Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен еңбектері


Ш әкәрім Қ ұдайбердіұлы (1858 - 1931 ) Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген да шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша. бұл азаматтық өтеудің басты шарты - туған, елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ - түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әл - Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жаннын мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі - Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке ( фәниден бақиға ) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. ". Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді! Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді". Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ
дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ көсіби философиясының алғашқы туындысы болып табылады.
Яғни, басты мәселе - ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің "ар ілімі" деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: "Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады - ау деп өлсе керек. Және ождан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылык, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ождан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы - ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы". ІШәкәрімнің ожданы біз жоғарыда айткан, ежелгі гректегі "каллокагатия", И. Канттың " кесімді императив" ұғымдарымен астас Ождан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етгі.
Шәкәрімнің " Үш анық " атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табыладыі Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматгар аламыз. Оның бұл шығармасыңдағы сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі болып табылатын нәрсе. "Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды . . . бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды . . . ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды"' - деп жазған философиялық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.
Шәкәрім "Үш анық" деп аталатын трактатың жазуға отыз жылдай уақыт сарп етіпті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы болса керек. Ол мұнда Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығына көз жеткіземіз. Ол көп нәрсемің сырын ұғып, өз дүниетаным қорытындысында Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теологтардың дүниетанымы бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:
Іздедім, таптым анығын
Тастадым ескі танығын, -
деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты ұсынады. Ол - үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль
философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған ғылыми - шығармашылық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы
ретінде берілетін негізгі ой тезисі:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса, -
Деп тұжырымдалған танымыңда жатыр. Яғни Шәкәрімнің Үш анықтағы" мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір бойы осы жолда ізденген"
Шәкәрімнің ұжданы И. Канттың "категориялы императив" ұғымдарымен астарлас. Ұждан, - ынсап, әділет, мейірім дегеніміз.
Енді осы екі жолдың анық - қанығын тану зерделі адамдардың бәріне міндет. Біз ақиқатты танып білуіміз қажет дейді.
Шәкәрім дүниенің түп негізі деп төрт нәрсені - от, су, топырақ, ауа деп айта отырып Грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екенін білдіреді. Сондай - ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығын айта отырып, оның арабша аты мадда немесе әсер деп атады. Оның казақша аты жоқ болған соң оны біздер Европаша атом, мадда деп атаймыз дейді. Атомдар туралы тұңғыш Грек философтары айтқанын да философиялық тұрғыдан тұжырымдап береді!
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі адам болып табылады.
Адамның мәні оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана оның табиғатына тән нәрсе дейді.
Ол "Үш анықта" дүниенің жаратылуы барлықтың бәрі өздігінен жаратылып жатыр, оны былай қылатын жаратқан ие жоқ деген жол бұрыннан
айтылып келе жатса да бұл идея XVII-, XIX ғасырларға дейін Еуропада кең таралып келді.
Осыған орай Шәкәрім өз трактатында айтылып жүрген осы бес нақты дәлелдерді келтіреді. Олар мына төмендегідей:
1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар куатты дене (сила вещества) атом. Әр нәрсені өсіп - өндіретін сол дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді;
2 - дәлел: жаратылыс жолы. Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған жаратылыс жолы. Сондықтан білім жаратушы ие деген бекер сөз. Бұл дәлел Дарвиннің табиғи эволюциялық сұрыпталу теориясымен тікелей сәйкес келе тұрса да, бірақ оны Шәкәрім Литерие деген философтың атымен байланыстырады;
3 - дәлел: тұқымдастықтың жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар өсімдіктер, құстар - бәрі теңізден туған;
4 - дәлел: дене сезімі. Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз болып жатқанын көріп біліп тұрмыз.
Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Соңдықтан білім жаратушы жоқ дейді.
Бұл Бюнхер сөзі;
5 - дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне - бірі . ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне
қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі".
Бұл дәлелдердің нақты дөлдігіне қарамай Шәкәрім оны қабылдап, философиялық материализм жағына шығаруға асықпайды. Оған қашанда жаратылыстану ғылымдары адам жанына табиғатына аз мән беретін сияқты болып көрінеді. Шәкәрім өмір бойы өзін - өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, тарих, философия, жаратылыстану ғылымдары.
Мен - мен де өте көп қызыға шұғылданды. Оккультизм, спиртуализм, магия мәселелерімен де қызықты. Ал, оның философиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер - Пифагор, Демокрит, Эмпикур, Платон және Аристотель негізгі орын алды. Ол сондай - ақ XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы француз философы Огюст Конт, ағылшынның позитивист философы Герберт Спенсер, Нелийдің идеалист пессимист философы А. Шопенгауэрдің т. б. философиялық еңбектерін өте жақсы білді.
Бұдан біздің нақтылы айтарымыз Шәкәрім өзіне дейінгі болған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек танып біліп қана қоймай өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының ірге тасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақыңдата түсті. Біздіңше ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталады деп батыл айта аламыз. Ал енді осы ілімнің ғылыми жағынан негізделу дәрежесі қай деңгейде екендігіпе зер салайық. «Мен, -дейді Шәкәрім, - жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:
- Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екепіне нанарлық сөз айтатыны.
- Шақырмаған кісіге бақсылық - дуаналық, фахризм, жындылық кез болатын.
- Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу - бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәріп бір - ақ қуаттан іздеу қате деймін ».
Бұл келтірілген үзік ойдан біз Шәкерімнін ұждап туралы ілімінің қалыптасуына аталмыш құбылыстардың дүниеде бар екендігі себеп болғанын пайымдаймыз. Қазіргі кезде де неше түрлі экстрасенстер, теленаттар мен көріпкелдср жзуыннан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптап кетті. «Ұшатын тарелкалар», полторгейст құбылысының табиғатын ашу ісінде ғылым айтарлықтай табысқа жете алмай отыр. Сондықтан да, өз заманындағы табиғаттың тылсым құпия күштерінің мәнін материалистік тұрғыдан неге түсіпбеді екен, яғни табалдырықтап асыра неге атып жібермеді екен деп Шәкәрімге кінә қою қиянат болатын шығар.
Өйткені, жоғарыдағы аталмыш рухани күштердің заттық себептерін таба алмағандықтан материалистер де «шәкерімшілеп» «ақылға симайды», демек, олардың жоқ нәрсе болғаны ден келген жоқ па еді?
Сондықтап да ұжданның бар екендігіне, және оның екі дүниеге бірдей қажет екеніне дәлелсіз, дәнемесіз нану, сеңу керек. Сенген адам, өмір бойы өзін рухани тазалықта ұстаған адам о дүниеге қиналмай аттапады, ұждан ілімінің практикалық мәні осында, әрі ондай сенімдегі адам айналасына тек шапағатын тигізін, пайдадан басқа зияны болмайды. . Ал « өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждап, совесть,
жан екі өмірге бірдей керек таяньий екеніне нана алмаған иесінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екендігіне әбдеп нанса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай кылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы - мұсылман жолы сияқты»', - деп тұжырымдайды, Шәкәрім өз ойларын қорытындылай келіп. Бұл үзіқойдан Шәкірім философиясының діни - этикалық сипаты айқың көрінеді . Ал енді Шәкерімнің ұждан туралы ілімі философия тарихындағы дәстүрлі қос бағыттың біреуіне қосыла ма, әлде өз алдына дербес, ақиқатты танудын соны жолына жата ма? деген сұрағымызға қайта оралайық. Философия тарихына осы тұрғыдан үңілсек, небір ағымдар мен ілімдердің, сайып келгенде не идеалнстік, не материалистік бағытқа телінетінің - білеміз . Олардың, әртүрлі мазмұнда, әртүрлі тәсілдерді
қолданғап төлтума ағымдар болуы мүмкін. бірақ түптеп келгенде не материализмге, не идеализмге болмаса сол екеуіне бірдей қол артатын дуализмге жанасатын болады. Себебі, философиялық негізгі мәселені шешудің басқа жолы жоқ. Бұл орайда Шәкерім философиясы да осы бағыттардан тысқары қала алмайды.
Құлық тәрбиесінің міндеттері және мазмұны.
Шәкірттердің саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс - әрекетіне - құлық тәрбиесіне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz