Тынысалу мүшелерінің созылмалы обструкциялы аурулары


1.Тынысалу мүшелерінің созылмалы обструкциялы ауруларының анықтамасы, классификациясы.
2. Созылмалы бронхит.
•Клинико.морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер.Асқынулар мен ақыры.
1.Бронхоэктазды ауру.
•Клинико.морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры
4. Өкпенің эмфиземасы
•Клинико.морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры
5. Бронхиальді астма.
•Клинико.морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры
45 жастағы ер адамды соңғы 3 жыл бойы құрғақ жөтел, ентігудің өрістеуі, өкпелік жеткіліксіздік, дене салмағының жоғалуы мазалайды. Осып ашу кезінде «өкпелік жүрек» анықталған. Өкпеде «бал арасының ұясы» көрінісін беретін қуыстары бар, айқын бейнеленген фиброз байқалады.

1.
Диагнозды анықтаңыз.
2.
Сіздің диагнозыңызға микроскопиялық дәлелдеме беріңіз.
3.
«Өкпелік жүректің » түзілу механизмін түсіндіріңіз
4.
«Бал арасының ұясының» макроскопиялық көрінісі немен дәлелденеді.
5.
Осы аурудағы аскынулар мен өлім себептерін атаңыз.





Дәрістің тезистері

1.Өкпеніњ созылмалы обструкциялы сырқаттары

Өкпеніњ созылмалы обструкциялы сырқаттары- ауашығару жолдарының аурулары, бронхиальді бұтақтардың маторлы-секреторлы дискенезиясы (мукоциллюлалық тасымалдаудың бұзылысы)

Респираторлы бөлімге ауаның таралуының бұзылысы (ателектаздар, эмфизема), бронхэктаздың дамуынан бронхтардың кәрездік қызметінің бұзылысы, лимфогенді пневмосклероздың дамуы және өкпедегі лимфалық жүйенің бұзылысы. ӨСБС қауіп туғызатын факторлары

Жедел бронхиттің дұрыс емделмеуі, созылмалы бронхит, жедел пневмониялар, өкпенің жедел абсцесстері, полютанты (жұтқан ауадағы әртүрлі қоспалар), темекі шегу , пневмокониоздар (профпатология), салқын тию.
1. Айтқұлов, Мұрат Тілеуқабылұлы. Патологиялық анатомияның жалпыпатологиялық процестер бөлімі бойынша студенттерге арналған әдісттемелік құрал/ Айтқұлов, Мұрат Тілеуқабылұлы, Усеева М.С. - Қарағанды : ҚММА, 2006. - 92 с.б.ц.
2. Струков А.И. Патологиялық анатомия : медициналық жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқулық / А.И. Струков, В.В. Серов . – Ақтөбе Жалпы бөлімі. - 2-ші бас. - 2010. - 350 б.

3. Струков, А.И. Патологиялық анатомия : медициналық жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқулық / А.И. Струков, В.В. Серов . - Ақтөбе
ІІ бөлімнің 1-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. - 2-ші бас. - 2010. - 338 б.

4. Струков, А.И. Патологиялық анатомия : медициналық жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқулық / А.И. Струков, В.В. Серов . - Ақтөбе

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




1.
Тынысалу мүшелерінің созылмалы обструкциялы ауруларының анықтамасы, классификациясы.
2.
Созылмалы бронхит.
*
Клинико-морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер.Асқынулар мен ақыры.
1.
Бронхоэктазды ауру.
*
Клинико-морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры

4. Өкпенің эмфиземасы

*
Клинико-морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры

5. Бронхиальді астма.

*
Клинико-морфологиялық сипаттамасы. Жас ерекшеліктер. Асқынулар мен ақыры

Клиникалық жағдай

45 жастағы ер адамды соңғы 3 жыл бойы құрғақ жөтел, ентігудің өрістеуі, өкпелік жеткіліксіздік, дене салмағының жоғалуы мазалайды. Осып ашу кезінде өкпелік жүрек анықталған. Өкпеде бал арасының ұясы көрінісін беретін қуыстары бар, айқын бейнеленген фиброз байқалады.

1.
Диагнозды анықтаңыз.
2.
Сіздің диагнозыңызға микроскопиялық дәлелдеме беріңіз.
3.
Өкпелік жүректің түзілу механизмін түсіндіріңіз
4.
Бал арасының ұясының макроскопиялық көрінісі немен дәлелденеді.
5.
Осы аурудағы аскынулар мен өлім себептерін атаңыз.

*
Дәрістің тезистері

1.Өкпеніњ созылмалы обструкциялы сырқаттары

Өкпеніњ созылмалы обструкциялы сырқаттары- ауашығару жолдарының аурулары, бронхиальді бұтақтардың маторлы-секреторлы дискенезиясы (мукоциллюлалық тасымалдаудың бұзылысы)

Респираторлы бөлімге ауаның таралуының бұзылысы (ателектаздар, эмфизема), бронхэктаздың дамуынан бронхтардың кәрездік қызметінің бұзылысы, лимфогенді пневмосклероздың дамуы және өкпедегі лимфалық жүйенің бұзылысы. ӨСБС қауіп туғызатын факторлары

Жедел бронхиттің дұрыс емделмеуі, созылмалы бронхит, жедел пневмониялар, өкпенің жедел абсцесстері, полютанты (жұтқан ауадағы әртүрлі қоспалар), темекі шегу , пневмокониоздар (профпатология), салқын тию.

ӨСБС классификациясы:

1.
Созылмалы бронхит.
2.
Бронхэктаздар (бронхэктазды ауру).
3.
Өкпеніњ эмфиземасы

4. Бронхылық астма. ӨСБС-тіњ соңғы кезењінде аталған үш механизм астасып, пневмосклероз (пневмоцирроз) бен өкпенің екінші ретті (салдарлық) гипертензиясын дамытады. Б+-л процестердің зардабынан жүректің оң жақ бөлігі +-лғайып, жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі, өкпенің рагы дамиды.

2. Созылмалы бронхит деп -- +-заққа созылып кеткен жедел бронхиттен (мысалы, қызылшадан немесе гриптен) немесе бронхылардың кілегейлі қабықшасына биологиялық, физикалық және химиялық факторлардың (микробтар, темекі, тыныс жолдарына салқын тию, шаң-тозаңдар сияқты заттардың) әсерінен бронхыларда туындаған созылмалы ағымды қабыну процесі аталады.

Инфекциялыќ созылмалы бронхит алғашќы кезде шектеле дамиды. Ол көбінесе ошақты пневмония жиі дамитын, экссудаттың тарап, жойылуына қолайсыз ІІ, VI, VIII, ІX және X сегменттердің бронхыларында ғана орын алады. Шектелген созылмалы бронхит біртіндеп бронхылардың барлық тарамдарын қамтып,созылмалы диффузды бронхитке ұласады. Бронхылардың іргесін дәнекер ткань жайлап, қалыңдатады; бронхылардың жалпы пішіні өзгереді. Бронхит ұзаққа созылса, кейде қалталанған немесе цилиндр тәріздібронхэктаздар қалыптасады. Созылмалы бронхит кезіндегі микроөзгерістер әртүрлі. Бірде кілегейлі қабықша семіп, призма сияқты эпителий көпќабатты эпителийге айналып (метаплазия), бокалша клеткалар көбейіп, созылмалы шырышты немесе іріњді катардыњ (созылмалы катарлы-шырышты және катарлы-іріњді брохиттіњ) бейнесі басым болса, енді бірде -- бронхының іргесі мен әсіресе оныњ кілегейлі ќабықшасында клеткалар шоғыры, ал саңылауында полип тәрізді бүртіктене uскен грануляциялық ткань тым көбейіп кетеді (полипті созылмалы брохит). Грануляциялыќ ткань жетіліп, іргесін дәнекер ткань жайлап, бронхылардың б+-лшықетті қабаты семеді, кескіні бұзылады (деформациялы созылмалы брохит).

Созылмалы бронхит бронхылардыњ кәріздік әрекетін б+-зады. Сондықтан бронхының тuменгі тарамдарына жиналѓан заттар сыртќа шығарылмайды, +-сақ бронхылар мен бронхиолалардың саңылауы бітеліп, өкпе мен бронхылар зақымдалып, б+-ның ателектаз, обструкциялық эмфизема, пневмофиброз, созылмалы пневмония сияқты бірқатар зардаптары өрістейді.

3. Бронхэктазды ауру

Бронхэктазды ауру -- бронхылардың цилиндр тәрізденіп не қалталанып кеңеюі. Олар тума және жүре болады.

Тума бронхэктаздар бронхылардың тарамдары қ+-рсақтағы нәрестеде д+-рыс қалыптаспағандықтан дамып, сирек кездеседі (¤СБС-тің 2 -- 3%-ын қамтиды). Кейде +-сақ бронхылар өкпенің паренхимасында түйыќ аяқталып, кисталар пайда болады (кисталы өкпе). Әдетте, ќалыпты бронхыларда болатын қ+-рылымдардың тума бронхэктаздың іргесінде көбінесе ретсіз жайғасатыны гистологиялық тәсілді қолданғанда айқын байқалады. Тума бронхэктаздың басым көбі олардың ішіне жиналған заттар іріңдеген кезде ғана анықталады. Ж%.ре болѓан бронхэктаз -- созылмалы бронхиттің салдары. Ол жазылмаған пневмония аймақтарында, ателектаз бен коллапс дамыған жерлерде пайда болады. Жөтелгенде бронхылардың ішіндегі қысым өсіп, созылмалы қабынѓан бронхылардың іргесіне әсер етеді, ол жерлер кедергі аз жаққа қарай б+-лтиып, кеңейеді, сөйтіп ќалталы (мешковидный) бронхэктаздар қалыптасады. Бронхылардың саңылауы біркелкі кеңейсе, онда цилиндр (тєрізді) бронхэктаздар орын алады. Ќабынып кеңейген бронхиолаларбронхиолаэктаздар деп аталады. Олар әдетте көп, сондыќтан өкпенің кесіндісі +-саққуысты келеді де, ондай uкпе бал арасының +-ясына +-қсайтындықтан, "кәрезді (сотовые) өкпе" деп аталады.

Бронхэктаздық қуыстар призма тєрізді эпителиймен немесе метаплазиядан қалыптасқан көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланады. Бронхэктаздардың іргесі созылмалы аѓымды ќабынып, эластикалық және б+-лшықеттік талшықтар зақымдалса, ол жерлерді дєнекер ткань жайлайды. Бронхэктаздық қуыстарѓа ірің жиналады. Өкпенің бронхэктаздар төңірегіндегі ткані тым uзгеріп, қабынып, абсцестер, экссудаты беріштенген жерлер мен фиброзды аймақтар ќалыптасады. Тамырлардың тарамдары склерозға +-шырайды. Сондықтан бронхэктаздар тым көбейіп, созылмалы бронхит өрши келе обструкциялы эмфизема дамиды, оның салдары ретінде кіші ќанайналымы шењберінде гипертензия өрбіп, журектіњ оњ жаќ ќарыншасы+-лѓаяды. ¤кпелік ж%.рек (легочное сердце) деп аталатын мұндай өзгерістен алдымен гипоксия орын алып, бара-бара тканьдерде заталмасу процесі б+-зылады. Науқас адамның саусақтары мен бақайларының +-шы жуандап, дабыл таяқшасына +-қсайды. зақ мерзімді бронхэктаз кейде салдарлыќ амилоидозѓа +-ласады. Бронхэктаздардың салдарынан өкпе мен басқа да ағзалар зақымдылса, бронхэктаздыќ ауру (бронхэктаз ауруы) деп аталады.

4. ¤кпенің созылмалы диффузды обструкциялы эмфизе-масы

Өкпе эмфиземасы (грекше: еmphуsао -- қампайтамын) -- өкпенің тканін ауа кернеп, көлемі +-лғаятын сырқат. Б+-л ауру созылмалы диффузды обструкциялы эмфиземаға, созылмалы ошақты (перифокалдық, тыртықтық) эмфиземаға, викарлық (компенсациялық) эмфиземаға, бірінші ретті (идиопатиялық) панацинустық эмфиземаға, кєрілер (қарттар) эмфиземасына және аралыќ эмфиземаға жіктеледі.

¤кпенің созылмалы диффузды обструкциялы эмфизе-масы -- эмфизема ның ең жиі түрі.

Этиологиясы мен патогенезі. Эмфиземаның б+-л түрі созылмалы бронхит пен бронхиолиттен және олардың зардаптары -- бронхэктаздар мен пневмосклероздан өрбиді. Эмфизема кезінде лейкоциттердің протеазалары, эластаза мен коллагеназалар жанданып, өкпенің эластикалы және коллагенді қаңқасы зақымдалады. Эмфиземамен сырқат адамдардың ќан сарысуында антипротеазалардың т+-қымқуалайтын жеткіліксіздігі байқалады, сондықтан б+-л ферменттердің әсері үдей түсіп, эластикалық және коллагендік талшықтар одан єрі ыдырай береді. Сөйтіп, эластикалық қаңңасы зақымдалған өкпеде ш+-ралыќ (вентильный) механизм қалыптасады, -- созылмалы бронхит кезінде бронхылар мен бронхиолалардың саңылауына шырыш жиналып, тығындап, альвеолаға өткен ауаны кері шыѓармай тастайды. Ақырында ацинустарды ауа кернеп, олардың саңылауы кеңейіп, диффузды обструкциялық эмфизема дамиды.

Патологиялыќ анатомиясы. Ауа кернеп, +-лғайған, бозғылт түсті, ж+-мсақ, қабыспайтын өкпенің алдыңғы жақ жиектері көкірек қуысын жауып т+-рады. Кескенде ткані ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тынысалу аурулары
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Ас қорыту мүшелерінің аурулары
Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
Гастродуоденалды аймақтың созылмалы қабынбалы аурулары
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары
Тынысалу жүйесі
Жедел және созылмалы бронхит
Балалардағы тынысалу жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь