
феодалдар мен шіркеу қызметкерлері (граф, герцог, князь, архиепископ пен
епископтар), орташа және кіші феодалдар (барондар мен рыцарлар), ең соңғы
сатыда басыбайлы шаруалар болды.
Орта ғасырлардағы иерархиялық саты өз ішінде қарама-қайшылықтарға толы
болғанымен ішінара байланыстары мықты болып, барлық топтар белгілі бір
бүтіннің бөлшегі корпарациялар (әскери топтар, цех сияқты қоғамдық ұйымдар)
ретінде қалыптасты. Корпарациялар өз ішінде күшті байланыстармен,
демократиялық түрде дамыды. Бүкіл келіспеушіліктер жиналыстарда шешілді.
Коллективті түрде бірбіріне көмектесу рухында қалыптасқан жағдай қоғам мен
мемлекет арасындағы келісімге тікелей әсер етті. Күшті корпорациялар
мемлекетке қарсы жүргізген күрестері нәтижесінде кейбір жеңілдіктерге қол
жеткізе алды. Бұлардың бірі сословиелерге бөліну болып, Батыс Европада үш
сослвие қалыптасты: дінбасылар, дворяндар мен қала тұрғындары. Ең құқықтары
шектеулісі қала тұрғындары болды.
Қоғам мен билік арасындағы байланыс варварлық кезеңнің өзінде
қалыптаса бастаған болатын. Рулық қауымның ыдырай бастауымен король билігі
күшейді. Мұрагерлік жолмен жалғасын тапқан крольдіктер сонымен қатар халық
арасында қасиеттілік тәріздес түсінікке ие болды. Корольдікке қарсы бірінші
болып шіркеу қарсы шықса, артынша ең күшті бәсекелесі феодалдар ортаға
шықты. Европаның дамыған аймақтарында VІІІ-ІХ ғасырдың өзінде ірі жер
иеленушілік пайда болып, феодалдар өз жерлерінде сот істерін, ақша соғу
сияқты маңызды мәселелерді шеше алып, билікке корольмен таласа алды.
Сондықтан да корольдер өз биліктерін мұрагерлік жолмен бекітуге тырысты.
Х-ХІІІ ғасырларда саяси билікке қалалар да араласа бастады. Қалалардың
күреске шығу себебін үш мәселе бойынша қарастыруға болатын еді :
феодалдардың салығын азайтуы, немесе толық тәуелсіздігін беруді, сауда
жасауда рұқсат беруді, қалалық өзіндік басқаруға қол жеткізуді көздеді. Бұл
күрес орталық үкіметтің әлсіз болған жері Италияда жемісті болып, IX
ғасырда Генуя, Венеция, Флоренция, Сиена, Равена сияқты күшті республикалық
мемлекеттер пайда болды. Францияың солтүстігіндегі Авиньон, Бовэ, Суассон,
Лан сияқты қалалар қол жеткізсе, Германияда еркін қалалар кешірек ХІІ-ХІП
ғасырларда пайда болды. (Любек, Нюринберг, Франкфурд-Майн т.б.) Осы
Германияда қалалардың құқығы нақты жазылды. XIII ғасырда неміс қалаларының
бірінде "Магдебург құқығы" атты заңдар жинағы жазылып, қала тұрғындарының
негізгі тірегіне айналды. Коммуна деген ат алған тәуелсіз қалалар өз
басқару органдарын құрып, теңге соғуға, соғыс жүргізуге қол жеткізді.
Қалалармен қатар ауылды жерлер де өз коммуналарын құрса да жеңіске
жеткендері шамалы болды.
Қалалардың өз тәуелсіздігін жеңіп алуы саяси құрылымға елеулі
өзгерістер алып келді. XII ғасырдың соңынан бастап Батыс Еуропа елдерінде
корольдердің сословиелерді мойындауымен Англияда-парламент, Францияда-бас
штаттар, Испанияда-кортестер және т.б. құрыла бастады.
Батыс Еуропа елдеріндегі рухани өмірде христиан шіркеуінің ролі күшті
болды. Барлық ғылымдардың патшайымы-теология болып, бұл ғылыммен ескі тілді
білетін (латынша) дін адамдары айналысты. Философияда ескі антикалық грек
ғалымдарының (Аристотель) еңбектеріндегі қоршаған орта мен адамдардың орны
мәселелері қарастырылды.
Еуропадағы дінтану ғылымына Испаниядағы Еврей және мұсылман
ғалымдарының еңбектері де қолданылды. Авицена (Әбу Али ибн Сина 980-1037),
Авероэс (Ибн Рушд, 1126-1198), Моисей Маймонид (1135-1204) жалпы алғанда
мұсылман Испаниясында бұл кезеңде ғылым мен білім барынша дамып, антикалық
грек ғалымдарының еңбектері арабшаға ғана емес сонымен қатар, латын тіліне
де аударылды. Бұл еңбектер испан рационалист ғалымдары арқылы бүкіл Еуропа
елдеріне тарады. Еуропадағы үстем болған теолог-догматтардың ықпалына
қарамастан ақылда алға тартатын рационалистер теологияның ішінде ерекше
орынға ие бола бастады. Рационализмнің дамуына әсер еткен ғалымдар: француз-
Сигер Брабантский (1235-1282), италяндық-Фома Аквинский (1226-1274) өз
еңбектерінде сенім мен ақыл арасында байланыс орнатуға тырысты. ХІҮ ғасырда
ағылшын дінтанушысы Уильям Оккам (1285-1349) дін ғалымдарының ақыл
патшалығы болатын философияға араласуына құқығы жоқ деп баяндады.
Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде рухани өмір шіркеудің ықпалында
болса да, ерестік қозғалыстар шығып отырды. ХІІ-ХПІ ғасырларда ерестік
қозғалыстардың өршіп кеткені соншалық, католик шіркеуі арнайы сот
(инквизиция) құруға мәжбүр болды.
Рухани өмірге әсер етуші басқа бір топ - кезбе артистер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz